Иран
1.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иран
2.
Мұнай ӛндірісін ұлттандыру үшін күрес
3.
«Ақ революция». 1978-1979 ж.ж. исламдық революция
4.
ХХ ғасырдың соңындағы Иран.
Иран Ислам Республикасы
(парс.
یرىهمج
یملاس ا
—
Джомхури-йе Эсл
ɒ
ми-йе Ир
ɒ
н) қысқартылған - Иран (парс.
[
ʔ
i
ɾɒ
n]; 1935 ж. дейін сондай-ақ Персия) – Азияның оңтүстік-
батысындағы мемлекет. Батысында Иракпен, солтүстік-батысында –
Әзербайжанмен,
Армениямен,
Түркиямен,
солтүстігінде
–
Түрікменстанмен, шығысында – Ауғанстанмен және Пакістанмен
шектеседі. Солтүстігінен Иран Каспий теңізімен, оңтүстігінен – Үнді
мұхитының Парсы және Оман шығанақтарымен шайылып жатыр.
Ресми тілі
– парсы
Астанасы
– Тегеран
Ірі қалалары
– Тегеран, Мешхед, Кередж, Тебриз, Шираз,
Исфахан, Ахваз
Басқару формасы
– Исламдық республика
Мемлекеттік діні
– ислам (шииттік бағыты)
114
Территориясы
- 1 648 000 км² (дүние жүзінде 17-ші)
Халқы
- 77 891 220 адам (2011 ж.), тығыздығы - 42 адам/км²
Ақша бірлігі
– Ирандық риал (IRR, код 364)
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуынан кейін басталған
Таяу Шығыс елдеріндегі ұлт-азаттық және демократиялық
қозғалыстардың ӛрлеуі Иранды да қамтыды.
Неғұрлым қуаттысы және жүйелісі басқарудың ұлттық-
демократиялық формасын ұйымдастыру және осы территориялардың
автономиялығы үшін күрес жүргізген Ирандық Әзербайжан мен
Курдистандағы демократиялық қозғалыс болды. Ирандық Әзербай-
жанда кӛтерілісті Демократиялық партия басқарды, оған толығымен
Ирандық Әзербайжанның Халықтық Партиясы, курд аудандарында –
Курдистанның Демократиялық партиясы кірді. 1945 жылы қараша
айында Ирандық Әзербайжанда, ал желтоқсан айында – Курдистанда
бұл провинциялардың ирандық мемлекет шеңберіндегі автономиясы
жарияланды және автономиялық үкімет құрылды.
Ирандық Әзербайжанда автономиялық режимнің ӛмір сүрген
кезеңінде (1945 жылдың қарашасынан 1946 жылдың желтоқсанына
дейін) жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдары құрылды, аграрлық
реформа жүргізілді. Еңбек және әлеуметтік сақтандыру туралы заңдар
шығарылды, 8 сағаттық жұмыс күні орнатылды, әйелдердің тең
құқығы жарияланды, әзербайжан тілі мемлекеттік тіл статусын алды.
Ирандық Курдистанда да осындай қайта құрулар жүргізілді, алайда
олар кӛлемінің ауқымдылығымен ерекшеленген жоқ.
Ирандық Әзербайжан мен Курдистандағы оқиғалар Иранның
басқа да облыстарындағы саяси белсенділіктің артуына ықпал етті,
бұл биліктегілердің алаңдаушылығын туғызды. Әзербайжандық және
курдтық демократтардың әрекеттерін заңды деп мойындаудан бас
тарта отырып, 1946 жылы қаңтар айында Иран үкіметі тіпті «ирандық
мәселені» БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына қойды.
1946 жылы 26 қаңтарда Кавам эс-Салтан үкіметінің билікке
келуімен Тегеран ішкі және сыртқы мәселелерді шешу әдісін ӛзгертті.
Жаңа үкімет КСРО-мен қатынасын реттеуге уәде бере отырып, ӛзінің
негізгі мақсаты ретінде Кеңес Армиясы бӛлімдерін тез арада
эвакуациялауға қол жеткізуді қойды.
Кавамның алғашқы шаралары үкіметтің ӛз уәделерін орындау
ұмтылысы туралы мәлімдеді. Бірқатар прогрессивтік заңдар
қабылданды, оның ішінде, еңбек туралы, шаруаларға мемлекеттік
жерді тегін тарату туралы. 1946 жылы сәуірде КСРО-мен келіссӛздер
ӛтті, оның негізінде басты үш мәселе бойынша келісім аяқталды:
Ираннан бір ай жарым мерзімде Кеңес Армиясының бӛлімдерін
115
эвакуациялау туралы; аралас Иран-Кеңестік мұнай қоғамын құру
туралы және Ирандық Әзербайжан туралы мәселені бейбіт шешу
туралы. 1946 жылы маусымда Ирандық Әзербайжанға жергілікті
автономия берілді. Курдистан автономиясы мойындалды.
Алайда 1946 жылы жазда одақтастар әскерлерінің Ираннан
шығарылуынан кейін барлық ел бойынша демократиялық күштерге
ашық шабуылдау басталды, және Азербайжан және Курдистандағы
автономия тағдыры шешілді.
1946 жылы кӛктемде Фарс провинциясында ағылшын-
дықтардың «кӛмегінсіз» бірқатар тайпалардың баскӛтерулері
басталды, олар «Оңтүстік қозғалысына» бірікті. Оның жетекшілері
үкіметтен «Иранды бӛлу» әрекетін тоқтатуды, Ирандық Әзербайжан
мен Курдистандағы ӛзін-ӛзі басқару органдарын жоюды, сондай-ақ
министрлер кабинетінен Иранның Халықтық партия (ИХП)
мүшелерін жоюды талап етті. Орындамаған жағдайда олар «Фарс
халқының» автономиясына қол жеткізуге қауіптендірді.
Иран үкіметі Фарстағы оқиғаны «ұлттық қозғалыс» деп
жариялады; ИХП мүшелері үкіметтен шығарылды. Елде реакция
басталды. 1946 жылы 10 желтоқсанда Ирандық Әзербайжанға, ал
кейіннен
Ирандық
Курдистанға
демократиялық
қозғалысқа
қатысушыларды қатаң жазалауды бастаған әскерлер енгізілді.
Ирандық Әзербайжан және Курдистанның басқару органдары
қуылды, демократиялық басқыншылықтар жойылды, мыңдаған
адамдар қаза тапты, түрмелерге жабылды. Жазалау экспедицияларына
американдық кеңесшілер қатысты.
Ирандағы прогрессивтік күштерді басқаннан кейін Кавамның
американдық позициясы айқын бола түсті. 1947 жылы американдық
кеңесшілердің ирандық армиядағы, бас штабтағы және әскери
министрліктегі ӛкілеттіліктерін кеңейткен бірқатар келісімдерге қол
қойылды. АҚШ Иранға қару-жарақ және әскери материалдар сатып
алу үшін ірі кӛлемде несие берді. Жаңа мәжіліс американдықтардың
кеңесі бойынша үкіметке шетелдіктерге мұнай концессияларын
беруге тиым салған 1944 жылғы заңға сүйене отырып, Кеңес
Одағымен солтүстік мұнай туралы келісімді бекіткен жоқ. Бірмезгілде
Ағылшын-ирандық мұнай компаниясы (АИМК) қызметі туралы
мәселе кӛтерілді.
1947 жылы Иранның үлесі мұнай ӛндірудің жалпы құнының тек
9%-ын ғана құрады; Ұлыбритания үкіметі концессиялық тӛлем
ретінде Иранға қарағанда кіріс салығы түрінде компаниядан кӛп
табыс
алды.
Елдегі
экономикалық
жағдайдың
тӛмендеуі
жағдайындағы теңсіздік, экспорттың қысқаруы, иран риалының
құнсыздануы, бағаның ӛсуі және халықтың негізгі тобының ӛмір сүру
116
деңгейінің тӛмендеуі иран үкіметін 1948 жылы қыркүйек айында
АИМК-на қарсылық білдіруге итермеледі. Одан басқа, 1946-1949 ж.ж.
елдің экономикалық даму жоспары бірқатар американдық
фирмалардың қатысуымен қаржыландыру кӛздерін талап етті.
Ирандағы американдық ықпалдың ӛсуіне алаңдаушылық
тудырған АИМК жетекшілері Кавамды биліктен аластатты. Кавам
отставкасынан кейінгі кабинеттің жиі алмасуы ықпал үшін ағылшын-
американдық күрестің салдары болды. Жалпы жағдайдың нашарлауы
салдарынан халық наразылығының күшеюі террористік актілерден,
оның ішінде 1949 жылы ақпан айында шахқа қастандық жасалудан
кӛрініс тапты. Осы оқиғадан кейін елде тӛтенше жағдай енгізілді,
және Иранда қайтадан реакция күшейді.
Алайда иран мұнайын ұлттандыру үшін күрес жалғасты.
Ұллтандыруға кӛпшілік иран кәсіпкерлері мүдделі болды, оларды
интеллигенция, «базар адамдары» - саудагерлер және қолӛнершілер,
шииттік беделді дін ӛкілдері қолдады. Бұл күштер блогы 1949 жылы
күзде мәжіліске сайлау бойынша кезекті кампания барысында
құрылған саяси ұйым Ұлттық Майдан (ҰМ) түрінде рәсімделді. ҰМ-
ды доктор, Иранның тәуелсіз сыртқы саясатын жүргізуді жақтаған
беделді саясаткер Млхаммед Мосаддык (1879-1967) басқарды.
1949-1953 ж.ж. ҰМ ядросын «Иран» партиясы құрады, бірақ
оған сонымен қатар түрлі кӛзқарастағы бірқатар қоғамдық және саяси
қайраткерлер, оның ішінде «базар адамдары» ішіндегі ӛте танымал
тұлға, «Моджахедине ислам» ұйымдастырушысы А.Кашани,
Демократиялық партияның кейбір кӛрнекті қайраткерлері болды.
1950 жылы маусым айында мұнай мәселесі бойынша құрылған
арнайы парламенттік комиссия барлық Иран территориясы бойынша
мұнай ӛндірісін ұлттандыру қажеттілігі туралы қорытындыға келді.
15 наурызда мәжіліс, ал 20 наурызда сенат мұнай ӛндірісін
ұлттандыруға дауыс берді. Сәуір айында парламент мұнай ӛндірісін
ұлттандыру тәртібі туралы заңды қабылдады және оның жүзеге
асырылуын 1951 жылы 29 сәуірде құрылған Мосаддык үкіметіне
тапсырды.
АИМК үшін ұлттандыруға қолайлы жағдайға қарамастан,
Англия үкіметі және мұнай ӛндірудің барлық нарығы дерлік
бақылауында болған Халықаралық мұнай консорциумы (ХМК)
Иранның ұлттандыру жоспарын жүзеге асырудан бас тартуына қол
жеткізе отырып, иран экономикасын ӛткір дағдарыс жағдайына алып
келген Иранға қысым кӛрсетудің барлық мүмкін боларлық әдістерін
қолданды. Ӛнімі толығымен экспортқа кеткен дүниежүзіндегі ең ірі
Абадан мұнай айдау зауыты жұмыс жасауын тоқтатты.
117
Мосаддык үкіметі Англиямен дипломатиялық қатынастарын
үзуге дейін барған жауапты шаралар қолдануға мәжбүр болды.
ҰМ мен шах сарайы арасындағы шиеленіскен қарама-қайшылық
1952 жылы шілде айында Мосаддыкты премьер-министр қызметінен
ығыстыру әрекетіне алып келді. Бұл, алайда, Тегерандағы жалпы
халықтық кӛтеріліске ұласқан қарсылық толқынын туғызды. 1952
жылы 22 шілдеде шах Мосаддыкты премьер-министр қызметіне
қайтаруға және оны бірмезгілде әскери министр етіп тағайындауға
мәжбүр болды.
АҚШ, ӛз кезегінде, ирандық үлгінің дүниежүзінің басқа мұнай
ӛндіруші аудандарына таралуынан қорықты және Мосаддыкты
қолдауға барған жоқ. Одан басқа, американдық компанияларға
ағылшын-иран шиеленісінің ұзақ уақыт бойы реттелмеуі ӛте тиімді
болды.
Шілде оқиғаларынан кейін ҰМ құрамында ыдыраушылық
байқалды. Мосаддыктың бұрынғы жақтастарының айтарлықтай
бӛлігі, ең алдымен оңшыл ұлтшылдар және исламистер, оның
қарсыластарының лагеріне ӛтті. Оған қоса ИХП жетекшілері ҰМ
кӛсемінен батыс державаларымен кез-келген байланыстан бас тартуға
қол жеткізе отырып, оны «американдық империалистермен» ауыз
жаласуға айыптады. Ӛз тарапынан, Ирандағы ұлт-азаттық
қозғалыстардың ӛрлеуінің жалғасуына алаңдаушылық білдірген
АҚШ-ы да, ӛз позициясын қайта қарады, Иранға қатысты Англиямен
келіскен бағытты ӛткізуді жақтады.
1953 жылы 19 тамызда ішкі және сыртқы реакцияның біріккен
күштерімен
дайындалған
мемлекеттік
тӛңкеріс
нәтижесінде
Мосаддык үкіметі құлатылды. Елде әскери-полицейлік режим
орнатылды,
репрессия
тек
антиимпериалистік
қозғалысқа
қатысушыларға ғана қолданылып қойған жоқ, сонымен бірге барлық
оппозициялық топтар мен бірлестіктерге қарсы жүргізілді. Барлық
саяси партиялар қызметіне тиым салынды.
Тӛңкеріс американдық мұнай компанияларына неғұрлым мол
табыс әкелді. 1954 жылы қыркүйек айында Иранның ХМК қол қойған
келісімі бойынша акциялар тӛмендегідей пропорцияда бӛлінді:
американдық компаниялар ХМК-ның 40% акцияларын алды, АИМК -
40%, ағылшын-голландтық компания - 14%, француздық - 6%.
Консорциум меншігі 1 млрд.долларды құрады. Келісімнің қаржылық
жағының шырмалаңы кӛп болды, және іс жүзінде 50% табыстың
орнына Иранның үлесі шамамен 30%-ды құрады. Ирандағы ӛнеркәсіп
операцияларын бақылау консорциум қолында болды.
Генерал Захедидің жаңа үкіметі әскери, экономикалық және
мәдени салада Батыс елдерімен және ең алдымен АҚШ-мен тығыз
118
ынтымақтастыққа бағыт ұстанды. Мұндай бағытты шах «позитивті
ұлтшылдық» деп атады. АҚШ-ның техникалық, әскери және
экономикалық кӛмегі жанданды. 1955 жылы қазан айында Иран
Багдат пактісіне қосылды. 1957 жылы наурызда «Эйзенхауэр
доктринасы» қабылданды, ал 1959 жылы американ-иран әскери
келісімі жасалды.
50 ж.ж. ортасындағы Иранның саяси ӛміріндегі маңызды
құбылыс шах Мохаммед Реза Пехлевидің жеке билігінің айтарлықтай
ӛсуі болды. Экономикалық салада шах және оның үкіметі «ашық
есік» саясатын ӛткізуді бастады. Мұнайдан түскен табыстың артуына
арқа сүйей отырып, 1956 жылы жаңа жетіжылдық жоспар жасалды,
оның мақсаты экономиканы дамытуға ынталандыру және
инфрақұрылымды жетілдіру. Алайда бұл жоспарлар иран қоғамының
артта қалу жағдайында жүзеге асырылған жоқ.
Иран ӛнеркәсібі әлсіз дамыған және ауыл шаруашылығында
феодализм қалдықтары сақталған артта қалған аграрлы ел болып қала
берді. Жер кӛлемінің 90%-дан астамы халықтың шамамаен 1%-ын
құраған тайпа кӛсемдеріне, жоғары дін ӛкілдеріне, шахқа тиесілі
болды. Жұмысшы табы кӛп болған жоқ. 18,3 ел халқының 3 млн-ға
жуығы қалаларда тұрды, ал қала халқының 20%-ын қолӛнершілер
құрады.
50 ж. соңы – 60 ж. басында Иран күрделі дағдарысты басынан
кешті.
Валюта-қаржы
мәселесінің
күрт
шиеленісуі
ауыл
шаруашылығындағы, ӛнеркәсіптегі және саудадағы дағдарыспен
тығыз байланысты. Иран халқының басым бӛлігінің – шауруалардың
кедейшілігі, жұмыссыздық, ұсақ және орта буржуазияның,
қолӛнершілердің, ұсақ саудагерлердің ауыр жағдайы, ұлттық
буржуазия ӛкілдерінің жиі банкроттыққа ұшырауы – осының барлығы
әлеуметтік шиеленістің күшеюіне алып келді. Дағдарыс соынмен
қатар сыртқы саясаттағы батыстық, ең алдымен американдық
бағыттың нәтижесі болды.
Бұл кезде Иранда шаруалардың помещиктерге қарсы бірқатар
ашық бас кӛтерулері ӛтті, ал митингке шыққан астана тұрғындары тек
экономикалық ғана емес, сонымен бірге саяси талаптарды да қойды
(еркін сайлау, Иранның СЕНТО-дан шығуы, КСРО және т.б.
қатынасын жақсарту). Ресми партиялар, шах бастамасымен құрылған
Меллиюн және Мардом, халықтан қолдау тапқан жоқ.
1960-1961 ж.ж. шахқа парламент сайлауының нәтижелерін
ӛрескел бұзғаны үшін екі рет күшін жоюға тура келді. Әлеуметтік
жарылыстың алдын алуға қабілетті ӛзгерістер қажеттілігі айқын
болды, және шах сайлауды күтпестен реформаларды жүзеге асыруға
кірісті.
119
1963 жылғы референдумнан шахпен және оның айналасын-
дағылармен ӛткізілген және селолардағы жартылай феодалдық
қатынастарды жоюға, Иран модернизациялануын және оның қазіргі
капиталистік әлемге интеграциялануын қарастырған әлеуметтік-
экономикалық және саяси реформалар «ақ революция» немесе «шах
және халық революциясы» ресми атауын алды.
19 реформадан үш кезеңде жүргізілген аграрлық реформа
маңыздысы болды. Заң жер техника және жалдамалы еңбек кӛмегімен
ӛңделу талабымен жер меншігін 500 га кӛлемінде шектеді. Иран үшін
жер реформасы алға басушылық болды. Жалпы алғанда ол жартылай
феодалдық жер иелену және жер пайдаланудың жойылуына, кӛптеген
шаруалардың жер иелеріне айналуына алып келді. Ресми мәліметтер
бойынша, 1971 жылдың соңына қарай шамамен 2,5 млн.шаруа
шаруашылықтары жер участоктарының қожайындарына айналды.
Аграрлық реформадан басқа бірқатар басқа да қайта құрулар
жүзеге асырылды: ормандар мен шабындықтардың ұлттандырылуы,
мемлекеттік
кәсіпорындардың
жеке
тұлғаларға
сатылуы,
жұмысшылардың ӛнеркәсіп орындарының табысына қатысуы,
сауатсыздықпен күрес үшін «ағарту корпусын» құру, әйел адамдарға
сайлау құқығын беру. Кейіннен ауыл халқына медициналық кӛмек
кӛрсету үшін «денсаулық сақтау корпусы»; ауылшаруашылығын
жүргізудің қазіргі әдістерін енгізу үшін «даму корпусы» құрылды;
ауылдық жерлердегі қоғамдық соттар – «әділет үйлері»
ұйымдастырылды; су ресурстарын ұлттандыру жүргізілді және т.б.
Иранды ғасырдың соңына қарай «дүние жүзінің бесінші
индустриалды державасына» айналдыруға тырыса отырып, шах
ӛнеркәсіптің дамуына ерекше мән берді. Бұл мақсатқа экономикалық
дағдарыс салдарынан 70 ж.ж. бірнеше есе ӛскен мұнайға тұрақты
сұраныс әсер етті. 1972 жылға қарай иран қазынасына мұнайдан түсім
1950 жылмен салыстырғанда 40-45 есе артты. 1972 жылдан 1977
жылға дейінгі аралықта ел 90 млрд.доллар алды.
60 ж.ж. соңына қарай Иранда тек жеңіл ӛнеркәсіпте ғана емес,
сонымен бірге ел үшін жаңа машина құрастыру, автомобиль,
алюминий, мұнай-химия сияқты салаларда қазіргі заманғы ірі
кәсіпорындар болды, металлургия ӛндірісін құру аяқталды. Иран
аграрлы елден аграрлы-индустриалды елге айнала бастады. Үшінші
үшжылдық жоспарды жүзеге асыру жылдары 300-ге жуық жаңа
электростанциялары іске қосылды. ҰІӚ жыл сайын 10%-ға артты
және 1970 жылы 15 млрд.долларды құрады, 1960 жылмен
салыстырғанда 4 есе кӛп.
120
Реформалардың
елдің
әлеуметтік-экономикалық
артта
қалушылықты жоюға кӛмектескендігіне сӛз жоқ. Алайда оның
бірқатар кері әсері болды. 70 ж.ж. Иран экономиканың даму қарқыны
бойынша Азияда Жапониядан кейін екінші орынды иеленгенімен,
оның дамуы шектеулі және біртекті болған жоқ. Бір салалар жедел
дамыса, екінші біреулерінде тұралау байқалды.
Елдің саяси ӛмірінде шахтың жеке билігінің одан әрі күшею
тенденциясы кӛрінді, бұл, бір жағынан, буржуазиялық ұлтшылдар
ортасындағы оппозициялық кӛңіл-күйдің әлсіздігімен, ал екінші
жағынан – шахтың ӛзінің және оның айналасындағылардың мақсатты
бағытталған күш салуымен түсіндірілді. 1975 жылы, кӛппартиялық
жүйені бірпартиялықпен алмастыра отырып, иран қоғамын Пехлеви
династиясы тӛңірегіне шоғырландыру мақсатын қойған Растахиз
(Ӛрлеу) партиясын құрды.
Бірақ шах реформалармен қысым кӛрген шииттік дін басылар
мүмкіндігін бағаламады. Дін ӛкілдерінің реформаларға қарсы күресін
60 ж.ж. басында-ақ аятолла (жоғары діни атақты иеленуші) Хомейни
(1900-1989) басқарды. Ол жер реформасы және басқа да заңдар Құран
аяттарына және мұсылмандық нормаларға қарама-қайшы келетіндігін
айтты. Әсіресе әйелдердің ерлермен құқығының теңестірілуіне
ерекше қарсылық білдірді. Мұндай идеяларды басқа да шииттік
кӛсемдер – Бехбехани, Шариат-Мадари, Талегани таратты. Үгіт-
насихаттармен шектеліп ғана қоймай, дін ӛкілдері үкіметке қарсы
қарсылықтар ұйымдастырды. Кӛптеген кӛсемдері, оның ішінде
Хомейни де, елден қуылды. Бірақ эмиграцияда да Хомейни ӛзінің
елдегі шахқа қарсы ӛкілдері арқылы «сатқын» шах режиміне қарсы
күресін жалғастырды. Магнитафон үн таспасына жазылған үгіт-
насихаттары барлық Иран бойынша таратылды.
Дін ӛкілдерінің қарапайым және түсінікті ұрандары – шах
режимін жою, кедейлер мен байлар арасындағы кедергіні жеңу, елден
шетелдік, әсіресе американдық капиталды қуу, ирандықтарға жат
батыстық ықпалды тоқтату – халықтың кең тобын тартты.
Шиеленіскен әлеуметтік қарама-қайшылықтарды жұмсартуға
тырысқан шах 1975 жылы реформалардың жаңа сериясын бастады.
Егер 60 ж.ж. реформалар тыныштандырушы роль атқарса, соңғылары
керісінше жағдайды шиеленістірді. Елде революциялық жағдай
қалыптасады.
Революцияның басталуы 1978 жылғы қаңтар айындағы Кумдағы
үкіметке қарсы демонстрацияны атқылау болды. Шахтың 1978
жылдың соңындағы жағдайды жақсарту үшін ҰМ кӛсемдерінің
қатарынан басында Ш.Бахтияр болған либералдық саясаткерлермен
121
әскери үкімет кабинетімен алмастыру жолы нәтиже бермеді. ҰМ
Бахтиярды ӛз қатарынан шығарды. Хомейни Бахтияр кабинетінің
құрылуын бүлік ретінде бағалады және халықты бағынбаушылыққа
шақырды. Американдықтардың шахты құтқаруға тырысқан әрекеті
елдегі антиамерикандық кӛңіл-күйді одан әрі күшейтті.
1979 жылы 16 қаңтарда, Бахтиярдың ұсынысы бойынша, шах ӛз
жұбайымен Иранды тастап кеткеннен кейін елде біраз уақыт қос
билік сақталды. Армияның қолдауына үміттенген Бахтияр ӛз еркімен
отставкаға кетуден бас тартты және шах диктатурасының дін ӛкілдері
диктатурасымен
алмастырылатындығына
жол
бермейтіндігін
мәлімдеді. 1 ақпанда кӛп жылдық эмиграциядан оралған Хомейни
барлық ел бойынша құрылған «Исламдық революциялық комитетке»
сүйене отырып, Уақытша үкіметтің басшысы ретінде ҰМ тағы бір
кӛрнекті қайраткері – М.Базарганның тағайындалуы туралы
жариялады.
Қос биліктің аяқталуы 1979 жылы 9-10 ақпанда басталған
Тегерандағы қарулы кӛтеріліске бастама болды. Оған шах гвардиясы
отрядтарының
астанаға
жақын
жерде
авиациялық
база
қызметкерлеріне шабуылы түрткі болды. Тегераннан кейін қарулы
кӛтерілістер кӛптеген провинциялық орталықтарды қамтыды. 11
ақпан күні Жоғары әскери кеңес ӛзінің бейтараптылығы туралы
мәлімдеді және әскерлеріне казармаға қайта оралуға бұйрық берді.
Сол кезде Бахтияр елді тастап кетті. Шах қарсыластарының соңғы
қарсыласу ошақтары 1 ақпан күні таңертең басылды. Осылайша,
«исламдық революция» реформалардың күйреуімен байланысты
болды. Елде жемқорлық, қылмыс, жезӛкшелік, наркомания артты.
«Исламдық революцияны» тӛмендегідей сипаттауға болады:
қозғаушы күші және күрес әдістері сипаты бойынша халықтық
ретінде; негізгі бағыты бойынша антимонархиялық, антиим-
периалистік және ӛткір антиамерикандық ретінде; әлеуметтік мәні
бойынша буржуазиялық ретінде; дін ӛкілдерінің жетекші ролі және
ұйымдастырушылық-идеологиялық
негізі
бойынша
исламдық
ретінде.
1979 жылы 1 сәуірде Иран Ислам Республикасы (ИИР) болып
жарияланды.
Негізгі сыртқы саяси принципін «Батыс та емес, Шығыс та емес,
Ислам» деп жариялай отырып, Иран ӛзінің СЕНТО-дан шығатындығы
туралы мәлімдеді. АҚШ-мен және басқа да батыс державаларымен
бірқатар әскери және азаматтық байланыстар үзілді, американдық
әскери базалар жойылды, ХМК-мен келісім күшін жойды, кӛптеген
шетелдік, ең алдымен американдық, банктер және компаниялар
122
жабылды. Антиамерикандық компанияның шырқау шегі 1979 жылы
қараша айында АҚШ елшілігін басып алу және оның барлық
қызметкерлерін «тұтқындар» деп жариялау болды.
1979 жылы желтоқсан айында референдум нәтижесінде ИИР
конституциясы бекітілді. Конституцияда елде исламдық басқару
үлгісі – велаят-е факих енгізілетіндігі бекітілді. Әлемдегі абсолюттік
билік Аллахқа тиесілі. Мемлекеттің басында рахбар (жетекші)
тұрады, кең ӛкілеттіліктерге ие. Парламентті бақылау үшін
Бақылаушы кеңес құрылды. Одан басқа, Хомейни соғыс жариялау,
келісім жасау, мобилизация ӛткізу құқығын алды; ол қарулы
күштердің жоғары басқолбасшысы болды. Республикада теокра-
тиялықпен қатар биліктің республикалық органдары (президент,
үкімет, мәжіліс) құрылды. Хомейни қолдауының арқасында
Исламдық республикалық партия (ИРП) іс жүзінде елдегі билеуші
партияға айналды.
ИИР үшін неғұрлым қиын кезең Иракпен болған сегіз жылдық
соғыс кезеңі болды. Бұл соғыс БҰҰ мамандарының бағалауы
бойынша Тегеранға 102-103 млрд.доллар шығын әкелген.
1988 жылы тамызда соғыстың аяқталу кезеңіне қарай билеуші
топ ӛкілдері екі ағымға бӛлінеді: «прагматиктер» және «ортодокстар».
Ортодокстық ағым ӛкілдері мемлекет бақылауында болған қатаң
орталықтандырылған экономиканы, ірі жеке капиталдың шектелуін,
экономиканың сыртқы, әсіресе батыс әлемінен (таухидтік экономика)
оқшаулануын және автократиялануын, ӛмірдің барлық саласын
исламдандырылуын талап етті.
Президент Рафсанджан жетекшілігіндегі «прагматиктер» елді
қалпына келтіру шетелдік капиталдың тартылуынсыз мүмкін емес
екендігін айтып, қиратылған жабдықтардың орнын шетелдік құрал-
жабдықтармен толтыру және шетелдік мамандардың шақырылуын
мақсат етті. Олар мемлекеттік сектордың айтарлықтай бӛлігін кеңінен
жекешелендіруді, жеке капиталдың дамуы үшін қолайлы жағдай
қалыптастыруды, сыртқы әлеммен, оның ішінде батыспен байланыс-
тарын кеңейтуді, дүние жүзінде елдің тиімді имиджін қалыптастыру
мақсатымен исламдық «қаталдықты» жоюды ұсынды. Сонымен қатар
«прагматиктер» бұрынғы саяси-экономикалық жүйенің ӛзгерген түрі
қоғамды тығырыққа алып келетінін мойындайды.
1989 жылы Хомейни үкімет әрекетінің дербестігін кеңейту үшін
Бақылаушы Кеңес және министрлер кабинеті арасындағы ӛзара
қарым-қатынасын қайта қарауға келіседі. Конституцияға жаңа
енгізілген ӛзгертулер бойынша премьер-министр қызметі жойылады,
үкімет статусы және президент рӛлі жоғарылатылады. Сонымен қатар
123
экономикалық саясат қайта қаралды. Мемлекеттік компаниялардың
бір бӛлігінің жекешелендірілуі, еркін экономикалық аймақтың
ұйымдастырылуы,
шетелдік
капиталдың
тартылуы,
валюта
саясатының либерализациялануы және бірыңғай валюта курсына
кӛшу – Иранның дамудың нарықтық моделіне кӛшуге ұмтылысының
кӛрінісі болды. Оның жақтастарымен исламдық деген атау алған
экономика жақсы нәтижелер берді. Егер 1990 жылы қабылданған
дамудың бірінші бес жылдық жоспары кезінде ұлттық ішкі ӛнім
жылына 6,5% ӛсімді қамтамасыз етсе, екінші бес жылдық 10%-дан
астам берді. Мемлекеттік бюджет тапшылығы 50%-дан 0,5%-ға дейін
қысқарды. Кедейшілік деңгейі халықтың жалпы санынан 47%-дан
17%-ға дейін қысқарды. 1989 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықта
Иранда болат ӛндірісі 1,5-тен 6,0 млн.тоннаға ӛседі, мыс - 350%-ға,
алюминий – екі есе артты. Машина жасау және әскери техника
ӛндірісі жоғары қарқынмен дамиды.
Иранның сыртқы әлеммен қатынасында да ӛзгерістер жүреді.
1997 жылы сайланған президент М.Хатами «ислам революциясы
экспортының» орнына «ӛркениет диалогының» қажеттілігі туралы
жаңа формуланы ұсынады.
2012 жылы Иран БҰҰ кейін аумағы бойынша екінші
халықаралық құрылымның тамыз айында 3 жылға тӛраға-елі болып
отырып, қосылмаушылық Қозғалысының кӛсеміне айналады. Иран
ҰІӚ кӛлемі бойынша Азияда тек Қытай, Жапония, Үндістан, Түркия,
Индонезия және Оңтүстік Кореяға ғана орын беріп, Орта Шығыстың
ірі экономикасы болып табылады.
Иран – мұнай ӛнеркәсібі дамыған индустриалды ел. Мұнай
ӛңдеуші, мұнай-химия кәсіпорындары бар. Мұнай, кӛмір, газ, мыс,
темір, марганец және қалайы-цинк кендерін ӛндіру. Машина
құрастыру және металл ӛндіру, сондай-ақ азық-түлік және тоқыма
ӛнеркәсібі кеңінен таралған. Маңызды ауылшаруашылық дақылдары:
бидай, күріш, қант қызылшасы, қант құрағы, шай, темекі, жаңғақ.
Мал шаруашылығы қой, ешкі, түйе, ірі қара мал ӛсіруге негізделген.
Бюджет табысының 45%-ы мұнай және газ экспортынан, 31%-ы
салықтар мен түсімдерден түседі. 2007 жылы ҰІӚ 852 млрд.
долларды құрады. Инфляция 15,8% құрайды.
Экспорттың негізі: мұнай және ӛңделген мұнай ӛнімдері, металл
рудалары, жеміс-жидектер және жаңғақ, кілемдер. 2008 жылы негізгі
сатып алушылар – Қытай 15,3%, Жапония 14,3%, Үндістан 10,4%,
Оңтүстік Корея 6,4%, Түркия 6,4%, Италия 4,5%.
124
Достарыңызбен бөлісу: |