Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы



Pdf көрінісі
бет19/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3 – ТАРАУ. ОҢТҤСТІК-БАТЫС АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ 
 
Тҥркия 
1.
Демократиялық партия басқаруы кезеңіндегі ішкі саяси 
жағдайдың шиеленісуі (1950-1960 ж.ж.) 
2.
Екінші республика: саяси либерализация кезеңі (1960-1980 ж.ж.) 
3.
Үшінші республика. Экономикалық либерализацияға бағыт. 
Н.Эрбокан үкіметі 
4.
ХХ ғасырдың соңындағы Түркиядағы қоғамдық-саяси жағдай 
 
 
Тҥрік Республикасы,
қысқаша атауы – Түркия (түр. Türkiye) – 
негізгі бӛлігі Азияның оңтүстік-батыс бӛлігінде, аз ғана бӛлігі 
оңтүстік Есропада орналасқан мемлекет. Осман империясының 
құлауы нәтижесінде 1923 жылы құрылды. Түркия шығысында 
Грузиямен, Армениямен, Әзербайжанмен және Иранмен, оңтүстігінде 
– Иракпен және Сириямен, батысында – Грекиямен, Болгариямен 
шектеседі. Түркияны тӛрт теңіз шайып жатыр: Қара, Жерорта теңізі, 
Эгей және Мрамор.


107 
Басқару формасы
– парламенттік республика 
Астанасы
– Анкара 
Ресми тілі
– түрік тілі
Президент
- Абдулла Гюль 
Премьер-министр
- Реджеп Тайип Эрдоган 
 
Территориясы – 
783,562 км² (дүние жүзінде 36-шы).
 
 
Халқы 
– 74 724 269 (2012 ж.), тығыздығы - 97 чел./км²
Ақша бірлігі
– түрік лирасы (TRY, код 949) 
Соғыстан кейінгі алғашқы он жылдық ел дамуының 
тұжырымдамасын 
қайта 
қараумен 
ерекшеленді. 
Халықтық 
Республикалық партия құрамында ыдырау байқалды. 1946 жылдың 
басында 
тағы 
бір 
буржуазиялық-помещиктік 
партия 
– 
Демократиялық партия (ДП) пайда болды. Бірақ ӛзінің бағдарламалық 
құрылымы бойынша жаңа партия ХРП-нан аз ғана ерекшеленді. ХРП 
билігі жылдарындағы түрік халқының шығындары мен құрбандары 
Түркияны «бай ел» жасаған жоқ. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда 
елді ереуілдер, аграрлық тәртіпсіздіктер, студенттік толқулар 
қамтыды.
Соғыстан кейін түрік буржуазиясының жағдайы оны кәсіпкерлік 
бастама және одан әрі баю мүмкіндігінен айырған кемалистік этатизм 
саясатымен қиындай түсті. Бұл жағдайдан шығудың жолын басында 
республика президенті қызметін иеленген И.Иненю (1938-1950) 
болған ХРП жетекшілігі кемалистік бағдарламаға кейбір түзетулер 
енгізу керек деп есептеді. Үкімет режимнің авторитарлығын 
жеңілдету, биліктің демократиялық негіздерін кеңейту бойынша 
бірқатар шаралар жүргізді. Бірпартиялықтан кӛппартиялық жүйеге 
ауысу туралы заң жобалары қабылданды. Кӛп ұзамай елде түрлі 
бағыттағы 30-ға жуық партия құрылды. Олардың ішіндегі неғұрлым 
ықпалдысы демократиялық партия болды. ДП-ның партиялық 
бағдарламасында «этатизм» ұғымы жеке бастама және жеке капитал 
қызметіне еркіндік беру секілді жаңа мазмұнмен толықты. Түрік 
қоғамының даму жолдарын қайта қарау Түркияның АҚШ-мен тез 
жақындасуына да әсер етті. Американдық кӛмек сұрағаннан кейін ел 
1948 жылдан бері ұсыныс білдірілген «Трумэн доктринасы» қызметі 
саласына және Түркия үшін ұзақ мерзімді несиелер және займдар 
алуға мүмкіндік ашқан «Маршалл жоспарына» қосылды. 
1950 жылы ӛткен парламент сайлауында ДП жеңіске жетеді. 
Елдің жаңа президенті оның кӛсемі Д. Баяр болды. ДП кейінгі он жыл 
бойы елдегі билеуші партияға айналды. Түркия осы уақыттың ішінде 
АҚШ және басқа да батыс елдерімен қатынастарын нығайтты. 1952 
жылы оны НАТО-ға қабылдайды. 1948 жылдан 1957 жылға дейін 


108 
Түркия АҚШ-нан 800 млн. долларға жуық қаржылай кӛмек алады. 
Бұл қаржының үлкен бӛлігі әскери құрылыстарға және аз ғана бӛлігі 
экономиканы дамытуға кетеді. Сол кезде мемлекет үлкен армияны 
сақтап тұрды – бюджеттің 60 пайыздан астамы әскери шығындарды 
жапты. 
Министрлер кабинеті экономикалық салада жеке бастаманы 
«қолдау» саясатын жүргізе бастады. Ӛнеркәсіпте жеке капиталистік 
сектордың үлес салмағы ӛсті, ол тіпті мемлекеттіктен де асып түсті. 
Шетел капиталын тарту саясаты жүзеге асырылды. Алайда елдің 
экономикалық жағдайын жақсартудағы жетістіктер ӛте қарапайым 
болды. 1951-1954 жылдары шетелдік монополиялар бірқатар 
жеңілдіктер алып, олармен салыстырғанда онсыз да әлсіз түрік 
ұлттық капиталын тұншықтырды. 1955 жылдың ӛзінде алдыңғы 
қарыздарын ӛтей алмай үкімет ӛзінің барлық алтын қорын кепілдікке 
қойды. 1956 жылы Түркия тіпті астықты да импорттауға мәжбүр 
болды. 
1950 жылы шілде айында Бейбітшілікті жақтаушылар қоғамы 
құрылды, олар түрік әскерлерінің (5 мың әскери қызметкерлер) 
Кореяда АҚШ жағында соғысуына қарсы күрес бастады. Билік Қоғам 
басшыларын аяусыз жазалады. Жұмысшылардың, шаруалардың, 
прогрессивті бағыттағы интеллигенцияның бой кӛтерулері де қатаң 
басылды. 
1953 жылы қазан айында «167-лер процесі» болды, ол бойынша 
түрлі ұлт ӛкілдерінен – түріктер, курдтар, лаздар, гректер және 
армяндардан – тұрған прогрессивтік қайраткерлер тобы коммунистік 
насихат үшін айыпталды және ұзақ мерзімге сотталды. 1954 жылдан 
бастап «коммунизмді тіміскілеумен» күрес сылтауымен Түркия 
үкіметі қарапайым конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді аяққа 
таптады.
1958 жылға белгіленген парламент сайлауы қарсаңында ДП 
басшылығы бұқараның қолдауына ие болуы үшін сайлаушыларды 
идеологиялық мобилизациялау құралы ретінде исламды пайдалануға 
шешім қабылдады. Исламның «саясатттандырылуы» іс жүзінде 
лаицистік принциптерден бас тартуды білдірді. Кемальдық мұрадан 
алшақтау түрік әскери және азаматтық бюрократиясының арасында 
терең алаңдаушылық туғызбауы мүмкін емес еді. Сайлауда ДП жарты 
дауыстан аз дауыс жинады, бірақ мажоритарлық жүйенің арқасында 
ол парламенттегі 2/3 орынды алды. Бұрынғы саяси бағытты 
жалғастыратын Мендерес үкіметі жасақталды. 
Елді толқулар қамтыды. Әсіресе Түркиядағы студенттер мен 
әскери училище курсанттарының демонстрациялары халықтық бой 


109 
кӛтерулер толқынының үлкен бӛлігін құрады. Олардың арасында 
антиамерикандық толқулар күшті болды. 1960 жылдың басында 
Мендерес үкіметі оппозицияны басу үшін бірқатар шаралар 
қабылдады. Мұндай жағдайда 1960 жылы 27 мамырда елде әскери 
тӛңкеріс болды. Әскерилер құрған Ұлттық бірлік комитеті (ҰБК) елді 
басқаруды ӛз қолына алды. 1924 жылғы конситуция күшін жойып, 
парламент таратылды, саяси партиялар қызметіне тиым салынды. 
Түрік Республикасының ӛмір сүруінің бірінші кезеңі осылайша 
аяқталды. 
ҰБК-ның тапсырмасы бойынша мемлекеттің алдыңғы қатарлы 
заңгерлерімен елдің жаңа конституциясының жобасы дайындалды, ол 
1961 жылы шілде айында референдумға шығарылды. Қолдауға ие 
болған Негізгі Заң ӛз күшіне енді. 
Конституцияға сәйкес Түркия «әлеуметтік-құқықтық мемлекет» 
ретінде анықталды. Жаңа конституция авторлары мемлекет ӛз 
міндеттерін тек жоспарлы эконмиканы дамыту арқылы жүзеге асыра 
алады деп есептеді. Аграрлық реформаның қажеттілігі айқындалды 
және жеке кәсіпкерлікті ұлттандыру мүмкіндігіне жол берілді.
1961 жылы құрылған мемлекеттік институттар мен партиялар 
қызметін бақылау жүйесі тәжірибеде ӛзінің тиімділігін аз кӛрсетті. 
Екінші Республиканың ӛмір сүруінің маңызды ерекшелігі 
кӛппартиялық жүйенің орнығуы деп есептеуге болады. Ескі 
партиялар сияқты 1961 жылдан кейін қайта құрылған жаңа партиялар 
(12 партия) барлық халықтың мүддесін білдіруші ретінде болған жоқ, 
бірақ тек ӛз электораты үшін ғана күресті. 
Түркия бұл кезеңде артта қалған ел болып қала отырып, 
экономиканың бірқатар салаларында ӛндірісті жандандыра бастады. 
Әсіресе, соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда ӛнеркәсіп 
орындарының саны тӛрт еседен астам ӛсті, ал ӛнеркәсіп кӛлемі – жеті 
еседен астам. Мемлекеттік және шетелдік капитал кӛмегімен жеке 
фабрика-зауыт ӛндірісі жылдам қарқынмен дамыды.
Екінші Республика саясаткерлері таңдаған жолдың тиімді және 
тиімсіз нәтижелері болды. Бір жағынан, экономикада алға 
басушылықтар байқалды, соның нәтижесінде Түркия индустриалды-
аграрлы елге айналды. Екінші жағынан – дамудың тұрақты қарқынын 
қатамасыз ете алмады, ал саясатта – этатизмді және либерализацияны 
және жеке бастаманы кеңейтуді жақтағандар арасындағы ӛткір 
қарама-қарсылықты жою мүмкін болмады.
Дағдарыстың одан әрі ӛршуін тоқтату үшін әскери басшылық 
басқаруды ӛз қолына алуға шешім қабылдады және 1980 жылы 
қыркүйек айында мемлекеттік тӛңкеріс жасады. Билік басында болған 


110 
Сүлеймен Демирел үкіметі қызметтен кетірілді, парламент 
таратылды, партиялар мен кәсіподақтар қызметі тоқтатылды, 
демонстрациялар мен ереуілдерге тиым салынды. Билік толығымен 
әскерилермен құрылған басында бас штаб генералы К.Эврен болған 
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің (ҰҚК) қолына кӛшті. 
«Оңшыл» және «солшыл» экстремизмнің жолын кесу, елдегі 
қоғамдық ӛмірді «сауықтыру» ұранымен казармадан шыққан армия 
билік басында үш жылдан астам уақыт болды. Әскерилер қызметінде 
маңызды орынды 1982 жылы күшіне енген жаңа конституцияны 
дайындау маңызды орын алды. Бұқаралық ақпарат құралдарының 
қызметі реттелді, кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық 
ұйымдардың қызметі шектелді.
1983 жылға белгіленген парламент сайлауына тіркелген 15
партиядан тек үшеуі ғана жіберілді. Сайлау барысында Отан 
партиясы (ОП) жеңіске жетті және Түркияның Ұлы Ұлттық 
жиналысында (ТҰҰЖ) кӛпшілік орынды алды, ал оның жетекшісі 
Тургут Озал премьер-министр болды. 80-жылдардың соңына дейін 
ОП елдегі жетекші партия болып қала берді, ал оның кӛсемі Тургут 
Озал бұл жылдары атқарушы билікті басқарды. 1990 жылы ол 
президент қызметіндегі К.Эвренді алмастырды және 1993 жылғы ӛз 
ӛліміне дейін бұл қызметте болды. 
«Түрік реформаларының атасы» Т.Озал тұжырымдамасының 
негізіне экономиканы либерализациялау қажеттілігі және қатаң 
мемлекеттік реттеуден бас тарту есебінен нарықтық қатынастарды 
нығайту туралы идея алынды. Соңғы нәтижесі ретінде Түркияның 
Еуропалық экономикалық қауымдастықтың толық құқылы мүшесіне 
айналуы қарастырылды. 
Озал бағдарламасының жүзеге асуы Түркияның қазіргі заман 
тарихында ҰІӚ-нің ӛсу қарқынының жоғарғы кӛрсеткіштерге 
жетуіне (8%-ға дейін), электроэнергия, болат ӛндірісін, автомобиль 
және тұрмыстық техника, киім және аяқ киім шығаруды күрт 
арттыруға мүмкіндік берді. Астық және техникалық дақылдар, ет 
және сүт ӛнімдері ӛндірісі халық ӛсімінен әлдеқайда жоғары болды, 
бұл ӛз кезегінде ауылшаруашылық ӛнімдерінің экспортын арттыруға 
мүмкіндік берді. 80-жылдардың соңына қарай түрік экспорты 1980 
жылмен салыстырғанда 4 есеге ӛсті және 10 миллиард долларды 
құрады. Ӛнеркәсіп ӛнімдерінің экспорты 35%-дан 80%-ға дейін ӛсті. 
Мемлекеттік сектор 90-ж.ж. басына қарай ӛзіне 30 ірі және 100-ге 
жуық ұсақ кәсіпорындарды біріктірді. Ол ұлттық ішкі ӛнімнің 40%-
ын ӛндіріп, 30% жалдамалы еңбек тұлғаларын жұмыспен қамтыды. 


111 
Түрік ӛнеркәсіп орындарының 75%-ы европалық осындай 
кәсіпорындармен бәсекелесе бастады. Дәл осы кезеңде Түркияның 
қазіргі заманғы индустриалды мемлекетке айналу процесі аяқталды. 
Алайда Түркияның жан басына шаққандағы ұлттық ішкі ӛнімі 
Европалық 
экономикалық 
қауымдастыққа 
мүше 
елдермен 
салыстырғанда, сондай-ақ ӛмір сапасы деңгейінде де, айырмашылық 
айтарлықтай жоғары болды. Мысалы, 90-жж. басына қарай Түркия 
жан басына шаққандағы ҰІӚ-і 1110 долларды құраса, ал Францияда – 
10720 доллар болды. Түркиядағы орташа ӛмір ұзақтығы 65 жас 
болды, ал Францияда – 77 жас. Түркиядағы бала ӛлімі мың адамға 
шаққанда 79 адамды, ал Францияда – 8 адамды құрады. Түркияда 
орта мектепке 42% жасӛспірім барса, Францияда – 96%. Түркиядағы 
ӛткір мәселе жұмыссыздық болды – 5 млн-ға жуық адам. Оның 2 млн-
ға жуығы жұмысты шет елден іздеуге мәжбүр болды. Осылайша, 
экономикалық либерализацияға бағытты жүзеге асыру негізінен түрік 
еңбекшілерінің шынайы тапсырысын шектеу есебінен жүзеге 
асырылды. Қоғамдағы ӛсіп келе жатқан шиеленіс ресми биліктің 
курдтық кӛтерілісшілермен қарулы қақтығысына байланысты 
тереңдей түсті.
1995 жылы желтоқсан айында кезектен тыс парламент 
сайлауларында исламизм позицияларынан тұрған Береке партиясы 
(БП) жеңіске жетеді, оның басында 69 жасар Неджметтин Эрбакан 
болды. Оған сайлаушылардың 21,3% дауыс берді. «Миллитет» 
газетінің мәлімдемесі бойынша Түркия 90-ж.ж. басында дүниежүзінде 
миллиардерлер саны бойынша 10-шы орынды иеленген. 
Ӛз басқаруының қысқа мерзімі ішінде Эрбакан тек Иран және 
Иракпен қатынастарын нығайтып ғана қойған жоқ, басқа мұсылман 
елдеріне іс-сапарларға барды, сонымен қатар европалық «үлкен 
жетілікке» ұқсас исламдық «үлкен сегіздік» құру бойынша ұзақ 
мерзімді жоспарды жүзеге асыруға кірісті. Түркия, Иран, Пакістан, 
Египет, Малайзия, Индонезия және Нигерия сыртқы істер 
министрлері деңгейіндегі Құрылтай конференциясы 1997 жылы 
қаңтарда Стамбулда ӛтті. 
Алайда елдегі экономикалық жағдай нашарлай бастады. 1995 
жылдан 1997 жылға дейін жалпы жылдық инфляция 80%-ға жетті. 
50%-ға ақша эмиссиясы ӛсті. Эрбакан уәде еткен салық салу, одан әрі 
жекешелендіру және жалпы алғанда экономиканы құрылымдық 
қайта құру саласындағы реформалар жүзеге асқан жоқ. Эрбаканның 
жиі ойластырылмай жасалған әрекеттері Анкараның батыс әлеміндегі 
беделінің жоғалуына, бұл ӛз кезегінде шетелдік инвестицияның 
қысқаруына алып келді. Исламдық «сегіздік» те үмітті ақтамады. Ел 


112 
президенті С.Демирелдің ӛтініші бойынша саясатқа кезекті рет 
әскерилер араласты. Олар ультимативті түрде Эрбаканнан жүргізіп 
отырған исламистік бағыттан бас тартуды және түрік мемлекетінің 
светтік бағытты қабылдауын талап етті. Ішкі саяси жағдай жанжалы 
Эрбакан үкіметінің отставкаға кетуімен аяқталды. 
1997 жылы маусым айында билік басына Отан партиясының 
кӛсемі Месут Йылмаз басқарған жаңа коалициялық үкімет келді. 
Министрлік портфельдердің бірқатарын светтік бағыттағы шағын 
партия ӛкілдері де алды. Вице-премьердің бірі болып белгілі 
саясаттанушы-ардагер Бюлент Эджевит тағайындалды. Бірінші 
кезекті міндет ретінде елде светтік білім беруді қалпына келтіруге 
шешім қабылданды. 
2000 жылы сәуір айындағы кезекті парламент сайлауында 
Бюлент Эджевиттің Солшыл Демократиялық партиясы (СДП) 
жетекші орынға шықты. Сайлаушылар дауысының нәтижесі бойынша 
екінші орынды қоғамда "сұр қасқырлар партиясы" атымен белгілі 
Ұлттық қозғалыс партиясы (ҰҚП) иеленді. Парламентте исламистер 
де орын алды. Жаңа премьер-министр Б.Эджевит болды. 
Қоғамдық пікір қысымымен президенттіктен ӛз ӛмірінің 40 
жылын саясатқа арнаған С.Демирел кетуге мәжбүр болды. 2000 жылы 
мамыр айында жаңа президент болып Ахмед Неджет Сезер сайланды. 
Парламенттің бірінші пленарлық отырысында қаралған күрделі 
мәселелердің бірі конституцияның 69-шы бабын алып тастау туралы 
мәселе болды. Алайда оның алып тасталуына әскерилер қарсылық 
білдірді. 
Түркияның капиталистік эволюциясы қоғамдағы біршама 
әлеуметтік ӛзгерістерге алып келді. Буржуазия – ӛнеркәсіп, тауар, 
қаржы, ауылдық – саны жағынан артты және экономикалық нығайды. 
Ірі буржуазия ерекше отрядты құрады. Оның айтарлықтай бӛлігі 
шетелдік, әсіресе американдық, капиталмен тығыз байланысты 
болды. Жеке кәсіпкерлік елдің неғұрлым ықпалды экономикалық 
күшіне айналды.
90 ж.ж. соңына қарай жан басына шаққандағы ҰІӚ 3 мың 
долларды құрады. ҰІӚ-гі ӛнеркәсіп ӛндірісінің үлесі 27%-ды, ал ауыл 
шаруашылық ӛнімдерінің ӛндірісі – 15,7%-ды құрады. Елде жыл 
сайын 2 млн.т. тас кӛмір және 50 млн.т. қоңыр кӛмір, 4 млн.т.-ға жуық 
мұнай, темір рудасы ӛндіріле бастады. Болат балқыту 12 млн.т.-ға, ал 
электроэнергиясын ӛндіру – 100 млрд. киловатт-сағатқа жетті. Ел 75 
мың жүк таситын және 250 мың жеңіл автомобильдер шығарды.
90 ж.ж. соңына қарай ел экспорты 25 млрд.долларға жетті, оның 
80%-ын ӛнеркәсіп ӛнімдері құрады. Елге 45 млрд.доллар суммаға 


113 
тауар экспортталады, негізінен кӛмірсутек шикізаты және газ, жоғары 
технологиялы ӛнімдер, қазіргі заманғы қарулар. Елге жыл сайын 9 
млн.-ға жуық туристер келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет