Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет117/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Байланысты:
Публикация на каз

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ 
ТүСІНІКТЕМЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
22.12.2012 ж. №01/111-И хатқа
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы Робин 
Хааррмен дайындалған «Қазақстан мектептерінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықты бағалау» 
зерттеуіннің қорытындысы туралы материалдарды қарастырып келесіні хабарлайды.
Есепте берiлген ұсыныстар балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгез қараудың алдын алу 
жөнiндегі кешендi шаралар қалыптастырылған кезде негiзге алынатын болады.
Сонымен қатар, балалар мен жасөспiрiмдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын 
алу мақсатында iс-шаралар іске асырылуда.
Аймақтарда кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарауды алдын алу 
жөніндегі іс-шаралар тиiстi түрде бекітіліп іске асырылуда.
Балалар мен олардың ата-аналарының білім және бала құқықтарын қорғау саласында құқықтық 
мәдениеті мен ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында «Ата-аналардың құқықтық 
сауаттылығы – балалардың құқықтарын қорғау кепелдігі» аймақтық семинарлары, «Сен және сенің 
құқықтарың» онкүндігі, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Бала еңбегінің сорақы түрлеріне 
қарсы 12 күн» ақпараттық науқандары өткізіледі.
Сонымен қатар, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қараудың алдын алу жөніндегі 
мемлекеттiк органдар қызметінің мәселелері ҚР үкiметiнің жанындағы ВАК-тың ХI отырысында 
қарастырылды. Ұсынымдар жергілікті атқарушы органдарға орындау және тиісті шаралар қабылдау 
үшін жіберілді. 
Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті жанында үкіметтік емес ұйымдар кеңесi қызмет етедi, оның 
қызметінің 7 бағытының бiрi балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың, адам саудасын және балалар 
еңбегін пайдаланудың алдын алу болып табылады.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және оның аумақтық балалардың құқықтарын қорғау 
департаменттерінің сайттарында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» айдары іске қосылған.
«Сандж» зерттеу орталығы ҚҚ-ның 2012 жылы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсы-
рысы бойынша қолайлы отбасылық қарым-қатынасты қалыптастыру жөнінде балаларға, ата-аналар 
қауымдастығы мен педагогтерге арналған әдістемелік нұсқаулық әзірленді.
Жалпы, зерттеу қорытындысы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде тиімді шараларда 
әзірлеуге мүмкіндік береді және балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгез қараудың алдын 
алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде негіз болады.
Вице-министр
С. Шаяхметов
Ж. Альжанова, 74-20-49


160
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Мектепке дейіңгі және орта білім департаменті
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
29.01.2013 ж. №01/234-И хатқа
Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Сіздердің БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) 
бірлесіп өткізген «Қазақстан мектептеріндегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты бағалау» атты 
зерттеуіңізге қатысты мынаны хабарлайды:
Қазақстан мектептеріндегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты бағалау туралы ЮНИСЕФ матери-
алдары зерттеліп, талданды. 
Жүргізілген зерттеу барысында мектептердегі балаларға қатысты зорлық-зомбылық деңгейі тура-
лы деректер жинау жүзеге асырылғанын, оларға талдау жасалғанын, оқу орындарында зорлық-
зомбылықты азайту бойынша ұсынымдар берілгенін атап өтеміз.
Сонымен қатар, ұсынылған материалда зерттеу өткізу тетіктерін түсіндіруге мейлінше көп орын 
берілген, ал шамадан тыс егжей-тегжейлі түсіндіру мектептегі зорлық-зомбылық проблемаларын 
тереңірек түсінуді қиындатады.
Білім беру ұйымдарының басшылары мемлекеттік интернаттық мекемелерде жүргізілген зерттеулер 
қорытындысы (2010 ж.) мен Қауіпті мінез-құлыққа, сексуалдық қанауға және адам саудасына қатысты 
балалар осалдығын бағалау (2011 ж.) бойынша қазақстандық оқушыларға бірқатар сұрақтардың 
әдепсіз, дөрекі қойылғанын атап көрсетті.
Осыған байланысты зерттеу жүргізу барысында сауалнамаларды оқушылардың ұлттық ерекшеліктері 
мен дәстүрлерін ескере отырып, алдын-ала бейімдеу қажеттілігі сақталғаны жөн.
Тұтастай алғанда, ұсынымдармен таныса отырып, облыстық, Астана және Алматы қалаларының 
білім беру басқармаларымен бірлесе отырып, жалпы білім беретін мектептердегі зорлық-зомбылық 
жағдайына жүргізілген мониторингті зерттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу, педагог қызметкерлердің 
біліктілігін арттыру курстары негізінде директорлар мен мұғалімдерді мектептегі зорлық-зомбылық 
саласында қолданылатын заңнамалар мәселелері бойынша оқытуды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ білім беру ұйымдарында педагогикалық ұжымның, балалар мен олардың ата-аналарының 
қатысуымен мектептегі зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу бойынша түсіндіру 
жұмыстарын жандандыру қажет (конференциялар, акциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, 
пікірсайыстар).
Осы мақсаттарда мектептегі зорлық-зомбылық мәселелерін талқылау бойынша қоғамдық алаңды 
кеңейтуді көздеу, сонымен қатар білім беру органдарын мектептердегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылықтың барлық фактілері туралы хабарлауға міндеттеу қажет.
Директор
Ж. Жонтаева 
Жахин К., 74-22-95


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет