Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


АДРЕСТІК ІРІКТЕМЕЛІ ЦИФРЛЫҚ ЛОГИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет203/225
Дата24.11.2023
өлшемі21,72 Mb.
#193387
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   225
Байланысты:
Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-

 
АДРЕСТІК ІРІКТЕМЕЛІ ЦИФРЛЫҚ ЛОГИКАЛЫҚ 
АВТОМАТТАР. ЖАДТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ
 
 
 
Адрестік іріктемелі цифрлық логикалық автоматтар 
деп 
кірістеріндегі әрбір логикалық мәндер жинағында құрылғының 
көптеген ақпараттық ұяшықтарының арасынан сол не өзге 
ұяшығына жүгінуге және сонымен жұмыс жасауға мүмкіндік 
беретін адресі болатын цифрлық құрылғыларды айтады. Адрестік 
іріктемелі логикалық автоматтарға жедел және тұрақты жадтау 
құрылғылары жатады. 

Жедел жадтау құрылғылары
(
ЖЖҚ
— RAM, random access 
memory) 
жүгіну барысында өзгертуге, яғни есептеуге, сонымен 
қатар өшіріп тастауға және жазуға болатын ақпараттық ұяшықтарды 
қамтитын құрылғылар болып есептеледі. ЖЖҚ
-
да ақпаратты 
сақтауға арналған элементтер ретінде триггерлер (16.6
-
бөлімшені 
қараңыз) 
немесе 
тұрақты 
разрядталу 
уақыты 
жоғары 
транзисторлардың 
p-n-
өткелдерінің электрлік сыйымдылықтары 
пайдаланылады. Соңғы жағдайда ЖЖҚ 
динамикалық
деп аталады, 
себебі оның электрлік күйін жүйелі қалпына келтіру талап етіледі. 
Динамикалық ЖЖҚ үшін 
статикалық
деп аталатын триггерлер 


447
17.14-
сурет
негізіндегі ЖЖҚ
-
мен салыстырғанда энергияны аз тұтыну және 
ақпаратты қуаттауды қысқа мерзімге ажыратқан жағдайда сақтау, 
сонымен қатар аппарат құралдарының ұлғайтылған жинағы тән. 
ЖЖҚ
-
ң интегралдық схемаларын типтік ұйымдастыру: 
4
096 х 1, 
яғни 
4096 
жадтау ұяшығының әрбірінде бір разрядтан, 16384 х 1, 
1024 х 4, 1024 х 8 және т.б.
Тұрақты жадтау құрылғылары
(
ТЖҚ
— ROM, read only 
memory) 
бір
-
біріне ортогонал екі параллель шиналар жинағы болып 
есептеледі. Қиылысқан жерлерінде шиналар өз арасында жартылай 
өткізгіш диодтар не өткізгіштер түріндегі қосқыштармен 
жалғанады. 
Қосқыштардың 
бөліктерін 
өткізгіштердің 
балқымасымен, диодтардың электрлік ойығымен немесе өндіріс 
процесінде тиісті маскалардың көмегімен мақсатты түрде алып 
тастау бағдарламалау дегенді, яғни ақпаратты ТЖҚ
-
қа жазу дегенді 
білдіреді. Осы себепке орай ТЖҚ маскалық және пайдаланушымен 
бағдарламалатын болып бөлінеді. Маскалық ТЖҚ жалпы 
қолданыстағы тұрақты ақпаратты, мысалы математикалық 
кестелерді, символдарды, стандартты математикалық түрленімдер 
бағдарламаларын және т.б. жазу үшін пайдаланылады. 
Пайдаланушымен бағдарламаланатын ТЖҚ
-
та ақпарат бір рет өз 
бетінше жазылуы мүмкін. Саны шектеулі болса да (он ретке дейін), 
ақпаратты бірнеше рет өзгертуге жол беретін ТЖҚ да бар. Олардағы 
ақпаратты өшіру ультракүлгін сәулелендіру арқылы жүзеге 
асырылады. 
 
 
 


448
Рис. 18.2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет