Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы



Pdf көрінісі
бет44/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Марокко
 
1.
Соғыстан 
кейінгі 
кезеңдегі 
отаршылдыққа 
қарсы 
қозғалыстар. 
2.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Марокко.
3.
Хасан ІІ билігі жылдарындағы Марокко. 
 
Басқару 
формасы 
мен 
территориялық 
қҧрылымы:
Конституциялық монархия, 37 провинциядан тұратын унитарлы 
мемлекет. Мемлекет басшысы – король. Заң шығарушы орган – екі 


259 
палаталы парламент (Ұлттық Кеңес және Халық жиналысы). 
Астанасы – Рабат (1,8 млн. адам). 
682 жылдан бастап Солтүстік Африканың, оның ішінде Марокко 
территориясы да, арабтық жаулап алушылықтарға ұшырайды. 1912 
жылы Марокко территориясы Франция мен Испания арасында ӛзара 
бӛліске түседі. 1956 жылы ел тәуелсіздігін алады.
Географиялық орналасуы:
Солтүстік-Батыс Африка. Атлант 
мұхитының жағалауы. Алжирмен және Батыс Сахарамен шектеседі.
Жер кӛлемі:
446,6 мың км
2

Халқы:
32,7 (47) млн. адам. Мароккалықтар (арабтар мен 
берберлердің ұрпақтары) - 99,1%, .Тығыздығы: 73 адам/км
2

Мемлекеттік тілі:
араб, испан және француз тілдері де 
қолданылады.
Ақша бірлігі:
мароккалық дирхем. 1 евроға 11. 
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін француз 
монополиялары салыстырмалы түрде ӛз экономикалық позицияларын 
тез қалпына келтіре алды. Соған қарамастан отаршыл әкімшілік 
мароккалықтардың протекторат режиміне қарсы қарсылықтарына тап 
болады. 
Марокконың 
архаикалық 
қоғамдық 
құрылысын 
«демократиялық жандандыру» деген жалған ұранмен ІҮ Республика 
жетекшілері қатал репрессия жолымен сұлтандық басқару 
қалдықтарын жоюға кіріседі. Бірақ Мұхаммед бен Юсуф бас резидент 
Жюэннің 
қысымшылығына 
қарамастан 
ӛзінің 
құқықтық 
ӛкілеттіліктеріне қысым кӛрсеткен заң жобаларын бекітуден бас 
тартады. Сонымен қатар 1948 жылы маусымда Франция 
президентімен кездесуде ол тіпті 1912 жылғы Фесс келісімінің 
шарттарын қайта қарауды талап етеді. Ұлт-азаттық қозғалыстарда 
жауынгерлердің еліктеуші тұлғасына айналған монархты құлату үшін 
Маракеш пашасы коллаборационист Аль-Глауи қолданылады. Ол 
бұрыннан ӛзінің француздық бағытымен белгілі болатын. Аль-Глауи 
және оның жақтастары жіберген 20 мың берберлерді иеленген 
генерал Жюэн 1951 жылы ақпан айында Бен Юсефті тағы да 
отаршылдыққа қарсы қозғалыстарды айыптаушы хаттамаға қол 
қоюдыруға тырысады, бірақ тағы да бас тартушылыққа ұшырайды. 
Тек сұлтан сарайын танкілермен қоршағаннан кейін ол ультиматумды 
қабылдауға мәжбүр болады. Кӛптеген патриоттар түрмеге қамалады.
Күштердің шоғырландыру қажеттілігін түсінген француздық 
және испандық аймақтардағы буржуазиялық-ұлттық партиялар 1951 
жылы сәуір айында Танжерде отырыс ӛткізеді және Мароккалық 
ұлттық майдан (МҰМ) құру, Араб мемлекеттері Лигасымен 
байланыстарын нығайту туралы шешім қабылдайды. Ізге түсу және 


260 
түрмеге қамаушылықтарға қарамастан МҰМ Мароккодағы оқиғалар 
туралы халықаралық қауымдастықтың хабардар болуы үшін кӛптеген 
шаралар жүргізеді.
1952 жылы желтоқсан айында марокко мәселесі БҰҰ-ның Бас 
Ассамблиясының ҮІІ сессиясында талқыланады. Кеңес Одағы және 
басқа да мемлекеттердің елді протекторат режимінен босату туралы 
талаптарын батыс державалары қолдамайды.
Сұлтан режимін түпкілікті жою үшін Жюэннің ізбасары генерал 
Гийом тағы кӛмекке Аль-Глауиді шақырады. Аль-Глауи Мұхаммед 
бен Юсефке Марокко халықтарын бағынбаушылыққа шақырып, ӛз 
жақтастарын қаруландырады және ақшамен қамтамасыз етеді. 
Метрополияны мемлекеттік тӛңкеріс қаупі жағдайында статусын 
және Алавиттер династиясы билеушілерінің ӛмірін қорғауға 
міндеттейтін Фесс келісімінің шарттарын басшылыққа алған Бен 
Юсуф Франция президентінен кӛмек сұрайды, алайда ол ешқандай 
қолдау кӛрсетпейді. Бас резиденциясының таратылуы жағдайында 
1953 жылы 14 тамызда Аль-Глауи және оның одақтастары жаңа 
монарх етіп Мұхаммед бен Арафаны тағайындайды. 20 тамызда 
биліктен шеттетілген Бен Юсуф алдымен Корсикаға, кейіннен 
Мадагаскарға жер аударылады. Мароккалықтардың арасында 
танымал билеушінің құлатылуы халық арасында толқу туғызады. 
Жаппай халықтық қарсылық акциясын басу үшін отаршылдар ірі 
полиция күшін пайдаланады және француз аймағының кӛптеген 
қалаларына коменданттық сағат орнатады.
Мароккалықтардың арасында беделін нығайту мен сақтауға 
ұмтылған испан үкіметі Бен Арафаны мойындаудан бас тартып, таққа 
бұрынғы Бен Юсуфтың қайтарылуын талап етеді. Сол кезде ғана 
Азиялық мемлекеттер тобының талап етуімен ғана БҰҰ-да осы 
мәселені талқылау басталады. Алайда Франция бұл – оның «ішкі ісі» 
деп мәлімдеп, қатысудан бас тартады.
Бен Юсуфтың құлатылуының бір жылдығына орай Мароккода 
жалпыхалықтық ереуіл басталады. Бұл кезде Аль-Глауиден бербер 
топтарының кӛсемдері мен Риф тайпалары кете бастайды. Ұлт-
азаттық қозғалыстарды бас резиденция Үндіқытайдан келген 
армиялық топтың кӛмегімен басуды жоспарлайды. Бірақ жазалау-
шылардың айуандығына қарамастан 1955 жылы тамызда Касаб-
ланкада, Мекнесте, Рабатта және кӛптеген қалаларда отаршылдыққа 
қарсы күшті манифестациялар ӛтеді. 1955 жылы 20 қазанда Бен 
Арафа тақтан бас тартады. 5 қарашада Франция қайтадан заңды 
монарх ретінде Мұхаммед бен Юсуфты таниды. 16 қарашада ол 
айдаудан оралады және елде конституциялық монархиялық 
құрылысты орнату қажеттілігі туралы жариялайды.


261 
Кейіннен, 1957 жылы Мұхаммед бен Юсуф король Мұхаммед Ү 
титулын алады. 2 наурызда Парижде бұрынғы протектараттың 
тәуелсіздігін бекіткен франк-марокколық мәлімдеме мен хаттамаға 
қол қойылды. Фесс келісімі уақыт талаптарына сай емес және жаңа 
екі жақты қатынастар деңгейін қамтамасыз ете алмайтын келісім 
ретінде сипаталады. 1956 жылы 7 сәуірде Мұхаммед бен Юсуф 
Мадридте 1912 жылғы Фесс келісімінің күшін жойған испан-
мароккалық декларацияны қолымен бекітеді. Испания сонымен қатар 
Марокконың сыртқы саясат және қорғаныс саласындағы тәуелсіздігін 
қолдайды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Мароккода ұлттық басқару 
аппараты, дипломатиялық қызмет қалыптасып, ұлттық валюта 
енгізіліп, саяси партиялар мен кәсіподақтардың қызметін ресми-
лендірген король хартиясы қолдау табады. Экономика саласында ел 
күрделі қайшылықтарға тап болады. Француз каптиалдарының 
шығарылуы европалықтардың иелігіндегі кәсіпорындардың жабы-
луына алып келді. Бұл жұмыссыз қалған мароккалықтар арасында 
қарсылықтың күшеюін туғызды. Отаршылдардың дәнді дақылдар 
егістігін 1/3 қысқарту тамақ ӛнімдерінің күрт қымбаттауына және 
ауыл халқының қалаға миграциялануына алып келді. Марокко 
жетекшілері аграрлық және индустриялық секторда түпкілікті 
ӛзгерістер жүргізбейді. Соған қарамастан жағдайды тұрақтандыру 
мақсатымен ол шаруаларға отаршылдар экспроприациялаған 40 мың 
га. бұрынғы қауымдық жерлерді қайтарады, құрғақ аудандарда 
ирригациялық құрылыстар жүргізеді. Бұдан басқа, үкімет 1958-1959 
ж.ж. есептелген отарлық экономикадан ұлттық экономикаға кӛшу 
бағдарламасын, кейіннен 1960-1964 ж.ж. шаруашылқты дамытудың 
бесжылдық жоспарын қабылдайды. Жалпы алғанда алдыңғы қатарлы 
ӛндіріс салаларын, ең алдымен тау-кен, бұрынғысынша шетелдік 
компаниялар бақылап отырды, жер иеліктері феодалдар, тайпа 
кӛсемдері және село буржуазиясының қолында қалады.
1956 жылы қазан айында Марокко оның құрамына халықаралық 
Танжер портының қосылуына қол жеткізеді. 1959 жылы желтоқсан 
айында Мұхаммед Ү АҚШ президенті Эйзенхауэрмен корольдіктен 
американ әскерлерін 1963 жылдың аяғында эвакуациялау туралы 
келісімге қол жеткізеді. Франция мен Испания да осындай 
міндеткерліктер алып, ӛз әскерлерін сәйкесінше 1961 жылы наурыз 
және тамызда шығару туралы кепілдік береді. 1956 жылы қарашада 
БҰҰ-на және 1958 жылы қазанда Араб мемлекеттері Лигасына 
кіргеннен кейін Марокко 1961 жылы Белградтағы қосылмаушылық 
қозғалысының құрылтай конференциясына қатысады. 


262 
1961 жылы таққа отырған жаңа король Хасан ІІ премьер-
министр қызметін иеленді және бірмезгілде қорғаныс, ауыл 
шаруашылық 
және 
сыртқы 
істер 
министрлігін 
басқарды. 
Экономикалық саясатында ол шетелдік кӛмек және АҚШ, Франция, 
ал кейіннен ГФР қарызына бағыт ұстанады. 1962 жылы желтоқсанда 
Марокко абсолюттік монархиядан екі палаталы парламентпен 
конституциялық монархияға айналған алғашқы Негізгі заңды бекітеді. 
Келесі жылға тікелей дауыс беру жолымен сайланған тӛменгі палата 
феодалдық-монархиялық топқа кӛпшілік орынды қамтамасыз еткен 
жоқ. Оларға Истикляль партиясынан депутаттар, олардан бӛлініп 
шыққан Халықтық күштердің ұлттық одағының сол қанаты және 
«тәуелсіздер» қарсы оппозициялық топты құрады. Олар корольге 
авторитарлық саяси бағыттағы жеке билігінің нығаюына негізделген 
саясатты жүргізуге кедергі келтіреді.
Ресми түрде баспасӛз, жиналыс бостандығы сақталғанымен де 
бұл бостандықтар кӛбінесе бұзылып отырды, ал кәсіподақтар мен 
партиялық жетекшілер қудалауға түсті. 1965 жылы наурызда 
Касабланкадағы студенттер мен жұмыссыздардың демонстрациясын 
полиция қатаң жазалағаннан кейін Хасан ІІ барлық билікті ӛз қолына 
алып, тӛтенше жағдай жариялайды.
Авторитарлық басқаруды нығайту және партиялық-саяси 
құрылымды қатаң бақылау үшін король 1970 жылы маусымда 
бұрынғы конституцияның құрылымдық ерекшеліктерін сақтаған жаңа 
конституцияны енгізеді. Оның тек заң шығарушылық бӛлімі ғана 
ӛзгеріске ұшырайды. Монархтың ӛкілеттілігі арттырылды және бір 
палаталы болған парламенттің маңызы тӛмендетілді.
Ішкі саяси тұрақсыздықты әлсірету үшін король режимі 1972 
жылы наурызда үшінші конституцияны шығарады. Оған сәйкес бір 
палаталы парламенттің депутаттар корпусының 2/3 бӛлігі тікелей 
дауыс беру жолымен сайланды.
Түрлі саяси партияларды тақ тӛңірегіне топтастыру үшін Хасан 
ІІ 1973 жылы экономиканың мемлекеттік секторының позициясын 
нығайтумен, сондай-ақ шетелдіктерден жерлерді сатып алумен қатар 
жүргізілген «мароккаландыру» бағытын жариялайды. Тек марокка-
лықтарға ғана емес сонымен қатар жеке шетелдік және ұлттық 
инвесторларға қатысты салық, сауда, жеңілдіктер және кепілдіктер 
беру тӛңірегіндегі реформалар ішкі қарама-қайшылықтарды тоқтатты. 
Король танымдылығының нығаюына екі мароккалық дивизияның 
1973 жылғы араб-израиль соғысына қатысу үшін Таяу Шығысқа 
аттандырылуы, сондай-ақ жергілікті топтардан қолдау тапқан 1974 
жылғы «Батыс Сахараны босату» туралы ұлттық ұран әсер етеді.


263 
1977 және 1984 жылғы парламент сайлауында кӛпшілік 
депутаттық мандат монарх жақтастарына беріледі. «Демократиялық 
процесс» шеңберінде кӛп партиялыққа жол бере отырып, ол 
партияаралық қатынастарды бақылап отырды. Корольдықтағы 
экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздығына айыпталған 
фундаменталистерге бірнеше атаулы үрдістерді жүргізгеннен кейін 
Хасан ІІ 1980-1990 ж.ж. діни оппозицияны да әлсірете алды. 
1999 жылы шілде айында билікке келген Мұхаммед ҮІ елде қала 
мен село арасындағы диспропорцияны жеңуге, жұмыссыздық 
мәселесін шешуге, білім жүйесін модернизациялауға, мәдениеттің 
дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар қалыптастыруға 
бағытталған әлеуметтік және экономикалық қайта құрулар жүргізу 
қажеттілігі туралы мәлімдейді.
Халықаралық қатынастар саласындағы Марокко жетекшілігінің 
қызметінің негізгі бағыты араб елдерімен және африкалық 
қауымдастықпен бірлігін нығайтуға бағытталған. Уақыт ӛте келе 
Батысқа қатысты саясатында екі жақты және қарама-қайшылықты 
сипат алады. Бұл әсіресе 1969 жылы Ортақ нарықпен ассоциация 
туралы конвенцияға қол қоюмен аяқталған Европалық экономикалық 
қауымдастықпен ұзаққа созылған (1963 жылдан бері) кеңестерден 
кӛрініс тапты. Онымен ел 1976 жылы мерзімсіз ынтымақтастық 
туралы келісімге қол қойды, нәтижесінде артықшылыққа ие сыртқы 
саяси серіктес статусын алды. 
1982 жылы Хасан ІІ кейбір мароккалық объектілердің 
американдықтардың қолдануына келіседі. Бұл үшін АҚШ Мароккоға 
армияны қайта қаруландыруда үлкен кӛмек кӛрсетеді. Марокко мен 
Кеңес Одағы арасындағы қатынастар тәуелсіздік алғаннан бастап 
орнатылады. КСРО мен Марокко арасында мәдени, ғылыми-
техникалық ынтымақтастық туралы келісім жасалған.
Батыс Сахара мәселесіне байланысты ұзаққа созылған аймақтық 
шиеленіс бес мемлекетті интеграциялық процеске шақырған Марокко
Алжир, Тунис, Ливия және Мавритания жетекшілерінің 1989 жылғы 
Марракештегі кездесуінде Араб магриб Одағының құрылуы туралы 
келісім жасауына алып келеді. 1970 ж.ж. ортасынан бастап 
салыстырмалы түрде ішкі саяси тұрақтылығымен ерекшеленген 
Марокко Корольдығы бұл ұйымда жетекші орынды иеленеді.
90 ж.ж. екінші жартысынан бастап дүние жүзінің геосаяси 
картасындағы радикальды ӛзгерістерге байланысты Марокко АҚШ 
және Батыс Европа мемлкеттерімен кӛпжақты қатынастарының 
дамуына үлкен мән бере бастайды.


264 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет