Edu.e-history.kz 2020. 2(22)
191
ҒТАХР / МРНТИ / IRSTI 03.20.
ХІХ
ҒАСЫРДАҒЫ
ПЕТРОПАВЛ
ҚАЛАСЫНЫҢ
ƏЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ
Ибраева А.Ғ.¹, Темирханова А.С.²
¹Т.ғ.д., профессор. М. Қозыбаев ат. СҚМУ.
²PhD докторант. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ. Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан.
Аңдатпа.
Кіріспе.
Мақалада XIX ғасырдан бастап Петропавл қаласының дамуы, этникалық
құрамы және әлеуметтік құрылымы жан-жақты зерттелген. XIX ғасырдағы Петропавл қаласының
этникалық құрамы және құрылымы, әлеуметтік топтары анықталып, тарихи дереккөздермен
көрсетілген. Сондай-ақ мақалада ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Солтүстік Қазақстандағы өзге этнос
өкілдерінің қоныстану қарқыны мен олардың ұлттық құрамға тигізген әсері жан-жақты
қарастырылған. Бұл ретте демографиялық үрдістердің ішінде халықтың көші-қоны маңызды
орын алатыны белгілі. Өйткені көші-қон салдарынан қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер орын алады. Осыған орай, көші-қонды тудыратын негізгі факторлар мен көші-қон
салдарларын анықтау қажет. Этникалық диаспоралардың қалыптасуы мен орналастырылуы
Солтүстік аймақта Кеңес үкіметі тұсында да жалғасын тапқан. Түрлі этникалық топтардың өлкеде
кең көлемде пайда болуына көші-қон, депортация сынды факторлар әсер етті.
Түйін сөздер:
тұрғын., қазақ, ғасыр, мемлекет, ұлт, қала, Петропавл, Солтүстік Қазақстан, облыс,
этнос
Достарыңызбен бөлісу: