Дамытушылығы:
Генетика ұғымының терең мәнін ашып болашақ ұрпақтың келешегін дамыту.
Тәрбиелігі:
Оқушылардың генетика ұғымынан терең мағлұмат алып, тұқым қуалау заңдылықтарын игере білуге өмірді
дұрыс ұғынуға баулу.
Сабақтың типі:
Іскерлік дағдыны қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі:
сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау әдістері; проблемалық жағдайлардан шығу, топтық жұмыс, өзін-өзі
бағалау.
Көрнекілігі:
Электрондық оқулық, дидактикалық материалдар, жоғары сынып оқушылардың қойған сұрақтарынан тұратын
видео көрсетілімдер.
Есептердің шығару жолдары:
1-есеп.
Жұмысшы аралардың (трутендер) ұрықтанбаған аналық жыныс клеткаларынан (n=16) түзілетіндңгң белгілі.
Соматикалық клеткалардағы хромосомалар жиынтығы қандай және онда сперматозоидтар қалай түзіледі.
Есептің шешуі:
Жеке даму барысында трутендердің соматикалық клеткаларындағы хромосомалар саны екі еселенеді,
демек, трутендердің соматикалық клеткалары диплоидты ( 2n=32). Жыныс бездері (гонадалар) гаплоидты болып қалады,
сондықтан қалыпты мейоз процестерінің жүруі мүмкін емес.
Жауабы:
Сперматазоидтар митоз нәтижесінде (мейоздың эквациондық бөлінуі кезінде) түзіледі.
2-есеп.
Ірі қара малдар мен зебрада хромосомалар саны 60. Осы екі түрлер арасынан алынған будандардың ұрпақ беру
қабілеті жоғары. Будандардың екінші реттік ооциттерінде хромосома саны қанша болады.
Есептің шешуі
: Екінші қатардағы ооциттер мейоздың редукциялық бөліну нәтижесінде бірінші реттік ооциттерден түзіледі.
Сондықтан екінші қатардағы ооциттердің хромосома саны 30 болады.
Жауабы:
екінші қатардағы ооцитердің хромосома саны 30.
3-есеп.
Қарбыз спорасының аналық клеткасы 22 хромосомадан тұрады. Мейоз нәтижесінде, екі жұп гомологты
хромосомалар арасында айқасу жүрген. Споралардың аналық клеткалары микроспоралардың қанша типін түзе алады?
Есептің шешуі:
Споралардың аналық клеткаларынан мейоздың екі реттік бөлінуі нәтижесінде 4 микроспора түзіледі.
Мейоздың редукциялық бөлінуі кезінде түзілген екі әртүрлі клеткалардағы екі хромосомада хроматидтердің біреуі айқасуға
ұшырамайды. Себебі, айқасу кезінде әрбір биваленттегі төрт хроматидтердің тек екеуі ғана бөлімдерімен алмасады.
Сондықтан эквациондық бөліну нәтижесінде, әрбір клеткадан екі жаңа клеткалар пайда болады. Демек, споралардың аналық
клеткаларынан төрт типті микроспоралар түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |