Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет77/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Ұйымдастыру 
ізденушілік
- Ал енді, балалар, тағы да ертегі 
тыңдағыларың келеді ме? Мен сендерді 
керемет ертегімен таныстырғалы тұрмын. 
Сендер ертегіні тыңдамас бұрын мен 
сендерге жұмбақ жасырамын.
Ұзын мұртты сарылар,
Наның содан алынар. (бидай)
Балалар жұмбақтың шешуін тауып 
береді.
- Жарайсыңдар, балалар! Әрине жұмбақтың 
жауабы бидай болады. Бүгінгі біздің іс-
әрекетімізде осы бидайдан жасалатын ас 
атасы – нан туралы өтеміз. Мен сендерге 
қазір «Нан қайдан шығады?» ертегісін оқып 
беремін. 
Осы кезде есік қағылып, ішке «Ғажайып 
сәт» ретінде Бидай кіріп, балалармен 
сәлемдеседі. Бидай:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерге 
қонаққа келдім, - деп өз қуанышын 
білдіреді.
Қуанамын мен де, 
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
53


Арайлап атқан күнге.
- Ал, балалар, сендермен бірге нанның 
қайдан шығатынын менің де білгім келеді 
және сендердің нан туралы не 
білетіндеріңді менің де естігім, көргім 
келеді.
Мұғалім Бидайды төрге отырғызады.
Әңгімелесу
Мұғалім Бидайды төрге отырғызады да, 
балаларға ертегіні айтып бермес бұрын
балалармен әңгіме қозғайды.
- Нан туралы не білесіңдер? Ал сендерге 
сол нанның қайдан шыққанын айтып 
берейін. Сендер мұқият зер салып 
тыңдаңдар.
Нан туралы білетіндерін ортаға салып 
айтады.
Кері байланыстылық, 
түзетушілік
Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Бидайға ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Бидай болып жайқалам.
- Енді осы ертегіні рөлдерге бөлініп, 
сахналап көрейік, - деп балаларды рөлге 
бөледі, ертегіні сюжетті рөлді ойын ретінде 
сахналайды.
Балалар тышқан, нан, күзетші, сатушы, 
наубайшы, диірменші болып ертегіні 
сахналайды.
Содан соң мұғалім балаларды мақтап, 
мадақтап отырғызып, нанға байланысты 
мақалды Бидайға айтып беруді сұрайды.
Балалар Бидайға өздері білетін 
мақалдарды айтып береді. 

Ас атасы – нан.

Нан бар жерде ән бар.
-
Жарайсыңдар, балалар. Сендер 
көп мақал біледі екенсіңдер. Енді мен 
сендерге егінге байланысты мақал-мәтелді 
айтып өтейін және нанға байланысты 
тыйым сөздерді де айтамын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет