Абай Құнанбаевтің музыкалық мұралары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру Султанова Нургуль Камильевна



бет1/2
Дата05.11.2016
өлшемі1,01 Mb.
#813
  1   2
Абай Құнанбаевтің музыкалық мұралары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Султанова Нургуль Камильевна

Семей қаласының Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университетінің

«Музыкалық білім» кафедрасының

меңгерушісі, п.ғ.к., доцент
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2050» атты кешенді жолдауының Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс..» делінген1.

Эстетикалық тәрбиенің аса маңызды құрамдас бөлігі-көркемдікті сезіну, көре білу сонымен қатар, оны түсіну және соның төңірегінде ой жұргізу болып табылады. Бұған эстетиканың негізгі ұғымдарын меңгерту арқылы қол жеткізуге болады. Олар көркем суретте- реңк бояуларын, жарық пен көлеңкенің мәнін тани білу, формаларын меңгеру, ал музыка мен ән өнерінде дыбыстар мен олардың үндестігі, ырғақ пен жылдамдық т.б. білу солар туралы ұғымдар мен түсініктері болуы керек.

Бұл мәселелерді шешу үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыс жүйесі жасалып ол оқушылардың біртіндеп және бірізділікпен білім жинақтауы, жинақтаған тәжірибесін талдауына жол аша білетіндей болуы талабы қойылады. Белгілі эстетика танушылар мен эстетикалық тәрбие ілімін зерттеуші ғалымдар оның құрамын: эстетикалық талғам қалыптастыру, эстетикалық қабылдауын ұйымдастыру, эстетикалық сізімін тәрбиелеу, эстетикалық мұра мен эстетикалық қызығуын дамыту, эстетикалық белсенділігін арттыру- деп қарастырады.

Ақын әндерін музыкалық үндестігіне қарай көңілді және мұңды-деп бөлсек, мәтіндерін талдай келе эстетикалық санаттар тұрғысынан былайша топтастыруға болады: қасірет- “Өзгеге көңілім тоярсың”, “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын” т.б.; махаббат сезімін дәріптеген көңілді сипаттағы әндерін әсемдік санатына жатқызуға болады- “Көзімнің қарасы”, “Айттым сәлем Қаламқас”, “Сүйсіне алмадым, сүймедім”, т.б.; ақынның кейбір өлеңдерін сайқымазақ емес ашы әжуаға жатқызуға болады- “Сегіз аяқ”, “Бойы бұлғаң”, “Біреуден біреу артылса”. Адамның ерекше артық, шамадан тыс, өлшемге симайтын істері мен сезімдерін эстетиканың асқақ санатына жатады, бұлар ақын шығармаларында махаббат пен сүйіспеншіліктен туындайды. Атап айтсақ, туған табиғатқа сүйіспеншілік оның “Желсіз түнде жарық ай”, “Татьянаның әні”, “Қараңғы түнде тау қалғып” т.б. Ақын шығармаларында бұлардан басқа ұсқынсыз санатына жататын адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сипаттайтын тұстары да баршылық. Бірақ оларды оның өзі шығарған және композиторлар шығарған әндерден бөле-жарып қарастыру мүмкін емес. Олар музыкасы жағынан көңілді “Сегіз аяқ” әнінің мазмұнында, музыкасы жағынан мұңды келетін “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын” секілді әндерінің сөзінде орын тепкен. Жалпы ақын ның музыка шығарған және композиторлар ән шығарған өлеңдерін мазмұн жағынан тек бір ғана санат тұрғысынан талдау мүмкін емес. Оның бір өлеңі эстетикалық санаттардың барлығын қамтуы да мүмкін. Сондықтан оларды талдауда оқушылардың осылардың ара-жігін ажырата алуы ерекше мәнге ие. Бұл мақсатты жүзеге асырудың бір жолы студенттердің өзіндік жұмыстарды орындауы. Мұнда олар әр түрлі тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы, ақынның музыкалық мұрасының тәлімдік негізімен оларды жүзеге асырудың мәнін жете түсінеді және өзалдына іздену жолдарын меңгереді. Қазіргі кезде оқушыларға жалпы білім беретін орта мектепте өзіндік жұмысын ұйымдастыру, шығармашылық жұмыстар талап етілуде. Сол себепті біз мынадай тапсырмаларды орындауы керек деп ұйғардық:



  1. Абай Құнанбаевтің өмірі және шығармалары туралы мәліметтер жинап, қысқаша анықтамалар жазу;

  2. Абайдың ақындық өнері мен ән күй туралы толғаныстары;

  3. Ақын әрі композитор;

  4. Абайдың музыкалық шығармашылығы;

  5. Абай шығармаларындағы музыка, ән туралы тәлімдік пікірлер;

  6. Абай әндерінің тәрбиелік мәні; Абай әндерінің эстетикалық маңызы;

  7. Абай өлеңдеріне жазылған әндер эстетикалық тәрбие іс-шараларында;

  8. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді ұйымдастыру;

  9. Өзіндік жұмыстардың нәтижесін байқау мақсатында қорытынды сабақ ретінде шағын конференция өткізуді ұсынамыз.

Өзіндік жұмысты орындауда оқушылар мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

    • ақын өмірінің маңызды тұстары бойынша анықтама, жазып оған сабақ үсінде ауызша сипаттаулар беруге даярлану;

    • Талдау үшін берілген мақаланы оқып шығып өз пікірін білдіру,

    • ақындық пен әншілік арасындағы байланысты пайымдап ауызекі айтып беру;

    • мақаланы оқып шығып тезис жазу, оны көпшілік алдында қорғау;

    • оқып талдау үшін берілген кітаптарды, тақырыптар бойынша музыка тарихы мен теориясы тұрғысынан талдау жазып, пікірсайыс өткізу жоспарын жасау;

    • ақынның “Біреудің кісісі өлсе, қаралы-ол”, “Өлең-сөздің патшасы сөз сарасы”-талдау және өлең мен ән, музыка арасындағы байланыстың сипатын эстетикалық санаттар тұрғысынан ашып көрсету;

    • тезис жазып, ауызша түсіндіру; “Құлақтан кіріп бойды алар”, “Құр айғай бақырған”-өлеңдерінің тәрбиелік мәнін пайымдап, эссе жазу;

    • эстетикалық санаттарды ақын әндерімен және өлең мазмұнымен салыстырмалап талдау; ақын шығармаларын және оған жазылған әндерді эстетикалық санаттар тұрғысында талдау;

    • эстетикалық тәрбиені ұйымдастырудың жаңа технологиясын қолдану жолдарын іздестіру және сипаттамалар жазу т.б жұмыс түрлерін ұсынуға болады.

Эстетикалық тәрбие дегенде көпшілік ұстаздар бұны тек ән салып, ақын өлеңдерін жатқа айту, өмір баянына тоқталып өту және одан көріністер әзірлеп сахналық қойылымдар көрсету –деп ойлайды және сол сипатта іс –шаралар өткізіп жатады. Соныдқтан осаындай олқылықтардың орынын толтыру және ақын шығармалары оның ішінде музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беруді сауатты ұйымдастыруға бүгінгі студент болашақ мұғалымдердің даяр болуын көздеп осы арнайы курсты түздік.

Арнайы курсты оқыту мақсаты: студенттердің Абай Құнанбаевтың эстетикалық көзқарастары меңгерту мен қоса оның музыкалық шығармалары арқылы мектеп оқушыларының арасында этетикалық тәрбие беру шараларын ұйымдастыру жолдарын меңгеруіне мүмкіндік туғызу.

Курстың негізгі міндеттері:

  • мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді ұйымдастыруда олардың жас ерекшеліктерн ескеру және оның бүгінгі өзекті мәселелерімен таныстыру;

  • эстетиканың санаттары және олардың Абай Құнанабаевтың музыкалық мұраларындағы орынына сипаттама беру;

  • мектеп оқуышларына эстетикалық тәрбие беруде ақынның музыкалық мұраларын қолданудың маңызын ашып көрсету;

  • Ақын музыкалық шығармалары арқылы мектеп оқуышалрына эстетикалық тәрбие берудің әдістері, тәсілдері мен жаңа технологиясы және формаларымен таныстыру.

  • Арнайы курсты тәмамдағаннан кейінгі нәтиже:

  • “Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру”-арнайы курсын оқыған студенттер мынадай білім және біліктерге ие болады:

  • Абай Құнанбаевтың жалпы педагогикалық ойларымен таныс болады;

  • Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде олардың жас ерекшеліктерін ескерудің теориясы мен практикасы;

  • Ақынның музыкалық шығармаларындағы эстетикалық санаттарды талдау және тәлім-тәрбиелік маңызын ашып көрсету;

  • Ақынның музыкалық мұралары арқылы мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің әдістері, тәсілдері мен технологиясын меңгереді.

Абай Құнанбаевтың тәлім-тәрбиелік ойларын ғылыми-педагогикалық тұрғыда жете меңгеріп, олардың эстетикалық тәрбиедегі мән-мағынасын аша білетін, мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді ұйымдастыруда Абай Құнанбаевтың музыкалық шығармаларын кез-келген сипатта және формада әр түрлі әдістермен қолдана алатын ауқымды көзқарасқа ие жоғары дәрежелі педагог, атына сәйкес музыкант-педагог даярлау.

Осы курсты оқыған соң алынатын нәтижелер:

“Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру”-арнайы курсын оқыту нәтижесінде оқушылар жалпы Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастарымен қоса оның музыкалық шығармалары арқылы мектеп оқушыларының арасында этетикалық тәрбие беру шараларын ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері, оның жаңа технологиясы, ұйымдастыру формалары мен жұмыс түрлерін меңгереді.

Арнайы курс «Абай Құнанбаевтің музыкалық мұралары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру» атты арнайы курстық тақырып бойынша семинар жоспарының мазмұны




Тақырыптары

Семинар сағаты

Тапсырма

Қолданылған әдебиеттер

1

Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруде жас ерекшеліктерін ескеру мәселесі.

1

Жас ерекшеліктері жайлы психология, педагогикалық мәліметтер жинау; эстетикалық тәрбиенің маңызын талдау, ондағы жас ерекшеліктерінің мәнін зерделеу.

Абай сөзіне жазылған әндер. Құр. С.Мұхаметжанов. Алматы, 1954

Абайдың өзі шағрған әндер. Жазғы дала: Әндер мен Романстар. Құр. С.Мұхаметжанов.Алматы. Өнер, 1988.



2-3

Абайдың музыкалық мұрасындағы эстетикалық тәрбие беру пікірлері.


2

Ақынның музыкалық мұрасын эстетика санаттары тұрғысынан талдау және эстетикалық тәрбиемен байланыстыру

Абайдың өзі шағрған әндер. Жазғы дала: Әндер мен Романстар. Құр. С.Мұхаметжанов.Алматы. Өнер, 1988.

“Сегіз аяқ”- Абай Құнанбаев.Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1977. – 117-бет.



4

Табиғат бейнесі арқылы көркемдік- эст.тәрбие беру.


1

Ақынның табиғат өлеңдерін эстетикалық санатттар тұрғысынан талдау.

“Ата-анаға көз қуаныш”- Абай Құнанбаев.Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1977. 160 – бет.

“Өзгеге көңілім тоярсың”- “Көзімнің қарасы” - Абай Құнанбаев.Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1977. 172 – бет.



5-6

Ақын музыкаық мұрасын дағы қарым-қатынас эстетикасы арқылы тәрбиелеу.

2

Ақын музыкалық мұрасындағы әжуа санаты және эстетикалық тәрбиеде оны пайдалану жолдары

1.Ән-күй бағдарламары. 1959-2014 жылдарына арналған.(1-4 сыныптар үшін);



7-8

Ақын музыкалық мұрасындағы ажуа мен сайқымазақ және эстетикалық тәрбие.


2

Әжуа мен сайқымазақ өлеңдерін талдау.

1. Дүкенбаев Н. Музыка сабағы 2-3 кластар үшін. 1984 ж, Алматы.

2. Байділдаев Ө. Музыка сабағы – 5-7 кластар үшін 1985ж., Алматы.



9-10

Ақын музыкалық мұрасындағы асқақ сезімдердің эстетикалық тәрбиедегі маңызы.


2

Ақынның асқақ сезімдер туралы шығармала рын талдау.

“Қор болды жаным”- Абай Құнанбаев.Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1977. – 130 – бет.

“Айттым сәлем қалам қас”- Абай Құнанбаев.Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1977. 134 – бет.



11-12

Ақын музыкалық мұрасындағы қасірет бейнесі және эстетикалық тәрбие.

2

Ақынның қасірет, қайғы туралы шығармаларын талдау.


“Желсіз түнде жарық ай”- Абай Құнанбаев.Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1977. 103 – бет.



13

Әсемдік арқылы эстетикалық тәрбие беру ақынның музыкалық мұрасында.


1

Ақынның әсемдік сезімдер оятатын шығармаларын талдау.


“Бойы бұлғаң” - Абай Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1977. 193 – бет.

“Желсіз түнде жарық ай”- Абай Құнанбаев.Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1977. 103 – бет.



14-15

Ұсқынсыз сипаттар ақын музыкалық мұрасында және оның тәрбиелік мәні


2

Ақынның ұсқынсыз істер туралы шығармаларын талдау;

“Мен көрдім ұзын қайың құлағанын” - Абай Құнанбаев.Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1977. 81 – бет.

“Қараңғы түнде тау қалғып”- Абай Құнанбаев.Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1977. 57 – бет.



Арнайы курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары:

1.Абай Құнанбаев өміріндегі ән-күй мен музыканың орыны

2.Абай Құнанбаевтің ән, музыкаға болған тәлімдік пікірі.

3.Ақын шығармаларындағы асақақ сезімдердің тәрбиелік маңызы.

4. Абай Құнанбаевтың сайқымазақ, ажуа шығармалары мен оған жазылған әндер.

5. Абай Құнанбаев мұраларындағы қасірет, қайғы мотивтері мен оған жазылған әндер

6. Абай Құнанбаев музыкасынджағы көркемдік бейнелердің тәрбиедегі алатын орыны

7. Абай Құнанбаев шығармаларындағы сұрықсыздық санаты және оның музыкалық-эстетикалық тәрбиедегі мәні

8. Эстетика мен эстетикалық тәрбиенің байланысы және олардың ақын шығармаларындағы сипаты

9.Оқу-тәрбие мекемелерінде эстетикалық тәрбие беруді ұйымдастырудың жаңа технологиясы.

10.Эстетикалық тәрбие беруде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру мәселесі

11.Абай әндері арқылы эстетикалық тәрбие беруді ұйымдастыру.

12.Абай өлеңдеріне жазылған әндер арқылы эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру.

13.Абай әндері тақырыбына концерт-лекция ұйымдастыру тәсілі

14.Абай өлеңдеріне жазылған әндер-тақырыбындағы кешті ұйымдастыру жоспары мен өткізу тәсілдері.

Сонымен, эстетиика, жалпы сезім әлеміне қатысты ілім болып тұрмыстың әр түрлі құбылыстарының адамның жандүниесіне болған әсерін философия тұрғыснан тануға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан келгенде Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары, оны ұштасып жатқан өлеңдері эстетиканың барлық жақтарын қамтыған. Атап айтсақ, жалпы қандай болмасын өлеңнің өзі әнімен қоса кейде тіпті, әуені болмасада адамның сезім әлеміне бағытталған. Ал ән сол сезімді қозғайтын күшті және әсері мол құрал. Сол себепті эстетикалық тәрбие туралы сөз қозғағанда ән туралы көп айтылады, және әні бар өлең халыққа кең тарайды, тәрбиелік қызметін толымды өтейді. Осы және басқада пайымдауларға негіздей отырып, Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық мұрасына байланысты ғылыми- теориялық, тарихи-педагогикалық, музыкатану мен эстетикалық тәрбиеге қатысты еңбектерді талдау, және өз пайымдауларымыз тұрғысында жүргізілген эксперименттік жұмыс нәтижелеріне табан тірей отырып мыныдай қорытылдылар мен ұысыныстар жасауға мүмкіндік алдық2:

1. Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі жастарды сырттан, шетелдерден келген сұрықсыз сурет (фото суреттер), құлақты кесетін музыка (егер ол музыкаға ұқсаса), эстетиканың сұрықсыз, сайқымазақ, санаттарына жататын адамды шошыту, өлтірудің неше түрлі әдістерін насихаттайтын кино, еркек пен әйел арасындағы махаббаттың көркем сипаты емес оның ең бір сұрықсызы жыныстық қарым-қатынастың ұсқынсыз, хайуандық түрлері, қыздар мен ұлдар арасындағы тәртіпсіз, этика мен эстетикадан жұрдай мәмілелер т.б. олардың эстетикалық талғамдарының қалыптасуына теріс әсерін тигізуде. Кейбір жастар, сұрықсыз, ұсқынсыз, сиықсыз нәрселерді көркемдік санатына жатқызуға дайын. Бозбала мен бойжеткендер арасындағы әдеп пен әсемдік қағидаларына негізделген қарым-қатынастарды кейбір жастар “ескілік белгілері”, “қазақпайшылық”, “мамбет жорықтары”( мамбетские выходки) деп кіналауға дайын. Осы және басқа да жастар арасындағы келеңсіздіктерді жойып олардың санасына эстетика мен этика қағидаларына негізделген, адамдар арасындағы қарым-қатынастың көркем бейнесін орнықтыру эстетикалық тәрбиенің тиімді ұйымдастырылуына байланысты екені белгілі. Осындай зымияндықпен істеліп отырған зиянды шаралардан жастырды қорғау, олардың ой-санасын уландыратын ұсқынсыз, өнерге жатпайтын айқай-шуы көп, ретсіз дысыбыстар жинтығының әсерінен сақтау- музык өнері арқылы эстетикалық тәрбиені күшейту.

2. Зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері мен белгілеген болжамына қол жеткізу мақсатында алдымен Абай Құнанбаевтың музыка өнеріне болған құштарлығы мен композиторлық дарынына жол ашқан факторларды анықтауға ұмтылдық. Өйткені оның өмірбаянын зерттеушілер осы мәселені үнемі айналып өткені белгілі болды. Сонымен зерттеу жұмысының нәтижесінде мынады пайымдаулар жасауға мүмкіндік алдық:

а) Қазақ жеріндегі эстетикалық ойлардың ақынның эстетикалық ойларына ықпалына байланысты- эстетикалық пікірлердің қазақ топырағында ерте заманнан бері қарай адамдардың санасында орын алғанын, өткен дәуірден бізге жеткен туындалрдан табамыз. Атап айтсақ “Күлтегін”, “Оғызнама” жазба ескерткіштерінде, ІХғ. Бері қарайғы еңбектерде Отанға, халқына болған сүйіспеншілік пен, күнделікті тұрмас заттарындағы, әшекей бұйымдардағы әдемі бейнелеген суреттер, адамдардың кескін келбетіне, сөйлеген сөзіндегі тіл көркемдігінде көрініс тапқан. Одан кейінгі түркі дәуіріндегі ғұламалардың жазбаларынан эстетикалық мұратқа байланысты көркем идеяларлдан бастап, адамдар арасындағы қарым-қатынас көркемдігі, ақыл-ой мен тағы да сол тіл көркемдігі, өнер, мысалы, музыка, поэзия тұрмыстық зат-бұйымдардағы олардың талғамынан, өмір көркемдігіне болған мәмілелерінен көрінеді. Абай Құнанбаев осылардың барлығын зерделеп, меңгерген, танып-білгендіктен өзіндік эстетикалық көзқарасы қалыптасқан.

ә) Абай шығармашылығын әдебиеттану, философия тұрғысынан зертеуші ғалымдар ол сусындаған мол байлық көзінің ең бастысы шығыстың көркем әдебитеі, орыс әдебиеті арқылы келген Батыс Еуропа мәдениеті мен әдебиеті және ежелден келе жатқан халықтың ауыз әдебиеті мұрасы, қазақ мемлекеттігі тұсындағы немесе хандық дәуірдегі ақын-жыраулар мұралары, екенін анықтаған. Эстетикалық көркемдік пікірлер оларда жалпы “жақсы және жаман” деген екі ұғым төңірегінде шоғырланғанымен көркемдікті нәзік түйсінген ақын-жараулар табиғат көркемдігі, адамдар арасындағы қарым-қатынас көркемдігі, адамның ой көркемдігі мен кескін-келбет сұлулығын нәзік сезінгені ақын шығармашылығына ықпал еткен. Солай бола тұрсада олардың эстетикалық көзқарасы, ондағы эстетикалық санаттардың адамдардың сана тәрбиесіне ықпалы, ән-күә өнері туралы философиядан да, педагогикалық зерттеулерден де, психологиядан да әзірше қомақты еңбектер мен тіпті жекелеген мақалаларда жоқтың қасы екені белгілі болды.

б) Абай Құнанбаев өсір сүрген музыкалы орта, оның өсіп жетілу кезеңдерінде, сонау жөргектегі бөбек кезінен алдымен ат қойғанда құлағына шақырған аза, одан соң әжесі мен анасының әлдиі, ойын баласы кезіндегі балалар ауыз әдебиеті, бозбала кезіндегі халқымыздың ойын-сауық, айт-тойында шырқалған әндер мен тартылған күйлер “құйма құлақ” ақынның санасын оятып музыкалық қабілеттерінің дамуына, өзінің домбра тартып, ән айтуының әсері мол болғанын айқындадық. Сонымен қатар есеіген кезіндегі өзіндік ізденістер мен төңірегіндегі адамдардың музыкаға әуестігі де ақынның композитор ретінде қалыптасуына ықпал еткенін анықтадық.

3. Әр ұлттың интонациялық, ырғақтық ерекшеліктері, дыбыстық тәжірибесі және басқа да көптеген факторларға байланысты ұлттық музыкасы өзіндік айырмашылыққа ие. Бұны халық музыкасын тыңдаған кезде анық байқайымыз. Осы күнгідей музыканың ұлттық ерекшеліктерін білдіретін қырлары жойылып барлығы ұқсас болып бара жатқан кезде әр ұлттың мәдени, рухани-сезімдік өзгешелігін байқататын және сол негізде адамның жандүниесін тәрбиелейтін арнайы жұмыстар қажет екені белгілі болды. Бұл оқушылар арасында музыкалық-эстетикалық тәрбие жұмыстарын арнайы ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болатынын практикада дәлеледедік. Бұдан басқа музыка өнерінде композитордың шығармашылқ ерекшелігінің эстетикалық сипатының философиялық және психологиялық тұрғыда Қазақстанда әлі күнге толық зерттелмеген тағы бір мәселе екені белгілі болды. Жастарға эстетикалық тәрбие беруде ескеруге тұрарлық осы мәселе әр композитор шығармашылығының эстетиканың санаттарына болған қатысының басын ашып беретін еді. Музыка өнерінің бір ерекшелігі жақсы, жағымдысын қайта-қайта тыңдауға адамның құштарлығын оятатыны. Осының өзі бір жағынан, эстетикалық тәрбиедегі мүмкндігін көрсетсе, екінші бір жағынан, музыка өнерінде де эстетика санаттырының көрініс беруін ақын музыкалық шығармаларымен салыстырмалы түрде беру керек екенін көрсетті.

4. Абайдың музыкалық мұралары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру дегеніміз- ақын өнері мен өмірдегі көркемдікті ұштастыра қабылдау, түсіну сол арқылы қабілеттерінің дамуына шарт түзу, эстетикалық білім мен талғамдарын қалыптастырып, эстетикалық іс-әрекет нышандарына қозғау салып, түрткі беру.

Өмірдегі және өнердегі көркемдікті сезіну, түйсіну және көре білу әр адамда әр түрлі деңгейлер мен дәрежеде болатыны белгілі. Сондықтан бұған тәрбиелеуді эстетикалық сергектік, көрегендік, зейін қоя білуін дамыту арқылы жүзеге асыру мәселесін шешу керек екендігінанықтап, осылардың барлығы музыка өнері, оның ішінде ақынның ән өнері туындыларын оқыту және арнайы тәрбие жұмыстары арқылы қалыптасатыны ескеру керек деп ұйғардық Осыған орай жұмыс мазмұны анықталды. Алайда осындай мақсатты белгілі бір деңгейде, басқа пәндерді оқыту және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында да тиімді іске асыруға болатынын ескере келіп студенттердің өзіндік жұмысы және басқада жұмыс түрлеріне мән беру керек екені дәлелденді.

5. Эстетикалық тәрбиенің аса маңызды құрамдас бөлігі-көркемдікті сезіну, көре білу сонымен қатар, оны түсіну және соның төңірегінде ой жұргізу болып табылады. Бұған эстетиканың негізгі ұғымдарын меңгерту арқылы қол жеткізуге болады. Олар көркем суретте- реңк бояуларын, жарық пен көлеңкенің мәнін тани білу, формаларын меңгеру, ал музыка мен ән өнерінде дыбыстар мен олардың үндестігі, ырғақ пен жылдамдық т.б. білу солар туралы ұғымдар мен түсініктері болуы керек. Сөз өнерінде- көркемсөз құралдары болып саналатын сөз байлығы, үйлесімді ұйқаспен айту немесе жазу өнері және ондағы әр түрлі теңеу, салыстырмалау, суреттеу, бейнелеу т.б. тәсілдерді білу оның жанрлары мен бағыттарын ажырата алу мен тарихи шарттары мен ерекшеліктерн меңгерту қажет екеніне көз жеткіздік. Осы сипаттағы білім ауқымы студенттерді әр нәрсені көркемдік қағидалары мен заңдылықтары тұрғысанан бағалау өлшемдерімен қаруландырып көркемдіктің жалпылама сипатын б.а. оның өмірдің барлық жақтарында орын алатынын және тереңдігін түсінуге мүмкіндік беретіні де белгілі болды.

Бұл мәселелерді шешу үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыс жүйесі жасалып ол оқушыларының біртіндеп және бірізділікпен білім жинақтауы, жинақтаған тәжірибесін талдауына жол ашатындай беретіндей болуы талабықойылады. Белгілі эстеттика танушылар мен эстетикалық тәрбие ілімін зерттеуші ғалымдар оның құрамын: эстетикалық талғам қалыатастыру, эстетикалық қабылдауын ұйымдастыру, эстетикалық сізімін тәрбиелеу, эстетикалық мұра пен эстетикалық қызығуын дамыту, эстетикалық белсенділігін арттыру- деп нақтылап, анықталды.

6. Ақын әндерін музыкалық үндестігтіне қарай көңілді және мұңды-деп бөлсек, мәтіндерін талдай келе эстетикалық санаттар тұрғысынан былайша топтастыруға болады: қасірет- “Өзгеге көңілім тоярсың”, “Мен көрдім ұзың қайың құлағанын” т.б.; махаббат сезімін дәріптеген көңілді сипаттағы әндерін әсемдік санатына жатқызуға болады- “Көзімнің қарасы”, “Айттым сәлем қалам қас”, “Сүйсіне алмадым, сүймедім”, т.б.; ақынның кейбір өлеңдерін сайқымазақ емес ашы ажуаға жатқызуға болады- “Сегіз аяқ”, “Бойы бұлғаң”, “Біреуден біреу артылса”. Адамның ерекше артық, шамадан тыс, өлшемге симайтын істері мен сезімдерін эстетиканың асқақ санатына жатады, бұлар ақын шығармаларында махаббат пен сүйіспеншіліктен туындайды.

Атап айтсақ, туған табиғатқа сүйіспеншілік оның “Желсіз түнде жарық ай”, “Татьянаның әні”, “Қараңғы түнде тау қалғып” т.б. Ақын шығармаларында бұлардан басқа ұсқынсыз санатына жататын адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқан сипаттайтын тұстары да баршылық. Бірақ оларды оның өзі шығарған және композиторлар шығарған әндерден бөле-жарып қарастыру мүмкін емес. Олар музыкасы жағынан көңілді “Сегіз аяқ” әнінің мазмұнында, музыкасы жағынан мұңды келетін “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын” секілді әндерінің сөзінде орын тепкен. Жалпы ақын ның музыка шығарған және композиторлар ән шығарған өлеңдерін мазмұн жағынан тек бір ғана санат тұрғысынан талдау мүмкін емес. Оның бір өлеңі эстетикалық санаттардың барлығын қамтуы да мүмкін. Ақынның поэзия туралы өлеңдеріне берілген талдауларға негіздей отырып ән, өлең және әуеге байланысты мыныдай бірнешеойтұжырым айтуға мүмкіндік алдық3:

Біріншісі- ән өлең, ән салып, ән шырқап айтатын өлең, яғни музыкалық өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды. Ән өлеңде көбінесе әннің әуені сөзінен гөрі маңыздырақ келеді.

Екіншісі-көбінесе жеңіл, ықшамды ғана әуенмен, мақаммен, термелеп айтылатын өлеңдер, жырлар, аяғни ауызша поэзияның туындысы. Осының өзі ақын өлеңдері арқылы эстетикалық тәрбие беруде оның әндерінің маңызын арттыра түседі.

Үшіншісі-оқылатын, сөйлеп айтылатын өлең, яғни жазба поэзиясының туындысы, әр алуан лирикалық шығармалар.

7. Жоғары оқу орындарында болсын, мектеп оқушыларымен эстетикалық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда болсын көзде тұтатын басты нысана ақын шығармаларының эстетикалық санаттар тұрғыснан талдануы. Сол арқылы жастарда жақсы мен жаманды, көргенсіздік пен әдептілікті ажыратуға, мән беруге тәрбиелелуге болады. Бұл қазіргідей жастар арасында адамгершілік пен ізгілік құнсызданып, оған қатысты ұғымдар мән жағынан алмасып отырған кезде ерекше маңызды екені пайымдалып, оны эстетикалық тәрбиемен алмастыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Сондықтан эстетикалық тәрбие туралы сөз қозғағанда оны этикамен байланыстырады. Этика мен эстетика осы іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бірі-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу-эстетикалық жақтан сезіну арқылы келеді. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі - осы сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру мәселелерін шешу. Педагогика ғылымында эстетикалық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, құралдары теориялық жақтан айта қаларлықтай жеткілікті дәрежеде белгіленген. Десек те заман өзгеріп, өмір сүру заңдылықтары жаңғырған жағдайда оның өзін де қайта қарастыру керек екендігі көз көрінеу. Бұл ретте Абайдың эстетикалық көзқарастарын негізге алуға болатыны де айқындала түсті.

8. Жастарға музыка өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру (эстетикаға тәрбиелеу) бүгінгі күні оқу-тәрбие мәселелерінің ішіндегі өзектілерінің бірі болып отырғанын ескерсек ақнның музыкаға болған көзқарсы және оның музыкалық шығармалары, оыс істің қайңаған ортасынан орын алуы тиіс.



Өйткені музыка өнері оның ішінде Абай Құнанбаевтың әндері арқылы жастарды эстетикаға тәрбиелеудің маңызы- өлең сөздің мазмұнын музыка немесе ән арқылы байытумен ерекшеленеді. Алайда біз ақынның музыкалық мұралары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселесін осы зерттеумен ғана шектеуден аулақпыз.



Абай Құнанбаевтің музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру



(ұлы кемеңгер, ғұлама ұстаз, композитор-Абай Құнанбаевтың 170 жыл мерей тойына орай)

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет