Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы



Pdf көрінісі
бет39/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Судан 
 
1.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі Судан (1945-1954 ж.ж.) 
2.
Халилдің экономикалық және әлеуметтік саясаты 
3.
Әскери-бюрократиялық диктатураның орнатылуы. Аббуд 
үкіметі, аль-Халифтің «ӛтпелі үкіметі», Махджубтің кабинеті 
4.
Судан Демократиялық Республикасы (1970-1980 ж.ж.) 
5.
Ғасырлар тоғысындағы Судан 


226 
Судан
(араб. 
), толық атауы - Судан Республикасы (араб. 
ة يرىهمج
(Джумхурийат ас-Судан)) – Солтүстік Африкадағы 
мемлекет. Солтүстігінде Египетпен, солтүстік-батысында Ливиямен, 
батысында – Чадпен, оңтүстік-батысында – Орталықафрикалық 
Республикамен, оңтүстігінде – Оңтүстік Суданмен және оңтүстік-
шығысында – Эритрея және Эфиопиямен шектеседі. Солтүстік-
шығысында Қызыл теңіз суларымен шайылып жатыр.
Ресми тілі
– араб, ағылшын
Астанасы
– Хартум
Басқару формасы
– президенттік республика
Мемлекеттік діні
– иялам (сунниттік бағыты) 
Территориясы
- 1,886,068 км² (дүние жүзінде 15-ші) 
Халқы
– 30 894 000 адам (2008 ж.), тығыздығы - 16,4 адам/км² 
Ақша бірлігі
– судандық фунт
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін елдің саяси ӛмірінде жаңа 
кезең басталды. Ол жаңа саяси партиялардың құрылуымен белгілі 
болды, бұл қозғалысқа ұйымдасқан сипат берді. Сонымен қатар судан 
қоғамының 
әлсіз 
таптық дифференциациясы 
және 
британ 
әкімшілігінің белсенді араласуы территориялық-тайпалық негізде 
буржуазиялық-помещиктік партиялардың құрылуына алып келді. 
1943 жылы Аль-Ашикка (Ағайындылар) партиясы құрылды, 1953 
жылы Ұлттық-юниондық партия (ҰЮП) болып аты ӛзгертілді. Бұл 
судан ұлттық буржуазиясы мен помещиктердің партиясы Аль-Хатмия 
(Аль-Ансар сектасының тұрақты қарсыласы) діни сектасының саяси 
ұйымы болып табылады. ҰЮП ұсақ буржуазиялық азаматтар 
тобының және елдің орталық аудандарының шаруа-арендатор-
ларының ықпалына ие болды. Партия жетекшілері ұсынған «Ніл 
аңғарының бірлігі» ұранын халық бұқарасы судандықтар мен 
египеттіктердің тәуелсіздік үшін біріккен күресіне шақыру деп 
түсінсе, ал буржуазиялық-помещиктік топтар – Египет тәжінің 
астында екі мемлекеттің бірігуіне мәлімдеме ретінде ұғынды. 
1945 жылы ағылшын билігінің ықпалымен Аль-Умма (Ұлт) 
партиясы құрылды – Аль-Ансар сектасының саяси ұйымы. Аль-
Умманың «Судан судандықтар үшін» ұраны Судан мен Египеттің 
жақындасуына қарсы бағытталды, оның жетекшілерінің британ 
әкімшілігімен 
ынтымақтастығын 
бүркемеледі. 
Аль-Умма 
отаршылдық үкімет басшылығымен Суданның тәуелсіздікке 
бағытталған қозғалысын насихаттады, бірақ фанатик-ансарлықтар 
арқылы бұқараның революциялық қозғалыстарын басып отырды. 
Елдің саяси ӛмірінде 1946 жылы құрылған коммунистік партия 
үлкен роль атқара бастады. Отаршылдық кезеңде ол Ұлттық 


227 
бостандық үшін Судан қозғалысы (ҰБСҚ) атауын алды, және 
марксистік үйірмелерден құрыла отырып солшыл интеллегенция 
ӛкілдерін, этникалық және конфессионалдық тегіне қарамастан 
жұмысшылар мен шаруалардың бір бӛлігін біріктірді. 1950 жылы 
Суданның жұмысшылар кәсіподағының Федерациясы (СЖКФ), 
сондай-ақ интеллегенция, шаруалар, жастар, студенттер, әйелдер 
одақтары құрылды. Бұл одақтарға сенім арта отырып, заңды 
Антиимпералисттік майдан ұйымына біріккен ҰБСҚ елдің 
тәуелсіздігі және материалдық жағдайды жақсарту үшін халық 
тобының күресін басқарды. Тәуелсіздік үшін күресте ҰБСҚ ҰЮП-
мен және т.б. патриоттық күштермен ынтымақтастықта болды. 
1952 жылғы шілде революциясы және Египетте республиканың 
жариялануы Судандағы ағылшындардың позициясына үлкен соққы 
берді. Насер үкіметі кондоминиумды жою туралы мәселе кӛтерді. 
Англия Египетпен келіссӛздер жүргізуге мәжбүр болды. 1953 жылы 
12 ақпанда Каирде Судан туралы ағылшын-египет келісіміне қол 
қойылды, онда 1899 жылғы келісімнің күшін жою және Суданға ӛзін-
ӛзі басқару құқығын, ал үш жылдан кейін тәуелсіздік беру мәселелері 
қаралды. 
1953-1955 жылдардағы күрделі ӛтпелі кезеңде парламент 
сайлауы ӛтті. Коммунистер мен кәсіподақ қайраткерлері репрессияны 
қиратқан британдық билік оңшыл блок партияларын қолдады: Аль-
Умма және ру-тайпалық элитаны біріктірген Оңтүстіктің либералдық 
партиясы. Елдің барлық патриоттық күштері ҰЮП-ны қолдады. 
Нәтижесінде солшыл блок жеңіске жетті. 1954 жылы 1 қаңтарда 
ҰЮП-ның тӛрағасы Исмаил аль-Азхари парламенттік кӛпшілікке 
және елдегі патриоттық күштерге иек артқан судандық тұңғыш 
бірпартиялық кабинетті құрды және оны басқарды. 1955 жылы 
желтоқсанда шетелдік әскерлер елден шығарылды, ал 1956 жылы 1 
қаңтарда судандық парламент ұжымдық мемлекет басшысымен 
Судан унитарлық демократиялық республикасын жариялаған
уақытша конституция қабылдады. Конституцияда азаматтық 
құқықтар жарияланды, бірақ Оңтүстік ӛкілдерінің жергілікті ӛзін-ӛзі 
басқару туралы талаптары ескерілмеді. 
Жас мемлекеттің алдында ұлттық экономиканы дамыту мен 
елдің тәуелсіздігін нығайту міндеті тұрды. Аль-Умма мен ҰЮП 
халықты 
дамудың 
капиталистік 
жолына 
бағыттады, 
тек 
айырмашылығы ҰЮП ӛнеркәсіпке және Египетпен ынтымақтастыққа 
кӛп кӛңіл бӛлді, ал Аль-Умма – аграрлық мәселелерге және бұрынғы 
метрополиямен ынтымақтастыққа баса назар аударды. 


228 
Дамудың ӛзге жолын коммунистер ұсынды. 1956 жылы ақпанда 
ӛткен ҰБСҚ-ның ІІІ съезінде жаңа бағдарлама қабылданды – 
«Суданның тәуелсіздігін нығайту, демократия және бейбітшілік 
жолы», онда саяси еркіндік имперализмге және реакцияға қарсы 
күресте 
және 
прогрессивті 
әлеуметтік-экономикалық 
қайта 
құрулардың жүзеге асуы үшін қару ретінде қолданылуы тиіс екендігі 
туралы айтылды. Партияның атауы ӛзгертілді, енді ол Судан 
Коммунистік партиясы (СКП) деп аталды. Жартылай заңды жағдайда 
қала отырып, СКП заңды ұйымдар: Антиимпералисттік майдан, 
ҰБСҚ, шаруалар, жастар, әйелдер одағы арқылы ӛз бағдарламасын 
насихаттады. 
Тәуелсіздіктің алғашқы аптасында-ақ ҰЮП-дағы билік үшін 
күрес айтарлықтай шиеленісті. 1956 жылы маусымда оның 
мүшелерінің бір бӛлігі Аль-Хатмия сектасының қолдауымен 
Халықтық-демократиялық партияны (ХДП) құрды. 1956 жылы 4 
шілдеде парламент Аль-Азхара үкіметіне сенімсіздік үшін дауыс 
берді, ал 8 шілдеде Аль-Умма партиясының бас хатшысы Абдаллах 
Халиль ХДП-ның қатысуымен коалициялық үкімет құрды. Алайда 
ондағы негізгі қызметтерді Аль-Умма партиясының ӛкілдері иеленді. 
Тәуелсіз Суданға кондомниум дәуіріндегі артта қалған 
патриархалды экономиканың ауыр жүгі мұраға қалды. Кӛптеген 
феодалдар мен тайпа кӛсемдері әкімшіліктен ұзақ мерзімдік арендаға 
жүздеп және мыңдап феддан (0,4 га) жер алып, оны ұсақ 
субарендаторлар мен жалдамалы жұмысшылар арқылы ӛңдеп 
отырды. Біртіндеп олар ірі аграрлық буржуазияға айнала бастады.
Судан қоғамының негізгі табы – шаруалар – халықтың 90%-ын 
құрады. Соғыстан кейін жаңа қалалар пайда болды және қала 
халқының саны артты. 1950 ж.ж. екінші жартысында елде 860 мыңға 
жуық адамы (мемлекеттің 8,4%-ы) бар 68 қала болды. Қалалар 
ӛнеркәсіп орындары, шетелдік банктер мен фирмалардың 
филиалдары, 
дүкендер, 
мектептер 
және 
т.б. 
шоғырланған 
капиталистік орталықтарға айналды. Қалаларда қоғамның жаңа 
таптары мен топтары қалыптасты: ұлттық (ӛнеркәсіп) буржуазия, 
пролетариат, интеллегенция, қызметкерлер. 
Халил басқарған тәуелсіз Суданның бірінші үкіметі отарлық 
әкімшілікпен басталған ауылшаруашылық ӛнеркәсібін реконструк-
циялауды жалғастырды. Жоба екі бағытты қарастырды: Гезира 
ауданында 800 мың феддан аумағында жаңа суарылатын мемлекеттік 
мақта плантацияларын құру және жеке мақта шаруашылығын қолдау. 
Помещиктер мен капиталистерге жеңілдік шартымен үлкен жер 
аумағы берілді. Нәтижесінде 1958 жылдың жазына қарай Ніл 


229 
аңғарында жалпы аумағы 1,5 млн.феддан ірі жеке плантациялар 
саналды. 
1957 жылы қабылданған бесжылдық жоспар Халиль үкіметінің 
судан экономикасының аграрлы сипатын сақтап қалу ниеті туралы
сипаттады. Ӛнеркәсіпті дамытуға жалпы капитал салымының бар 
болғаны 7%-ы бӛлінді, оның ӛзі мақта тазалау кәсіпорындарының 
құрылысына бағытталды.
Халил үкіметі мемлекеттік қаржы жүйесін құруға алғашқы 
қадам жасады: 1957 жылы сәуірде египеттік фунтпен теңестірілген 
ұлттық валюта – судан фунтын айналымға енгізді. Бірмезгілде үкімет 
негізінен кең халық бұқарасына бағытталған салық езгісін күшейтті. 
Оған жауап ретінде елді ереуілдер мен кӛтерілістердің кең толқыны 
қамтыды. Одан басқа, оңтүстікте азамат соғысы ӛршіді. Тайпа 
кӛсемдерімен құрылған Анья-Нья (Жылан уы) жасақтары үкімет 
әскерлеріне қарсы партизандық күрес жүргізді. Сепаратистік кӛңіл-
күйлер нуби және Суданның шет жағындағы араб емес халықтардың 
арасында күшейе бастады. Саяси жағдай 1958 жылдың қарашасына 
қарай ӛте қауіпті жағдайға жетті. 
1958 жылы 17 қарашада әскери тӛңкеріс жасалды. Судан 
армиясының басқолбасшысы генерал Ибрагим Аббуд әскерді Хартур 
мен басқа да қалаларға енгізді, елде тӛтенше жағдай орнатты, 
конституцияның күшін жойды, парламентті таратты, саяси 
партиялардың, кәсіподақтардың және қоғамдық ұйымдардың 
қызметіне тиым салды. Биліктің жоғарғы органы болып Қарулы 
күштердің Бас Кеңесі (ҚКБК) жарияланды. ҚКБК-нің тӛрағасы ӛзін 
бірмезгілде президент, премьер-министр, басқолбасшы және маршал 
деп жариялаған генерал Аббуд болды. 
Диктатураның орнауына елдің ауыр экономикалық жағдайына 
байланысты Халиль үкіметінің танымалсыздығы, оңтүстіктің арабтық 
емес тайпаларға қатысты шовинистік саясаты, сыртқы саясаттағы 
сәтсіздіктер ықпал етті. Халықтың кӛпшілігі секталар мен 
партиялардың 
(СКП-дан 
басқасы

кӛшбасшылары 
әскери 
диктатураның орнауына қарсы болмағандықтан биліктің ауысуына 
бейжай қарады. 
Аббуд үкіметі ішкі кӛзқарастары әр уақытта бір жерге 
тоғыспаған буржуазиялық-помещиктік блоктың мүддесін қолдады. 
Әлеуметтік-экономикалық дамудың басым тенденциясы ұлттық 
кәсіпкерлікті дамыту болды. Сонымен қатар, елдің экономикалық 
әлсіздігі мен оның Англиядан тәуелділігін ескере отырып, Батыстың 
капиталын тарту мақсатында «ашық есік» саясаты жарияланды. Бұл 
мақсаттың басынан бастап қарама-қайшылық туды, ӛйткені мұндай 


230 
кӛмек (жоғары пайыздарға негізделген) ел халқының жағайына ауыр 
тиді. 
Осылайша, бір жағынан, Аббуд үкіметі ел дамуына ӛз үлесін 
қосты, екінші жағынан – әскери режимнің ӛзі мемлекеттік 
кәсіпорындар мен плантацияларда ірі қанаушы ретінде кӛрінді. 
Жағдай күрт нашарлады және ұсақ және орта буржуазияның 
шетелдік тауарлармен бәсекелестік және халықтың сатып алу 
қабілетінің тӛмендеуі салдарынан наразылықтары ӛсті. Сондықтан да 
бұлардың мүдделерін қорғаған ҰЮП мен ҰДП оппозициялық 
режимге мойынсұнды. Оңтүстікте сепаратистік қозғалыстар кең 
ауқым ала бастады. 
Әскери режимнің мұндай саясаты оның әлеуметтік базасын одан 
әрі тарылтты. 1959 жылдан бастап диктатураға қарсы қарулы 
баскӛтерулер болды, оған әр түрлі қоғамдық күштер, жекелеген 
әскери бӛлімдер қатысты. Үкімет үшін неғұрлым қауіпті сипатты 
ауылшаруашылық тұрғындары және бірінші кезекте шаруа-
арендаторлар қосылған, жұмысшы табының баскӛтерулері алды. 1964 
жылы қазанда коммунистер құрған, жұмысшылар кәсіпорындарын, 
интеллегенция мен шаруалар одағын біріктірген Ұйымның ұлттық 
майданы (ҰҰМ) үкіметке қарсы қозғалысты басқарды. Армияда 
пайда болған «Тәуелсіз офицерлер» ұйымы Аббудқа ультиматум 
жариялады: репрессияларды тоқтату, ҚКБК мен үкіметті тарату. 
Аббуд бұл талаптарды орындауға уәде берді, бірақ күш жинап одан 
жалтара бастады. Жеңістің халық жағына қарай ойысқанын кӛріп 
отырған ескі партиялардың кӛшбасшылары ҰҰМ-мен келіссӛздер 
жүргізуді бастайды, 27 қазанда жаңа жетекші орталық – Біріккен 
ұлттық майдан (БҰМ) және ӛтпелі үкімет құрылады. 1964 жылы 8 
қарашада Аббуд биліктен аластатылды. Президенттің қызметін 
уақытша президенттік кеңес, ал басқолбасшылық қызметті – үкіметке 
бағындырылған Ұлттық қорғаныстың жоғарғы кеңесі атқара 
бастайды. 
Келесі 1964 жылдың 28 қазанынан бастап 1965 жылдың 10 
маусымына дейінгі қысқа кезең Судан тарихында «Хатем аль-
Халифаның ӛтпелі үкіметі» атауымен қалды. Партиясыз Хатем аль-
Халифа ҰҰФ-ның ӛкілдерінен және бес саяси партиядан қалыптасқан 
екі үкіметті (екіншісі 1965 жылдың 18-ші ақпанынан) басқарды. 
Хатем аль-Халифа Ұлттық хартияны жүзеге асыруға тырысты, саяси 
партиялар 
заңдастырылды, 
саяси 
тұтқындар 
босатылды, 
сайлаушылардың жасын 18 жасқа дейін тӛмендеткен жаңа сайлау 
заңы қабылданды. Халифаның үкіметі СКП-нің Оңтүстіктің мәселесін 
бейбіт жолмен шешу бағдарламасын қолдады. Оңтүстік халқына 


231 
сайлау құқықтары мен дін бостандығына уәде берілді, олардың 
кӛшбасшылары Хартумға келіссӛздерге шақырылды. 
Алайда тез қарқынмен жүргізілген ӛзгерістер ішкі және 
халықаралық реакцияларда ыза туғызды. Лондон 1964 жылдың 
қарашасынан бастап судан мақтасын сатып алуын тоқтатты. Елде 
оңшыл күштер жанданды. Аль-Умма мен ҰЮП-ның кӛсемдері 
Біріккен ұлттық майданды ыдырату бағытын ұстанды. Солшыл 
күштердің одан әрі шоғырлануынан қауіптеніп, Аль-Умма және 
ҰЮП-ның министрлерінің талап етуі бойынша, Жоғарғы мемлекеттік 
кеңес 1965 жылы 21 сәуірде тек солтүстік және орталық 
провинцияларда мерзімінен бұрын парламент сайлауын ӛткізу туралы 
шешім қабылдады. Нәтижесінде Аль-Умма жеңіске жетті және ҰЮП-
мен коалицияға аяқ басты. 1965 жылы 10 маусымда құрылған 
коалициялық үкіметті Аль-Умманың бас хатшысы Мұхаммед Ахмад 
Маджуб басқарды, ол сонымен қатар Жоғарғы мемлекеттік кеңестің 
тұрақты тӛрағасы болып жарияланды, бұл конституцияға арнайы 
түзетудің қабылдануымен заңды түрде бекітілді. 
Махджубтың 
үкіметі 
елдің 
реакциялық 
күштерін 
шоғырландырды. Аббудтың жақтастары реабилитацияланды, бұрын 
қызметтен босатылған реакционерлер мемлекеттік қызметке қайта 
шақырылды. Оңшылдар салықты кӛбейтті және азаматтық құқықтар 
мен еркіндікке қол сұға бастады. Негізгі мақсат елде Аль-Умманың 
билігін бекітетін және Аль-Ансан сектасының имамына диктаторлық 
ӛкілеттіліктерімен ӛмірлік президент ретінде орнықтыратын 
конституцияны орнату болды. 
Үкімет пен оңшыл күштер онымен күресті жалпы мемлекеттік 
міндет ретінде жариялап, басты соққыны компартияға қарсы 
бағыттады. «Бауырлас мұсылмандар» СКП комитеттеріне шабуылдар 
ұйымдастыра бастады, қанды қақтығыстар мен саяси манифес-
тациялар басталды. 23 қарашада және 8 желтоқсанда конституцияға 
екі түзету енгізілді: СКП-на тиым салу және коммунист-депутаттарды 
ӛкілеттіліктерінен айыру туралы. 
1968 жылы 15 қаңтарда парламент талқылауына конститу-
цияның жаңа жобасы қойылды. Оның реакциялық мәні социалистік 
фразеологиямен бүркемеленді. Судан исламға негізделген унитарлы 
демократиялық социалистік республика болып жарияланды. Ислам 
мемлекеттік дін болып, араб тілі – ресми тіл болып, шариғат – 
заңдардың түп негізі болып жарияланды. Барлық осы пункттер Судан 
халқының жартысына жуығын құрап отырған араб емес ұлттық-
этникалық топтардың құқығын елемеді. Коммунизм мен атеизм 


232 
насихаттарына тиым салынды, компартия заңнан тыс деп 
жарияланды. 
Конституция 
президентке 
барлық 
мемлекеттік 
қызметтердің, қарулы күштердің және азаматтық әкімшіліктің 
бағындырылуы туралы ережелерден тұрды. Сӛйтіп, жоба судандық 
реакцияның әрекет ету бағдарламасына айналды. Оны парламентте 
Аль-Умма және ҰЮП фракцияларының депутаттары қолдады. 
Оңтүстіктің солшыл оппозицияларының депутаттары қарсы шықты. 
Жалпы алғанда жоба аз ғана басым дауыспен мақұлданды. 
Бұл саяси оқиғалардың барлығы Оңтүстіктегі соғыстың қайта 
жандануымен бірмезгілде жүріп жатты. Махджуб үкіметі бұл 
мәселені шешудің тиімсіз бағытын жалғастыра берді. Бұл үшін 
оңтүстік аймақтарда судан армиясының 2/3 бӛлігі шоғырланды. 
Оңтүстіктің халқын қару күшімен бағындыру әрекеті сәтсіздікке 
ұшырап, хартумдық үкімет жағдайды реттеудің бейбіт жолдарын 
іздеуге мәжбүр болды. Алайда оңтүстік судандықтарға ӛзін-ӛзі 
басқару құқығын беру солтүстік судандық элитаны Оңтүстіктегі 
артықшылықтарынан айырады, сӛйтіп басқа ұлттық-этникалық 
топтар (нубиялықтар, беджа, нуба, судани) ӛзін-ӛзі басқару құқығын 
талап ететіндігінен сескенген олар бұл бастаманы соңына дейін 
жеткізбейді. 
1969 жылдың басына қарай оңшыл күштердің диктатура 
орнатуға мүдделілігі айқын кӛріне бастайды. Бірақ бұл кезеңге қарай 
судан армиясында жаңа күш - «Тәуелсіз офицерлер» - халықтың ұсақ 
буржуазиялық топтарынан жасақталған кіші және орта офицерлер 
ұйымы құрылады. Жас офицерлер буыны әлеуметтік прогресске, 
артта қалған экономикалық және әлеуметтік құрылымдарды қайта 
құруға және жаңа отарлық тәуелділікті жоюға ұмтылды. 
1969 жылы 25 мамырда «Тәуелсіз офицерлер» реакциялық 
режимді құлатады. Билік генерал-майор атағы берілген полковник 
Джафар Нимейри басқарған Революциялық кеңеске (РК) кӛшеді. 1969 
жылдың қазан айынан бастап Нимейри басқарған үкімет 
жасақталады. РК және жаңа үкімет құрамына әскери және азаматтық 
тұлғалар кірді, олардың арасында революциялық-демократиялық 
бағыт ӛкілдері, сондай-ақ коммунистер де болды. Мемлекет жаңа атау 
алды – Судан Демократиялық Республикасы (СДР). 
СДР үкіметі солтүстік-оңтүстік қатынасын бейбіт демокра-
тиялық реттеуді жүзеге асыруды бастады. Оңтүстіктің әлеуметтік-
экономикалық және мәдени дамуының бес жылдық жоспары 
құрылды. Ішкі саяси жағдайлардың кейінгі дамуында 1969 жылы 
желтоқсанда Триполидегі отырыстан бастау алған араб револю-
циялық режимінің үш басшысы (Насер, Нимейри және Каддафи) 
арасындағы келісім үлкен роль атқарды. 


233 
Алайда елдің ішіндегі ӛзгерістер дамудың бейбіт жолмен жүріп 
жатқандығын кӛрсетпеді. 1970 жылдың наурыз айында аль-Ансар 
сектасының шейхы және Аль-Умма партиясының діни кӛсемі
бастаған контрревоюциялық күштер бүлік шығарды. Бірақ бұл жолы 
демократиялық күштерге кӛтерілісті басуға мүмкін болды, және 
наурыздың аяғында имам аль-Махди сарайы – Аба аралы – басып 
алынды, ал бүлікшілер ӛлтірілді. 
Наурыз оқиғалары Судандағы таптық күрестің ӛткірлігін және 
барлық революциялық-патриоттық күштердің бірігуі қажет екендігін 
кӛрсетті. Бірақ бұл күштердің қалыптасып келе жатқан майданы ішкі 
реакция тарапынан да, имперализм тарапынан да қысым кӛрді. 
Реакция басты соққыны СКП-на қарсы бағыттады, оны билікті басып 
алу ұмтылысына айыптады. Таптық күрестің ӛршуінен сескенген РК-
тегі және үкіметтегі ұлттық күштер СКП-мен ынтымақтастықтан 
және еңбекшілер ұйымдарынан іргесін аулақ сала бастады. 1970 
жылдың сәуір айында РК мемлекеттен СКП-ның бас хатшысы 
Махджубты шығарды және СКП-ны таратуды талап етті. 
Мұндай жағдайда бұрын РК-тің құрамында болған солшыл 
бағыттағы бір топ офицерлер үкіметке қарсы бүлік ұйымдастырады. 
1971 жылы 19 шілдеде майор Хашим аль-Атта кей әскери 
бӛлімшелерге арқа сүйеп, мемлекеттік тӛңкеріс жасайды. Бұл 
оқиғалар тарихта «19 шілде қозғалысы» ретінде қалды. СКП 
тӛңкеріске қатыспады, бірақ қозғалыстың прогрессивті бағдар-
ламасын қолдады. 
Тӛңкеріс басшылары табысты бекіте алмады. 22 шілдеде 
Нимейриге адалдықтарын сақтап қалған әскери бӛлімдер Хартумға 
аяқ басты және қанды шайқастан кейін оның билігін қайта қалпына 
келтірді. Елде тӛтенше жағдай енгізілді. Репрессиялар басталды. 
Антикоммуизм мемлекеттік саясат дәрежесіне кӛтерілді. 
1971 жылғы шілде оқиғалары ақыр аяғында тоталитарлық 
режимнің орнауына ӛз септігін тигізді. 1971 жылы тамызда РК 
уақытша конституцияны алмастырған №5 декрет қабылдады. Декрет 
бірыңғай жалпыұлттық саяси ұйым – Судан социалистік одағын 
(ССО) құру мәселесін қарастырды. РК таратылды, Нимейри елдің 
жаңа үкіметінде премьер-министр болды (14 қазанда). 
1972 жылы қазанда Халықтық жиналысқа (парламент) сайлау 
ӛтті, сол айда Нимейри ССО-ның тӛрағасы және бас хатшысы болып 
жарияланды. 1973 жылдың басына қарай ССО-ның құрамында 80 
мың адам болды. Бұл қайта құрылған бұқаралық қоғамдық ұйымдар 
қосылған баянсыз, тиімсіз ұйым болды. 
1973 жылдың мамыр айында Халықтық жиналыс президенттің 
кең ӛкілеттіліктерін бекіткен СДР-ның тұрақты конституциясын 
қабылдады: ол парламентті таратып және қайта шақыра алатын 


234 
болды, министрлер мен депутаттарды тағайындады немесе 
қызметінен босатты. Нимейри министрлер кабинетін басқарды, 
қорғаныс министрі қызметін иеленді, ӛзіне ССО-ның тӛрағасы және 
бас хатшысы қызметін қалдырды, сӛйтіп биліктің барлық тұтқасын ӛз 
қолына шоғырландырды. 
Барлық саяси партиялардың қызметіне тиым салынғанымен 
оппозициялық партиялар астыртын әрекет етіп, Нимейри режиміне 
қарсы күрестерін тоқтатпады. Биліктен аластатылған Аль-Умма, 
ЮДП және «Мұсылман бауырластар» 1973 жылы Ұлттық майдан 
(ҰМ) атты заңсыз ұйымға бірікті. ҰМ-ның басшылары Садық әл-
Махди (Аль-Умма), Юсуф аль-Ханди (ЮДП) және Хаса ат-Тураби 
(«Мұсылман бауырластар») Джидда мен Лондонда шетелдік 
орталықтар ұйымдастырды. ҰМ Сауд Аравиясы қолдауына ие болды, 
қомақты қаржысы және әкери күші болды. Ол президент Нимейриді 
құлатуға, дәстүрлі партиялар (Аль-Умма мен ЮДП) билігін қайта 
қалпына келтіруге және Суданның капиталистік даму жолын сақтап 
қалуға тырысты. ҰМ ұйымдастырған неғұрлым ірі бүліктер 1973 
жылы қаңтарда, 1974 жылы қарашада, 1975 жылы мамыр және 
қыркүйек айларында және 1976 жылы шілдеде болды; олар елді дүр 
сілкіндірді, әлсіретті, бірақ диктатураны жойған жоқ. 
Режимге қарсы неғұрлым ұйымдасқан күресті Оңтүстіктің 
сепаратистері кӛрсете бастады. Анья-Нья-2 атауын алған партизандық 
отрядтар армияға бірікті және үкіметтік әскери базаларға шабуыл 
жасап отырды. Бұл аймаққа шариғат заңдарын тарату Оңтүстік 
халқының ерекше наразылығын тудырды (1983 жыл, қыркүйек). 
Оңтүстіктегі диктатураға қарсылық демократиялық бағыт алып 
кеңейе түсті. Сол 1983 жылы кӛтерілісшілердің жағына шыққан 
полковник Джон Гаранг Судан халқын азат ету қозғалысының 
(СДАҚ) және оның әскери қанаты – Суданның Халықтық-азаттық 
әскері (СХАӘ) негізін қалады. СДАҚ ӛзін Суданның бірлігі мен 
интеграциясы үшін күресетін азаматтық социалистік қозғалыс деп 
жариялады. 
Оңтүстіктегі сәтсіздіктер, Солтүстіктегі саяси күрестің 
шиеленісуі, еңбекшілердің ӛмір сүру деңгейінің күрт тӛмендеуі 
үкіметке қарсы баскӛтерулердің жаңа толқынын туғызды. 1984 жылы 
29 сәуірде елде тӛтенше жағдай енгізілді, митингтерге, демонст-
рацияларға, ереуілдерге тиым салынды, сондай-ақ кең ӛкілеттіліктері 
бар тӛтенше трибуналдар құрылды. 
Режим дағдарысы ӛзінің шарықтау шегіне жетті. Бұрынғы 
бытыраңқы оппозициялық топтар 1984 жылы шілде айында астыртын 
Суданды құтқарушы ұлттық одаққа (СҚҰО) бірікті. 


235 
Үкіметке қарсылықтардың жаңа толқынына себеп болған СҚҰО 
мен «Мұсылман бауырластарға» жақтас студенттердің арасындағы екі 
күндік тӛбелестен кейінгі (1985 жылың 24-25 наурызы) Хартум 
университетінің билік басындағылармен жабылуы болды. 26 
наурызда Хартумда баррикадалық тӛбелестер басталды. 4 сәуірде 
жалпыхалықтық ереуіл басталды, сыртқы әлеммен байланыс үзілді, 
әуежайлар жабылды. 
5 сәуірден 6 сәуірге қараған түні СҚҰО-ға құрамына кірген 
партиялар мен ұйымдар әрекет ету бағдарламасы - ұлттық хартияға 
қол қояды, олардың ішіндегі ең маңыздысы Нимейриді құлату және 
ӛтпелі мерзімнің аяғына қарай (1 жылдан кейін) Құрылтай 
жиналысын сайлау еді. Қуатты сӛз сӛйлеулер әскерилердің шешімді 
тез қабылдауына себепші болды, жалпыхалықтық ереуілдің қызған 
шағында армия билікті ӛз қолына алды. Тӛңкерісті СДР-ның қарулы 
күштерінің бас қолбасшысы генерал Саввр ад-Дагиб басқарды. Ад-
Дагиб басшылығымен ӛтпелі әскери кеңес (ӚӘК) құрылды, 
дәрігерлер кәсіподағының тӛрағасы Дафаал Джазули басшылығымен 
ӛтпелі үкімет жасақталды және генерал Джеймс Лоро басқарған 
Оңтүстік Суданның Ӛтпелі әскери кеңесі (ОСӚӘК) құрылды. 
Ӛтпелі кезеңнің негізгі мазмұны (1985 жыл сәуір – 1986 жыл 
сәуір) екі әлеуметтік-саяси күштер арасындағы күрес болды: армия 
және полицияны ӛз қол астына шоғыландырған «Нимейрисіз 
Нимейри» режимін бейнелеуші ӚӘК-тің генералдары және үкіметке, 
партияға және халыққа арқа сүйеген СҚҰО-ның генералдары. 
Құрылтай жиналысына сайлау 1986 жылдың 1-2 сәуірінде ӛтті 
және Аль-Умма мен ЮДП-ға жеңіс алып келді. Коалициялық 
үкімтетті Садық әл-Махди басқарды, Савар ад-Диб әскери министр 
қызметін иеленді. Құрылтай жиналысында бағдарламалық сӛзінде 
премьер-министр Оңтүстікті татуластыруға және шариғат заңдарын 
ислам заңымен алмастыруға уәде берді. Бірақ мұндай түзетулермен 
исламдандыру Солтүстіктегі секуляристердің және барлық оңтүстік 
судандықтардың келіспеушілігін тудырды. Оңтүстіктің депутаттары 
қарсылық ретінде парламенттен кетті. 
1986 жылдың соңында Оңтүстіктегі соғыс қайта жанданды. 1987 
жылдың наурыз-сәуір айларында әскери қимылдар Оңтүстіктің 
аумағынан тыс, Оңтүстік Дарфур провинциясына таралды. Наурыз 
айында СХАӘ үлкен Пиор-Постты, ал мамыр айында – Джекауды алды. 
Саяси жағдайдың шиеленісуі 1987-1988 жж. Судан, Эфиопия, 
Сахель елдерінің тұрғындарын қамтыған, ӛткір азық-түлік 
дағдарысын туғызған стихиялы апаттар (құрғақшылық, су басу, 
шегірткелер шабуылдары) жағдайында жүрді. Суданда Оңтүстік 
аймақтар – Дарфур мен Кордофан неғұрлым кӛп зардап шекті. 


236 
Оңтүстіктің кең аудандары мен Батыс Суданның кей жерлері әскери 
қимылдар аймағы болып жарияланды, және гуманитарлық кӛмек 
кӛрсету шектеулі дәрежеде болды. Үкімет зардап шегуші аймақтарға 
азық-түлік жеткізді, бірақ бір жағынан оны САҰҚ және СХАӘ 
басшыларын қыспаққа алу үшін пайдаланғысы келді. Ӛз кезегінде, 
Гаранг Хартум басшыларын Оңтүстіктің ашаршылыққа ұшырап 
отырған халқының тағдырына бейжай қарайды деп айыптады. 
1986 жылы күзде – 1987 жылы кӛктемде жүзеге асырылған 
үкімет әскерлерінің Бахр эль-Газаль мен Оңтүстік Дарфурға 
басқыншылығы сәтсіз аяқталды. Әл-Махди кабинетінің (екінші 
үкімет 1987 жылы 1 маусымда жасақталды) оңтүстік судандық 
мәселені реттеуге қатысты келісімге келудегі қабілетсіздігі, әскери 
әдістерді қолданудағы Хартумның қырсықтығы, әскердің қалжырауы, 
сонымен бірге билеуші топтың ішіндегі келіспеушіліктер үкімет 
коалициясын ыдырауға әкеп соқтырды. Аль-Умма мен ЮДП одағы 
екі жыл жарым ӛмір сүріп, ол да ыдырап кетті. Бұл жағдайлармен 
қатар мұсылман фундаменталистерінің күшею процесі жүріп жатты: 
әл-Махдидің 1988 жылы сәуірде жасақталған үшінші үкіметі кезінде, 
ҰМ алғаш рет үш министрлік портфельге ие болды. Шариғат 
заңдарының сақталуын қалаған ҰМ кӛсемі Хасан ат-Тураси 
Гарангпен кез-келген байланыстан бас тартты және САҰҚ мен 
СХАӘ-ге қарсы қатыгез саясат жүргізуді қолдады. 
Бұл кезеңде Оңтүстіктегі әскери қимылдар жалғасып жатты. 
1988 
жылдың 
жазыннан 
бастап 
әскери 
басымдылық 
оңтүстіктегілердің жағына кӛшті. 1989 жылдың мамырына қарай 
СХАӘ судандық Оңтүстіктің 80%-дан астам аумағын бақылап 
отырды. 
1989 жылдың қаңтарында 1986 жылдан бастап әл-Махдидің 
тӛртінші үкіметі жасақталды. ЮДП Оңтүстікпен байланыстың 
жандануын талап етіп, коалицялық үкіметке қатысудан бас тартты. 
20 ақпанда қорғаныс министрі Абд әл-Маджид Хамид Халил 
отставкаға кетеді. Ақпанның аяғында жоғарғы әскери шенділер 
премьер-министрге ультиматум қояды. Әскерилер қарулы күштерді 
нығайту бойынша тиімді шаралар қабылдауды, оларды ең жақсы 
әскери техникамен жарақтандыруды, үкімет құрамынан бірнеше 
фундаменталистерді шығаруды талап етті. Әл-Махди олардың 
талаптарын орындауға мәжбүр болды, сӛйтіп кабинетті қайта 
жасақтауға кірісті. 
Жаңа үкімет «судандық бейбіт бастаманы» жандандыруға 
тырысты. Эфиопия үкіметінің және АҚШ-тың бұынғы президенті 


237 
Дж.Картердің делдалдығымен Гаранг 1989 жылы 14 шілдеде Адис-
Абебте әл-Махдимен келіссӛздерге келуге келісімін берді. 30 
маусымда әл-Махди үкіметі судан заңнамасында кейбір шариғат 
заңдарын тоқтатуды талқылау үшін жиналуы керек еді. Бірақ бұл 
жоспарлар іске аспады. 
1989 жылы 30 маусымда Хартумда жаңа мемлекеттік тӛңкеріс 
жасалды. Қайтадан әскерилер билік басына келді. Жоғарғы 
мемлекеттік орган Ұлттық қорғану революциясының басқару Кеңесі 
(ҰҚРБК) болып жарияланды, ол 15 жоғарғы әскери офицерлерден 
тұрды. Оның тӛрағасы генерал Омар Хасан Ахмед әл-Бишар болып 
тағайындалды. Ол сонымен қатар премьер-министр және қорғаныс 
министрі қызметтерін де иеленді. 
Суданның жаңа басшылығы елдегі туындаған дағдарыстық 
жағдай үшін жауапкершілікті әл-Махди үкіметі мен саяси 
партияларға артты, әл-Бишар айтқандай «олар плюрализм 
жағдайында елдің қалыптасқан экономикалық мәселелерін шеше 
алмады». Елдегі билікті әскерилердің басып алу себебін түсіндіре 
отырып, әл-Бишар: «Халықты тойдыра алмайтын демократия ӛзінің 
ары қарайғы ӛмірін жалғастыруға құқығы жоқ» деп атап кӛрсетті. 
РБК-нің алғашқы актісі парламентті тарату мен СКП-мен қоса 
барлық саяси партиялардың жұмысына тиым салу, партиялық 
газеттерді жабу және кәсіподақтардың қызметіне шектеу енгізу 
болды. Әл-Бишар үкіметі азық-түлікке тұрақты бағаларды орнатуды 
және қатаң үнемдеу саясатын ұсынды. Сырттан келетін тауарлар мен 
отынды қаржыландыруды жойды. Әскери шығындардан басқа барлық 
үкіметтік шығындарды 20%-ға қысқарту туралы шешім қабылданды. 
Мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар аппараты кӛп 
қысқартуларға ұшырады, бұл ӛз кезегінде жұмыссыздықтың ӛсуіне 
алып келді, олардың ішінде жоғары білікті мамандар да болды. 
1989 жылы 30 маусымда болған әскери тӛңкеріс билік басына 
жоғарғы әскери эшелонды және «Мұсылман бауырластар» ұйымымен 
байланыс орнатқан ұлтшыл орта буржуазияны алып келді. Әскери 
режим басшысы әл-Бишар Оңтүстіктегі соғысты тез арада тоқтату 
қажеттілігін алға тартты, алайда САҰҚ-мен бұрын ратифика-
цияланған келісімдерден бас тартты. 
1993 жылы 16 қазанда ҰҚРБК әл-Баширді Суданның президенті 
етіп тағайындау және ӛз-ӛзін тарату туралы шешім қабылдады. Бұл 
оқиғаға дейін бір жарым жыл бұрын 1992 жылдың басында 
Парламент қызметін атқарған Ӛтпелі ұлттық Кеңес құрылған 
болатын. 1996 жылы наурызда парламент Ұлттық ассамблея болып 


238 
ӛзгертілді және осы айда бірмезгілде президент сайлауы мен 
парламентке сайлау ӛтті. Президент пен премьер-министр қызметі әл-
Баширде сақталды. 1998 жылы жазда референдумда саяси және 
қоғамдық 
ассоциациялар 
мен 
бірлестіктердің 
қызметтерін 
заңдастыратын жаңа конституция жарияланды. 1998 жылы ақпанда 
жаңа саяси ұйымның – Ұлттық конгресстің Құрылтай съезі болды, 
оның тӛрағасы әл-Бишар болды. 
1990 ж.ж. экономикалық саясат мемлекеттің барлық 
шаруашылық бағыттарын қатаң бақылаудан тұрды. Одан басқа, 
биліктегілер ауылшаруашылық ӛнімін ӛсіру есебінен азық-түліктік 
тәуелсіздікті қамтамасыз ету бағытын жариялады. Он жыл ішінде 
билік ӛркендеу жағдайына жете алмады, бірақ жалпы жағдай 
жақсарды. Судан аграрлы ел болып қала берді. Ел халқының 80%-ға 
жуығы ауыл шаруашылығымен айналысады және оның үлесіне ҰІӚ-
нің үштен бірі келеді. 
Ауыл шаруашылығының негізгі саласы мақта шаруашылығы 
болып қала береді: 1990 ж.ж. аяғында жыл сайын 180 мыңнан 185 
мың тоннаға дейін мақта-шикізаты ӛндірілді. Одан басқа сорго, 
арахис, күнжіт, бидай, қант құрағы, тары ӛсіріледі. Мал 
шаруашылығы ҰІӚ-нің 10% береді. Ірі қара мал, қой, түйе ӛсіріледі. 
Егер 1990 ж.ж. ауыл шарушылығындағы жағдай біршама 
жақсарса, ал экономиканың басқа салаларында дағдарыстан шығу 
процесі жай жүрді. Ӛнеркәсіп бұрынғысынша әлсіз дамыды және 
негізінен 
ауылшаруашылық 
ӛнімдерін, 
сондай-ақ 
құрылыс 
материалдары мен тұтыну тауарларын ӛңдеуге маманданған. 
Ӛнеркәсіп ӛнімінің үлесі ҰІӚ-де бар болғаны 7%, және ӛнеркәсіпте
халықтың небары 5%-ы ғана жұмыс жасайды (1999 ж. деректер). 
Ӛнеркәсіп ӛндірісінің айтарлықтай бӛлігі мемлекеттік секторда. 
Алтын, темір, марганец, хром кендері, сондай-ақ мұнай ӛндіріледі. 
Ондаған жылдары бойы ӛз шешімін таппай келе жатқан негізгі 
мәселелердің бірі елдің оңтүстігіндегі мәселе болып табылады. 
Азаматтық соғыс 1990 ж.ж. да жалғасты. Күресті үкімет армиясының 
полковнигі Гаранг де Мабиор басқарған Судан халқын азат ету әскері 
бастады. 1997 жылы сәуір айында үкімет тӛрт оппозициялық топпен 
бейбітшілік келісіміне қол жеткізеді, бірақ СХАӘ келісімге келуден 
бас тартып әскери қимылдарды жалғастыра береді. Даму 
мәселелеріне қатысты үкіметаралық органдардың СХАӘ мен Хартум 
арасындағы байланыстар екі жаққа да тиімді келісімге келумен күні 
бүгінге дейін реттелмеді. 
Судан шекарасы отарлық кезеңде жасанды түрде бӛлінді және 
этноконфессиялық ерекшеліктерді есепке алмады, бұл іс жүзінде 


239 
үздіксіз азамат соғысына алып келді. 2011 жылы шиеленістер 
қамтыған ел екіге бӛлінді, олардың арасындағы қарым-қатынас ӛте 
шиеленісті.
2003-2004 ж.ж. Оңтүстіктің кӛтерілісшілері мен үкімет 
арасындағы бейбіт келіссӛздер жоғары нәтижелер берді, бірақ 
бірқатар оңтүстік аудандардағы қарулы қақтығыстар жалғаса берді. 
2005 жылы қаңтарда тараптар Оңтүстік Суданның 6 жыл автономия 
пайдаланатындығына келісті, одан кейін бұл территорияның 
тәуелсіздігі туралы мәселе референдумға шығарылады, ал бұл 
кезеңдегі мұнай ӛндіруден түскен табыс үкімет пен кӛтерілісшілер 
арасында тең бӛлінуі тиіс. 2005 жылы шілдеде кӛтерілісшілердің 
бұрынғы кӛсемі Джон Гаранг Суданның вице-президенті қызметіне 
кірісті. Парламенттегі және үкіметтегі орындар Солтүстік және 
Оңтүстік ӛкілдері арасында бӛлінді.
2011 жылғы референдумнан кейін тәуелсіз мемлекет болған 
Оңтүстік Суданнан басқа, орталық үкіметтің исламдандыру және 
арабтандыру бойынша саясаты елдің тарихи және этникалық 
ерекшеліктері бар басқа да аудандарында – Дарфурда, Кордофанда, 
Беджда кӛтеріліс және сепараттық қозғалыс туғызды.
2010 жылы 11-15 сәуірде Суданда жалпыхалықтық сайлау ӛтті. 
Сайлау нәтижелері бойынша билеуші партия Ұлттық конгресс және 
президент Омар Башир билікті сақтап қалды.
2011 жылы 9-16 қаңтарда Суданның оңтүстігінде тәуелсіз 
мемлекет құру мәселесі бойынша референдум ӛтті, оның алдын ала 
нәтижелері 30 қаңтарда мақұлданды. Референдум нәтижесі бойынша 
Оңтүстік Судан тұрғындарының басым бӛлігі тәуелсіздік үшін дауыс 
берген. 9 шілдеде Оңтүстік Судан тәуелсіздігін жариялады. Судан 
дүниежүзінің 194-ші мемлекетін мойындаған алғашқы мемлекет 
болды. 11 шілдеде БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Судандағы бітімгершілік 
миссиясын аяқтау туралы шешім қабылдады.
2011 жылы мамырда, Оңтүстік Суданның бӛлінуіне дейін, тамыз 
айына дейін Оңтүстік Кордофанның даулы аймағында қарулы 
шиеленіс басталды және жалғасты.
Елдегі негізгі табысты ауыл шаруашылығы, сондай-ақ мұнай 
ӛндіру әкеледі. Ӛндіріс әлсіз дамыған.
2008 жылдың екінші жартысына дейін Судан экономикасы тез 
дамыды (2006 және 2007 ж.ж. ҰІӚ 10%-дан астам) – мұнай ӛндіруді 
арттыру және ірі шетелдік инвестициялар арқасында. Судан мұнайды 
1999 жылдың бастап экспорттай бастады.
Ауыл шаруашылығы Судан экономикасының айтарлықтай 
секторы болып қала береді - 80% жұмысшылар және ҰІӚ-нің үштен 
бір бӛлігі. 


240 
2009 жылы ҰІӚ жан басына шаққанда - 2,3 мың долл. 
(дүниежүзінде 181-ші орын). Жұмыссыздық деңгейі - 18,7 %
(2002 ж.). Инфляция - 14,3 % (2008 ж.). 
Ӛнеркәсібі – мұнай ӛндіру және ӛңдеу, мақта ӛңдеу, тоқыма, 
ауылшаруашылық ӛнімдерін ӛңдеу, аяқ киім, автомобиль құрастыру. 
Ауыл шаруашылығы – мақта, арахис, сорго, бидай, гуммиарабик, қант 
құрағы, кассава (тапиока), манго, папайя, банан, тәтті картоп; қой, 
сиыр, ешкі ӛсіріледі; балық шаруашылығы. 
Экспорт - 11,7 млрд. долл. (2008 ж.) – мұнай және мұнай 
ӛнімдері; мақта, мал, арахис, гуммиарабик, қант. Негізгі сатып 
алушылар – Қытай 48%, Жапония 32,2%, Индонезия 5,3%, Ресей 
7,8%. 
Импорт - 8,2 млрд. долл. (2008 ж.) – азық-түлік, ӛнеркәсіп 
тауарлары, транспорт құралдары, медикаменттер және химиялық 
ӛнімдер. Негізгі тасымалдаушылар – Қытай 20,3%, Сауд Аравиясы 
8,5%, БАӘ 6,3%, Египет 5,6%, Үндістан 5,1%, Италия 4,1%. 
Сыртқы қарызы - 36,3 млрд. долл. (2009 жылдың соңында). 2007 
жылдың қаңтарынан Суданда жаңа валюта – судандық фунт енгізілді 
(судандық динар орнына - 100 динар = 1 фунт). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет