Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет16/71
Дата21.11.2023
өлшемі2,34 Mb.
#192569
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71
Байланысты:
каз 28 08 2023

ІІ 
ОҚЫТУ 
МЕН 
ТӘРБИЕНІ 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
2.1
БІЛІМ БЕРУДЕГІ САБАҚТАСТЫҚ 
Білім берудегі сабақтастық білім алушының бір білім деңгейінен 
екіншісіне ауысқан кезінде психологиялық және педагогикалық дайындығын 
қалыптастыруға бағытталып, толыққанды дамуын қамтамасыз етеді. Бұл 
сабақтастық бір деңгейден екінші деңгейге тұрақты, үдемелі өтуді қамтамасыз 
ететін тиімді құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. 
Білім беру деңгейлерінің сабақтастығы, ең алдымен Мемлекеттік жалпыға 
міндетті білім беру стандартымен қамтамасыз етіледі, онда сабақтастықты 
ескере отырып, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім 
деңгейлері бойынша білім мазмұнының сәйкестігі, оқытуды іске асыру тәсілдері, 
жеке жас ерекшеліктері, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері 
негізінде әрбір баланың дамуы қарастырылады. 
«Мектепке дейінгі - бастауыш мектеп - негізгі мектеп – орта мектеп» 
деңгейлеріндегі бір деңгейден келесісіне өту кезеңінде білім алушының 
мұғалімдермен және құрдастарымен жаңа қарым-қатынас жасауы кезінде оның 
оқу іс-әрекеті мен тәрбиесінде жаңа талаптар пайда болады.
«Мектепке дейінгі - бастауыш мектеп» деңгейіндегі сабақтастық
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлері арасындағы 
сабақтастық білім беру процесіндегі оқыту түрлері мен әдістерінің сабақтастығы 
мен бірлігінен, баланың мектепте оқуы үшін дене дамуы, психологиялық
эмоционалдық, әлеуметтік дайындығын қамтамасыз ететін білім алушылардың 
білімі мен дағдыларын кезең-кезеңімен арттырудан тұрады. Бастауыш мектеп 
баланың одан әрі жан-жақты дамуы үшін мектепке дейінгі білім беру 
нәтижелеріне сүйенеді.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы шеңберінде 
мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептің тығыз ынтымақтастығы қажет, оның 
міндеттері балалардың мектепке деген қызығушылығын дамыту, олардың тиісті 
мектепалды даярлығы, балабақшадан мектепке көшудің табиғилығын 
қамтамасыз ету, мектепалды даярлық мәселелерінде мектеп пен отбасының 
өзара іс-қимылы болып табылады. Аталған міндеттерді іске асыру үшін 
балабақшалар мен мектепалды даярлық сыныптарына бармаған балалар үшін 
жазғы уақытта 2 аптадан 1 айға дейін білім беру ұйымдары жанындағы 
мектепалды даярлық курстары өткізіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқытудың 
үлгілік 
оқу 
жоспары 
«Денсаулық», 
«Пікір», 
«Таным», 
«Шығармашылық», «Қоғам» сияқты білім беру салаларының кіріктірілуі 
көзделген курстардың мазмұнына негізделеді. 
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сатыларының сабақтастығын 
іске асыру жөніндегі жұмыс түрлері: 
1.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп педагогтерінің бірлескен 
семинарлары мен педагогикалық кеңестері. 


28 
2.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің бастауыш сыныптарында 
оқитын педагогтердің, ата-аналардың бірлескен іс-шаралары (мерекелер, 
экскурсиялар, спорттық жарыстар, балабақшалардағы «Түлектер күні»); 
3.
Мұғалімдерге, ата-аналарға арналған психологиялық тренингтер. 
4.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп психологтарының, медицина 
қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылдары. 
5.
Балалардың мектепке дайындығын диагностикалау. 
6.
Мектепке дейінгі ұйымдардың түлектерінен 1-сыныпты жасақтауда 
жасалатын жұмысты мектеппен бірлесіп атқару. 
Бейімделу процесін жүзеге асыру жолдары:
• білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
• білім алушылар үшін жайлы білім беру ортасын құру (оқуға ынтасын 
арттырып, жағымды эмоционалдық көңіл-күйді қалыптастыру, оқу процесінде 
денсаулық сақтау технологияларын қолдану, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, 
үй тапсырмасын орындау үшін жайлы жұмыс орнын реттеу, теңгерімді 
тамақтануды ұйымдастыру); 
• бейімделу қиындықтарын анықтау және талдау, реттеу жолдарын 
әзірлеу; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет