Пәнаралық байланыс:
Тарих, әдебиет,
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы
2. « Оюлар» өлеңін жаттап, мәнерлеп оқу.
3. Өлең сюжетін оқушылардың шығармашылық жұмыстары арқылы баяндау, талдау.
4.
Қазақ халқының ою-өрнектері туралы оқушылардың өздері жинаған деректерін тыңдау.
ІІІ
. Жаңа сабақты сатылай кешенді талдау арқылы түсіндіремін.
І. Отырар
1.Авторы : М.Шаханов
1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданында ,Қасқасу ауылында дүниеге келген.
Мұхтар Шаханов Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар өңірінде дүниеге келген дүлділ ақын, қоғам қайраткері. Автордың
шығармалары70-тен астам тілге аударылып, халық арасында өз орнын таба білген озық туындылар. Шығармаларының тілі
өткір, мазмұны кең.
2.Тақырыбы:
Бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл әдеби шығарма . Әдеби шығарма дегеніміз- белгілі бір дәуірдегі
қоғамдық шындықтың сәулесі . Бұл өлеңнің тақырыбы- тарихи шындықты негізге ала отырып, сыртқы басқыншы жауға
қарсы күрескен Отырар халқының ерлік ісін жырлау.
3.Идеясы:
Идея дегеніміз- автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы, дүниетанымы
тұрғысынан суреттейді. Сол арқылы өзінің мақсат ын, арманын білдіреді.Бұл өлеңнің идеясы- Отырарды сыртқы жаулардан
қорғау, елін, жерін сүю, қадірлеу.
4. Жанр түрі
– баллада . Баллада дегеніміз – лиро –эпостық сипаттағы, шағын суретті өлең.и Мұнда ақын өзінің көңіл –
күйін , толғанысын жырлап қана қоймай, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді.
5.
Шығарманың композициялық құрылысы
1. Шығарманың басталуы – Шыңғыс хан мен Шағатай әңгімесі
2.Оқиғаның байланысы –Шыңғысханның Отырарды алуы
3. Оқиғаның шиеленісуі- Қайырханды азаптауы
4 .Шарықтау шегі – Қайырханның арманы
5. Оқиғаның шешімі –Қарияның баланы құтқарып жіберуі
6. Эпилог немесе соңы – Ақынның сөзі
Достарыңызбен бөлісу: |