Зауыттар мен фабрикалардың және қызметшілердің саны
1 Кесте
Зауыттар мен фабрикалар
Зауыт пен фабрика саны
Қызметшілер
дің саны
Соммасы, мың. Рубль.
Тері илеу
8
132
332
Қой терісін илеу
6
33
26
Кірпіш өңдеу
17
39
1
Тоң май өндіру
10
50
201
Сабын өндеу
1
2
-
Желім өндеу
5
24
20
Барлығы
47
280
580
Edu.e-history.kz 2020. 2(22)
200
Кестеден байқап отырғанымыздай, Петропавл қаласында зауыттар неғұрлым көптеп
салынып, зауыттан шыққан тауарлар ішкі рынокта пайдаланып және сыртқа шығарылды, соның
ішінде, Орта Азия елдеріне жіберіліп отырған.
Өлкенің негізгі халқы жергілікті қазақтар, олар қалаға мал терісін, басқа да шаруаға
жарайтын тауарлар әкелген. Ал көпестер негізінен қытай маталарын, жеміс-жидек, көкөніс,
қолөнер бұйымдарын тасымалдайтын еді.
Бастапқыда Петропавлға казак әскерлерінің өкілдері келіп қоныстанса, кейін Ресейдің басқа
да отарланған елдерінен халықтар келіп жатты. Мәселен, татарлар, поляктар, литвалықтар,
башқұртарды былай қойғанда, тіпті қуынға ұшыраған адамдар жіберіліп отырған. Әсіресе поляк
ұлтының өкілдері қуынға көптеп ілеккен еді. 1830-1868 поляктардың 50 ер және 52 әйел адамы
қуғынға ұшырап, Қызылжар өңіріне жер аударылды. Бұдан байқайтынымыз, патша өкіметі өзіне
қарсы шыққын ұлттар мен ұлыстарды қазақтардың солтүстік жерлеріне жіберіп отырды.
Петропавл қаласының аумағы осы қоныстаушылардың келеуінен кеңейе берді.
Мәжбүрлеп әкелінген халықтарды қатаң бақылауға алып қадағалап отырған. Жергілікті
полиция поляктар бүлік шығару мүмкін деген күдікпен оларды үнемі көзден таса қылмады.
Қаладағы шеп бойындағы бекіністерде айырбастау сауда орталығы үлкен жәрмеңкеге
айнала бастады. Осылайша Петропавл маңындағы Тайыншакөлде үлкен сауда орталықтары
ашылып, жәрмеңкеге орыс тауарларынан басқа қытай тауарлары көптеп әкелініп жатты.
XIX ғасырдың 60 жылдарында осы сауда жәрменкесінің айналымы 5 млн. рубльін құрады.
Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы сауданың дамуы, қазақ даласында, ауылдарда жәрмеңкелер
ашылып мал саудасын қыздыра түсті. Бұл жәрмеңкеге Бұхар, Ташкент сияқты Орта Азия
қалаларынан және Қытайдан саудагерлер жібек мата, түрлі әшекейлер мен бұйымдар ала келді.
Соынмен қатар, Қызылжар өңіріне нан өнімдері Поволжьеден Астрахан қаласы арқылы
тасымалданып отырды. Қазақстан аймағында нан сауда орталықтары Петропавл, Семей
қаларында орын алды.
Петропавл тұрғындарының көпшілігі Орта Азия тұрғындары мен жергілікті қазақ
халықынан құралды. Атап айтқанда, Бұхара, Ташкент көпестері, орталық Ресейден ауып келген
татарлар және мал саудасымен айналысқан қазақтар еді.
Петропавлда 1870 жылы қоғамдық басқарма ашылып, оның заңдық күші 1873 жылдан
бастап іске қосылды.
1875 жылдан саудагерлерді және көпестерді, қала тұрғындарын қадағалауға байланысты
оларға төлқұжат беріп, тіркеуге алды.
Петропавлда өкіметке тиесілі бірнеше үйлер, қоғамдық ғимараттар ашылып, онда қалалық
оқу орындары, ауруханалар мен полиция участкілері орналасты. Қаланың телеграфы және сауда-
саттық жүргізу кішігірім орамдар жұмыс істеді.
Өкіметке тиесілі жер көлемі 9969 десятинаны құраған. Қаланың жалпы жер көлеміне келетін
болсақ: егіндік жерлер 216 десятина, шабындық жер 1538 десятина, далалық жер 5256 десятинаны
құраған.
Петропавл қаласында әйелдер гимназиясы және үш сыныпты училище іске қосылды.
Сонымен қатар, жергілікті қазақ балаларына арналған мешіттің жанында мектептер болды. Ал
аурухана қаланың көпестерінің қаражатына салынды.
1891 жылдың күзінде Ресей патшасының мұрагері Николай екінші Сібір орыс-казак шебі
бойымен Орынбор губерниясына дейін жүріп өткен болатын. Ол осы өңірдегі саудаға көп мән
бергендіктен ертеден қалыптасқан сауданы сақтап қалуды көздеген болатын. Алғашқы кезде
тұрғын үйлер ағаштан салынған болса, кейін тастан қалаланған тұрғын үйлер бой көтерді.
Көптеген орыс шіркеулері, еврейлердің синогогасы, мұсылмандарға арналған мешіттердің
ірге тастары қаланды. Училищелер саны өсе түсті, 13 оқу орынның 5 ер адамдарға, ал 4 әйел
Edu.e-history.kz 2020. 2(22)
201
адамдарға арналды, 2 мектеп шіркеу ішінде және 2 мектеп станица құрамындағы оқу орындары
және татар балаларына арналған 6 медресе ішіндегі мектертер ашылды.
Петропавл қаласының аумағында осы жылдары 50-ге жуық зауыт болды, бұл зауыттар
негізінен мал шаруашылығының өнімдерін игеру мақсатында жұмыс істеді.
1895 жылы Сібір темір жолының салынуына орай Ресейдің еуропалық жағынан Петропавл
қаласына орыс шаруаларын қоныстандыру саясаты жалғасын тапты. Патша әкімшілігі оларды
қалада жаңадан ашылған нысандарға орналастырды. 1893 жылдың өзінде ақ, қолөнер шеберлері
843 адам болды. Темір жолдың ашылуына дейін барлық қала тұрғындарының саны шамамен 4
мың 500 адамнан тұрды. Дегенмен, патша өкіметі орыс шаруаларына жер береміз деген
уәделерінде тұрмағандықтан, олар қазақ жеріне келгенде көптеген қиындықтарды басынан
кешірді. Қысы суық, жазы ыстық болатын Солтүстік Қазақстанға үйрене алмағандықтан,
шаруарлар басының амандығын ойлап колөнер кәсібін игеру жолына түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |