Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет3/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

эмпатиялық диалог
арқылы жүзеге 
асырылады [2, б. 118]. Мақсаты: баяндалып отырған мазмұнға сезіммен араласу арқылы оқушы эмоциясын тәрбиелеу.
Проблемалық талдаудың осындай түрі туралы зерттеуші З.Г.Дзапарова: «Проблемный анализ – это своего рода цепная 
реакция вопросов, разбор, построенный на соединении связанных друг с другом проблемных ситуаций. Проблемный вопрос
на уроках литературы необходимо ставить и решать в эстетическом ключе» - деген тұжырымы проблемалық жағдаяттардың
оқушыларға автормен бірге дүниені эстетикалық тұрғыдан зерттей отырып, азаматтық позициясының тұрақтанатындығын 
көрсетеді.
Терең ойлы ұрпақты тәрбиелеудің ерекше түріне оқылған дәрісті 
белсенді жаттығулар
мен дербес жұмысты сауатты 
ұйымдастырумен ұштастыру
кіреді. Ол туралы тарихты оқытудың әдіскер-ғалымы Б.С.Сарсекеев: «Жаттығуларды 
өткізудің мақсаттарының бірі – біліктілікті қалыптастыру болып табылады, яғни оқушыны шындықты бірдей, әрі терең
ұғынуына, жағдайды дұрыс бағалауға және өз білімін орынды қолдануға жетелейді. Біліктілік біліммен ғана белгіленбейді, 
сондай-ақ дүниеге көзқарас тұрғысынан, табиғат, қоғам, адам туралы жалпы түсініктермен анықталады»-деп оқушылардың
аналитикалық қабілеттерін дамытып, дербес ойлай білуіне бағдарланған белсенді жаттығулардың мәнін ашып, оларды 
қарапайымнан күрделіге қарай орындаудың әдістемесін баяндайды. Ал дербес жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың
бәрін қамту үшін күрделілігі әр түрлі тапсырмалардың үш типін ұсынады: «Дайын күйінде берілетін, ақпаратты игерудің
тексерілуін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін көшірме сипатындағы тапсырмалар; шығармашылықпен ойлауды дамытуға
есептелген аналитикалық-синтетикалық қызметіне бағдарланған тапсырмалар; білімдерді неғұрлым өзгертілген жағдайда 
қолдануды, соның ішінде пәнішіндегі және пәнаралығындағы байланыстарды пайдалануды, сондай-ақ сабақтан тыс ақпарат 
құралдары арқылы алынатын білімдерді талап ететін тапсырмалар. Тапсырмалардың ұсынылған типологиясы оқушылардың
дербес танымдық іс- әрекетін дамытудың үш деңгейіне сәйкес келеді. Олар: дайын күйінде мұғалім ұсынатын ақпаратты 
игеру; білімдер мен дағдыларды таныс оқу жағдайында үлгі бойынша қолдану; білімдер мен дағдыларды жаңа оқу
жағдайында шығармашылықпен қолдану». Біздің зерттеу жұмысымызға сәйкес, білімгерлердің терең ойлауын дамытуда осы 
аталған тапсырмалардың екінші, үшінші варианттарын қолданудың тиімділігі анықталды. Сондай-ақ, дербес жұмысқа
басшылық ету үшін мұғалімге қойылатын талаптар да ескерілді. 
Ізденуші Ж.Е.Зейнуллина «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру»
тақырыбындағы зерттеу жұмысында оқытудың витагенді (латын сөзі - өмірлік дегенді білдіреді.) әдісін қолданады. Бұл
әдісті ХХ ғасырдың соңғы жылдарында ғалым А.С.Белкин педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оқу үрдісіне енгізген. Негізгі
ұғымдары «өмір тәжірибесі» және «өмірлік тәжірибе». Өмір тәжірибесі дегеніміз тұрмыстың, адам іс-әрекетінің әртүрлі 
жақтарына байланысты ой жүргізуден туындаған, бірақ аса маңызды деп танылмаған мәліметтер. Ал өмірлік тәжірибе
дегеніміз өмірден жинаған мәліметтердің ұзақтан бері қарай есте сақталып келе жатқан түрі. Витагенді оқыту осы өмір
тәжірибелері мен өмірлік тәжірибе жинақтаған мәліметтерді актуалдау арқылы керекке жарату. Бұл әдісті қолдану арқылы
өмірлік тәжірибені білімге айналдырудың шарттары ұсынылған. Соның ішінде ғылыми білімді құндылық деп тану негізінде
студенттерді ұстазбен тең құқылы білім алу үрдісіне қатысушы тұлға ретінде қарастыру қажеттігі біздің зерттеу
тақырыбымызға сәйкес келетін тұсы. Шынайы білім алу үшін З.Фрейд зерттеген түпкі сананың да маңызы туралы дәлелдері 
де қызығушылық тудырады. 
Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуда білімгерлердің сезіміне әсер ету, қиялын ұштау, терең ойлауға бағыттауда жақсы
нәтижеге жеткізетін жолдың бірі – сабақта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет