Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


М ұсылман елдерінін, философиясы



Pdf көрінісі
бет218/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

М ұсылман елдерінін, философиясы
2 4 7
А. Шари атидың пайымдауынша, ислам әлеуметтік ойдың алғашқы мек- 
тебі болды. Оның пікірінше, халық бұқарасы - тарихты жасаушы басты күш. 
Халықтың өркендеуі мен кері кетуіне пайғамбар жауапты емес, тек халыктың 
өзі ғана кінәлі. Таным теориясында исламньщ көпжақтылығы оны білудің көпте- 
ген бағыттарын қолайлы санайды. Сондықтан мұнда үш эдіс бірдей қолданылуы 
қажет: 1. Философиялық (адамның Құдайға қатынасын зертгеу). 2. Жалпы ізгілік- 
тік (жердегі адам өмірін зерттеу). 3. Тарихи жэне әлеуметтану эдістері (қоғам мен 
өркениеттің элеуметтік жағьш зерттеу).
Али Шари атидың адам туралы тұжырымдамасы екі бағытта дамиды: а) із- 
гілік мәніндегі адам; э) исламның өткен тарихындағы адам ілімі. Бірінші бағыт 
бойынша, адам дүниедегі ең басты күш, ал ислам антропологиясында «Құдай ру- 
хы — иістенген балшық — адам» формуласы орын алған.
Али Шари’ ати ислам мен Құраннан мұсылмандардың жанына бататын қазір- 
гі кездегі өткір ақлихаттық-одептік, саяси жэне қарапайым адамдьщ мәселелер- 
ге жауап іздейді. Ол өзінің діни-философиялық және діни-элеуметтанушылық 
исламдық түжырымдамасын Қүранды ғьшыми-методологиялық тұрғысынан 
оқып шығу арқылы жасауға ұмтылды. Ол Құраннан тарихи, элеуметтанушылық 
тәртіптегі жаңа тақырыптар алуға ниет етті. Жекелеп айтқанда, бұл жерде ислам 
өркениетін құруда жэне оның көтерілуі мен гүлденуінде шешупіі факторлардың 
бірі болған көші-қонның рөлі, сонымен бірге ислам тарихындағы бұқара халық, 
пайғамбарлар мен қарапайым адамдардың рөлі туралы сөз болады. Ислам бұқара 
халықты тарих пен қоғамды анықтайтын негіз ретінде, іргелі жэне шешуші фактор 
ретінде санайтын әлеуметтік ойдың алғашқы мектебі деп білді, яғни ислам діні 
бойынша тарих пен қоғамды, Ницше ойлағандай таңдаулылар, Платон айтқандай 
ақсүйектер емес, Карлейль мен Эмерсон мойындаған ұлы түлғалар, Алексис Кэ- 
рел қиялдағандай таза қандылар немесе имамдар мен зиялы қауым емес, оны аны- 
ғында бұқара халық жасайды. Пайғамбар халықтың эл-ауқатының құлдырауы 
мен өркендеуіне жауапты емес, бұған халықтың өзі жауап береді.
Танымдық (эпистемологиялық) әдісін тандауды ол исламды түсіну жөніндегі 
өз көзқарасының негізі деп есептейді. Мұны ол ақиқатты, соның ішінде Құранда 
берілген ақиқатты ашудағы өте маңызды деп санайды. Али Шари’ ати ортағасыр- 
лық дәуірдегі. еуропалық «тоқырауды» сол кезеңде ғылыми әдістің болмауы- 
мен және ұқсастық бойынша аристотельдік пайымдау эдісінің сол кезде үстем 
болуымен түсіндіруге үмтылыс жасайды. Ол мынадай салыстырулар келтіреді: 
Аристотель Фрэнсис Бэконға қарағанда шүбәсіз үлкен данышпан, ал Платон Род- 
жэр Бэконға қарағанда ұлы ойшыл. Бірақ та осы екі Бэкон да өздері бүкіл прог- 
рестің дем берушілері бодцы. Али Шари’ ати исламды түсінудегі өзінің эдісінің 
негізгі кезеңдері ретінде көп өлшемді исламның күші мен оны зерттеуге ыңғай 
білдірушілердің көптігін мойындау керек деп санайды. Ол мүны исламның дін 
ретінде тек адамның мистикалық интуициясымен ғана негізделмейтіндігімен 
(базистенбейтіндігімен) жэне тек адам мен Қүдай арасындағы қатынаспен ғана 
шектелмейтіндігімен дәлелдейді. Исламның көп өлшемділігі туралы тезисті не- 
гізге ала отырып, ол исламды зерттеу үшін соған сәйкес келетін әдістерді кешенді 
түрде қолдануды қажет деп санайды. Исламға деген көп өлшемді көзқарас эдісте- 
месі ретінде Қүранды атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет