Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы



Pdf көрінісі
бет38/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Египет
 
1.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Египеттің әлеуметтік-
экономикалық және саяси даму жағдайы.
2.
Біріккен Араб Республикасы. 60 ж.ж. экономикалық қайта 
құрулар.
 
3.
Сыртқы саясатының негізгі бағыттары. 
 
4.
ХХ ғасырдың соңындағы Египет.
 
 


218 
Басқару 
формасы 
мен 
территориялық 
қҧрылымы.
Президенттік республика, 26 мухафаздан (губернаторлықтар) тұратын 
унитарлы мемлекет. 1914 жылдан бастап Ұлыбритания протектораты. 
1951 жылы Египет тәуелсіздігін алады. 
Заң шығарушы органы
– екі палаталы (Халықтық жиналыс 
және Кеңесуші жиналыс) парламент. 
Астанасы 
– Каир (11 млн.адам). 
Географиялық орналасуы.
Африканың солтүстік-шығысы 
және Азияда Синай түбегі. Ливиямен, Израильмен, Иорданиямен, 
Сауд Аравиясымен, Суданмен шектеседі. Жерорта және Қызыл теңіз 
сулары шайып жатыр. Ел территориясынан Суэц каналы ӛтіп жатыр.
Жер кӛлемі:
1 001,5 мың шаршы шақырым. (Саха 
республикасынан 3 есе кіші). 
Халқы: 
77,5 млн.адам. Араб-египеттіктер – 98%, тығыздығы – 
77 адам/шаршы шақырымға. 
Мемлекеттік тілі:
араб, ағылшын тілі де қолданылады. 
Ақша бірлігі:
египеттік фунт (1 евроға 7,6). 
Ӛнеркәсіп буржуазиясының айтарлықтай ӛсуінен кӛрініс тапқан 
соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі алғашқы жылдары болған 
әлеуметтік-экономикалық алға басушылықтар египеттік экономи-
каның отарлық сипатын ӛзгерткен жоқ. Елде кәсіби білікті жұмысшы 
күшінің жетіспеушілігі ӛткір сезілді; әлі де селолық және қолӛнер 
ӛндірісімен байланысты тап кеңінен танымал болды. 
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары саны артқан ұсақ қалалық 
буржуазия және интеллегенция ерекше роль атқарды. Бұл тап саяси 
ӛмірге үлкен ықпал ете отырып, шетелдік капитал мен жергілікті 
олигархияның озбырлығы салдарынан экономикалық жағдайының 
тұрақсыздығымен ерекшеленді.
Елдің ең саны кӛп тобы – шаруалар – қанаудың жартылай 
феодалдық әдістеріне ұшырады. 1945 жылы елде 1,5 млн.-нан кем 
емес жерсіз шаруалар есепке алынды; бұл кезде 12 мың египеттік 
және шетелдік помещиктер (барлық жериеленушілердің 0,4%-нан аз) 
36%-дан астам ӛңделген жерлерді иеленді. Осылайша, аграрлық 
мәселе кейінге қалдырмай шешуді талап еткен соғыстан кейінгі 
Египеттің ең ӛткір мәселесіне айналды.
Египеттегі соғыстан кейінгі алғашқы жылдар әлеуметтік қарама-
қайшылықтардың күрт шиеленісуімен ерекшеленді. Әскери ӛндірістің 
тоқтатылуымен байланысты он мыңдаған жұмысшылар кӛшеде 
қалды, ӛңделмеген мақтаның үлкен қоры (екі жылдық түсім 
мӛлшерінде) жинақталды. Басты ұраны «ағылшын әскерлерін 
эвакуациялау» болған отаршылдыққа қарсы күрес те шиеленісті. 


219 
Азаттық қозғалысына білім алып жатқан жастар белсенділікпен 
қосылды.
1946 жылы 18-19 ақпанда білім және ӛнеркәсіп орындарының 
комитеттерінің бірігуі негізінде құрылған білім алушылардың Ұлттық 
комитетінің және жұмысшылардың Ұлттық комитетінің біріккен 
отырысында білім алушылар мен жұмысшылардың Ұлттық комитетін 
құру туралы шешім қабылданды. Оның басшылығымен қалалық 
пролетариат, ұлттық буржуазияның орта және аралық тобы бірікті. 
Оған Вафд партиясының оппозициялық тобын білдіретін солшыл 
вафдистер, коммунистік топ, кәсіподақтар және т.б. ӛкілдері қатысты. 
Елдегі саяси жағдайды анықтаушы фактор – ел тәуелсіздігі үшін 
Египет халқының ерлік күресі болды. Азаттық қозғалысының ӛрлеу 
кезеңінде (1946 ж. ақпан-шілде) демократиялық кәсіподақтар ұйымы 
Египет жұмысшыларының кәсіподақтарының Конгресіне бірігеді. 
Шілде айының басында Конгресс барлық патриоттарға 11 шілдеде 
Египетте ағылшын үстемдігінің орнатылуына 64 жыл толуы күні 
жалпыхалықтық ереуіл ұйымдастыру туралы үндеу тастайды. Жауап 
ретінде басында 1946 жылдың ақпан айының ортасынан ірі қаржыгер 
және 
жериеленуші 
Сидки 
болған 
үкімет 
демократиялық 
қозғалыстарға соққы беруге шешім қабылдайды: барлық солшыл 
баспасӛз органдары жабылды, прогрессивті ұйымдар, білім алушылар 
мен жұмысшылардың Ұлттық комитетін, Египет жұмысшыларының 
кәсіподақтарының Конгресін қоса, ӛздерінің ӛмір сүруін тоқтатты.
Ұлт-азаттық 
қозғалыстардың 
ӛрлеуі 
Англияны 
Египет 
үкіметімен келісім жасауға мәжбүр етеді, бұл Сидки-Бевин 
келісімінің жасалуымен аяқталады. Алайда келісім Египетте күшті 
халық толқуы басталғандықтан толығымен аяқталмайды. Күшейіп 
келе жатқан азаттық қозғалысымен күрес үшін билеуші топ халық 
тобының наразылығын сыртқы жауына қарсы бағыттауға және 1948 
жылы 15 мамырда Израильмен басталған соғыспен байланысты 
енгізілген әскери жағдайды оппозицияны басу үшін пайдалануға 
шешім қабылдады.
Египет үкіметі Израильмен соғыста жеңіл жеңіске жетуді 
ойлады. Алайда Египет барлық жағынан да 1948 жылғы соғысқа 
дайын болмады, ал египет армиясының жеңілісі елде асып-
сасушылық туғызды. Үкіметке қарсы жаппай демонстрациялар 
басталды. Жоғары шенді ағылшын шенеуніктеріне қарсы бірнеше 
террористік 
актілер 
ұйымдастырған 
«Ағайын-мұсылмандар» 
ассоциациясының ықпалы айтарлықтай күшейді.
Соғыс монархиялық режимнің әлсіздігін және шірігендігін 
кӛрсетті. Египеттік солдаттар майданда жарамсыз қару-жарақ алды. 


220 
Бұл іс бойынша жүргізілген тергеу король Фаруктің ӛзінің және оның 
жақын айналасындағылардың айыптылығын ашты. Осы кезден бастап 
билеуші монархқа деген ӛшпенділік жалпы халықтық сипат алды. 
Үкімет беделі де айтарлықтай тӛмендеді. Жалпы халықтық 
наразылықты жұмсартуға тырысқан король 1949 жылы шілдеде 
коалициялық үкіметті (Вафдтың қатысуымен) тағайындады, бірақ ол 
бірнеше айдан кейін келісімнің болмауы себепті таратылды.
1950 жылы қаңтарда Египетте Вафд партиясына жеңіс әкелген 
парламент сайлауы ӛткізіледі. Партия жетекшісі Мустафа Наххас 
кабинетті жасақтады. Сайлаудан кейін басты мазмұны тәуелсіздікті 
талап еткен жаңа демократиялық қозғалыс ӛрлейді. Алайда вафдистер 
үкіметі елдің Англия үстемдігінен азат етілуі келіссӛздер арқылы 
жүзеге асуы тиіс деп есептейді. 16 айға созылған келіссӛздер сәтсіз 
аяқталады; оған қоса Судан мәселесі де шиеленісіп кетеді. 1951 жылы 
қазан айында Судан Египеттің бӛлінбейтін бӛлігі деп жарияланып, ал 
Египет королі «Египет және Судан королі» титулын алады. Англия 
Суэц каналы ауданына жаңа әскерлерді енгізумен жауап береді.
Әлеуметтік қайшылықтардың күшеюі және вафд үкіметінің 
отставкаға кетуіне байланысты билеуші топтың дағдарысы 
жағдайында 1952 жылы 22 шілдеден 23 шілдеге қараған түні құпия 
ұйым «Еркін офицерлер» Каирде билікті жаулап алады. Бұл бас 
кӛтеру формасы жағынан қарапайым мемлекеттік тӛңкерісті еске 
түсіретін еді. Фаруктің биліктен алыстатылуынан кейін елдегі билік 
басында генерал Мұхаммед Нагиб және Гамаль Абдель-Насер болған, 
құрамы офицерлік ұйым мүшелерінен тұрған революциялық басқару 
Кеңесінің қолына кӛшеді. Египет республика деп жарияланады. Жаңа 
режим басшылары арасында одан арғы саяси бағыт туралы мәселе 
бойынша күрес жүреді. Революциялық басшылық Кеңесінің 
қызметкерлерінің генерал Нагиб бастаған бір бӛлігі революцияның
одан әрі жалғастырылуына қарсы болып, АҚШ-на бағыт ұстанды 
және Египетте капиталистік тәртіптің нығайтылуын қалады. 
Революциялық басшылық Кеңесінің кӛпшілігі Египеттің саяси 
тәуелсіздігі және экономикалық дербестілігі үшін революцияның 
тереңдетілуін талап етті.
1954 жылы Революциялық басшылық Кеңесінің тӛрағасы 
қызметінде Нагибті алмастырған Г.А.Насер бастаған революциялық 
топ жеңіске жетеді. 1953 жылы саяси партиялар таратылғаннан кейін 
үкіметке қарсы белсенді қызмет жүргізген экстремистік діни-саяси 
ұйым «Ағайын-мұсылмандар» қызметіне тиым салынады. Алғашқы 
апталарда саяси полицияны жою туралы заң шығарылды, мемлекеттік 
аппаратты сыбайластық элементтерінен тазарту туралы заң 
қабылданды, түріктер үстемділігі кезінен сақталған «паша» және «би» 


221 
титулдары жойылды. Неғұрлым маңызды шара 1952 жылы 9 
қыркүйекте аграрлық реформа туралы заңның қабылдануы болды. 
Бұл 
барлық 
Арабтық 
Шығыстағы 
феодалдық 
қатынастар 
қалдықтарының жойылуына бастама болған реформа болды. 
Жериеленудің жоғары шегі 200 феддан (1 феддан – 0,42 га) деп 
орнатылды, арендалық тӛлемді айтарлықтай қысқарту қарастырылды. 
1953 жылы 17 қаңтарда контрреволюция қаупін жою үшін саяси 
партияларды тарату және олардың барлық мүлкін тәркілеу туралы 
жарияланады. Оның орнына жалғыз ресми саяи бірлестік – жаңа 
режимнің тірегі болуға тиіс Азат ету ұйымы құрылады.
Египет үкіметі сыртқы саясатындағы ең маңызды мәселелердің 
бірін шешуге қол жеткізеді. 1953 жылы 12 ақпанда Каирде Суданға 
ӛзін-ӛзі анықтау құқығы берілген ағылшын-египет келісіміне қол 
қойылды.
1953 жылдың ортасынан бастап жаңа режим жетекшілері 
арасындағы келіспеушіліктер айқын кӛріне бастайды. Нагиб бастаған 
буржуазиялық-либеральдық бағыт ӛкілдері революцияны аяқталды 
деп есептейді. Насер сияқты саяси ықпалға ие болмаған Нагиб Вафд 
партиясына және «Ағайын-мұсылмандар» ассоциациясына арқа 
сүйейді. «Еркін офицерлердің» басым бӛлігі Насерді қолдады. 1954 
жылдын бастап Насер революциялық басқару Кеңесін басқарды, ал 
1956 жылы ел президенті болып тағайындалды.
Насер үкіметінің сыртқы саясаттағы алғашқы жетістіктерінің 
бірі 1954 жылы 19 қазанда 20 ай мерзім ішінде ағылшын әскерлерін 
эвакуациялау туралы ағылшын-египет келісімінің жасалуы болды. 
Ағылшын әскерлерінің шығарылуы 1956 жылы 13 маусымда 
аяқталды, бұл Египетті 74-жылдық ағылшындық оккупациялауға 
нүкте қойды. Алайда Насер үкіметінің неғұрлым маңызды 
әрекеттерінің бірі 1956 жылы Суэц каналын ұлттандыру болып 
табылады.
1956 жылы маусымда Египеттің жаңа конституциясы 
қабылданады. Конституция преамбуласында Египет халқының 
империализм мен феодализмге қарсы күрестегі шешімділігі туралы 
айтылды. Конституцияның бірінші тарауы Египетті демократиялық 
республика, ал Египет халқын – араб ұлтының бір бӛлігі деп 
жариялады. Мемлекет басшысы – республика президенті. Заң шығару 
қызметі елде жасырын дауыс беру жолымен бес жыл мерзімге 
сайланатын Ұлттық жиналысқа тиесілі болды. Ұлттық жиналыс 
атқарушы билік қызметін бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік 
бюджетті бекітеді.


222 
Насер үкіметінің сыртқы саясаттағы қол жеткізген жетістік-
терінің бірі 1954 жылы 19 қазанда ағылшын әскерлерін 20 ай ішінде 
эвакуациялау туралы ағылшын-египет келісіміне қол қойылуы болды. 
Ағылшын әскерлерінің шығарылуы 1956 жылы 13 маусымда 
аяқталды.
1956 жылы шілде айында Суэц каналын ұлттандыру туралы заң 
жарияланады. Бұл - Египет халқының азаттық күресінің ірі 
жеңістерінің бірі болды. 1956 жылдан кейін Насер араб әлеміндегі 
танымал саяси жетекшілердің бірі болды. Египет «арабтарды 
біріктіру» бойынша орталыққа айналады. 1958 жылы жаппай сыртқы 
жағдайлардың ықпалымен Сирия Египетке бірігуді ұсынады. Біріккен 
Араб Республикасын құру туралы Декларацияға сәйкес жаңа 
мемлекеттік құрылымның негізі египеттік басқару жүйесі болды. 
Ӛтпелі кезең дәуірінде республика екі ауданнан – солтүстік (Сирия) 
және оңтүстік (Египет) – тұруға тиіс болды. Біріккен Араб 
Республикасының астанасы – Каир, ал президенті – Гамаль Абдель 
Насер болды. 1958 жылы наурызда Египет пен Сирия БАР-ның 
аудандары деп жарияланған БАР-ның Уақытша конституциясы 
жарияланады.
Алайда Египет пен Сирия арасындағы одақ ұзақ ӛмір сүрмеді. 
Тез қарқынмен ӛскен оппозиция 1961 жылы қыркүйектегі Сирия 
әскерінің бас кӛтерулерін Сирияның БАР-нан шығуын жариялау үшін 
пайдаланды. Осы оқиғалардан кейін БАР-сы ӛз атауын, туы мен 
әнұранын сақтайды. 1972 жылдан бастап ел Египет Араб 
Республикасы деп атала бастайды.
1960 жылы Египет үкіметі кең кӛлемді ұлттандыруды жүзеге 
асырады. 1962 жылы қазанда президент Насердің Араб социалистік 
одағын құру туралы декреті шығады. 1961-1964 ж.ж. ұлттандыру 
туралы декретке сәйкес мемлекет меншігіне ӛнеркәсіп ӛндірісінің, 
несие-банк жүйесінің 85% негізгі құрылғылары, барлық транспорт 
кӛшті. Бұдан басқа, жаңа аграрлық заң енгізілді, оған сәйкес 
жериелену минимумы 200-ден 100 федданға тӛмендетілді (1969 жылы 
– 50 федданға дейін).
Сонымен қатар еңбекшілер ӛмірін жақсартқан заңдар 
шығарылды: 42 сағаттық жұмыс аптасы орнатылды, жұмысшыларға 
алғаш рет жыл сайынғы ақылы демалыс және зейнетақы берілді, 
пәтер ақысы және емделуге тӛленетін тӛлем тӛмендетілді, барлық 
сатыларында да оқуға ақы тӛлеу жойылды. Кейінгі жылдары 
әлеуметтік сақтандыру жүйесі айтарлықтай жақсарды.
1961 жылы қараша айында реформаларға қарсы болған ескі 
Ұлттық жиналыс және Ұлттық одақ таратылды. 1962 жылы халық 


223 
күштерінің Ұлттық конгресі шақырылып, ол экономикалық және 
әлеуметтік реформалардың және саяси бағдарламалардың жақын 
арадағы 10 жылдық теориялық негіздемесі – Ұлттық хартияны 
қабылдады. 1962 жылы қазан айында президент Насердің елдегі 
жалғыз саяси ұйым - Араб социалистік одағын (АСО) құру туралы 
декреті шықты. АСО-на барлық ерік білдірген адамдар қабылданды, 
нәтижесінде оның мүшелерінің саны 6 млн.адамға жетті.
1964 жылы Египетте тӛтенше заңдар жойылды, түрмелер мен 
концлагерлерден саяси тұтқындар, оның ішінде коммунистер 
босатылды. Диктатурамен байланысты ӛтпелі кезеңнің аяқтал-
ғандығы туралы жарияланды. 
1964 жылы күшіне енген жаңа конституция Египетті 
демократиялық социалистік мемлекет деп жариялады. Египеттің 
айқын сыртқы саяси, әсіресе ішкі араб әлеміндегі жетістіктеріне, және 
елдің ӛзіндегі әлеуметтік-экономикалық артта қалушылықты 
жоюдағы алға басушылықтарға қарамастан, 1960 жылдардың екінші 
жартысында ел қиын экономикалық жағдайда қалды. Бұл ӛсу 
қарқынының тӛмендігінен, ел тұрғындарының негізгі бӛлігінің ӛмір 
сүру деңгейінің тӛмендігінен, инфляцияның ӛсуінен, қалада, сондай-
ақ ауылда да жұмыссыздар санының артуынан кӛрініс тапты. Бұл 
бірқатар себептермен, оның ішінде экономикада мемлекеттік 
сектордың шектен тыс артуымен, еңбекшілердің басқарудан 
аластатылуымен, бюрократиялық буржуазия ықпалының ӛсуімен 
түсіндірілді. 
1967 жылы кӛктемде Таяу Шығыс аймағындағы саяси жағдай 
күрт шиеленісті. Палестинаны Азат ету Ұйымының жетістіктеріне 
алаңдаушылық 
танытқан 
Израиль 
шілде 
айында 
Египет 
аэродромдарына бірнеше шабуылдар жасады. «Алты күндік соғыс» 
барысында израильдықтар Египетке тиесілі Синай түбегін, Газа 
секторын, Иордан ӛзенінің батыс жағалауын, Иерусалимнің шығыс 
бӛлігін, Сирияның оңтүстігіндегі Голан жоталарын оккупациялады. 
№242 БҰҰ резолюциясы израиль әскерлерінің соғыс кезінде басып 
алынған жерлерден шығарылуын талап етті. Алайда Израиль мұны 
орындаудан бас тартты. 
Насер бұл араб-израиль соғысындағы жеңіліске барлық 
жауапкершілікті ӛз мойнына алды және ӛзінің отставкаға кететіндігі 
туралы мәлімдеді. Бірақ сол күндері Египетте ӛткен жаппай 
демонстарциялар Насердің тек Египетте ғана емес, барлық араб 
әлеміндегі жеке дара кӛсем екендігін кӛрсетті.
Реформалардың одан арғы даму стратегиясы мемлекеттік 
қайраткердің ӛліміне байланысты жалғасын тапқан жоқ. 1970 жылы 
28 қыркүйекте Г.А.Насердің ӛлімінен кейін президент қызметін 


224 
иеленген Анвар Садат алғашқыда біртіндеп, ал кейіннен толығымен 
Насер саясатынан бас тартады. Насер жақтастары мемлекеттік 
аппараттан аластатылды, мемлекеттік сектордың айтарлықтай бӛлігін 
қайта ұлттандыру жүрді, жеке кәсіпкерлікті және шетелдік 
инвестицияны дамыту үшін қолайлы жағдай жасалды. 
1973 жылы күзде Садат басшылығымен «алты күндік соғыс» 
кезінде Израильмен басып алынған араб территорияларын қайтаруды 
қамтамасыз етуі тиіс болған ІІІ араб-израиль соғысы басталды. Египет 
және сириялық армияның соғыстың бастапқы кезіндегі жетістіктеріне 
қарамастан, арабтарға ӛз жеңістерін дамыту мүмкін болмады: кӛп 
ұзамай израильдықтар қарсы шабуылға шықты және бұл соғыста да 
жеңіске жетті. Алайда бұл соғыс арабтардың бірігушілігін және 
біріккен әрекеттерін кӛрсетті.
1974 жылы 18 сәуірде президент Садат «Қазан құжатын» 
жариялап, онда «ашық есік» («инфитах») саясатының негізгі 
принциптері жария етілді, бұл жергілікті буржуазияны нығайту және 
шетелдік капиталға, бірінші кезекте АҚШ капиталына еркіндік беру 
жолымен нарықтық шаруашылыққа кӛшуді білдірді. «Инфитах» 
негізінен американдық инвестициялардың мұнай, банк ісі және 
тұрғын үй құрылысы салаларына ағылып, елдің экономикалық ӛмірін 
жандандырғанымен, «экономикалық керемет» орындалған жоқ. Оған 
қоса, жаңа экономикалық саясат дағдарысы 1970 ж.ж. соңында 
жұмысшылардың жаппай ереуіліне алып келді.
Египеттің сыртқы саясатында да күрделі ӛзгерістер жүреді. 
Одақтастардың ауысуы және американдық бағыт Садатты 
Израильмен келісім жасауға итермелейді. 1975 жылы бұл келісімдер 
Синай түбегінің үлкен бӛлігі Египетке Израильмен бейбіт келісім 
жасауға уәде берген жағдайда келісімнің жасалуына алып келеді. 
АҚШ президенті Картердің ықпалымен келісімнің негізгі ережелері 
1978 жылы Кэмп-Дэвидте келісілді. Келісімге соңғы нұсқасында 1979 
жылы наурызда қол қойылды. 
Араб елдері Садаттың бұл саяси ісіне қарсылық білдіреді. 
Египетпен дипломатиялық қатынастар үзіліп, АЕЛ ұйымына мүшелігі 
тоқтатылып, Египет ОПЕК құрамынан шығарылады.
Ішкі саясат саласында да ӛзгерістер жүрді. 1976 жылы Садат 
АСО-да қайта құрулар жүргізді, ол үш партияға бӛлінді: 
Либеральдық-социалистік (ЛСП), Ұлттық-прогрессивтік (ҰПП) және 
Араб социалистік (АСП). ЛСП жеке сектордың дамуына шексіз 
еркіндік беруді жақтады, бірақ шетелдік капитал пайдасына ұлттық 
буржуазия мүдделерін шектегені үшін үкіметті сынға алды. ҰПП 
Насер бағытын жалғастыруды қолдады. АСП үкіметтік партия бола 


225 
және жан-жақты қолдау ала отырып, 1976 жылы парламент 
сайлауында жеңіске жетті.
Кӛппартиялық жүйені құру бойынша бұл шаралар формальды 
сипат алды және мүмкін боларлық әлеуметтік қақтығыстардың алдын 
алуға бағытталды. 1970 жылдардың соңында Садат қабылдаған және 
«демократиялық сынақ» атауын алған партиялар мен саяси 
ұйымдардың жаңа құрылысы жеңіліске ұшырады. Бұл шаралар 
шиеленістің күшеюіне алып келеді: 1981 жылы қазанда әскери шеру 
кезінде мұсылман экстремистер Садатты ӛлтіреді. 
Египет Араб Республикасының жаңа президенті Хосни Мубарак 
болады. Ол да Садаттың саясатын жалғастырады. Экстремистік 
мұсылман ұйымдарына бақылау орнатылды. Ішкі саяси ӛмір 
жанданды. Елде сайлау ӛткізілді, онда кӛпшілік дауысты Ұлттық-
демократиялық партия және Жаңа Вафд алғанымен, солшыл 
партиялардың да ықпалы күшейді.
1987 жылдан бастап араб елдерімен қатынастарының жақсару 
кезеңі басталады. Египеттің Араб елдері лигасына мүшелігі қалпына 
келтіріледі. КСРО-мен де қатынастары жақсарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет