Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы



Pdf көрінісі
бет31/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


181 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бахрейн 
 
1.
1940 ж. екінші жартысы – 1960 ж.ж. Бахрейн.
2.
1970-1980 ж.ж. Бахрейн.
3.
1990 ж.ж. Бахрейн. Саяси және әлеуметтік-экономикалық 
дамуы. 
Бахрейн
, ресми Бахрейн Корольдігі (араб. 
ةك ل مم

Мамляка аль-Бахрейн) – Оңтүстік-Азияның Парсы шығанағындағы 
ӛзі аттас архипелагтағы аралдық мемлекет, ең кішкентай араб 
мемлекеті. Бахрейн – абсолюттік монархия. Мемлекет басында 
король тұрады (2002 ж. дейін – әмір). Үкіметті премьер-министр 
басқарады. Кабинет 23 министрден тұрады.
Ресми тілі
– араб тілі
Астанасы
– Манама
Басқару формасы
– абсолюттік монархия
Мемлекеттік діні
– ислам
Территориясы
- 750 км² (дүние жүзінде 184-ші) 
Халқы
- 1 234 571 адам (2011 ж.), тығыздығы - 1189,5 адам/км² 
Ақша бірлігі
– Бахрейндік динар (BHD, код 48) 


182 
Бахрейн картасы 
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін 1942 жылы таққа 
отырған шейх Салман бен Хамад аль-Халиф соғыс жылдары 
шиеленіскен ішкі саяси қайшылықтарды әлсіретуге мүмкіндік алады. 
Үкіметтің Бахрейнді «үлгілі араб мемлекеті» етуге тырысушылығы 
туралы жарияланады. Батыс, ең алдымен ағылшын капиталына 
тиесілі «Бахрейн Петролеум Компани» (БАПКО) сонымен қатар 
«ағылшын сараптамасы» деп аталған бұл саясатқа қолдау кӛрсетеді. 
Тіпті ӛндірілген мұнайға 1 тоннаға 1,05-тен 2,1 долларға дейін 
арттыруға келіседі. Концессияның табыстылығын айтарлықтай 
арттырған жергілікті мұнай ӛндірісіне капитал салымын арттыру 
арқылы ол бірнеше ірі объектілер, оның ішінде мұнай қоймаларын, 
Ситра мұнай портын, 55 километрлік Бахрейн-Дахран мұнай 
құбырын, мұнайшылардың Авили қалашығын салуға кіріседі. 
Астанада клубтары, дүкендері, ресторандары және кинотеатрлары бар 
«европалық» кварталдар пайда болады. Пошталық және телеграф 
байланысы кеңейтіледі, газет-журналдар шығару арттырылады.
Жалпы алғанда «вестернизация» саясаты жергілікті дәстүрлі 
әлеуметтік топтың қажеттілігін қанағаттандыра алмады. 1950-1960 
ж.ж. Бахрейнді елге тәуелсіздігінің берілуін, шейх Салманның тақтан 
кетуін, БАПКО-ны ұлттандыруды, британдық әскери базалардың 
жойылуын талап еткен ереуілдер мен басқа да бас кӛтерулер кең 
түрде қамтиды. 1955 жылы бұл талаптарды жақтаушылар жартылай 
заңды Бахрейнді ұлттық азат ету майданына (ФНОБ) бірігеді. 
Бахрейндіктерді, әсіресе Египетке қарсы ағылшын-француз-
израиль агрессиясы туралы хабар (1956 жылы, қазан) қатты 
ызаландырды. Жалпыхалықтық ереуіл жарияланып, шетелдік 
фирмалардың мекемелері қиратылды. Бахрейнде тӛтенше жағдай 
жарияланады.


183 
1961 жылы таққа отырған әмір шейх Исе бен Салман аль-
Халифтің кең қарқын алған азаттық қозғалысын басуға мүмкіндігі 
болмады. Билеушілерге қарсы қарсылық 1971 жылдың соңында 
Ұлыбританияның ӛз әскерлерін Парсы шығанағы ауданынан шығару 
туралы шешіміне орай күшейе түсті.
1971 жылы 14 тамызда Лондонмен ұзаққа созылған 
келіссӛздерден кейін ресми түрде Бахрейнге тәуелсіздігінің берілуі 
туралы жарияланады. Келесі күні «достық туралы» ағылшын-бахрейн 
келісіміне қол қою жүзеге асырылады. 
Бахрейннің тәуелсіздігінің жариялануы мемлекеттік басқару 
жүйесінде бірқатар қайта құрулардың жүзеге асырылуына алып 
келеді. 1971 жылы тамыз айында Министрлер Кеңесі құрылып, 1972 
жылдың ортасында ел конституциясын дайындау аяқталды, ал сол 
жылы әмір Иса Құрылтай жиналысының құрамын (22 сайланған және 
22 тағайындалған депутаттар) бекітті. 1973 жылы 7 желтоқсанда 
Бахрейннің бір палаталы Ұлттық жиналысына сайлау ӛткізіледі. Оған 
барлық үкімет мүшелері және 20 сайланған депутаттар енеді. 
Парламенттің бірінші құрамының қалыптасуы үшінші араб-
израиль соғысының басталуы (1973 ж. қазан) кезеңіндегі күрделі 
жағдайда ӛтіп, қоғамда израильдықтарға және американдықтарға 
қарсы кӛзқарастың қалыптасуына алып келеді. 1975 жылы наурызда 
билеуші режимге оппозициялы топ Бахрейн Ұлттық майданын (БҰМ) 
құрады.
1975 жылы 26 тамызда үкімет пен парламент арасында 
азаматтық бостандықтар туралы мәселе бойынша орын алған 
дағдарысқа байланысты әмір Иса Ұлттық жиналысты таратып, сайлау 
ӛткізуді жаңа сайлау заңы қабылданғанға дейін кейінге қалдырды. 
Қазіргі кезге дейін әмірліктегі барлық заң шығарушылық және 
атқарушылық билік Иса, мұрагер ханзада шейх Хамид бен Иса аль-
Халиф және премьер-министр шейх Халиф бен Салман аль-Халиф 
қолына шоғырланған. Елдегі барлық саяси және қоғамдық ұйымдар 
заңсыз қызмет атқарып келеді.
1970 ж.ж. ортасында билеуші топ ӛкілдері елдің экономикалық 
дербестілігін нығайтуға бағытталған бірнеше шараларды жүзеге 
асырады. 1976 жылы мемлекеттік Бахрейн ұлттық мұнай компаниясы 
(БАНОКО) құрылып, ол ішкі рынокта мұнай ӛндіруді жүзеге 
асырады, ал 1980 жылы мұнай кен орындарына бақылау орнатады.
Бахрейннің ішкі саяси жағдайына Ирандағы оқиғалар да үлкен 
ықпал етеді. Аятолла Хомейнидің иран революциясын экспорттауға 
қатысты шақырулары әмірліктің шииттері тарапынан қолдау табады. 
Елде мүшелері Бахрейнде «исламдық республиканы» жариялау 
идеясын ұсынған Бахрейнді азат етудің Ислам майданы құрылады. 
Олардың арасында әмірліктің Иранға қосылуын жақтағандар да 


184 
болды. 1981 жылы 14 желтоқсанда Манамада басында «хомейнистер» 
тұрған үкіметке қарсы бүліктің ашылғандығы туралы жарияланды. 
Бахрейн дербес сыртқы саяси бағыт жүргізуге ұмтылады. Ол 
бірқатар беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі – БҰҰ, АЕЛ, 
Ислам конференциясы Ұйымы, қосылмаушылық қозғалысы. Алайда 
Бахрейннің сыртқы саяси кӛзқарастары негізінен аймақтық 
мәселелерге ғана бағытталған. Бахрейн 1981 жылы құрылған Парсы 
шығанағы араб елдерінің ынтамақтастық кеңесін құрушылардың 
(ПШАЕЫК) және белсенді түрде жақтаушылардың бірі болды. 1984 
жылы қараша айында Кувейтте ӛткен Кеңес отырысында Бахрейн 
ПШАЕЫК мүше-елдердің біріккен қарулы күштерін құруды 
қарастырған бірыңғай қорғаныс стратегиясын қабылдауды қолдады. 
Кеңес мүшесі ретінде Бахрейн тәуелсіз Кувейт территориясын 
оккупациялаған (1990-1991 ж.ж.) Иракка қатысты экономикалық 
эмбаргоның орнатылуын жақтады, және одан шығынның орнын 
толтыруды талап етті. Манама сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 
№687 резолюциясы талап еткендей, «ядролық қарудан сӛзсіз бас 
тартуды» және Ирактың химиялық және биологиялық қаруларын 
жоюды талап етті.
1990 ж.ж. елдің ішкі саяси ӛмірінде тұрақтылық байқалады. Егер 
1975 жылы тек 1973 жылы ғана қабылданған конституцияның 
қызметі тоқтатылса, Ұлттық жиналыс таратылса, ал 1992 жылы 
желтоқсанда 
Консультативтік 
Кеңестің 
құрылуы 
туралы 
жарияланады. Бұл кеңес құрамы 45 адамнан тұрды, оның құрамын 
әмір анықтайды. Алайда саяси партиялар мен кәсіподақтар қызметіне 
әлі де тиым салынған.
Экономиканың негізін әлі де мұнай мен газ құрайды, алайда 
мұнай қоры (27 млн. т. жуық) азайып келеді, жылдық табыс 2 млн. т. 
шамасында. Газ қоры 240 млрд. м
3
, ал жылдық табыс 10 млрд. м
3
аспайды. Экономиканың мұнай секторы мемлекеттік бюджет 
табысының 70 пайызға жуығын қамтамасыз етеді. Мұнай секторынан 
басқа алюминий ӛндірісі үлкен роль атқарады; 1990 ж.ж. – жылына 
500 мың т. жуық. Сонымен қатар алюминий, пластмасса және лак-сыр 
ӛнімдері бойынша ӛнеркәсіп орындары құрылған. Жеңіл ӛнекәсіптің
100-ге жуық ұсақ және орта ӛнеркәсіп орындары қызмет етіп келеді.
Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Оның үлесіне ҰІӚ-нің 1 
пайызға жуығы тиесілі. Ауылшаруашылығына пайдалануға ел 
территориясының тек 4,2 пайызы ғана пайдалы. Жеміс-жидектер, 
цитрустар, виноград ӛсірледі. Тамақ ӛнімдерінің қажеттіліктері 


185 
импорт есебінен қанағаттандырылады. Теңіз ӛндірісі дамыған: балық 
аулау, жемчуг ӛндіру жүргізіледі. 
1980 ж.ж., әсіресе 1990 ж.ж. Бахрейн Таяу Шығыстың ірі қаржы 
орталығына айналады. Банк секторы басқа қаржы компанияларын 
қоспағанда 150 мекемені біріктіреді. Олар 60 млрд.доллардан астам 
операцияларды жүзеге асырады, ал қаржы операцияларынан табыс 
ҰІӚ-нің 20%-ға жуығын береді.
1990 жылдардың соңында сыртқы сауда айналымы жылына 8 
млрд. доллардан астам құрады. Мұнай, мұнай ӛнімдерін, алюминий 
эксорттау 4 млрд. доллардан астам табыс әкелсе, ал ӛнеркәсіп және 
ауыл шаруашылық құрылғыларын, транспорт құралдарын, ӛнеркәсіп 
тауарларын импорттау 3,8-3,9 млрд. доллар алды. Басты серіктестері 
Сауд Аравиясы, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Жапония және 
Австралия. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет