Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы


Жер кӛлемі: 2 382 мың км 2 .  Халқы



Pdf көрінісі
бет42/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

Жер кӛлемі:
2 382 мың км
2

Халқы:
32,5 (48,6) млн. адам. Арабтар мен берберлердің 
ұрпақтары (99%), европоидтар. Тығыздығы: 14 адам км
2

Мемлекеттік тілі:
араб, ағылшын және француз тілдері де 
қолданылады.
Ақша бірлігі:
динар. 1 евроға 88,7. 
1945 жылы 8 мамырда Алжир қалаларында қатысушылары 
фашистік Германияның талқандалуын қолдаған демонстрация ӛтеді. 
Сонымен 
қатар 
олар 
отаршылдықтың 
жойылуын, 
ұлттық 
тәуелсіздікті, елде экономикалық жағдайлардың жақсартылуын талап 
етеді. Мамыр кӛтерілісінің талқандалуы отаршылдық режимнің 
нығаюына алып келмейді.
Соғыстан кейінгі кезең экономикалық жағынан Алжирдің 
отаршылдық қаналуының күшеюімен сипатталады. Тау-кен ӛндірісін 
бақылап отырған француз монополиялары шикізат ӛндірісін 
шығаруды арттырады. Соғыс біткеннен кейін 10 жылда Алжирде 
ӛндірілген темір рудасы 1938 жылмен салыстырғанда 15%-ке (3034 
мыңнан 3596 мың т. дейін), фосфор ӛндіру - 30%-ке (584 мыңнан 763 
мың т. дейін) артады. Сонымен қатар бұл жылдары кӛмір ӛндіру (13 
мыңнан 302 мың т. дейін), цинк рудасы (15 мыңнан 57 мың т. дейін) 
және т.б. ӛндіру артады. Сахарада бай мұнай орындарын ашу (1956 
ж.) және эксплуатациялау басталады. Егер соғысқа дейін Алжирде 
мұнай ӛндірілмесе (1938 ж. тек 0,3 мың т. ӛндірілді), енді мұнай 
ӛнеркәсібі бірінші дәрежелі маңызға ие бола бастайды. Соғыстан 
кейінгі алғашқы онжылдықтың аяғында мұнай ӛндіру 69 мың т. дейін, 
ал 5 жылдан кейін (1960 ж.) тағы да 8791 мың т. ӛндіріледі. 
Алжирге француз және басқа да шетелдік тауарлардың енгізілуі 
елдің ӛңдеуші ӛнеркәсібіне үлкен соққы береді. Металлургия 
ӛндірісінің индексі 1948 жылы 132,2 құраса, ал 1954 жылы – 76,9 


250 
болды. Химия ӛндірісі ӛнімінің кӛлемі де 1948 жылы 1950 жылғы 
кӛрсеткішінен тӛмен болады.
Алжир – аграрлы ел болды. Ӛнеркәсіп табысы оның ұлттық 
табысының 25-27%-нен асқан жоқ. Әлеуметтік құрылымда күрделі 
ӛзгерістер жүреді. Шаруалардың кедейлену процесі Мароккомен 
салыстырғанда интенсивті жүреді. 
Соғыс жылдары және соғыстан кейінгі жылдары Алжир 
Коммунистік партиясының беделі артады. 1946 жылы наурызда 
Франция Құрылтай жиналысы коммунистік фракция басшылығымен 
Алжирдегі саяси тұтқындарға амнистия жариялау туралы Заң 
қабылдайды.
1946 жылы наурызда Фархат Аббас басқарған ұлтшылдар тобы 
Алжирлік манифестің демократиялық одағын (АМДО) құрады. Бұл 
партия ұлттық буржуазия (кӛбінесе орта кәсіпкерлердің радикальды 
бағытын) мен буржуазиялық интеллигенцияның кӛзқарастарын 
білдірді. АМДО-ның жетекшілері ӛз парламенті мен үкіметі бар 
Француз Одағының шеңберінде Алжир республикасын құруды 
жақтады.
1946 жылы қарашада астыртын Алжир халық партиясының 
негізінде солшыл ұйым ретінде қалыптасқан Демократиялық 
еркіндіктерді жариялау Қозғалысы (ДТДС) – ұлттық партиясы 
құрылады. Ол ұсақ саудагерлерді, қолӛнершілерді, қызметкерлерді, 
жастарды және жұмысшылардың бір бӛлігін біріктіреді. Партия 
Алжирдің Франциядан бӛлінуін, тәуелсіз Алжир республикасының 
құрылуын талап етеді.
Алайда Францияның билеуші топтары екі жобаны да 
қабылдамайды. 1947 жылы 20 қыркүйекте Франциядағы реакция 
жағдайында (коммунистер үкіметтен шығарылады) Алжир «қаржы 
автономиялылығын пайдаланған және ерекше ұйымы бар» 
департаменттер тобы деп жариялаған «Алжир органикалық статуты» 
жарияланады. Елдегі барлық билік генерал-губернатордың қолында 
қалды. Кеңесушілік орган ретінде оның жанынан 120 депутаттан 
Алжир жиналысы құрылады. Статут болашақта алжирліктерге 
бірқатар жеңілдіктер беруді қарастырады: оңтүстікте әскери 
режимнің жойылуы, француз және араб тілдерінің арасында тең 
құқықтылықтың орнатылуы, әйелдерге сайлау құқығының берілуі 
және т.б. Бірақ бұл жеңілдіктердің барлығы қағаз жүзінде қалды.
Сонымен қатар елдегі реакция күшейеді. Алжирліктерді 
«Франция азаматы» деп жариялаған шешімді отаршыл үкімет жаңа 
полицейлік қудалауға негіз ретінде пайдаланады. Алжирліктерге 
еркіндікті жақтағандарға «француз территориясының біртұтастығын 


251 
бұзуға әрекет жасағаны үшін 10 жыл мерзімге түрмеге қамау» әдісін 
қолданған француз кодексінің 80 бабы (§ 1) қолданылады. 
1948 жылы Франция «Маршалл жоспарын» қабылдайды және 
1949 жылы агрессивті Солтүстік атлантикалық блоққа (НАТО) енеді, 
бұл әрекеттер Алжирге де таралады. Алжирде американ капиталының 
экспанциясы күшейеді. 1946 жылдың аяғында Франция 8 жылға 
созылған вьетнам халқына қарсы отаршылдық соғысын бастайды. 
Француз үкіметі бұл соғыстарға алжирліктерді пайдалануға 
ұмтылады.
1948-1954 ж.ж. Алжир революциясының прологы болды. 
«Органикалық статуттың» қабылдануынан кейін алжирліктер 
Францияның ӛз еркімен елден кетпейтіндіктеріне кӛз жеткізеді.
Отаршылдар Алжир халқын қатаң шаралармен қорқытуға 
ұмтылады. 1955 жылдан бастап Алжир мәселесі БҰҰ-ның күн 
тәртібіне қойылады. 1955 жылы Алжирдің генерал-губернаторы 
болып 
неофашизмнің 
болашақ 
идеологы 
Жак 
Сустель 
тағайындалады. Ол Алжирде тӛтенше жағдай енгізіп, репрессияны 
күшейтеді.
1958 жылы кӛктемде Франция және Алжирдегі жағдай күрт 
шиеленіседі. Францияның ішкі саясатындағы ӛзгерістер саяси 
дағдарыс туғызады. 1958 жылы 19 қыркүйекте Каирде жиналған 
Алжир революциясының ұлттық жиналысы тәуелсіз Алжир 
республикасын жариялайды және басында Фархат Аббас болған (1961 
жылы тамызда оны Бен Хедда алмастырады) Уақытша үкімет құрады. 
Үкімет құрамына Ұлттық жиналыс жетекшілері кіреді.
1958 жылы 2 қазанда Константин қаласында сӛз сӛйлеген Де 
Голль Алжирде реформа ӛткізетіндігі туралы жариялайды. 
«Константин жоспары» алжирліктерге жеңілдіктер қарастырады: 
оларға 250 га. жерді бӛліп беру, еңбекақы және зейнетақыны 
француздықтармен теңестіру, жұмыссыздарға жұмыс беру және т.б.
Францияның ӛз ішіндегі антифашистік демонстрациялар мен 
ереуілдер толқынының күшеюі Франция мен Алжир арасындағы 
келісімді тездеткен процесс болды. 1962 жылы ашылған Франция мен 
Алжир Республикасының Уақытша үкіметінің ӛкілдері арасындағы 
жаңа келісімдер 7,5 жылға созылған соғыстың аяқталуына алып 
келген 18 наурызда Эвиан келісіміне қол қойылумен аяқталады. 
Эвианда жасалған келісім бойынша Франция мен Алжир 
арасындағы әскери қимылдар 1962 жылы 19 наурызда тоқтатылады. 3 
айдан 6 айға дейінгі аралықта ӛтпелі кезең орнатылады. Бұл кезде 
Алжирді басқару екі үкіметтің ортақ келісімімен француздықтар мен 


252 
алжирліктерден құралған Уақытша атқарушы органға (ВИО - УАО) 
беріледі.
УАО плебисциттен кейін 3 апта ішінде Ұлттық жиналысты 
шақырып, оған билікті беруге міндетті болды. Келісімде Алжир 
үкіметі ӛз кӛзқарастарына сай саяси және әлеуметтік режимді еркін 
таңдайды деп кӛрсетіледі.
Эвиан келісімі Франция мен Алжир арасындағы экономикалық 
және мәдени ынтымақтастық бағдарламасынан тұрады. Франция 3 
жыл бойы Алжирге экономикалық кӛмек кӛрсетуге міндеттенеді. 
1962 жылы 1 шілдеде алжирліктер ӛз отанының ұлттық 
тәуелсіздігін бірауыздан жақтайды. Алжир тәуелсіз мемлекетке 
айналады.
1962 жылы 25 қыркүйекте ашылған Ұлттық Құрылтай 
жиналысы елді Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы 
(АХДР) деп жариялайды. Үкімет басшысы болып Ұлттық Азат ету 
майданының (ФНО - ҰАЕМ) жетекшілерінің бірі Бен Белла 
тағайындалады.
Ұлттық үкіметтің алғашқы шаралары ел ішінде күзгі егістік 
шараларын ӛткізу, жер реформасын дайындау, халықтық мектептерде 
жаңа оқу жылын ашу болды. 
Алжирдің демократиялық қоғамын үрейлендіру үшін француз 
үкіметі соғыстың тоқтатылуының 1 жылдығына – 1963 жылы 18 
наурызда – Сахарада жаңа ядролық қаруды сынайды.
1963 жылы 28 тамызда Құрылтай жиналысы референдум 
жолымен республика конституциясын қабылдап, қыркүйек айында 
бекітеді. Оның преамбуласында Алжирде социалистік қоғам 
құрылысын құру міндеті қойылады. Конституция елде бірпартиялық 
жүйемен президенттік басқаруды енгізеді. Заң шығарушы қызметтер 
Ұлттық жиналысқа беріледі. Ал мемлекет басшысы бірмезгілде 
үкімет басшысы болған президент болды. Конституция ислам дінін 
мемлекеттік дін деп таниды. Президент қызметіне Бен Белла 
тағайындалады, ал келесі жылы ӛткен ҰАЕМ-ның съезінде ол оның 
бас хатшысы болады.
1965 жылы 29 шілдеде екі жылғы келісімдерден кейін АХДР 
үкіметінің қалауы бойынша жаңа франк-алжир мұнай келісімі 
жасалады. Егер бұрын Алжир ӛзінің мұнай байлықтарын пайдалана 
алмаса, енді жаңа кен орындарын пайдалану және барлау үшін франк-
алжирлік Кооперативті ассоциациясы құрылады. 
1967 жылдан бастап Алжир халық шаруашылығын дамытудың 
жоспарлау жолына түседі.


253 
1965 жылы шілдеде Хуари Бумедьен басқарған жаңа үкімет 
құрылады, ҰАЕМ-ның ОК және Саяси бюро қызметтері атқарушы 
секретариатқа ӛтеді.
1971 жылы ақпанда мұнай-газ ӛндірісі ұлттандырылады. 
Нәтижесінде 51-ден 71%-ке дейінгі барлық шетелдік компаниялардың 
акциялары мемлекет меншігіне ӛтеді. 1974 жылы қоғамдық секторға 
ішкі ұлттық ӛнімнің 87%-і тиесілі болды.
Халықаралық аренада АХДР-сы позитивті бейтараптылық, 
блоктарға қосылмау бағытын ұстанады.
1976 жылы қарашада Ұлттық хартия принциптеріне сай 
қабылданған АХДР-ның конституциясы Алжир үкіметін «социа-
листік», ал ислам – «мемлекеттік дін» деп жариялайды.
1978 жылы желтоқсанда Х.Бумедьен ӛлімінен кейін орын алған 
билік үшін күрес ӛз ортасынан Шадли Бенджедид кандидатурасын 
ұсынған армияның шешуші ролін кӛрсетеді. 15 жыл үзілістен кейін 
1979 жылы қаңтарда ҰАЕМ-ның ІҮ съезінде Ш.Бенджедид 
басшылығымен Орталық Комитет және Саяси бюро құрылады. 1979 
жылы 7 ақпанда Ш.Бенджедид АХДР-ның президенті болады. 1965-
1976 ж.ж. елді басқарған Революциялық кеңес ӛз қызметін тоқтатады.
1988 жылы 27-28 қарашада ӛткен ҰАЕМ-ның ҮІ съезі бір 
партиялық режимнің жойылуымен келісіп, жаңа конституцияның 
қажеттілігі туралы жариялайды. 1989 жылы ақпанда бекітілген Негізгі 
Заңда социализм туралы сӛз қозғалмайды. 1988 жылы желтоқсанда 
үшінші рет сайланған Шадли Бенджедид енді сыртқы саясат пен 
қорғанысқа жауап берді, министрлер кабинетінің басшысын 
тағайындайды, енді парламент алдында толығымен жауап беретін 
болды. Конституция саяси ұйымдарды құру мүмкіндігіне кепілдік 
береді. 1990 жылдың аяғында олардың саны 40-қа жетеді.
1991 жылы ӛз қызметін жүзеге асыра алмайтындығына кӛз 
жеткізген Ш.Бенджедид отставкаға кетеді. Ұлттық қауіпсіздік 
кеңесінің шешімі бойынша барлық билік Жоғарғы мемлекеттік 
кеңеске (ЖМК) беріледі. Оны М.Будиаф басқарады. 1992 жылы 
маусымда ол террористік актінің нәтижесінде ӛлтіріледі. ЖМК-нің 
жаңа басшысы Али Кафи армияның бірлігін сақтайды.
1994 жылы 20-25 қаңтарда Ұлттық конференцияда ӛтпелі 
кезеңге саяси әрекеттер Платформасы қабылданады. 1993 жылдың 
шілде айынан бастап ҰМК-ін басқарған генерал Лиамин Зеруаль 
Алжирдің уақытша президенті болады. 1995 жылы қарашадағы 
президент сайлауында ол сайлаушылардың 68% дауысын алады.
1996 жылы қарашада референдумда қабылданған конституция 
араб тілін – ресми тіл деп жариялап, екі палаталы парламент құру 
қарастырылады.


254 
1996 жылы 15 сәуірдегі президент сайлауында Абдель Азиз 
Бутефлик жеңіске жетеді. Ол ұсынған азаматтық келісімдерді орнату 
бағыты 
1999 
жылы 
қыркүйектегі 
алжирліктердің 
ұлттық 
референдумында кең қолдау табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет