Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» - 17 бет.
2. М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» - 48 бет.
3. Интернет көздерінен.
4. «Информатика негіздері» журналы №1-2012 жыл – А.Абаева «Жаңа ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану»
(5-6 бет).
5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: НАН ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Әбдиева Қалия
Сыныбы:
МАДС
Тақырыбы:
Нан қайдан шығады?
Мақсаты:
Балаларға «Нан қайдан шығады?» ертегісін оқып беріп, балалардың сөздңк қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау
қабілетін дамыту. Нан туралы түсініктерін тереңдету. Еңбекті бағалау, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Міндеті:
Балаларды нанның қадірін бағалап, білуге үйрету.
Әдісі:
Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету.
Түрі:
Дәстүрлі ұйымдастырған оқу іс-әрекеті.
Типі:
Жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілік:
Тақырыптық материалдар, интерактивті тақта.
Инклюзивтік әлеует:
Балалардың өз ойларын ашық айта білуге баулу.
Іс-әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Түйсік түрткісі
Мұғалім ең алдымен іс-әрекетті балалармен
бірге «Шаттық шеңберімен» бастайды.
«Шаттық шеңбері» табиғат анамен
амандасудан басталады.
Балалар мұғалімнің ұсынысы бойынша
«Шаттық шеңберіне» тұрып, табиғат
анамен амандасып алады.
Амансың ба, алтын күн?
Амансың ба, көк аспан?
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
- Жарайсыңдар, балалар. Міне бүгін біз
көркем әдебиет іс-әрекетін жақсы көңіл-
күймен бастадық. Енді мен сендерден
өтілген іс-әрекеттерден бұрын білетін
ертегілермен танысқанымызды еске түсіріп
жіберейік. Сендер сол ертегілерді атап,
мына суреттерден сол кейіпкерлерді тауып,
тақтаға іле қойыңдар.
Балалар өтілген іс-әрекеттегі танысқан
ертегі бойынша суреттерден өздеріне
таныс ертегіні таңдап алып, тақтаға
шеңбердің айналасына орналастырады.
Мысалы, «Мақта қыз бен мысық»,
«Шалқан», «Бауырсақ».
Достарыңызбен бөлісу: |