Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті



Дата11.05.2022
өлшемі13,7 Kb.
#142236
түріСабақ
Байланысты:
сын есим


Сын есімді қайталау

Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті


Қазақ тілі сабағы
Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталау.


Сабақтың мақсаты:
білімділігі: сын есімнің түрлерін, олардың жасалу жолдарын ары қарай пысықтау;
тәрбиелігі: балаларды достыққа, ұжымдық жұмысқа және мәдени сөйлеуге тәрбиелеу. Көркем, таза жазуға баулу;
дамытушылық: балалардың жеке белсенділігін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Меңгерген білімдерін ары қарай жетілдіру.

Сабақтың түрі: тренинг сабақ


Сабақты өту әдісі: проблемалық, сұрақ-жауап, жаттығу, логикалық тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар жазылған жабық хаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
- Саламатсыңдар ма, балалар?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бүгін сәуір айының нешінші жұлдызы?
- Қазір бізде қазақ тілі сабағы болады. Бүгінгі сабағымызды «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша тренинг түрінде өтеміз.
Сабақты бастамас бұрын «Ережені» есімізге түсіріп алайық.

ЕРЕЖЕ:
1. Тыныштықты сақтау.


2. Бірін-бірі тыңдау.
3. Өз ойын ашық айту.
4. Уақытты үнемдеу.
5. Қол соғу.
(Балалардың зейінін сабаққа аудару 3 рет алақан соғу)
ІІ. Таңертеңгілік жиын.
а) сәлемдеу
- Балалар, көңіл-күйлерің қалай?
- Жақсы демалдыңыздар ма?
(Балалар бір-бірімен сәлемдеседі)
ә) Ойын: «Кім тапқыр?»
(Балалар бір сәт көзін жұмады)

Мұғалім:


- Менің қолымда бет орамалға арналған бір зат бар. Сендер сол затты сипап-сезу арқылы сол заттың қандай зат екенін анықтайсыңдар. Мен сендерге «иә» немесе «жоқ» деп жауап беремін. Сендер сұрақты сол заттың қасиетін анықтау мақсатында қоясыңдар. Кім сол заттың атын тапса, сол оқушы «тапқыр» бола алады.
«Тапқыр» оқушы үшін бір рет «Отшашу» атайық.
Мұғалім:
- Балалар, біз бұл заттың өшіргіш екенін қалай білдік?
Жаңа сабақ.
Мұғалім:
- Ал енді балалар, жаңа өздерің айтқан әдемі, қатты, төртбұрышты деген сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?
- Осы сұрақтарға жауап беретін сөздер қай сөз табына жатады?
-Ендеше, бүгін біз «Сын есімді қайталау» тақырыбы бойынша тренинг сабақ өтеміз. Ал қазір барлығымыз орталықтарға бөлініп алайық, ол үшін 1, 2, 3, 4-ке санайық.
- Кім топ басшысы болғысы келеді?
- Кім уақыт өлшеуіші болғысы келеді?
Мұғалім:
- Балалар, бүгін біз сендермен «ғылым, «оқу», «жазу», «өнер» орталықтарында жұмыс жасаймыз. Қазір әр топтың басшысы келіп, үстел үстінде тұрған жабық хаттардың өздеріңе ұнағандарын алыңдар.

Бір рет алақан соғу.


Мұғалім:
- Орталықтармен жұмыс істеу 8 минут уақыт берілді. Уақыт өлшеушілер «құмсағатқа» қарап уақытты үнемдеңдер.
- Іске сәт, балалар!
І. «Ғылым» орталығы
1. Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі туралы не ойлайсың? Әңгіме жаз.
2. Сөз жұмбақ құрастыр. Сын есімге қатысты болсын.

3. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап берсе, ол қай сөз табы болады?


ІІ. «Оқу» орталығы
1. «Мен ақылды баламын» тақырыбына өлең құрастыр.
2. Қарсы мәндес сын есімдер ойлап, сол сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрастыр. Сын есімдердің астын сыз.
3. Неліктен оларды қарсы мәндес сын есімдер деп атаймыз?

Сергіту сәті үшін ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Жұлдызды сәт!» деп аталады.


ІІІ. «Жазу» орталығы
1. Тіл туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер құрастыр.
2. Дара сын есімдер ойлап, оларды күрделі сын есімдерге айналдыр. Дара және күрделі сын есімдерді қатыстырып, сөйлеп құрастыр.
3. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Күрделі сын есімдер қалай жазылады?

IV. «Өнер» орталығы


1. «Шуақты көктем» тақырыбына сурет салып, сол сурет бойынша әңгімелеп бер.
2. Негізгі сын есімдер ойлап, олардан туынды сын есім жаса. Сол сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрастыр.
3. Туынды сын есімдер қалай жасалады?

Алақан соғу.


V. Пысықтау
Ойын: «Менің досым қандай?»
Мақсаты: Балалар бір-бірлерінің жақсы қасиеттерін айту арқылы, балаларды достыққа тәрбиелеу

VI. Қорытынды


1. Бүгін сабақта не үйрендік?
2. Сабақ несімен ұнады?
VII. Бағалау, марпаттау
VIII. Үйге тапсырма
Сын есімдерді қатыстырып «Көктем» тақырыбына бес жолды өлең немесе сөзжұмбақтар құрастырып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет