214
5.
Африкадағы Батыс елдерінің агрессиялық саясаты және әлемдік
қауымдастық.
1945 жылдың қарсаңында Африканың тек тӛрт мемлекеті ғана:
Египет, Эфиопия, Либерия (ХІХ ғасырдың ортасында Батыс
Африкада АҚШ-ның қоныстаушыларынан пайда болған мемлекет)
және Оңтүстік-Африкалық Одақ тәуелсіз болды.
Барлық қалған
Африка территориясын европалық державалар ӛзара бӛлісті. 1945
жылы соғыс аяқталғаннан кейін Манчестрде ӛткен Панафрикандық
конгресте Африканың тәуелсіздік үшін күресі айқын кӛрініс табады.
Кваме Нкруме дайындаған тәуелсіздікке шақырған «дүние жүзінің
отаршыл халықтарына арнауы» қабылданады.
Екінші бір құжат
авторы
«панафриканизмнің
әкесі»
Уильям
Дюбуа
болған
«Отаршылдық державаларға мәлімдемеде» европалық державаларға
ӛздерінің африкалық отарларына
тәуелсіздік беру талаптары
сақталды. БҰҰ-ның халықаралық қауымдастығына бағытталған
резолюция да қабылданады.
Державалар отарларда демократиялық реформалар жүргізуге,
түпкілікті тұрғындарына құқық беруге
және басқару органдарына
қабылдауға уәде береді. 1946 жылы Францияда Француз одағын
жариялаған Конституция қабылданады.
Онда француздықтармен
бірге барлық отарлық халықтар тең азаматтық құқық алды, кез-келген
нәсілдік дискриминация және теңсіздік жойылды. Барлық отарларда
территориялық ассамблеялар сайланады.
Африкадағы отаршылдық тәуелділіктің күйреуінің тӛмендегідей
факторларын анықтауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: