қызығушылығын, қиялын дамыту. Сөздік қорын байыта отырып, байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелігі:
Құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Блингвалды компонент : құстар-птицы-birds ,тауық-курица- chicken
Әдіс –тәсілі :
Түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:
үй құстарының суреті,тордағы тотықұс,тауық, кубик пішініндегі құстардың суреті, құстар бейнеленген
буклет.
Шаттық шеңбері: Қуанамын мен күнде,
Бұлбұл құстың үніне,
Бейбіт елге мол шуақ,
Төгіп тұрған күніме.
Тәрбиеші: Құс ұясын бұзбайық өлеңін оқып береді.
Ей,балалар,балалар!
Аман болсын аналар!
Құстарда да ана бар,
Құстарда да бала бар,
Кім сүймейді баласын?!
Осылар еске түскенде,
Бір ойланып қаласың!
Балалар үй құстары туралы қандай тақпақ білесіңдер? (Балалар тақпақ айтады)
-Жарайсыңдар, балалар!
Тәрбиеші: енді біз бейне экран арқылы «Маймақ қаз» мультфильмін тамашалайық.
Тәрбиеші : сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын,кейіпкерлерін атайды.
Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерін іс-әрекетін сомдайды.
Суретпен жұмыс (тақтаға үй құстарының суреттері ілініп,үй құстары жайлы әңгімелету,балапандарын санатып,түстерін
сұрау).
Ғажайып сәт .Әдемі музыка ойнап,топқа тауық келеді.
Тауық: менің жұмыртқаларымды ұрлап кетті.Табуға көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: тауық біз саған көмектесеміз.
Олай болса тауыққа өз қолымызбен жұмыртқа жасап берейік.
Ол үшін бізге жұмыртқаның суреті,мақта,желім керек.(шығармашылық жұмыс)
Сергіту сәті .Би «Шөжелерім» Дидактикалық ойын «Балапандарын тап.»
Ойынның шарты :бейне экраннан тауық,қаз,үйрек,түйетауық және олардың балапандарының суреттері көрсетіледі.Оларды
сәйкестендіру.
Мақсаты :балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Балаларға сұрақ қою арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылап, мақтап мадақтау.
Балаларға көңіл – күй смайликтері таратылады. Сол смайликтерді тақтаға ілу арқылы бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінен алған әсерлерін білдіру.
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: