ЦИФРЛЫҚ ЛОГИКАЛЫҚ АВТОМАТТАРДЫҢ АРИФМЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ Цифрлық логикалық автоматтарда негізі 2 болып табылатын
екілік санау жүйесі пайдаланылады. Солдан оңға қарайғы
разрядтардың салмағы мынадай реттіліктен тұрады:
... 2
4
2
3
2
* 2
2
1
2
0
, 2
-1
2
-2
2
-3
...,
ол екілік санды ондық санға ауыстыру үшін пайдаланылады.
Мысалы, 10111 екілік саны 23 ондық санына балама:
2
4
• 1 + 2
3
• 0 + 2
2
• 1 + 2
1
• 1 + 2
0
• 1 = 23.
Цифрлық логикалық автоматтарда арнайы терминдер
пайдаланылады: бит,екілік разряд, байт.
Бит, немесе
екілік разряд, екілік сандағы қандай да бір белгіні
білдіреді. Мысалы, 101 екілік санының үш разряды бар. Оң жақтағы
салмағы ең аз шеткі разряд
кіші , сол жақтағы салмағы ең жоғары
шеткі разряд
үлкен деп аталады.
Байт ақпараттың 8
-
разрядты бірлігін білдіреді. Мысалы,
10001111
немесе
00101001
және т.б.
Санды екілік санау жүйесінде беру үшін екілік разрядтардың көп
саны талап етіледі. Сегіздік және он алтылық санау жүйесін
пайдаланатын болсақ, жазу жеңілдей түседі.
Сегіздік жүйенің негізі
8 = 2
3
,
ал
он алтылық жүйенің негізі
— 16 = 2
4
саны болып
табылады. Екілік санды сегіздік (он алтылық) санға ауыстыру үшін
екілік санды үш (төрт) биттік топқа бөлу жеткілікті: бүтін бөлігін
оңнан солға қарай, бөлшек бөлігін үтірден солдан оңға қарай. Шеткі
топтар толық болмауы мүмкін.