Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
III тарау. Ортағасырлык, философия ауруы, оның табиғи үйлесімінің бұзылуымен сэйксс келсді, ал біз оларды парасат
көмегімен ғана түсінеміз. Алғы философтар секілді ибн Сина тэнде оны үйлесім-
ге келтіретін құрғақтық, ылғалдық, жылу мен суық сынды құрамдас бөліктерден,
атрибуттардан тұрады15. Егер атрибуттардың біреуі екіншісін жаншыса, онда тән-
нің үйлесімділігі бұзылады. Егер дәрігер мұны жақсы түсінген болса, ол адамға
жақсы емдеу көрсетеді, науқастың тэнінде суыктың немесе өзге атрибутгардың
аздығын немес басым екендігі жайлы кеңес береді. Ибн Сина үшін нағыз ғалым
немесе дәрігер естіп алғанын практикада қолдана салатын адам емес, жалпы
теориялық және философиялық ойлай алатын адамды ғана айтады. Яғни егер дэ-
рігер медицинаның қандай да болмасын мәселесі жайлы жүйелі жэне теориялық-
философиялық түргыда пайымдай алатын болса, онда ондай адамды ол ешқашан
емдеу ісімен шұғылданбаса да нағыз дәрігер деп атайды16. Философтың пайымы
бойынша ғылым жэне медицина дегеніміз (Ол өз кітабы «эл-Канун фи ат-тыбб»
(«Шипагерлік ғылымының канондары») көрсеткендей) теорияны құрастыра алу
жэне парасатты жүйелі түрде қолдана білу болып табылады. Мүмкін мұнда ибн
Синаға медицинаның практикалық тұсынан оның философиялық түсы маңыз-
дырақ болған антика мэдениетінің ықпалы көп болса керек. Осыған қарамастан
ибн Сина ғылымның қолданбалы тұстарын жоққа шығармады, себебі бізге белгілі
болғандай ол медицинаның қолданбалы тұстарымсн шұғылданған17.
«Сиясат» (ар. «ұйым») трактатында «Аш-шейх ар-Раи’с» («Бас дана»)
қоғам философиясына қатысты біршама мәселелерді көтереді. Ол бойынша,
егер адамдар бір-бірімен тең болса, өздерінің мүмкіндіктері мен қабілеттері
бойынша бөлінеді. Егер олардың барлығы мүліктері жағынан тең болса, онда олар
мамандықтары жағынан бір-біріне көмек көрсетуден қалады; егер олар мүлікте-
рі жағынан барлығы кедей болса, онда бүкіл өркениет жоқшылықтан жойылып
кетер еді; егер олардың барлығы байлықты тең мөлшерде бөлетін болса, олар
бақталастықтан жойылып кетер еді, өйткені ойшылдың пікірі бойынша аталмыш
үрдіс исламдағы «тахасуд» (ар. «өзара көреалмаушылық») адам рухының мә-
ні болып табылады. Әлеуметтік өзгешеліктерге қатысты кез келген қатынастар
«сиясаттың» ойластырылған ұйымына мұқтаж. Сонымен қатар кез келген адам
мұқтаждықтарға ие (ар. «құт»), оның бір бөлігі қор болып табылады; ол үшін,
мәселен, ер адамға жар қажет, себебі ол қорды күзетеді. Сонымен қатар ол ұрпақ
жалғастыру үшін қажет және адамның қартайған сәтінде қарайтын қамқоршысы
да қажет (балалар).
Ибн Синаның эл-Фарабиден элеуметтік көзқарастарының айырмашылығы ол
мэселені жеке адамнан бастайды. Адам әлеуметтік қатынастар мэселелерін шешу
үшін, ең алдымен, жеке өзінің қатынастарын игере алуы тиісті, ал егер ол мұ-
ны жақсы еңсерсе, онда ол кез келген мемлекетті жеңіл басқара алады. Дегенмен
мұндай дэрежеге жету үшін адам өзінің нәпсісінің үнемі жағымсыз эрекеттер-
ге итермелейтінін жэне одан шығудың, өзіндік жетілудің ең дұрыс жолы парасат
екенін білуі тиісті. Мұндай білімді алу өте қиын, өйткені парасатқа іштей бағына
отырып, «эго» «бүркемелену» ерекшелігіне ие, дегенмен ол кез келген сәтте өзі-
15 Сонда, 126-6.
16 Bayrakdar. Islam fclscfcsinc giri?, 209 s.
17 Bayrakdar. islam felsefesine giri$, 209 s.