Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Бастауыш білім беру деңгейі бойынша



Pdf көрінісі
бет6/71
Дата21.11.2023
өлшемі2,34 Mb.
#192569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
каз 28 08 2023

Бастауыш білім беру деңгейі бойынша: 
- 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері 
аптасына 1 сағаттан оқытылады; 
- қазақ, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын 2-сыныпта «Орыс тілі» 
пәнін оқыту енгізіледі; 
- «Шетел тілі» пәні 3-сыныптан бастап оқытылатын болады. 
Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша: 
- «Шетел тілі» пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-
математикалық бағыттағы қазақ, орыс тілдерінде оқытылатын 10-11-сыныптарда 
(төмендетілген оқу жүктемесімен) апталық оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді.


10 
1.3 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
 
 
Жылдам өзгеретін әлем, ақпаратты қабылдаудың жаңа тәсілдері, мәдени 
әртүрлілік, ХХІ ғасырдағы ортаны технологияландыру оқыту мақсаттарын білім 
алушылардың метапәндік және жеке тұлғалық нәтижелерге қол жеткізуіне, 
олардың қабілеттері мен алған білімдерін қолдана отырып, нақты өмірдегі 
мәселелерді шешуге дайын болуына, цифрлық технологияларды қолдана 
отырып, өзекті ақпарат негізінде шешім қабылдауға баса назар аударуды қажет 
етеді. Осыған байланысты білім беру процесіндегі жетістіктер оған 
қатысушылардың – педагогтердің, білім алушылардың және олардың ата-
аналарының оң және тұлғалық маңызды нәтижелерге қызығушылығына 
байланысты. Қазіргі педагогикалық тәсілдер білім алушылардың дене дамуы мен 
эмоционалдық жағдайын қолдауға, олардың мүдделері мен жеке ерекшеліктерін 
ескеруге бағытталған. 
Оқыту 
мен 
тәрбиелеудегі 
құндылыққа 
бағытталған 
тәсіл 
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адамның өмірі мен 
денсаулығын, жеке тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизмді, 
еңбекқорлықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді 
көздейді. Бұл тәсіл білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту 
мен тәрбиелеуді интеграциялауға, білім беру әдістемесін, мазмұны мен 
құрылымын жаңартуға бағытталған.
Сабақта оқушының жеке басын қалыптастыру процесі нақты өмірмен 
байланысты материалға негізделуі керек, тек осы жағдайда ғана оқыту мәнді 
және тиімді болады. Сабақтың тиімді болу шарттарының бірі – білім 
алушылардың бойында базалық құндылықтарды қалыптастыру. 
Сабақты ұйымдастыруда құндылықтарды қалыптастыру оқу мақсаттарына 
тікелей байланысты.
Мысалы, 2-сыныптың қазақ тілі пәнінде берілген «Дені саудың жаны сау» 
бөлімінде 
2.2.5.1* дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) 
мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті 
іріктеп алу
мақсатын жүзеге асыру үшін «Дұрыс тамақтану» тақырыбын алуға 
болады. Тақырыпты талдау арқылы білім алушылар денсаулықты сақтау үшін 
қажетті дәрумендер мен пайдалы тағамдар туралы біледі. Осылайша, мәтінді 
талдау оқу мақсатын пысықтайды және дұрыс тамақтану жолдарына қатысты 
жаңа ақпаратты зерттейді. Әрі қарай жазылым кезінде (
2.3.2.1* үлгі бойынша 
қарапайым хабарландыру, хабарлама жазу
) білім алушы денсаулық пен дұрыс 
тамақтанудың маңыздылығы туралы хабарлама жаза алады. 
Қазақ тілі сабағында 6-сыныпта «Су – тіршілік көзі» тақырыбындағы 
мәтінді оқыта отырып, 
«6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға 
байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, өмірбаян) көтерілген мәселені 
талдау»

«6.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты
анықтау»
оқыту мақсаттарымен жұмыс жасау арқылы «Су – тіршілік нәрі» 
тақырыбындағы тапсырмадан негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтата 
отырып, білім алушыларға мәтін мазмұнына сай халықтың «судың да сұрауы 
бар» деп неге айтқандығын түсіндіреміз. Сол арқылы судың халықтың байлығы, 


11 
игілігі екендігін, пайдасын, ысырапшылыққа жол бермеу керектігін, сусыз 
тіршілік болмайтындығын айта отырып, білім алушылардың бойына 
патриотизмді, еңбекқорлықты, үнемшілдікті, адамгершілікті, жауапкершілікті 
сіңіреміз. Білім алушылар саналы түрде табиғат байлығының адам игілігі үшін 
екендігін түсінетін болады.
Адами 
құндылықтарды 
дарытуда 
әлеуметтік-қоғамдық, 
мәдени 
тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (пікірталас, жаңалық, 
интервью) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау арқылы ортақ шешім 
мен өзгенің пікірін тыңдай білу дағдысы қалыптасады.
9-сыныпта қазақ тілі пәнінде білім алушылар «Сарқылатын және 
сарқылмайтын табиғи ресурстар» тақырыбы бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет