Есептерді шығару үлгісі
1-есеп.
Қызанақ өсімдігінің жемісін қызыл және сары түсті түрлерін өзара будандастырғанда,F
1
алынған өсімдіктер
жемісінің түстері қызыл болған.Ал F
2
алынған өсімдіктердің 58 қызыл және 14 сары түсті жемістер берген. Жеміс түсі қалай
тұқым қуалайды?Бастапқы және F
1
,F
2
алынған өсімдіктердің генотиптерін анықтаңыздар?
Белгілердің тұқым қуалау сипатын анықтаймыз. Есепте F
1
алынған өсімдіктердің гетерозиготалы жағдайда жеміс түстерінің
қызыл болуы, бастапқы өсімдіктердің қарама-қарсы белгілері бойынша генотиптерінің гомозиготалы екендігін және қызыл
түстің сары түске толық доминанттты екендігін көрсетеді. Ал, F
2
-де алынған өсімдіктердің 58 қызыл және 14 сары түсті
болуы, белгілердің ажырауы 3:1 қатынасына сәйкес келетіндігін көрсетеді. Демек, қызыл түсті өсімдіктер сары түсті
өсімдіктерге қарағанда үш есе көп, яғни, белгілердің тұқым қуалауы мендельдік ажырау қатынасына сәйкес келеді.
Енді гендерді белгілейміз.
А-қызыл; а-сары.
Енді есептің берілуін қысқаша жазып, шығарамыз.
Берілгені:
А-қызыл;
А-сары;
F
1
–қызыл түсті;
F
2
-58 қызыл және 14 сары.
F
1
,F
2
генотиптер - ?
Есептің шешуі:
Будандастыру сызбасын жазамыз. Есептің берілгені бойынша өсімдіктердің гомозиготалы екені белгілі.
Будандастырылатын даралардың гаметалар типін анықтаймыз. Гаметалар типін анықтаймыз.
F
1
будандарын өзара будандастырамыз. F
1
- Аа гетерозиготалы; F
2
– ажырау фенотип бойынша 3:1, ал, генотип бойынша 1:2:1
қатынасында болады.
Жауабы:
Белгі толық доминанттылық бойынша тұқым қуалайды.
Дигибридті будандастыру.
2-есеп. Қызанақ өсімдігі сабағының қара түсі жасыл түске, жапырақ шеттері иректелген бүтін жиектілікке басымдылық
көрсетеді. Сабағы қара түсті, жапырақ шеттері иректелген қызанақ өсімдігін,сабағы жасыл және жапырағы иректелген
өсімдікпен тозандандырғанда, 642 қара иректелген, 202 қара бүтін жиекті, 620 жасыл иректелген және 214 жасыл, бүтін
жиекті өсімдіктер алынған. Бастапқы өсімдіктердің генотиптерін анықтаңыздар. Есептің нәтижесін түсіндіріңіздер?
Достарыңызбен бөлісу: |