6
Ф илософия тарихы
шықпайтыны секілді, философиялық ойдың тууына белгілі бір алғы шарттар
қажет. Олар - әлеуметгік, теориялық-танымдық, тарихи шарттар. Бұл үдерістер
тарихи практика көрсетіп отырғандай, философиялық мәдениеттің ұзақ та, та
рихи дамуының жемісі екендігін көрсетеді. Мэселен, Ежелгі Үнді мен Қытайда
ғылымның кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы, математика, астро
номия, медицина саласындағы жетістіктер философиялық ілімдердің дамуы-
на үлкен эсерін тигізді. Мұны дэуірімізге дейінгі үшінші ғасырда пайда болған
Ежелгі Қытай мен Үнді философиялық мектептері экелді.
Орта ғасыр ислам философтары Аристотель мен Платонның трактаттарын
араб тіліне аударып, шығыс перипатетизмінің негізін қалады. Кейін сол аударма-
ларды XI ғасырда Испанияның перипатетизм өкілдері араб тілінен латын тіліне
аударды. Бүл аударма қолжазбалар бүкіл Еуропаға тарала бастады. Сөйтіп, кейінгі
ұрпақты естен шыға бастаған ілімдердің рухани мәдениеті мен еркін ойлауға,
өмірге деген сүйіспеншілік көзқарастар негізінде тәрбиелейді. Осы кітаптардан
бастап ортағасырлық Еуропада ренессанс ұғымы дүниеге келді. Ренессанс - бұл
эллинизм Еуропадағы өркендеуі. Ол Ежелгі Грекия мен Ислам әлемінде бастау
алған генетикалық бай тұқым болды. Осыдан бастап батыстық өркениеттің алып
ағашы өсіп шықты.
Қазіргі таңда Еуропалық бұқаралық санада ислам өркениеті Еуропа мэде-
ниетіне қарама-қайшы деген пікірлер де бар. Бұл орайда Ислам әлемінің ірі
тұлғаларының Еуропа ғылымы мен өркениетіне қаншалықты ықпал еткенін, осын-
дай нақты дәлелдермен қашан да еске салып отырғанымыз маңызды. Мәселен, эл-
Фараби, ибн-Сина, эл-Ғазали, ибн-Рушдтардың ілімін жалғастырушы еуропалық
мұсылман ойшылдьпына жақын ойшылдар - Спиноза, Пильсон, Маритен, Хар
тман сияқты философтарды айтсақ та жеткілікті. Біздіңше, бұл - батыс пен ислам
өркениетінің рухани сабақгастығының дәлелі.
«Су түбінде жатқан тас, жел толқытса шығады, ой түбінде жатқан сөз, шер
толқытса шығады», - демекші, оқулықга жазылғандардың барлығы авторлардың
тақырыпқа сай қарастырылған өзіндік ой-пікірлері болып табылады. Біздің ба-
сты мақсатымыз - студенттерге философия тарихынан мүмкіндігінше ой-пікір
қалыптастыру және қазіргі таңдағы философиялық компаративистика түрғысьшан
олардың философия тарихына деген қызығушылықтарын тудырып, оны жан-
жақты зерттеуге талпындыру.