Edu.e-history.kz 2020. 2(22)
194
бір жолы ретінде көрінді. Сондықтан Шығыстағы жатқан жерлерде толықтай еркін боламыз деген
үміт қоныс аударушыларды алыс жолға жетеледі.
XIX ғасырдың бас кезінен патша өкіметі Қазақстанға қоныс
аудару қозғалысын белсенді
түрде қолдауға көшті. Осы миграцияны бақылауға алу мақсатында өкімет шаруалар
қоныстанатын жерлерді белгілей бастады. Сол себептен Қазақстан жеріне экспедиция жіберілді.
Осыған орай Солтүстік Қазақстан жерінде 36 млн., десятинаға жуық жер зерттеліп, оның 17 млн.,
десятина жер келімсектерге қиылып алған болатын (CҚОММ 158-қор, 1-т, 315-іс, 160 б.).
Орыс мемлекетінің Қазақ даласын жаулап алуының өзіндік себептері болды. 1822 жылдың
22 шілдесінде Ресей императоры Александрдің «Сібір қырғыздары» атты жарлығы шықты. Бұл
жарлық Орта жүз қазақтарының даласын Ресей
өкіметінің бодандығына өткізіп, осыған орай
қазақ даласында жаңа басқару жүйесін енгізуді жария етті. Бұрын Ресейге ешқандай алым-салық
төлеп көрмеген
қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық
түрлері көбейді, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күйкеше бастады.
«Сібір қырғыздары туралы жарғының» ең басты міндеті Қазақстандағы тәуелсіздіктің соңғы
қалдықтарын жойып, қазақ даласын түгелдей Ресей империясының отарына айналдыру болды.
Осы астарлы саясаттың мақсаты қазақ жерлерінде хандық билік жойылып, Қазақстанда сыртқы
округтер ұйымдастыруды көздеді. Құрылған округтер басына «округтік приказдар»
сайлап
қойылды. Округ құрамына 15
-
тен 20-ға дейін болыс кірді. Әрбір округтің қатаң межеленген жері
болды. Болыстар 10-12 ауылдан тұрды, оларды жергілікті би-сұлтандар басқарып отырды. Әр
ауылда 50
Достарыңызбен бөлісу: