ЭЛЕКТРОНДЫҚ КҮШЕЙТКІШТЕРДІ ЖІКТЕУ Күшейткіштер деп қосылған қуаттау көзі энергиясының
есебінен электр сигналдары параметрлерінің мәндерін ұлғайтуға
арналған құрылғыларды айтады. Күшейткіштер сигналдардың
қандай да бір параметрлерін барынша күшейту үшін қолданылады.
Осы белгісіне қарап оларды кернеу, ток және қуат күшейткіштері
деп бөледі.
Күшейткіштің сызықтық және сызықтық емес жұмыс режимдері
болуы мүмкін.
Сызықтық жұмыс режимді күшейткіштерде әртүрлі жиілік
гармоникаларының жиынтығы ретінде ұсынуға болатын (4.17
-
бөлімшені қараңыз) күшейтілетін сигнал формасының бұрмалануы
минималды болады. Егер сигналдың барлық гармоникалық
құраушылары бұрмаланбастан ұлғайса, онда сигналдың бұрмалануы
минималды болады. Күшейткіштің сигналдың гармоникалық
құраушыларының
амплитудасын
ұлғайту
қасиеті
оның
амплитудалық
-
жиіліктік сипаттамасын (АЖС) (4.49) сипаттайды.
(15.1)
мұндағы
U кір
және
U шығ.ж
—
бос жүріс режиміндегі күшейткіштің
кірісі мен шығысындағы синусоидалық кернеулердің әсерлік
мәндері.
АЖС типі бойынша күшейткіштер баяу өзгеретін кернеулер мен
токтар немесе тұрақты ток (15.1
-
сурет,
а ), төмен жиіліктер (15.1
-
сурет,
б ), жоғары жиіліктер (15.1
-
сурет,
в ) күшейткіштері, кең
жолақты (15.1
-
сурет,
г ) және тар жолақты (15.1
-
сурет,
д )
күшейткіштер
болып бөлінеді.
Әртүрлі типтегі күшейткіштер АЖС
-
ң жиіліктерінің төменгі
және жоғарғы шекараларының типтік мәндері 15.1
-
кестеде
келтірілген.