Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/71
Дата21.11.2023
өлшемі2,34 Mb.
#192569
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71
Байланысты:
каз 28 08 2023

Компьютерлік сауаттылық 
Жаһандық құзыреттілік пен креативті ойлауды дамыту үшін цифрлық 
технологияларды сауатты пайдалану маңызды.
Сондықтан компьютерлік және 
ақпараттық сауаттылықты қамтамасыз ететін дағдыларды дамыту қажет: 
ақпаратты іздеу, берілген контексте ақпараттың пайдалылығын бағалау қабілеті 
және оның мазмұны мен пайда болуы жағынан анықтылығы, әртүрлі ақпараттық 
құрылғылармен және құралдармен жұмыс және т.б., сондай-ақ компьютерлік 
сауаттылық практикалық мәселелерді шешуге, басқа оқу пәндері бойынша 
тапсырмаларды орындауға ықпал етуі керек. 
6-кесте – Тілдік пәндер сабақтарында коммуникативтік тәсіл аясында 
цифрлық сауаттылықты дамыту. 
Оқыту мақсаттары 
Қолдануға арналған мысалдар 
Қазақ тілі. 8-сынып. Бөлімі: Адамзаттық 
құндылықтар және әлем мәдениеті. 
8.2.3.1 мақала, презентация құрылымы 
мен 
ресімделуі 
арқылы 
жанрлық 
ерекшеліктерін ажырату
 
Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату үшін 
мақаланың 
құрылымы 
мен 
презентация 
құрылымын салыстырады. Білім алушы белгілі 
бір тақырып бойынша дайындаған мақаласының 
мазмұнын Power Point бағдарламасын қолданып 
презентация арқылы таныстырады, талдайды. 
9.2.1.1 (русский язык) 
понимать открытую и скрытую 
(подтекст) информацию сплошных и 
несплошных 
текстов, 
соотнося 
заключённую в тексте информацию с 
информацией 
других 
источников/ 
личным опытом 
В качестве материалов для текстов могут быть 
использованы 
электронные 
или 
мультимодальные тексты (с гиперссылками). 
Обучающимся необходимо интерпретировать, 
сравнивать и анализировать информацию из 
данных источников.
10.1.6 (английский язык) 
 organize and present information clearly 
to others 
Цель 
направлена 
на 
развитие 
навыков 
презентации. Учитель обучает как организовать 
и оформить презентацию, выбрать ключевую 
информацию и донести ее до слушателей. 
Оқытуда цифрлық құзыреттерді дамыту үшін пән мұғалімдеріне арналған 
ұсыныстар: 
1) оқу процесіне цифрлық құралдар мен қосымшаларды енгізуді 
жоспарлау; 
2) сабақтың тақырыбына немесе оқу бағдарламасының бөліміне 
қызықтыру және ынталандыру үшін ойын түрде оқыту әдістерін қолдану; 
3) цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану; 
4) шығармашылық жұмыстарды орындау кезінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану. 
Цифрлық білім беру ресурстарын дидактикалық мақсаттарға сәйкес 
сабақтың әртүрлі кезеңдерінде: жаңа материалды түсіндіруде, бекітуде және 
өзіндік жұмыста, қорытынды сабақта, қайталау кезінде және т.б. пайдалануға 
болады. 


26 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет