Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы


Отарлардағы ұлтшылдықтың өсуі



Pdf көрінісі
бет37/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

Отарлардағы ұлтшылдықтың өсуі.
Күрестің ереуіл, 
манифест, байкот, азаматтық бағынбаудың түрлі әдістеріне бағыт 
беретін қозғалыстар пайда болады.
Қоғамдағы сәйкесті жағдайға және билікке ұмтылушы 
ұлттық элитаның пайда болуы. 
Олардың қатарында К.Нкруме, 
С.Туре, Д.Кениата, Х.Банда және т.б. айтуға болады. 
 
Метрополия үшін 
отарлардың экономикалық тиімділігінің 
жойылуы.
Отарларға қажетті шығындар күрт ӛсті, оларды басқару 
күрделене түсті. 
 
Метрополиялардың 
өзіндегі 
және 
халықаралық 
қатынастардағы қоғамдық ойдың ықпалының артуы.
Соғыс 
аяқталғаннан кейін европалық елдерде солшыл саяси күштер 
нығаяды. 
 


215 
«Қырғи қабақ соғыс».
Ұлы державалардың халықаралық 
қатынастардағы қарама-қайшылығы тәуелсіздік үшін күресуші 
африкалық халықтарға тиімді болды. 
 
Ливия соғысқа дейін Италияның отары болды. 1949 жылы 
мамырда үш солтүстік африкалық Италия отарларынан Ливия 
корольдігі құрылады. Король болып Киренаиканың әмірі Мұхаммед 
Идрис ас-Сенуси тағайындалады. БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 
қабылдаған резолюция бойынша Ливия 1951 жылы желтоқсанда 
тәуелсіз елге айналады.
Магриб елдерінде соғысқа дейін Франция үстемдік етті, Алжир 
отар, ал Тунис пен Марокко протекторат болды. 1956 жылы 20 
наурызда Тунис, 1956 жылы 2 наурызда Марокко, 1962 жылы 3 
шілдеде Алжир тәуелсіздігін жариялап, билік Бен Белла қолына 
кӛшеді.
Батыс Африкада тәуелсіздігін алғаш болып алған ел – ағылшын 
отары Алтын Жағалау (Гана). Жергілікті ұлтшылдарды конвенттің 
Халық партиясының негізін салған Кваме Нкруме басқарды. 1957 
жылы наурызда Алтын Жағалау тәуелсіз Гана мемлекеті болады. 
Батыс Африкада тәуелсіздігін жариялаған екінші мемлекет Фран-
цуздық Гвинея болды. Барлық француз отарлары екі территорияға – 
Батыс Африка және Экваторлық Африкаға біріктірілді; олардың 
әрқайсысында ӛздерінің ӛкілдер Жиналысы құрылды.
1960 жыл – «Африка жылы» болды. 17 мемлекет бірден 
тәуелсіздігін алады. Ең алдымен – француздық Сенегал, кейіннен 
тағы да 4 француз отары – Піл сүйегі жағалауы, Нигерия, Жоғарғы 
Вольта және Дагомея тәуелсіздігін жариялайды. Француздық отарлар 
Камерун мен Того да тәуелсіз болады, бұл отарлардың британдық 
бӛлігі сәйкесінше Нигерия мен Ганаға қосылады. Кейіннен, жылдың 
соңында, тәуелсіздігін Мадагаскар, Габон, Чад, Убанги-Шари 
(Орталық-Африкалық 
республика) 
және 
француздық 
Конго 
(Браззавиль) алды. Тропикалық Африкада барлығы 14 франк-тілді 
мемлекет.
1960 жылы халық саны бойынша ең кӛлемді Африкалық 
мемлекет, бұрынғы Ұлыбритания отары Нигерия тәуелсіз болды. 1960 
жылы жаңа мемлекет Сомалидің тәуелсіздігі жарияланады. 1960 
жылы 30 маусымда Бельгиялық Конго тәуелсіздігін жариялайды.
1961 жылы ағылшын отарлары – Сьерра-Леон және Танганьика, 1962 
жылы шілдеде – Руанда, Бурунди, қазан айында - Уганда, 1963 жылы 
желтоқсанда – Кения және Занзибар аралы тәуелсіздігін алды. 1964 
жылы шілдеде басына президент Хестинг Банда тұрған Малавидің 
тәуелсіздігі жарияланады. 1964 жылы қазан айында президенті 
Кеннет Каунда болған Замбия азат елге айналды. 1965 жылы 11 


216 
қарашада басында Ян Смит болған Оңтүстік Родезия үкіметі 
біржақты тәртіппен тәуелсіздігін жариялады. Бұл Англияға 
қатынасында ел ішіндегі қатынастың шиеленісін туғызып, тек 1980 
ж.ж. ғана шешімін табады. 1966 жылы тәуелсіздігіне Бечуаналенд 
(Ботсвана), Басутоленд (Лесото), ал 1968 жылы – Свазиленд қол 
жеткізеді. Сонымен қатар 1968 жылы ағылшындықтар Маврикий 
аралына тәуелсіздігін береді.
Португалия мен Испания ӛз отарларына тәуелсіздігін беруге 
асықпайды. Испандықтар тек 1968 жылы ӛзінің Ферденанд-По 
аралына Рио-Муни анклавымен бірге Габонда тәуелсіз Экваторлық 
Гвинея мемлекетін құруға мүмкіндік береді. 1974 жылы 10 
қыркүйекте Гвинея (Бисау) тәуелсіздігін жариялады. Бірінші 
президенті Жоан Бернарду Виейра болды. 1975 жылы 5 шілдеде 
Кабо-Верде республикасы деген атаумен Жасыл Мүйіс аралдары да 
тәуелсіз елге айналады. 1975 жылы 25 маусымда Мозамбик 
тәуелсіздігін алады. Оның президенті Самора Машел билікке ӛз 
партиясы ФРЕЛИМО-ны әкеліп, сайлауда жеңіске жетеді. Тәуелсіздік 
үшін күресті ұзақ жылдар бойы Эдуард Мондлане басқарды. 1975 
жылы 11 қарашада Анголаның тәуелсіздігі ұзаққа созылған 
тәуелсіздік үшін күрестен соң жарияланады.
1964 жылдың ортасында Африкада 35 тәуелсіз мемлекет болса, 
1975 жылы – 47, 1984 жылы – 50-ден асады. 1989 (1990) жылы соңғы 
африкалық отар – Намибия саяси дербестігіне қол жеткізеді. Оның 
тұңғыш президенті СВАПО (Оңтүстік-Батыс Африканың Халықтық 
ұйымы) жетекшісі Сэм Нуйома болды. Африканың прогрессивтік 
күштерінің ірі жетістігі тәуелсіздігін жариялау және Ангола, 
Эфиопия, Гвинея-Бисау, Мозамбиктің социалистік бағыт ұстануы 
болды. 
1958 жылы африкалық елдердің ӛкілдері алғаш рет ӛз 
тарихында Африканы отарлық қанаудан босату мәселесі бойынша 
панафрикандық конференцияны ұйымдастырады. 1958 жылы Гана 
астанасы Аккрада Африка тәуелсіз мелекеттерінің конференциясы 
ӛтеді, оған тәуелсіздік алған 8 елдің ӛкілдері қатысады: Гана, Судан, 
Либерия, Марокко, Тунис, Ливия, Эфиопия, Біріккен Араб 
Республикасы. Бұл конференция толығымен отаршылдық режимнен 
азат ету және оны жоюда нақты шаралар қолдану мәселесіне 
арналады.
Африка халықтарының 1960 жылы Тунисте ӛткен екінші 
конференциясында отаршылдық режимді жою туралы нақты 
шаралармен әрбір отар туралы резолюция қабылданады. Егер де 
Африка халықтарының Бірінші конференциясы ең алдымен саяси 


217 
бостандық мәселесіне арналса, ал Екіншісі экономикалық 
тәуелсіздікке қол жеткізуге арналды.
Африкалық бірлік Ұйымын (ОАЕ) құру жӛніндегі Конференция 
1963 жылы 22-25 мамыр аралығында Эфиопия астанасы Аддис-
Абебада ӛтеді. Африкалық бірлік Ұйымы – Африкадағы аймақтық 
ұйымға айналады. 2000 жылы құрлықтағы 52 мемлекет оның 
мүшесіне айналады. Ол африкалық мемлекеттер арасында саяси және 
экономикалық байланыстарды нығайтуға, Африка мемлекеттерінің 
ісіне империалистік араласуға қарсы тұруға, Африка қоғамының 
территориялық тұтастығын және тәуелсіздігін қорғауға тиіс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет