Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет47/71
Дата21.11.2023
өлшемі2,34 Mb.
#192569
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71
Байланысты:
каз 28 08 2023

 
 
Педагог тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартының талаптары сақталған жағдайда кәсіби қызметті ұйымдастыру 
тәсілдері мен нысандарын дербес таңдауға құқылы. 
Сыныпта ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар болған 
кезде әдістемелік бірлестіктер мақұлдаған жеке оқу бағдарламаларын бейімдеу 
және іске асыру қарастырылады. 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім беру 
ұйымдарында сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша әдістемелік ұсынымдар 
әзірледі.
 
 


71 
2.7 МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
Мектепішілік бақылау – мектептегі білім беру процесінің маңызды 
құрамдас бөлігі. Бұл бақылау білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге, 
педагогикалық ұжым жұмысының тиімділігін бағалауға, сондай-ақ оқу-тәрбие 
процесін ұдайы жетілдіруге бағытталған. 
Білім беру сапасын мектепішілік бақылаудың басты міндеті мектептегі 
әрбір білім алушының оқуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз 
ету, сондай-ақ оқу-тәрбие процесіндегі ықтимал проблемалар мен 
сәйкессіздіктерді анықтап, оларды түзету.
Білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес бекітетін МІБ туралы 
жоспарға сәйкес мектепішілік бақылауды жоспарлы немесе жедел мониторинг, 
әкімшілік жұмыстар жүргізу түрінде жүргізу ұсынылады.
Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары «Мектепке дейінгі 
тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті 
құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 
бұйрығына сәйкес әзірленді және бекітілді. Бұл құжатта мектепішілік бақылау 
нысаны мен бағыттары көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет