Оңтҥстік-Африкалық Республика
1.
Апартхейд режимінің қалыптасуы.
2.
Апартхейд режиміне қарсы африкалықтардың күресі.
3.
70 ж.ж. ОАР үкіметінің саясаты.
Оңтҥстік-Африкалық Республика
(ОАР; африк. Republiek van
Suid-Afrika, ағылш. Republic of South Africa) – Африка құрлығының
оңтүстік бӛлігіндегі мемлекет. Солтүстігінде Намибиямен, Ботсва-
намен және Зимбабвемен, солтүстік-шығысында – Мозамбикпен және
Свазилендпен шектеседі. ОАР территориясының ішінде Лесото
мемлекет-анклав орналасқан.
Жер кӛлемі
- 1 219 912 км², ел дүние жүзінде аумағы бойынша
24-ші (Малиден кейін).
Басқару формасы
– унитарлы мемлекет. Ел территориясы 9
провинцияға бӛлінген.
289
ОАР провинциялары (1991 ж)
Ақша бірлігі
– оңтүстікафрикалық рэнд, 100 центке тең.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы Оңтүстік-Африкалық
Одақтың қоғамдық-саяси ӛміріне айтарлықтай ӛзгерістер енгізді.
Соғыс жылдарында белең алған ӛнеркәсіп ӛндірісінің ӛсуі соғыстан
кейінгі алғашқы жылдары да жалғасты. Соғыстан кейінгі кезеңде елде
ұлттық және фашистік бағыттағы ұйымдар және бірінші кезекте
«Брудербонд» («Ағайындылар одағы») ӛз қызметтерін жандандырды.
«Ағайындылар» үкіметтік аппараттағы, мемлекеттік-монополистік
сектор орындарындағы маңызды орындарды иеленді. «Брудербонд»
жетекшілерінің бірі Франсуа Даниэль Малан 1948 жылы елдің
премьер-министрі болды. 1948 жылдан бастап премьер-министр
қызметін «ағайынды» жетекшілер иеленді: Малан (1948-1954 ж.ж.),
Й.Г.Стрейдом (1954-1958 ж.ж.), Хендрик Фервурд (1958-1966 ж.ж.),
Балтасар Форстер (1966-1978 ж.ж.), әрқайсысы ӛз билігі жылдары
нәсілдік дискриминацияны күшейтті.
1948 жылғы сайлау қарсаңында елде билік үшін басты бақталастар
арасында – Ян Христианның Біріккен партиясымен және Д.Маланның
Ұлттық партиясы - ӛткір саяси күрес орын алды. Ұлттық партия қара және
ақ тұрғындар қатынасында жеке ӛмір сүру мен дамуына бағытталған
апартхейд доктринасымен келді. Ол 1943 жылы жасалды және қатаң
нәсілдік дискриминацияны, европалық еместердің қарсылықтарын
басуды, елде европалық ӛкілдер үстемділігінің орнатылуын қарастырды.
Сӛз «херренфольк» басқаруын құру туралы болды.
«Брудербонд» және Ұлттық партия идеологтары Оңтүстік
Африканың барлық халқын пирамида түрінде елестетті: жоғарыда –
африканерлер, тӛмен – басқа ақтар (ағылшындықтар, немістер, одан
да тӛмен – еврейлер), одан кейін мулаттар және үнділіктер, ал оның
тӛменінде – миллиондаған африкалықтар.
Біріккен және Ұлттық партия бағдарламаларында бір ғана
келіспеушілік болды – біріншісі Ұлыбританиямен байланыстарын
кеңейту, екіншісі – одан толық тәуелсіздігін алу және ӛзін республика
290
деп жариялау. 1948 жылғы парламентке сайлау нәтижелері Ұлттық
партияға күткен нәтиже әкелді.
Ұлттық партия билікке келгеннен кейін оның жетекшілері
мемлекеттік аппаратты африкаландыруға кірісті. Басқаша ойлайтын-
дарды қызметінен босатты. Әсіресе армия, полиция және әділет
органдары тазалауға ұшырады. Оның ішінде, полициядағы басшылық
орындарға «Брудербонд» мүшелері тағайындалды. Мемлекеттік
мекемелерде ресми тілдер – ағылшын және африкаанс – енгізілді.
Билікке оңшыл африканерлік ұлтшылдардың келуімен ӛзіндік
ішкі отаршылдық жүйесі қалыптасты. Барлық заңдар апартхейд
жүйесін дамытуға бағындырылды. Парламент ұлттық партиялар
үстемдігі кезеңінде «Нәсілдік топтар бойынша қоныстандыру туралы
Заң (1950 ж.)», сол жылы «Халықты тіркеу туралы Заң»,
«Коммунизмді басу туралы Заң», «Банту құру туралы Заң» (1953 ж.),
«Ӛнеркәсіптегі арбитраж туралы Заң» (1956 ж.), «Банту басқаруын
дамыту туралы Заң» (1959 ж.) және бірқатар басқа да заңдар
қабылдады.
Қоныстандыру туралы Заң үкіметке елдің кез-келген бӛлігін
қандай да бір этникалық топтың орналасу ауданы ретінде анықтау
құқығын берді. Африкалықтарды күшпен шеткері аймақтарға,
былайша айтқанда «тауншиптарға» қоныстандырды.
Африкалық ұлтщылдардың билікке келуімен олардың арманы
жүзеге асырылды – Африканың оңтүстігінде ақ республиканың
құрылуы. 1960 жылы елдің ақ нәсілдері арасында мемлекеттің
статусы туралы референдум ӛткізілді. Оған ақ нәсілдердің 90%-ы
қатысты. Мәселе оң шешімін тапты. 1961 жылы 21 сәуірде Оңтүстік-
Африкалық Республика жарияланды және жаңа конституция
қабылданды.
Африканың оңтүстігіндегі апартхейд жүйесіне қарсы африкалық
азаттық қозғалыстар мақсат-міндеттерімен ғана емес, күрес
формалары және әдістерімен ерекшеленген бірнеше кезеңде ӛтті.
1961 жылға дейін күрестің бейбіт тәсілдері қолданылды. Біраз уақыт
бұрын, 1949 жылы АНК ӛзінің күрес бағдарламасын және
конституциялық емес әдістерін енгізді. Құрамында 100 мың адамға
дейін болған АНК-мен бірге расистік режимге қарсы күрес жолына
түскен басқа да ұйымдар болды. Олардың қатарында – Оңтүстік
Африканың Коммунистік партиясы, түсті халық Ұйымы, ақ нәсіл
ӛкілдерін біріктірген демократтар Конгресі. 1955 жылы маусымда
олардың біріккен құжаты қабылданады – елде демократиялық қайта
құру ережелерін қарастырған еркіндік Хартиясы. Үкімет тарапынан
әрекет кӛп ұзамай орын алды – «мемлекеттік сатқындыққа» айыптау
және 156 адам тұтқындалды. Арақатынастарындағы маңызды кезең
1960 жылы Йоханнесбургтің шеткі қаласы Шарпевилде азаматтық
291
бағынбаудың жаппай демонстрациялары болды. Ол толығымен
атылды. 300-ге жуық адам қаза тапты, 20 мың тұтқындалды. АНК
және басқа да ұйымдарға тиым салынды. 21 наурызда ӛткен
Шарпевильдік оқиғалар расизмге қарсы күрес күні ретінде атап
ӛтіледі. Дүниежүізінің бірқатар елдері ОАР-на байкот жариялады
және оған қарсы экономикалық санкция енгізетіндігімен қауіп
тӛндірді. 1961 жылы ОАР-ның ӛзінде әскерилендірілген ұйым
«Умконк-то ве сизве» («Ұлт найзасы») құрылады.
Қандай да бір кезеңге күштеу әдістері билеуші режимге елдегі
саяси жағдайды салыстырмалы бақылауды қамтамасыз етті.
Тұрақтылық кезеңі орнады. Алайда 1976 жылдан бастап елдегі жағдай
қайтадан күрт ӛзгерді. Қайтадан толқулар ӛршіп, ол 1978 жылға дейін
жалғасты. Күш қарсылығының күшті болғандығы соншалық,
премьер-министр атап ӛткендей, Оңтүстік Африканы революциядан
құтқару үшін ОАР билігі африкалықтар үшін бірқатар шектеулерді
алуға баруға мәжбүр болды.
1979 жылы ОАР премьер-министрі Питер Бота болады. Ол
африкалық кәсіподақтар қызметіне рұқсат береді, ӛндірістегі
сегрегация жүйесін және бірқатар басқа да шараларды жояды. 1984
жылы жаңа конституция қабылданады, елде президенттік басқару
формасы енгізіледі. Жаңа парламент құрамын сайлауға алғаш рет
үнділіктер жіберіледі. Парламент енді үш палатадан тұрды: ақтар
палатасы, үнділіктер палатасы, түстілер палатасы. Тек африкалықтар
бұрынғысынша дауыс беру құқығынан айырылады, бұл 1985 жылы
елді қамтыған жаңа толқулардың басталуына алып келеді. «Баяу»
реформалар саясаты күйреді.
1970 ж.ж. соңынан бастап апартхейдке қарсы күрестегі жетекші
орын АНК-ға түпкілікті бекітіледі. Конгресс түрлі заңсыз және заңды
ұйымдарды біріктіру бойынша белсенді қадамдар жасайды.
Нәтижесінде, 1983 жылы АНК басшылығымен Біріккен демокра-
тиялық майдан (БДМ) құрылады, оған африкалық, түсті және үнділік
нәсілдердің 400-ге жуық ұйымдары кірді.
80 ж.ж. ортасынан елдегі толқулар созылмалы сипат алды. 1988
жылдың басында П.Бота үкіметі 18 ұйым қызметіне, сондай-ақ 2
млн.-ға жуық адам кірген Біріккен демократиялық майдан және
оңтүстік-африкалық кәсіподақтар Конгресі (КОСАТУ) қызметіне
тиым салды.
Елдегі саяси жағдайды тұрақтандыру бойынша елеулі
нәтижелер бермеген Питер Ботаның «баяу» реформалар саясаты ӛзі
кӛсемі болған Ұлттық партия қатарының ӛзінде де ӛткір қарсылықтар
туғызды. Оған ӛз қызметін тастап кетуге тура келді. Партияның жаңа
292
кӛсемі және елдің сайланған президенті Фредерик де Клерк болды.
Бұл 1989 жылы болды. 1990 жылы 1960 жылы енгізілген тӛтенше
жағдай жойылады, бұрын тиым салынған партиялар және кәсіподақ
ұйымдарының қызметі жекешелендіріледі – АНК, Панафрикалық
конгресс, Оңтүстік-африкалық компартия, БДМ, КОСАТУ және т.б.
Түрмеден саяси тұтқындар босатылады және олардың ішінде қамауда
27 жылын ӛткізген, Оңтүстік Африкадағы азаттық қозғалысының
атақты кӛсемі Нельсон Ролихлахла Мандела болды.
1991 жылы ОАР үкіметі және оппозициялық күштер арасында
елдегі жағдайды саяси реттеу бойынша ресми келіссӛздер басталады.
1993 жылы ақпанда елде нәсілдік негізде емес жалпы халықтық
сайлау ӛткізу және ұлттық бірлік үкіметін құру туралы келісімге қол
жеткізіледі. Жаңа парламентті қалыптастыру бойынша сайлау 1994
жылдың 27 сәуіріне белгіленді. Ақтар үкіметі сайлау қарсаңында
апартхейдтің соңғы заңдарының күшін жойды, ОАР-мен тӛрт
«тәуелсіз мемлекетті» - Транскей, Сискей, Бопутосвана, Квазулу
бантустандарын біріктірді. Сайлау қарсаңындағы жағдай ӛте күрделі
болды, сепаратизм кӛрінісі африкалық халықтар арасында да
байқалды. Бұл мәселеде зулустық Инката еркіндік партиясы ерекше
белсенділік танытты. Ӛз талаптарында ол Африканерлік халықтық
майданмен жақындасып, «Еркіндік альянсын» құрды. Алайда бұл
күштердің әрекеті оқиғаның даму барысын ӛзгерте алған жоқ.
1993 жылы қараша айында ОАР парламенті жаңа «1993 жылғы
Оңтүстік-Африкалық Республика Конституциясын» қабылдайды.
Оның қызмет ету мерзімі екі жылға есептелген. 1994 жылғы 24
сәуірдегі сайлауда 63% дауыс жинаған АНК жеңіске жетеді. Екінші
орында бұрынғы билеуші партия Ұлттық партия болды – 20,34%. Бұл
партиялармен қатар Африканерлік халықтық майдан және «Инката»
партиясы тіркелді. «Инката» партиясы 10,5% сәл кӛп дауыс алды.
Парламенттегі орындар тӛмендегідей бӛлінді – АНК 252 орын
иеленді. Ұлттық партия – 82, «Инката» - 43 және т.б. 1994 жылы 9
мамырда ӛткен Ұлттық ассамблеяда Нельсон Мандела бірауыздан
жаңа Оңтүстік-Африкалық Республика президенті болып сайланды.
Оның орынбасарлары, вице-президенттері Табо Мбеки және
Фредерик де Клерк болды. Оңтүстік Африкадағы апартхейд жүйесі
жойылды, бірақ экономикалық апартхейд сақталды – бизнестегі
барлық жоғары лауазымдар ақтарға қалды. Жаңа үкіметке ішкі
мәселелерді шешу және реттеу бойынша кӛп күш жұмсауға тура
келді.
1999 жылы маусымда бірінші президенттің ӛкілеттілік
мерзімінің аяқталуына байланысты елде жаңа сайлаулар ӛтті. Нельсон
293
Манделаның ӛзі жасының ұлғаюына байланысты жаңа мерзімге
сайланудан бас тартты. Құрамына АНК, КОСАТУ және ОАКП кірген
ұлттық-патриоттық күштер одағынан ел президенттігіне АНК
кӛрнекті ӛкілі және бұрынғы вице-президент Табо Мбеки
кандидатурасы ұсынылды. Ол 1999 жылы маусымда жеңіске жетіп,
кейіннен ОАР президенті болды.
ОАР – Африка құрлығындағы ең дамыған және бірмезгілде
Үшінші әлемге жатқызылмайтын жалғыз ел. 2009 жылы ҰІӚ 505
млрд.долларды құрады (дүние жүзінде 26-шы орын). ҰІӚ ӛсуі 5%
деңгейінде, 2008 жылы - 3%. Ел табиғат ресурстарының мол қорына
ие. Телекоммуникация, электроэнергетика, қаржы саласы кең
дамыған. Импорттың негізгі тауарлары: мұнай, химиялық тауарлар;
экспорт: алмаз, алтын, платина, машина, автомобиль, құрылғылар.
Импорт (2008 жылы 91 млрд.доллар) экспорттан (2008 жылы 86
млрд.доллар) асып түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |