Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы



Pdf көрінісі
бет45/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мавритания 
 
1.
1945-1960 ж.ж. Мавритания 
2.
1960-1978 ж.ж. Мавритания 
3.
ХХ ғасырдың соңындағы Мавритания 
Мавритания
(араб. 
), толық атауы - Мавритания Ислам 
Республикасы (араб. 
ة يرىهمج لا
ةي ملاس لإا
) – Батыс Африкадағы 
мемлекет, батысында Атлант мұхитымен шайылып жатыр.
Солтүстік-батысында 
Батыс 
Сахарамен, 
оңтүстік-батысында 
Сенегалмен, солтүстік-шығысында Алжирмен, оңтүстігінде және 
шығысында Малимен шектеседі. 


265 
Мавритания 12 облысқа және астаналық Нуакшот автономдық 
округіне бӛлінген. Облыстар 44 департаментке бӛлінеді. 
Мавритания 1 030 631 км² аумақты алып жатыр, бұл кӛрсеткіш 
бойынша ол дүние жүзінде 29-шы орында (Боливиядан кейін)
Мавританияның әкімшілік бӛлінуі. 
1.Адрар. 2. Ассаба. 3. Бракна. 4. Дахлет-Нуадибу. 5. Горголь. 6. 
Кудимага. 7. Ход-эш-Шарки. 8. Ход-эль-Гарби. 9. Иншири. 10. 
Нуакшот. 11. Тагант-Тиджикжа. 12. Тирис-Земмур. 13. Трарза-
Росо. 
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен Мавританиядағы 
отаршылдыққа қарсы қозғалыстар ұйымдастырылған формаға ие бола 
бастады. 1946 жылы елде басында Хорма ульд Бабаной болған, елдің 
қандай да бір африкалық федерацияға қосылу идеясынан бас тартқан 
және Мароккоға қосылуды жақтаған мавританиялық келісім 
Партиясы (МКП) пайда болды. 1947 жылы Сиди Мұхтар Н'Диайемен 
құрылған Мавританиялық прогресивтік одақ (МПО) француздық 
позицияны ұстанды. 1957 жылы сәуір айында ұлт-азаттық күрестің 
жандануы Францияны Мавританияға, оның басқа да батысафрикалық 
иеліктеріндегі сияқты, шектеулі автономия режимін енгізуге 
мәжбүрледі. Заң шығару жиналысына және жергілікті билік 
органдарына сайлаулар ӛтті. Заң шығару жиналысының тӛрағасы Сиди 
Мұхтар Н'Диайе болды, оның орынбасары және бірмезгілде МПО 
жетекшісі – сол кездегі жалғыз мавританиялық-адвокат Мұхтар ульд 
Дадде болды. Ол 1958 жылы қаңтар айында тек тұрғылықты халық 
ӛкілдерінен ғана болған автономды үкіметті құрды. Протектораттың 
ұлттық бірлігін нығайту мақсатына 1958 жылғы жаңа астана Нуакшот 
құрылысының басталуы туралы шешім ықпал етті.


266 
Ұлт-азаттық қозғалыстардың ӛсуін есепке ала отырып, Франция 
ӛзінің басқа да батыс-африкалық отарлары сияқты, 1958 жылы 
қыркүйекте Мавританияға ішкі ӛзін-ӛзі басқару органдарын құру 
құқығымен Француздық одақ шеңберіндегі автономды республика 
статусын берді. 1959 жылы наурыз айында Мавритания Ислам 
Республикасының (МИР) бірінші конститутциясы қабылданды. 1960 
жылы 23 маусымда Ү Республика үкіметі Парижде Мұхтар ульд 
Даддамен Мавританияға саяси тәуелсіздігін беру туралы келісімге 
қол қойды. 
1960 жылы 28 қарашада тәуелсіздігінің ресми жариялануынан 
кейін Мавритания ӛткеннен мұраға қалған күрделі әлеуметтік-
экономикалық, этнонәсілдік және мәдени қиыншылықтарға тап 
болды. Елде феодалдық қатынастар үстемдік етті, ру-тайпалық 
құрылыс қалдықтары да сақталды. Негізінен шӛлді, ауқымды 
территория бойынша шашыраңқы орналасқан тұрғындар негізінен 
мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысты. Сауатсыз 
мавританиялықтардың ӛмір сүру деңгейі Африкадағы ең тӛмен 
кӛрсеткіштердің бірі болды. Протекторат кезінде ашылған пайдалы 
қазбалар қоры әлі де ӛңделмеді.
1961 жылы 20 мамырда күшіне енген жаңа конституцияға 
сәйкес, 
Мавритания 
Ислам 
Республукасы 
«бӛлінбейтін, 
демократиялық және әлеуметтік республикалық мемлекет» деп 
жарияланды. Бес жыл мерзімге сайланатын президент ӛз 
кандидатурасын жоғары мемлекеттік қызметке қайта ұсыну құқығына 
ие болды, ішкі және сыртқы саясатты бақылап отырды, министрлер 
кабинетінің құрамын жасақтады, заңдарды бекітті және қарулы 
күштерге жетекшілік жасады. Заң шығару билігі бірпалаталы Ұлттық 
жиналысқа тиесілі болды. Ислам мемлекеттік дін деп жарияланды. 
Сонымен қатар Негізгі заң сенім еркіндігіне және олардың нәсілдік 
тегіне қарамастан барлық азаматтардың тең құқықтығына кепілдік 
берді. 1961 жылы тамыз айында ӛткен президент сайлауының 
нәтижесі бойынша Мавритания басшысы Мұхтар ульд Дадда болды. 
Ұлттық бірлікті нығайту және ішкі-саяси келіспеушіліктерді 
жеңу үшін 1961 жылы желтоқсан айында билеуші МХП бастамасы 
бойынша Мавританиялық халық Партиясының (МХП) құрылтай 
съезді ӛтті. Оған елдегі бірнеше саяси партиялар ӛкілдері кірді. МХП-
сын М.ульд Дадда басқарды. Режимнің одан әрі шоғырлануы 1965 
жылы ақпан айында Мавританияда бірпартиялық жүйенің енгізілуі 
туралы шешімнің қабылдануына ықпал етті.
МИР жетекшілігі әлеуметтік-экономикалық салада шаруашы-
лықты жоспарлы жүргізу, мемлекеттік шығындарды қысқарту және 


267 
қоғамдық секторды қолдау бағытын ұстанды. Бірінші кезекте тау-кен 
саласын дамытуға назар аударылды. 1960 ж.ж. басында француздық 
капиталдың қатысуымен темір кен орындарын ӛңдеу белсенді 
дамыды, Буадибу портынан Зуэратқа теміржол құрылысы іске 
қосылды. 1966 жылдан бастап Акжужта ауданында мыс ӛндіреле 
бастады. Параллельді түрде бірге никель рудаларын, фосфорит және 
басқа да пайдалы қазбаларды іздеу жүргізілді. Жағдайдың 
тұрақталуына қол жеткізген үкімет ӛңдеуші ӛнеркәсіпті құруға ауыл 
шаруашылығын кӛтеру міндетін шешуге кӛшті. 1972 жылы МИР 
франк аймағынан шықты, 1974-1975 ж.ж. бюджетті толықтыру үшін 
шетелдік тау-кен ӛнеркәсібін ұлттандыруды жүзеге асырды және 
шетелдік компаниялардың табысты шекарадан асыру құқығын 
шектеді. Мемлекеттік басшылықтың негізгі назары ауылдық жерлерді 
электрлендіруге, жол құрылысына, қалаларда су құбыры желісін 
құруға, халыққа медициналық қызмет кӛрсетуді жақсартуға және 
білім беру жүйесін дамытуға аударылды.
БҰҰ-на (1961 ж., мамыр) және африкалық бірлік Ұйымына 
(1963 ж., мамыр) мүше бола отырып, Мавритания әскери блоктарға 
қосылмау саясатын ұстанды, Ангола, Мозамбик, Гвинея-Бисау 
халықтарының ұлт-азаттық күресін қолдады, расизмге, отаршыл-
дыққа және неоколониализмге қарсы шықты. Мали және Мароккомен 
қатынастарын реттеп (Алжир президенті Х.Бумедьен ықпалымен 1970 
жылы қаңтарда король Хасан ІІ Мавританияны ресми мойындады), ел 
оқшауланудан шықты және 1973 жылы Араб мемлекеттері лигасына 
мүше болды, бұл оның араб әлеміндегі жағдайын нығайтты. 
Европалық экономикалық қауымдастықпен, сондай-ақ социалистік 
мемлекеттермен, оның ішінде Кеңес Одағымен қатынасы дами 
бастады. 
70 ж.ж. ортасынан бастап Мавританияның қоғамдық-саяси 
ӛмірінде алдыңғы орынға Батыс Сахара мәселесі шықты. Мадридте 
жасалған испан-мароккан-мавритандық келісімге сәйкес Испанияның 
бұрынғы «теңіздік провинциясын» уақытша әкімшілік басқару 1976 
жылы ақпан айында Марокко және Мавританияға кӛшті. Оның 
территориясына ниеттерін білдірген Рабат және Нуакшот сахара 
халқының ӛзін-ӛзі анықтау құқығын жақтаған күреске араласты. 
Мавритандық әскерлер тек күзету және қосымша функцияларды 
атқарғанына қарамастан, армияны сақтауға кеткен мемлекеттік 
шығындардың 60%-дан асуы жаңа салықтардың енгізілуіне алып 
келді, бұл ӛз кезегінде мавританиялықтардың ӛмір сүру деңгейінің 
тӛмендеуін туғызды. Жағдай құрғақшылық ықпалымен одан әрі 
шиеленісті, оның нәтижесінде бидай ӛндірісі 1978 жылы алдыңғы 
жылмен салыстырғанда екі есе қысқарды. Бірмезгілде әлемдік 


268 
нарықта мыстың бағасы тӛмендеді, Мавританияның темір рудасын 
экспорттаудан табысы қысқарды. Қалыптасқан жағдайдағы халық 
тобының жаппай қарсылығын пайдаланған әскери топ мемлекеттік 
тӛңкеріс жасады. Президент Мұхтар ульд Дадда тұтқындалды, 
Ұлттық жиналыс және Мавритания халықтық партиясы таратылды. 
Билік ұлтты құтқарудың әскери комитетіне және оның тӛрағасы 
Мұстафа ульд Мұхаммед Селехке кӛшті. 
Жаңа басшылық бірінші кезекті міндеттердің бірі ретінде елдің 
Батыс Сахарадағы соғыстан шығуын, экономиканы ӛрлетуді, 
әскериден конституциялық басқаруға кӛшуді дайындауды белгіледі. 
1979 жылы тамыз айында Мавритания Ислам республикасы 
ПОЛИСАРИО Майданымен бейбіт келісімге қол қойды. Батыс 
Сахара территориясына ниетінен бас тартты және оның халқының 
ӛзін-ӛзі басқару құқығын мойындады. Бұл саясаттың жалғасы ретінде 
1976 жылы Алжирмен үзілген қатынастары жанданды, басқа да араб 
және африкалық елдермен ынтымақтастығы дами бастады. 80 ж.ж. 
басында қалыптасқан ауыр экономикалық жағдай мавританиялық 
темір 
рудасына 
сұраныстың 
тӛмендеуімен 
және 
кезекті 
құрғақшылықпен байланысты болды, бұл үкіметті түрлі халықаралық 
және экономикалық ұйымдардан несие алуға, экономиканы 
либерализациялауға баруға, сондай-ақ жергілікті және шетелдік 
капиталдың қатысуымен жеке және аралас секторды қолдауға 
мәжбүрледі 
1984 жылы әскери тӛңкеріс нәтежесінде билікті полковник 
Маауйя ульд Сида Ахмед Трайя басып алды. Оның кезінде 1991 
жылы жаңа конституция жасалды және қабылдады. 1992 жылы және 
1997 жылы ӛткен президент сайлауларында Ульд Тайя жеңіске жетті. 
Мемлекетте саяси партиялар ассоциациялар қызметіне рұқсат етілген, 
алайда тәуелсіз баспасӛз қатаң цензураға ұшырайды.
Маввритания экономикасының негізін валюталық түсімнің 
үлкен бӛлігін әкелетін тау-кен ӛндірісі және балық шаруашылығы 
құрайды. Ел шаруашылық жобаларға шетелдік және ұлттық 
инвесторларды тартуға тырысады. Кейінгі кездері үкімет алтын, 
платина, алмаз, қалайы, никель және т.б пайдалы қазбаларды іздеуге 
жұмыстары бойынша бірқатар лицензиялар беруде. Соңғы жылдары 
ашылған мұнай және газ кен орындары әзірге ӛңделмеген күйінде 
қалып отыр. 1995 жылы Израильмен дипломатиялық қатынас 
орнатылды, ал 1999 жылы – бейбіт келісім жасалды, бұл елде және 
ислам әлемінде қарсылық толқынын туғызды. 
2003 жылы қарашада президент сайлауында ульд Тайя 67% 
дауыс алды. 2005 жылы тамызда ульд Тайя (Сауд Аравиясының 
королінің жерлеу рәсіміне кеткен) полковник ульд Валлмен 


269 
құлатылды. 2007 жылы наурызда президентке жаңа сайлау ӛткізілді, 
екінші турда ульд шейх Абдуллахи жеңіске жетті. 2008 жылы 
тамызда генерал ульд Азиз (президент қызметінен босатқан, бұрынғы 
қарулы күштердің штаб бастығы және президент гвардиясының 
басқолбасшысы) ульд шейх Абдуллахиді құлатты. 2009 жылы генерал 
сайлау ӛткізіп, одан кейін Мавританияның президенті болды (52% 
дауыс алды). 
Мавритания дүниежүзінің экономикасы ең әлсіз дамыған елдері 
қатарына кіреді. 2009 жылы жан басына шаққандағы ҰІӚ – 2,1 мың 
доллар (дүниежүзінде 185-ші орын). Жұмыссыздық деңгейі - 30% 
(2008 ж.). Ауыл шаруашылығы – жұмыс жасаушылардың 50% (ҰІӚ 
12,5%) – мал шаруашылығы (қой, ешкі, сиыр, түйе); финики, сорго, 
күріш, жүгері; балық аулау. Ӛнеркәсібі - жұмыс жасаушылардың 10% 
(ҰІӚ 47%) – темір рудасын, мыс рудасын, алтын ӛндіру. Қызмет 
кӛрсету саласында жұмыс жасаушылар 40%, ҰІӚ 40,5%. 
Экспорт – 1,4 млрд. доллар (2006 ж.): темір рудасы, балық және 
балық ӛнімдері, алтын, мыс концентраты. Негізгі сатып алушылар – 
Қытай 41,6%, Франция 10,4%, Испания 7,1%, Италия 7%, 
Нидерланды 5,4%, Бельгия 4,7%. 
Импорт – 1,5 млрд.доллар (2006 ж.): машина құрастыру 
ӛнімдері, мұнай ӛнімдері, азық-түлік, тұтыну тауарлары. Негізгі 
тасымалдаушылар – Франция 17%, Қытай 8,9%, Нидерланды 6,5%, 
Испания 6,1%, Бельгия 5,5%, АҚШ 5,1%. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет