Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық



Pdf көрінісі
бет13/71
Дата21.11.2023
өлшемі2,34 Mb.
#192569
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71
Байланысты:
каз 28 08 2023

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық 
PISA-2025 халықаралық зерттеуінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылық 
(ЖҒС) бағыты басты назарға алынады. 
Анықтамаға сәйкес жаратылыстану-ғылыми сауаттылық іс-әрекетті 
негіздеу үшін ғылым, тұрақты даму және технология туралы дәлелді ойлау 
қабілетін білдіреді. Ол үшін келесі білік пен дағдыларды дамытуға ерекше назар 
аудару ұсынылады: 
1) табиғи және технологиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру;
2) ғылыми зерттеулер жобаларын әзірлеу және бағалау, сондай-ақ ғылыми 
деректерді түсіндіру; 
3) жаһандық, жергілікті немесе жеке сипаттағы мәселелерді зерттеу, 
ғылыми ақпаратты бағалау және оны шешімдер қабылдауда пайдалану. 
Осыған сәйкес жоғарыда аталған білік пен дағдыларды қалыптастыруға 
бағытталған ЖҒС тапсырмаларын қолдану ұсынылады. 
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру және дамыту 
мақсатында мынадай тапсырмаларды орындау ұсынылады: 
- физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және 
талдау кестелерін құрастыру; 
- сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және жинақтау, 
есептердің шешуін ресімдеу дағдыларын қалыптастыру;
- жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстардың кеңейтілген 
жазбаша есептерін немесе ауызша баяндамалар жасауға үйрету;
- білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың 
пікірлерінің қисындылығы мен дәлелдер келтіру дағдыларын арттыру (5-кесте).
5-кесте – ЖҒС дамытуға арналған оқыту мақсаттарын іске асыруға 
мысалдар 
Оқыту мақсаттары
Қолдану мысалдары
Жаратылыстану 
2.4.2.1 Күн жүйесі ғаламшарларының 
орналасу тәртібін анықтау 
ғылыми деректер мен дәлелдемелерді сыни 
тұрғыдан түсіндіре білу, олардың пікірлерінің 
қисындылығы мен дәлелдер келтіру дағдыларын 
қалыптастыру, 
сипаттау, 
салыстыру, 
қорытынды жасау және жинақтау (жазбаша 
және ауызша)
Биология 
7-сынып. Кіші Бөлім: «Тамақтану» 
7.1.2.2 
фотосинтезге 
қажетті 
жағдайларды зерттеу 
Білім алушылар фотосинтезді жүзеге асыру үшін 
қажетті жағдайларды зерттейді. Фотосинтез 


24 
процесін өсімдіктердің ерекшелігі ретінде 
түсіндіреді. 
9.1.2.4 өттің әсерінен майлардың 
эмульгациялануы үдерісін зерттеу 
 
Білім алушылар ферменттердің белсенділігіне 
әртүрлі жағдайлардың (температура, рН) әсерін 
зерттейді
Химия
№ 4 практикалық жұмыс «Металдар» 
тақырыбы 
бойынша 
эксперименттік 
есептерді шешу
Виртуалды 
зертханалар 
қолдану 
АКТ 
дағдыларын, кеңістіктік және сыни ойлауды; 
реакция теңдеуі бойынша заттың (реагенттің 
немесе өнімнің) массасын, өндірістік және 
экологиялық мазмұнды теориялық мүмкін 
мәнмен салыстырғанда зат массасының шығуын 
табуға арналған тапсырмаларды орындау 
дағдыларын арттырады
8.4.2.6 
судың 
табиғатта 
кең 
таралғандығын, бірегей қасиеттерін 
және оның өмір үшін маңызын түсіндіру;
 
Қазіргі адам өміріндегі химияның рөлін 
растайтын тапсырмаларды қолдану; зерттелетін 
объектілердің табиғи функциялары, олардың 
өмірлік жағдайларда қолданылуы туралы 
ақпарат, білім алушылардың өмірлік тәжірибесі 
мен қызығушылықтарын мазмұнында беру 
Химия мен биологияның пәнаралық 
тығыз байланысы: 
9.5.1.1 адам ағзасының құрамына кіретін 
элементтерді атау және олардың 
маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, 
S, Cl, Mg, Fe);
 
9.5.1.2 
Қазақстан 
тұрғындарының 
типтік тамақтану рационын зерттеу 
және теңгерімді тамақтану рационын 
құрастыру;
 
9.5.1.3 кальций мен темірдің адам 
ағзасындағы рөлін түсіндіру;
 
9.5.1.4 тамақ өнімдерінің құрамындағы 
көміртекті анықтау;
Оқу процесін білім алушыларды дербес 
танымдық іс-әрекетке, танымның ғылыми 
әдістеріне, 
дербес 
эксперименттер 
мен 
зерттеулерге, әрбір оқу пәні саласында 
ынталандыру мен қабілеттерді дамытуды 
қалыптастыратын оқу жобаларын әзірлеуге 
мақсатты және жүйелі түрде тартуға бағдарлау 
9.4.2.3 минералды тыңайтқыштардың 
жіктелуін және олардың құрамына 
кіретін қоректік элементтерді білу;
 
Ғылыми дүниетанымға қабілеттілік, ғылыми 
таным әдістерін, жалпы білім беру дағдыларын 
игеру және т.б. сияқты компоненттер жүйесі 
ретінде ЖҒС-ны қалыптастыруға және бағалауға 
мүмкіндік беретін дидактикалық құралдарды 
әзірлеу
Білім алушылардың жаратылыстану, техникалық, инженерлік ғылымдар 
мен математикаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ауызша, жазбаша, 
бастапқы және қосалқы дереккөздерден алынған мәліметтерді жинақтап, оларды 
іріктеп қорытындылауға баулу қажет. Сонымен қатар, білім алушылар ақпаратты 
қайдан іздеуді, дәлелдерді негіздеу үшін қандай ақпарат қажет екенін, алынған 
деректерді 
қалай 
түсіндіруге 
болатынын, 
күрделі 
себеп-салдарлық 
байланыстарды қалай құрылымдауды, бастапқы идеяларды қалай түсіндіру 
керектігін, өз қорытындыларын тарихи факт ретінде бұрын болған жағдайлармен 
қалай байланыстыруды білуі керек.


25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет