5 – ТАРАУ. ТРОПИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҢТҤСТІК АФРИКА.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Африкалық мемлекеттер
дамуының негізгі тенденциялары.
1.
Отарлық Қара Африканың соғыстан кейінгі әлемдік экономи-
кадағы ролі. Азаттық күрестердің дамуы. Метрополияның саяси
шаралары.
2.
Тәуелсіздіктің жариялануы. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің
пайда болуы. Тропикалық Африкада француз, ағылшын,
бельгиялық және португалдық иеліктердің жойылуы.
3.
Тәуелсіз мемлекеттердің дамуының алғашқы жылдарындағы
мәселелер. Неоколониализм. 70 ж.ж. Қара Африка.
270
4.
Халықаралық және Африкааралық қатынастардағы Африка
елдері.
«Қара Африка» - шартты, жинақтаушы ұғым. Ол ғылыми
әдебиеттерде орныққан – Тропикалық және Оңтүстік Африка атауын
біріктіреді. Батыстық ғылыми әдебиеттерде «Сахарадан оңтүстікке
қарайғы Африка» термині жиі қолданылады. Тропикалық Африка
территориясы 20
0
с.е.-тен 20
0
о.е.-ке дейін созылып жатыр. Соңғы
градустан Игольный мүйісіне дейін – бұл Оңтүстік Африка. Ӛз
кезегінде Тропикалық Африка Батыс Африка, Орталық Африка және
Шығыс Африка аймақтарына бӛлінеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы Африканың саяси
картасына айтарлықтай ӛзгерістер енгізбейді, бірақ отаршылдық
экономиканың дамуына түзетулер енгізіп, Африка қоғамының
дәстүрлі әлеуметтік құрылымының бұзылу процесін тездетеді. Ұсақ
буржуазия ӛз позициясын айтарлықтай нығайтты, ұсақ буржуазия
және қалалық халық қатары айтарлықтай ӛсті.
Бірқатар араб елдерінің азаттық алу нәтижесінде соғыстан кейінгі
европалық отарлық үстемділік саласының қысқаруы Африка үшін
империалистік күрестің неғұрлым интенсивті түрде күшеюіне алып
келді. Соғыс жылдары Англия, Франция, АҚШ, басқа да европалық
державалар үшін ол маңызды шикізат және ӛндірістік база болды.
Мысалы, АҚШ-ның қара металлургиясы бұл кезеңде белгілі бір
деңгейде африкалық марганец, хром, тантал және басқа да рудаларына
тәуелді болды. Африкадан АҚШ-на шикізат енгізу 1940 жылдан 1945
жылға дейін 265%-ға артты. Құрама Штаттардың атом жобалары үшін
уранның негізгі жабдықтаушысы Бельгиялық Конго болды.
1941 жылы Атлантика хартиясының қабылдануымен батыс
державаларының саяси тәуелсіздік туралы уәделерін орындамауы,
экономикалық және әлеуметтік езгі африкалық халықтарды
қозғалыстарға алып келеді. Африкалықтардың отыршылдарға қарсы
күресі түрлі формада ӛтеді: стихиялы және ұйымдастырылған, бейбіт
және қарулы.
Қара Африкадағы азаттық күресінің үш кезеңін бӛліп кӛрсетуге
болады. 40 ж.ж. аяғынан 50 ж.ж. аяғына дейін – африкалық
халықтардың отаршылдарға қарсы ереуіл, шетелдік тауарларға
байкот, митинг және демонстрация сияқты күрес түрлерін
пайдаланған салыстырмалы түрде «бейбіт» кезең. Алайда
отаршылдар африкалықтардың бас кӛтерулерін күшпен басуға
ұмтылған аймақтарда оларға қарулы қақтығыстармен жауап береді.
Мысалы, 1945 және 1949 ж.ж. Угандада, 1947-1948 ж.ж.
271
Мадагаскарда, 1949 ж. Кот-д'Ивуарда, 1952-1956 ж.ж. Кенияда, 1955
ж. Камерунда осылай болды.
50 ж.ж. аяғынан 60 ж.ж. ортасына дейін – кӛпшілік африкалық
мемлекеттердің тәуелсіздік алуымен аяқталған отаршылдыққа қарсы
бас кӛтерулердің дамыған кезеңі. Бұл кезеңде бұрынғысынша
күрестің бейбіт құралдары қолданылды. Үшінші кезең – 60 ж.ж.
ортасынан 80 ж.ж. аяғына дейін – африкалық халықтардың
португалдық отарлардағы қарулы күресімен және Африканың
оңтүстігіндегі – Зимбабве және Намибиядағы рассалық режимге
қарсы, сондай-ақ ОАР-ғы «Умконто ве сизве» күреспен байланысты.
Соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдары Қара Африканың
кӛптеген отарларында отаршылдыққа қарсы саяси париялар және
ұйымдар, кәсіподақ орталықтары құрыла бастады. Бұл жылдардағы
ірі және біртұтас, отаршылдыққа қарсы тәжірибелік қызметпен тығыз
байланысты жалпыұлттық партиялар тӛмендегілер болды: 1944 жылы
тамызда құрылған Нигерия және Камерунның Ұлттық кеңесі, Алтын
Жағалау (Гана) конвентінің Халықтық партиясы, Кенияның
африкалық Одағы және Ньясалендтің Африкалық ұлттық конгресі;
1947 жылы жас сомалийліктердің Лигасы пайда болды; 1948 жылы –
Камерун халықтарының Одағы және Солтүстік Родезия Конгресі
және т.б.
Сол кезде пайда болған саяси қозғалыстардың ең ірілері 1946
жылы қазан айында құрылған Африканың Демократиялық бірлестігі
(АДБ) болды. АДБ-нің Француздық Батыс Африканың сегіз отарлық
иелігінде ӛзінің секцияларын иеленді. 1948 жылы Бірлестіктің
қабылданған бағдарламасында АДБ француздық отарларын халқын
саяси, экономикалық және әлеуметтік азат ету үшін күресетіндігі,
идеологиялық және діни бағытына қарамастан барлық күштерді
біріктіруге тырысатындығы атап кӛрсетілді. Тұрғылықты халықтың
кез-келген саяси қызметіне қатаң тиым салынған бельгиялық және
португалиялық отарларда партия және қозғалыс ролін құрылған
мәдени-ағартушылық ұйымдар орындады. Мысалы, Англияда «Идем
открывать Анголу» қоғамы (1948 ж.) пайда болды, ал Бельгиялық
Конгода сол жылы конго халқының мәдени ассоциациясы – АБАКО
және т.б. құрылды. Бірқатар отарларда, кейіннен азат етілген елдерде
коммунистік ұйымдар пайда болды: 1957 жылы Сенегалда, 1959
жылы – Реюньонда, 1961 жылы – Лесотода, 1963 жылы – Нигерияда.
Партия және қозғалыс қызметіндегі, соғысқа дейінгі кезеңмен
салыстырғанда, жаңа құбылыс – бұл олардың халықпен неғұрлым
тығыз байланысы, жұмысшылар және шаруалар тобының бас
кӛтерулерін жан-жақты қолдауы. Кәсіподақтар басшылығындағы
жұмысшылар қозғалысы да кең қарқын алды. Ол азаттық
272
қозғалысында маңызды роль атқарды. Африкалық жұмысшылардың
негізгі күрес формасы ереуілдер болды. 1942 жылы Нигерия
кәсіподақтарының Конгресі құрылды, ол 1945 жылы ел тарихында
тұңғыш рет жалпыхалықтық ереуіл ӛткізді. Ганадағы кәсіподақтар
қозғалысы ӛз бастауын 1945 жылдан алады. Солтүстік Родезияда
жұмысшылардың алғашқы африкалық кәсіподақтары 1948 жылы
пайда болды. 1947 жылы Дакарда (Сенегал) барлық африкалық
кәсіподақтардың бірінші конгресі ӛткізіледі, оған Қара Африканың 19
отарынан делегаттар қатысты. 40 жылдардың соңы – 50 жылдардың
басында Тропикалық және Оңтүстік Африканың басқа да
отарларында кәсіподақтар қозғалысы ӛз дамуын алды: Мадагаскарда,
Оңтүстік Родезияда, Ньясалендте, Бельгиялық Конгода және
португалиялық отарларда.
Африкадағы ӛзінің «тұрақты орналасуын» ойластырған Англия
екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының ӛзінде-ақ Қара Африкадағы
ӛзінің барлық отарларын үш ірі федерацияға біріктіру бойынша
жоспар құрды: Шығыс-африкалық, Орталық-африкалық және
Оңтүстік-африкалық, орталығы Кения болуы тиіс болды. Оңтүстік
Родезия (Зимбабве) және Оңтүстік-Африкалық Одақ. Аталған
жоспарлар нақты мақсаттарды қарастырды – табиғат және адам
ресурстарын неғұрлым тиімді қанауға қол жеткізу, отарлардың
ӛндірістік дамыған аудандарын шикізат аудандарымен байланыстыру.
Бұл жоспарлардың бірі орындалды. Мысалы, 1953 жылы Англия
тұрғылықты
халықтың
ерік-жігеріне
қарамастан
Орталық
Африкадағы ӛз иеліктерін біріктірді: Солтүстік Родезияны (Замбия),
Оңтүстік Родезияны (Зимбабве) және Ньясалендты (Малави) Родезия
және Ньясаленд Федерациясына біріктірді. Ол 1963 жылға дейін ӛмір
сүрді.
Қара Африкадағы британдық иеліктердің жоғары басшы-
лығында соғыстан кейінгі кезеңде айтарлықтай ӛзгерістер болған жоқ.
Бұрынғысынша нақты билік отар губернаторының және оның
әкімшілігінің қолында қала берді. Алайда африкалықтарға кейбір
отарларда тек кеңесушілік құқығы негізінде ӛздерінің атқарушы және
заң шығарушы органдарын құруға рұқсат берілді, және олардың
қызметі отарлық әкімшіліктің қатаң бақылауында болды. Оған қоса,
африкалықтар үшін сайлау құқығы түрлі шектеулермен негізделді:
мүліктік ценз, білім, отардың даму деңгейіне байланысты басқа да
ценздер енгізілді. Осылайша, жергілікті халықтың тек оннан бір
бӛлігінің ғана сайлауға қатысуы заңды құбылыс болды.
50 ж.ж. соңы кейіннен отарлық режимнің құлатылуы орын алған
маңызды кезеңдердің бірі болды, 1960 жыл тарихқа «Африка жылы»
ретінде енді. Тропикалық Африкадағы отаршылдық режимнен алғаш
273
болып босатылған ел Алтын Жағалау болды. Халық тобының талап
етуі бойынша түрмеден Батыс Африкадағы азаттық күресінің кӛсемі
Кваме Нкруме босатылды. 1957 жылы 6 наурызда тәуелсіздігін
алғаннан кейін ел Гана деп аталады. Кваме Нкруме оның бірінші
президенті болып сайланды.
1960 жылы 1 қазанда халқы бойынша ең үлкен отар Нигерия
тәуелсіз елге айналады. 1961 жылы сәуірде Сьерра Леоне
тәуелсіздігін алады. Шығыс Африкада ағылшын отарларынан тәуелсіз
болған алғашқы ел Танганьика болды, 1962 жылы Занзибар азат
етілгеннен
кейін
унитарлы
мемлекет
Біріккен
Танзания
Республикасын құрады. Оны Африкадағы азаттық қозғалысының
кӛрнекті қайраткері Джулиус Ньерере басқарады. 1962 жылы Уганда,
ал 1963 жылы желтоқсанда Кения тәуелсіз елге айналады. 1964 жылы
Ньясаленд және Солтүстік Родезия ӛздерінің тәуелсіздігі туралы
жариялайды. Африканың саяси картасында тағы да екі жаңа тәуелсіз
мемлекет – Малави және Замбия пайда болады.
Аймақтың француздық отарлары ӛздерінің тәуелсіздіктеріне
қарулы күрес жолымен ғана қол жеткізеді. Францияның халықаралық
жағдайы және саяси позициялары 50 ж.ж. соңына қарай айтарлықтай
әлсірейді. Ол Вьетнамдағы соғыста жеңіліске ұшырады, Алжирмен
соғысының да болашағы болмады. 1958 жылы Францияда метрополия
мен отарлар арасындағы ӛзара қарым-қатынастарға кейбір формальды
ӛзгерістер енгізуді қарастырған жаңа конституция күшіне енді.
Конституция жобасында Францияның сыртқы территорияларының
кез-келгеніне
Франк-африкалық
қауымдастықтан
егер
де
референдумда дауыс берушілердің кӛпшілігі жаңа конституцияға
«жоқ» деген жағдайда шығу құқығы берілген ереже болды.
Бұл қадамға алғашқылардың бірі болып Гвинея халқы қадам
басты. Ол Францияның жаңа конституциясына қарсы дауыс берді
және тәуелсіздігін алды. 1958 жылы 2 қазанда Ахмед Секу Туремен
құрылған гвинеялық үкімет Франк-африкалық қауымдастықтан
шығатындығы туралы мәлімдеді және Гвинеяны тәуелсіз мемлекет
деп жариялады. Франция Гвинеяға қарсы экономикалық санкция
қолданды. Алайда бірінші кезеңде экономикалық қиындықтарды
КСРО және Гана үкіметтері тарапынан жас республикаға кӛрсетілген
қаржылық кӛмек нәтижесінде жеңу мүмкін болды.
Тәуелсіз Гвинея Республикасының құрылуы Қара Африкадағы
отаршылдыққа берілген екінші ірі соққылардың бірі болды. 1958
жылдан кейін аймақтағы барлық француздық отарларда тәуелсіздік
үшін қозғалыс күшейді, және 1960 жылдың соңына қарай
Францияның 12 отары және екі қамқорлығындағы территориялары
274
тәуелсіз мемлекеттер болды. Француздық отарлық империя
дүниежүзінің саяси картасынан жойылды.
50 ж.ж. екінші жартысында бельгиялық отарлардағы – Конго
және Руанда-Урунди қамқорлығындағы территорияларында ұлт-
азаттық қозғалыстар барлық халықты қамтыды. Бұған 1960 жылға
қарай Бельгиялық Конгода 113 түрлі саяси ұйымдардың қызмет
еткені дәлел бола алады. Олардың ішіндегі неғұрлым ірілері және
ықпалдылары Патрис Лумумба басқарған Конголездік ұлттық
қозғалыс,
Антуан
Гизенги
басшылығындағы
Африкалық
ынтымақтастық партиясы және т.б. болды. Бұған дейін бельгиялық
билік жергілікті халық ортасында саяси ұйымдар құруға шешуші
түрде қарсылық білдіріп отырды, алайда енді қарқын алған азаттық
қозғалысына қарсы тұра алмады, керісінше олардың жетекшілерін ӛз
жағына тарту үмітімен ұсақ саяси партиялардың құрылуын қолдауға
тырысты.
Тәуелсіздік үшін күрес қайраткерлерімен күрес әдістерінің бірі
репрессия болды. 1959 жылдың басында бірқатар қалаларда полиция
қару қолданды. Бейбіт демонстрацияларды ату барлық елді қамтыды.
Бельгиялық билікке Конгоға тәуелсіздігін беруден басқа ештеңе
қалмады. Бұл 1960 жылы 30 маусымда жүзеге асты. Жергілікті
ӛкілдік органдарға сайлау ӛткізу кезінде Конголездік ұлттық қозғалыс
партиясы жеңіске жетті. Оның жетекшісі Патрис Лумумба ел
тарихындағы бірінші ұлттық үкіметті құрды және басқарды.
Конго халқының тәуелсіздігін алуы бельгиялық басшылыққа
бағынышты Руанда-Урунди территориясында азаттық қозғалысының
ӛсуіне ықпал етті. Мұндағы саяси ӛмір тек отаршылдарға қарсы күрес
белгісімен ғана жүрген жоқ, сонымен бірге бұл территорияларды
қоныстанушы екі негізгі халық – бахуту және батутси арасындағы
тайпааралық келіспеушіліктермен қатар ӛрбіді. Руандада бахуту
халқының қолдауына ие болған Пармехуту партиясы, Урундиде
батутси ӛкілдерімен басқарылған Юпрона партиясы неғұрлым
ықпалды болды. Бұл партиялар, әр қайсысы ӛз территориясында,
ӛкілетті органдарға ӛткен сайлауда жеңіске жетті. Олар үкіметті
құрды және БҰҰ-на бағынышты территорияда екі дербес мемлекет
құру туралы мәселені жібереді. БҰҰ Бас ассамблеясы 1962 жылы 1
маусымда бұл талаптарды қанағаттандырған шешім қабылдайды.
Африка құрлығында Руанада республикасы және Бурунди корольдігі
пайда болды. Бельгия Африкадағы ӛзінің соңғы отарларынан
айырылды.
Португалия отарлары: Ангола, Мозамбик, Гвинея-Бисау, Сан-
Томе және Принсипи, сондай-ақ Жасыл Мүйіс аралдарында нәсілдік
275
езушіліктің неғұрлым қатаң формалары қолданылады. Қатаң
жазалаушылық жағдайында азат етуші күштерге күрес ұйымдастыру
қиын болды. Сондықтан да 50 ж.ж. соңына дейін португалиялық
отарлар «үнсіздік зонасы» деп аталды. Алайда мұнда да біртіндеп
революциялық қозғалыстар ӛріс ала бастады.
1961 жылы Анголада кең кӛлемді партизандық қозғалыстарға
басатама болған кӛтеріліс басталды. Анголалықтардың қарулы күресін
1956 жылы желтоқсанда құрылған Агостиньо Нето жетекшілігіндегі
Анголаны азат етудің Халықтық қозғалысы (МПЛА) басқарады. 1963
жылы қаңтар айында Гвинея-Бисауда қарулы күрес басталды. Халық
тобының бас кӛтерулерін Амилкар Кабрал басшылығымен Гвинея-
Бисау және Кабо-Верде аралдарының Африкалық тәуелсіздік партиясы
(ПАИГК) басқарды. 1962 жылы қыркүйек айында Мозамбикті азат ету
Майданы (ФРЕЛИМО) құрылды, ол тура екі жылдан соң ел халқын
жалпыхалықтық қарулы күреске шақырды. ФРЕЛИМО жетекшісі
азаттық күрес кезеңінде Эдуарду Мондлане болды, ал оның ӛлімінен
кейін 1969 жылы Самора Машел.
Португалиялық отарлар халқының күресі қантӛгісті сипат алды
және он жылдан астам уақытқа созылды. Отарлық билік кӛтерілісті
басудың тек қарулы құралдарын ғана қолданды. Отаршылдардың
қарсылығын бұзған алғашқы ел, ӛзін 1973 жылы қыркүйек айында
республика деп жариялаған Гвинея-Бисау болды.
Сәуір революциясының барысында Португалияда фашистік
режим құлатылды. Ангола мен Мозамбиктің тәуелсіздігін алу үшін
қолайлы жағдай қалыптасты. Жаңа португалиялық үкімет азаттық
қозғалысының ӛкілдерімен бірге келіссӛздер үстеліне отырып, ӛзінің
бұрынғы отарларына тәуелсіздік беру туралы келісімге қол қойды.
1975 жылы 25 маусымда Мозамбикте португалиялық жалау түсірілді.
Анголада жағдай күрделілеу болды. 1975 жылы қаңтар айында
Португалиямен билікті ұлттық күштерге беру туралы келісімге қол
қойғаннан кейін елде азамат соғысы басталды. Ол расистік Оңтүстік-
Африкалық Республика тарапынан интервенциямен шиеленісе түсті.
МПЛА үшін қауіпті жағдай қалыптасты. Осындай жағдайда қозғалыс
жетекшісі КСРО мен Кубадан кӛмек сұрайды. 1975 жылы 11
қарашада Анголаның тәуелсіздігі жарияланады, МПЛА кӛсемі
Агостиньо Нето басқарған үкімет құрылады.
Оңтүстік Родезияда билікке орныққан ақтар кӛпшілік
африкалық халықтардың саяси талаптарына жол бергісі келмеді. 1965
жылы қараша айында басында Ян Смит болған ақ расистер үкіметі
Оңтүстік Родезияны ағылшын доминионы статусынан айырады және
біржақты негізде Родезияның «тәуелсіздігін» жариялайды. Елде
276
апартхейд жүйесі орнатылады. Африкалықтар режимді құлату үшін
және кӛп расалық негізде билік органдарын құру үшін қарулы күрес
жолына түседі.
1967 жылы Зимбабве африкалық халықтар Одағы (ЗАПУ)
Джошуа Нкомо басшылығымен және Роберт Мугабе басшылы-
ғындағы Зимбабве Африкалық ұлттық одағы (ЗАНУ) азаттық үшін
біріккен күрес туралы декларацияны қабылдайды. Ал 1976 жылы
ЗАНУ және ЗАПУ ӛздерінің біріккендігі және Зимбабве Патриоттық
майданының (ЗПМ) құрылуы туралы жариялайды.
Ян Смиттің «ақ» үкіметі бірінен кейін бірі жеңіліске тап болады.
Оның жағдайы Оңтүстік Родезияға қарсы БҰҰ-ның экономикалық
санкция енгізуімен қиындай түсті. Ақыры соңында ол қарсыласушы
тараппен келісіп, келісім үстеліне отыруға мәжбүр болды. 1979
жылдың соңында, ағылшын үкіметінің араласуымен, қарсыласушы
тараптар арасында Ланкастерлік бейбіт келісімнің жасалуымен
аяқталған конституциялық конференция ӛтеді.
1980 жылы ақпанда Зимбабве ұлт-азаттық күштері жеңіске
жеткен парламент сайлауы ӛтеді, елдің жоғары органында кӛпшілік
орынды иеленеді (100-ден 77-н). Ланкастерлік келісімге сәйкес, 20
мандат Ян Смит басшылығындағы Родезиялық майдан партиясы
бейнесіндегі ақ қауымға қалдырылды. 1980 жылы сәуір айының 17-
нен 18-не қараған түні соңғы бұрынғы британдық отар ӛзінің ӛмір
сүруін тоқтатты. Зимбабве Республикасының құрылуы туралы
жарияланады. Тәуелсіз және кӛп расалық мемлекеттің премьер-
министрі Роберт Мугабе болды.
Намибия (1968 жылға дейін Оңтүстік-Батыс Африка) 1915
жылдан бастап Оңтүстік-Африкалық Одақ (1961 жылдан бастап –
Оңтүстік-Африкалық Республика) басқаруында болды. 1949 жылы
ОАО, БҰҰ шешімдеріне қарамастан, Намибияны аннексиялады және
оны ӛзінің провинцияларының біріне айналдырды. Оңтүстік-Батыс
Африка Халықтық ұйымы (СВАПО) жетекшілігімен намибиялық
халық жүргізген күрес ауыр және қантӛгісті болды. ОАР Намибия
бойынша БҰҰ қабылдаған барлық шешімдерді ашық түрде назардан
тыс қалдырды. Олар бірнеше болды. 1966 жылы БҰҰ Бас
ассамблеясы ОАР-ның елді басқаруға мандатын жойды, сол арқылы
Намибия халқының ӛзін-ӛзі басқаруға құқығын нақтылады. 1976
жылы БҰҰ қауіпсіздік Кеңесі бантустанизацияның тоқтатылуы,
оңтүстік-африкалық әскерлердің және әкімшіліктің шығарылуы, саяси
тұтқындарды босату және билікті жалпыхалықтық сайлау ӛткізу
жолымен халыққа беру туралы кезекті резолюциясын қабылдайды.
277
1978 жылы БҰҰ ҚК №435 резолюцияны, Намибияны кезеңдік
деколонизациялау туралы жоспарды қабылдайды. БҰҰ барлық
күштері
сарпылды.
1980
ж.ж.
соңына
қарай
Намибия
территориясының айтарлықтай бӛлігі СВАПО бақылауында болды.
Осындай жағдайда ОАР үлкен кешігушілікпен БҰҰ-ның №435
резолюциясын мойындауға және оның 1989 жылдың 1 сәуірінен
бастап күшіне енуіне келісуге мәжбүр болды. 1989 жылы қараша
айында Намибияда жалпыхалықтық парламент сайлауы ӛтеді, онда
СВАПО ӛкілдері жеңіске жетеді. 1990 жылдың 21 наурызы Намибия
тәуелсіздігінің ресми жариялану күні болды. СВАПО кӛсемі Сэм
Нуйома оның бірінші президенті болып сайланды.
Саяси
тәуелсіздік
африкалық
халықтардың
маңызды
жеңістерінің бірі болды. Енді олар ӛз болашақтарын анықтау
мүмкіндігіне ие болды. Алайда оларға ауыр мұра қалады:
экономикалық артта қалушылық, батыс державалары немесе бұрынғы
метрополия елдері нарығына тәуелділік; күрделі ұлтаралық
қақтығыстар. Әлеуметтік-экономикалық даму қиындықтары табиғи-
климаттық катаклизммен де тереңдей түсті.
Отарлық дәуірде жүзеге асырылған этникалық алуан түрлі
халықтар территориясын жасанды бӛлу, және кӛпұлтты отарларды
құру екі мәселені туындатты: қайтадан құрылған бір ел шеңберіндегі
түрлі халықтар арасындағы қатынастар және осы елдердің ӛздерінің
арасындағы қатынастар. Африкада этникалық, тілдік және
конфессиональдық тұрғыдан біртекті халқы бар бірде-бір отар
болмады. Нәтижесінде, мысалы, мандинго халқы Сенегал, Мали,
Гамбия, Сьерра-Леон, Кот-д'Ивуар, Буркино-Фасо және Мавритания
арасында ӛзара бӛліске түседі. Мұндай жағдайды Шығыс Африкадан
да байқауға болады. Нилот халқы тӛрт отар: Судан, Уганда, Кения
және Бельгиялық Конго шекарасында бытыраңқы орналасады.
Мемлекеттік шекаралардың жасандылығы тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарынан-ақ Сомали мен Кения, Гана мен Того, Камерун мен
Нигерия арасындағы қатынастарда қайшылық туғызады. 1964 жылы
ақпан айында екі ел арасындағы қарулы қақтығысқа ұласқан
сомалилік-эфиопиялық шиеленіс неғұрлым күрделі болды.
Тәуелсіздік алу кезеңінде батыс елдерінен ұлттық ішкі ӛнім
кӛрсеткіші бойынша айтарлықтай артта қалушылық байқалады. Қара
Африканың дүниежүзілік капиталистік ӛндірістегі үлесі 1962 жылы
1%-ды құрайды. Жан басына шаққандағы ӛнеркәсіп ӛнімі Қара
Африкада 20 долларды, ал ауыл шаруашылық ӛнімі – 60 долларды
құрады, ал бұл кӛрсеткіш дамыған елдерде сәйкесінше 480 және 120
долларды құрады.
278
Отаршылдық дәуірден тәуелсіз африкалық мемлекеттерге
экономиканың бір түрлі сипаты мұраға қалды. Отарлар 1-2
экспорттық ӛнімге, 1-2 минеральдық шикізат ӛндіруге ғана
мамандандырылды. Гана негізінен какао (1957 жылы какао Гана
экспортының 56% құрады), Дагомея (Бенин) – пальма майын,
Сенегал, Нигер, Гамбия – арахис, Уганда – мақта және кофе, Сьерра-
Леоне – темір рудасын, Бельгиялық Конго – мыс ӛндірді. Ӛңдеуші
ӛнеркәсіп Қара Африка отарларында мүлдем болған жоқ.
Отарлар халқы ішкі африкалық сауда жасау мүмкіндігінен
толығымен айырылады. Тәуелсіз мемлекеттердің дамуының бастапқы
кезеңі ұлттық мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігінен
үлкен зардап шегеді. Мысалы, Гвинеяда 1958 жылы тәуелсіздік алған
кезеңде 3,5 млн. тұрғын халықтың тек 29-ы ғана жоғары білімді
болған. Оның ішінде бірде бір инженер немесе экономист болмаған.
Мұндай жағдай Қара Африканың басқа да елдерінде кӛрініс табады.
Африканың 70%-дан астам халқы сауатсыз болды, мектеп жасына
жеткен 50%-тен астам балалардың бастауыш білім алу мүмкіндігі
болған жоқ.
Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Африкалық мемлекеттердің
алдында әлеуметтік-экономикалық даму және саяси бағытын
айқындау міндеті тұрды. Кейбіреулері кейіннен ӛз мемлекеттерінің
жетекшілеріне
айналған
Бесінші
панафрикалық
конгреске
қатысушылар африка үшін батыстық үлгідегі капитализмнен, сондай-
ақ кеңестік «коммунизмнен» ерекшеленетін «үшінші жолды»
анықтайды.
60 ж.ж. басында аймақтың кӛптеген елдерінің жетекшілері
«африкалық социализм» тұжырымдамасына арқа сүйейді. Оның
негізгі жағдайлары тӛмендегідей:
«ұлттық дәсүрлі қоғамдағы барлық жақсыны» сақтау және
дамыту;
Батыс және Шығыс мәдениетіндегі барлық пайдалыны қолдану;
«бір таптың үстемділігінен» және оған қандай да бір
партиялық мүшеліктің шектеулігінен азат саяси партияларды жаппай
иелену;
Африкалықтардың моральдық нормалары мен рухани құнды-
лықтарының кӛзі дін деп жарияланды. «Африкалық социализмнің»
экономикалық негізін түрлі меншік формаларының болуы, аралас
экономика, шетелдік тәжірибені, технологияны, білім мен маман-
дарды пайдалану құрады. Сыртқы саяси қызметінде панафриканизм
және афро-азиялық ынтымақтастық идеясын дамытуға кӛңіл бӛлінді.
279
60 ж.ж. кӛпшілік елдердің саясаты мен мәдениетін африка-
ландыру ұранымен ӛтеді. Амаду Ахиджо «камерундық социализм»
құру саясатын ӛткізеді. Мобуту Сесе Секо Куку Нбгенду Ва За Банга
«заир ұлтшылдығының» негізін салады. Елде «Заир – бір ел, Заирда –
бір партия, ал партияда – бір кӛсем» деген ұранмен шаралар жүзеге
асырылады. 1963 жылы «демократиялық африкалық социалистік
қоғам» құру бағытын Кения жариялайды.
60 ж.ж. аяғынан 70 ж.ж. ӛн бойында бірқатар африкалық
мемлекеттерде ұлттық-демократиялық революциялар ӛтеді: Конгода
(Браззавиль, 1968 ж.), Сомалиде (1969 ж.), Бенинде (1972 ж.),
Эфиопияда (1974 ж.). Революциялық-демократиялық мемлекет құру
жолына португалдық отаршылдықты жойғаннан кейін Ангола (1975
ж.), Мозамбик (1975 ж.), Гвинея-Бисау (1973 ж.) түседі. 1980 жылы
рассалық режимді жойғаннан кейін Зимбабве де ӛзіне дәл осындай
даму жолын таңдайды. Бұл мемлекеттер Кеңес Одағымен және
социалистік достықтың басқа да елдерімен тығыз қатынаста болған
социалистік бағыт ұстанған елдер тобын құрайды.
Неоколониализм азат етілген елдердің әлеуметтік-экономи-
калық дамуын тежеген басты факторлардың бірі болды. Батыс
державаларының еркіндік алған елдерге кӛрсеткен «кӛмегінің»
сипаты, жоғары банктік проценттерге негізделген, олардан бӛлінген
кредиттердің ауыр шарттары Африка елдерінің сыртқы қарыз
кӛлемінің үнемі артуына алып келеді. 1975 жылы сыртқы қарыз
кӛлемі 31,6 млрд. долларды құраса, 80 ж.ж. ортасына дейін ол 150
млрд. долларға дейін ӛседі, 90 ж.ж. ортасында 313 млрд. доллар, ал
2000 жылы ол 370 млрд. долларға жетеді.
80 ж.ж. экономикалық жағдайдың одан әрі тӛмендеуімен,
әлеуметтік қайшылықтардың ӛсуімен, саяси шиеленістер және
азаматтық қақтығыстармен ерекшеленеді. Сауда балансының
тапшылығы тұрақты мәселеге айналып, қайта-қайта сыртқы қарыз
алуға алып келеді. 80 ж.ж. аяғында бережақ шамамен 230 млрд.
долларды құрады, ал ҰІӚ кӛрсеткіші жан басына шаққанда 4%-ға
қысқарды. 80 ж.ж. ондаған млн. африкалықтардың ӛмір сүру деңгейі
күрт құлдырады. Салыстырмалы түрде: АҚШ-да жан басына
шаққанда 16490 долларды, Эфиопияда – 110 долларды, Швейцарияда
– 14200 долларды, Малиде – 130, Біріккен Араб Әмірлігінде – 19020,
Чадта – 90 долларды құрады.
Африка 80 ж.ж. бала ӛлімі, демографиялық ӛсім, қала халқының
шоғырлануы және жұмыссыздық, экологиялық жағдайдың тӛмендеу
кӛрсеткіші бойынша алдыңғы орында болды.
280
1986 жылы БҰҰ Африканы дамыту және ӛрлеуін қамтамасыз
етуге бағытталған мамандандырылған бағдарламаны қолданады.
Алайда бұл ешқандай нәтиже бермейді. Халықаралық Валюта қоры,
Дүниежүзілік банк және басқа да халықаралық қаржы ұйымдары
құрастырған экономиканы жандандыру жобалары ойлаған нәтиже-
лерге қол жеткізбейді. Бұл ұсыныстар бойынша «құрылымдық
реттеу» саясатын 30-ға жуық африкалық мемлекет жүзеге асырады.
Кот-д'Ивуар, Сенегал, Заир, Гвинея, Ганада жұмыссыздар саны күрт
ӛседі. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, Африкадағы жұмыссыздар саны
1984 жылғы 9,7 млн. адамнан 1987 жылы 22. млн. адамға ӛскен. Бұл
жылдары білімді адамдардың шетелге кетуі кең қанат жаяды. Жоғары
және орта білімді 70 мыңға жуық мамандар ӛз елдерін тастап, Азия
және АҚШ-на кетті.
80 ж.ж. ортасында Қара Африкадағы экономикалық және
әлеуметтік дағдарыстың күрделі болғандығы соншалық БҰҰ
африкалық аймаққа ерекше статус беру әрекетін қолдануға мәжбүр
болады. «1986-1990 ж.ж. Африкадағы экономикалық ӛрлеу мен
дамытуды қамтамасыз ету бойынша БҰҰ-ның әрекетері» атты арнайы
бағдарлама жасалады.
90 ж.ж. БҰҰ бекіткен халықаралық қаржы корпорацияларының
ұсынысымен жүзеге асырылған жаңа либеральдық реформалар
саясаты Африка экономикасының позитивті трансформациялануына
мүмкіндік бермейді. Бұған 90 ж.ж. ортасында Тропикалық Африка
елдерінің
ӛнеркәсіп
тауарларының
және
қызмет
кӛрсету
орталықтарының кӛлемінің шағын Бельгия сияқты европалық елдің
осындай кӛрсеткіштерімен тең болуы мысал бола алады.
Қара Африка – кедейшілік пен тапшылық күннен күнге ӛсіп
келе жатқан планетадағы жалғыз жер. 1997 жылы оның 54% тұрғыны
кедейшілік пен қайыршылықтың табалдырығында тұрды. Африка
қарыз кӛлемі бойынша (90 ж.ж. ортасында 252 млрд. доллар, бұл 65%
ҰІӚ және 250% экспорттың жылдық кӛлемі) Латын Америкасы мен
Азияны басып озады.
Қара Африкада жаңа мыңжылдықтың басталуы қарсаңында
күрделі ӛзгерістер жүреді: 90 ж.ж. ортасында 30-дан астам африкалық
мемлекеттер авторитарлық әскери және басқа да диктаторлық және
бірпартиялық режимнен кӛппартиялық саяси жүйеге кӛшеді.
1958 жылы африкалық елдердің ӛкілдері ӛз тарихында тұңғыш
рет Африканы деколонизациялау мәселесін талқылау мәселесі
бойынша панафрикалық конференцияны ұйымдастырушылар болады.
1958 жылы Гана астанасы Аккрада 8 азат елдің ӛкілдері қатысқан
281
тәуелсіз Африка мемлекеттерінің Конференциясы ӛтеді. 1958 жылы
желтоқсанда Ганада, 1960 жылы қаңтарда Тунисте, 1961 жылы
наурызда Египетте Африка халықтарының конференциясы ӛтеді.
1958 жылғы Ганадағы сәуір конференциясы толығымен саяси
азаттық және отаршылдық режимді жою бойынша нақты шараларды
талқылауға арналады. 27 африкалық мемлекеттер мен отарлардың
ӛкілдері еркін африкалық мемлекеттер одағын құру үшін күрес
туралы шешім қабылдайды. Тунистегі конференцияда күн тәртібіне
экономикалық тәуелсіздік үшін күрес мәселесі қойылады. Каирде
ӛткен Африка халықтарының ІІІ конференциясы батыс державалары
тарапынан жаңа, яғни неоколониализмнің, қанау формалары мен
әдістеріне қарсы күрес жолдарын таңдау және іздеу мәселесіне
арналады.
Африкалық Бірлік Ұйымын (ОАЕ - АБҰ) құру туралы
конференция 1963 жылы 22-25 мамырда Эфиопия астанасы Аддис-
Абебада ӛтеді. АБҰ-ның құрылымы, мақсаты мен міндеттері
конференцияда қабылданған АБҰ-ның Хартиясында кӛрсетіледі.
АБҰ Африкадағы аймақтық ұйымға айналады. 2000 жылы
құрлықтың 52 мемлекеті АБҰ-ның мүшесіне айналады. 1961 жылы
Франциядан тәуелсіздік алған 12 африкалық ел ресми түрде
Африкалық-Малагасиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымы
(АМОЭС - АМЭЫҰ) болған Браззавильдік топты құрайды. 1964
жылы АМЭЫҰ шеңберінде оның құрамынан бірқатар елдердің
шығуынан кейін 1974 жылы Жалпы афро-маврикийлік ұйым атауын
алған Афро-Малагасиялық одақ құрылады. Оның қазіргі 9 елі ӛз
елдеріне сыртқы несиелерді тарту және мамандарды дайындауды
жүзеге асыруда бір-бірімен ӛзара тығыз байланыста әрекет етеді. 1967
жылдан 1977 жылға дейін құрамына Танзания, Кения және Уганда
кірген Шығысафрикалық экономикалық қауымдастық қызмет етеді.
Қауымдастық оның мүшелері арасындағы қайшылықтар нәтижесінде
таратылады. Алайда 2000 жылдың басында Кения, Танзания және
Уганда экономикалық ынтымақтастығын қалпына келтіру туралы
шешім қабылдайды және 1999 жылы қарашада Шығысафрикалық
қауымдастықты қайта құру туралы келісімге қол қояды.
1999 жылы күзде Мозамбик, Замбия және Малавидің Үштік
сауда одағы құрылып, біріккен сауда және инвестиция саясатын
жүзеге асыруға бағытталады.
1980 жылы Африканың оңтүстігінде аймақтық ұйым – Оңтүстік
Африка елдерінің даму бағыттары бойынша Конференция (САДКК -
ОАЕДББК) құрылады. Оның мүшелері Ангола, Ботсвана, Замбия,
Зимбабве, Лесото, Малави, Мозамбик, Свазиленд және Танзания
282
болды. САДКК жүзеге асырған экономикалық жобалардың
кӛрсеткіші 90 ж.ж. басында 2,5 млрд. долларды құрады.
Экономикалық
қиындықтарды
жеңуге
басқа
аймақтық
ұйымдардың қызметі бағытталған. Бұған Батыс Африка елдерінің
экономикалық қауымдастығын (ЭКОВАС), Орталық Африка
мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығын (КЕЕАС) атауға
болады. Бірінішісі 1975 жылы құрылады және оған Батыс Африка
аймағының 16 мемлекеті енеді. 1978 жылы сәуірде қауымдастық
мүшелері арасында басып кірмеу және «олардың арасында
қалыптасқан шекараны» тұрақты ретінде тану туралы Пактіге қол
қойылады. 1981 жылы қорғаныс саласындағы ӛзара кӛмек, біріккен
қарулы күштерді құру туралы құжаттарға қол қойылады. 1983 жылы
құрылған КЕЕАС-та ӛз қызметінде сауда және кедендік кедергілерді
жою, мүше елдер арасындағы жұмысшы күші мен капиталдардың
еркін алмасуын қарастырды. КЕЕАС-қа Орталық Африканың 10 елі
кірді: Бурунди, Габон, Заир, Камерун, Конго, Руанда, Сан-Томе және
Принсипи, Чад, Орталық Африка Республикасы, Экваторлық Гвинея.
Достарыңызбен бөлісу: |