І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
ІІІ. Жаңа сабақ. Жабайы жануарлар.
А) Жануарлар түрлері көп. Жануарлар екі топқа бөлінеді. Біз жануарларды қорғауымыз қажет. Жануарлардың пайдасы.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бөліседі.
Ә) Кіріспе бөлім. Оқушыларды жаңа сөздермен сурет арқылы таныстырып, сөз тіркестерін құрастырту, сөйлемдер құрау.
Әр бала сөйлем құрап айтады: мысалы, сөз тіркесі: жабайы аң, үлкен піл, әдемі керік, жыртқыш аң. Сөйлем: Мен
хайуанаттар бағынан үлкен піл көрдім.
Б) Ойын: «Сиқырлы асықтар» Ойынның шарты: Сыныпты үш топқа бөлу: «Дарын», «Талап», «Зерде». Әр топтың
басшысын сайлау. Топтардың басшылары қоржыннан асық алады, асық номеріне сәйкес сұраққа топ мүшелері ақылдаса
отырып, жауап береді. Жауаптары кестеге тіркеледі.
«Дарын»
«Талап»
«Зерде»
ІҮ. Сабақты қорытындылау. А) Венн диаграммасын толтыру тапсырмасы беріледі:
«Жыртқыш аңдар» «Үй жануарлары»
Ұқсастықтары:
Ә) Әр топтың басшысы асықты таңдап, асықтағы нөмері бойынша топпен бірлесіп берілген тапсырманың суретін салып
қорғайды.
Б) Әр топ берілген сөздерді буынға бөледі: 1. Үй жануарлары 2. Жабайы аңдар. 3. Жыртқыш аңдар
Ү. Бағалау. Сабақтың барысы бойынша мұғалім топ мүшелерінің белсенділігін байқап, жұлдызшамен бағалап отырады.
Сабақтың соңында қай топ көп жұлдыз жинады, сол топ жеңіске жетеді.
ҮІ. Үйге тапсырма: жабайы жануарлар туралы мәлімет жинақтау.
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: