Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»
Мақсаты: Балаларға 8-наурыз Аналар мерекесі туралы түсінік беру. Халықаралық мейрам екенін ұғындыра отырып аналарын әрқашан ренжітпеуге қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу, мерекелік көңіл-күйін құру;ән және қозғалыс орындаушылық дағдыла- рын қалыптастыру; балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б
Ертеңгіліктің барысы:
Балалар залға қолдарына жүрек шарлармен ұстап, жұптасып әдемі әуенмен кіреді ( «Тәттім-ау» әуенімен)
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Балауса» тобының бүлдіршіндерінің «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
1.Тақпақтар. Жанымызды жайнатқан Роза
Сіздер ғой ол аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар
Аппақ мамам, ақ мамам Нурила
«Ақ мамам» деп мақтанам
Түн ұйқыңды төрт болып
«Бөпешім» деп жатпаған
Анаң болса қасыңда Айсұлтан
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Әр сөзіңді жаттаған Асима
Жүрегіңде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Ақ әжемді арқашан Ерсұлтан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін
Әже деген көп шығар Жомарт
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Құтты болсын осы шаттық күніңіз Амир
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Ақ сүт беріп аялап, Мадина
Өсірген менің жан анам.
Түнде оянып ұйықтатқан,
Мені ойлаған ақ анам.
Әжем менің әйбат Ахмад
Оған ешкім жетпейді
Күні бойы бірге ойнап
Жанымнан бір кетпейді.
Бота: Ана деген – жарық жұлдыз шырағың Болат Сабина
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың
Ана деген- өмірдегі қамқорың
Ана деген-сүйенерің,жан құрбым
Анам-өмір шырағы Жұлдызай
Анам-өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады
Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.