Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы



Pdf көрінісі
бет40/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ливия 
 
1.
1945-1969 ж.ж. Ливия. Саяси дамуы. Соғыстан кейінгі 
жылдары Ливиядағы әлеуметтік-экономикалық ӛрлеу.
2.
1969-1980 ж.ж. Ливия. 1969 жылғы Ливиядағы Қыркүйек 
революциясы және мемлекеттік құрылымдағы ӛзгерістер.
3.
«Халық революциясы» бағдарламасы.
4.
ХХ ғасырдың соңындағы Ливия. 
Басқару 
формасы 
мен 
территориялық 
қҧрылымы:
Джамахирия (елде классикалық басқару формалары қалыптаспаған, 
заң шығару құқығы мүшелері барлық кәмелеттік жасқа толған ел 


241 
тұрғындары болып табылатын алғашқы Халықтық жиналыстар). 25 
муниципалитеттен тұратын унитарлы мемлекет. Мемлекет басшысы – 
Революциялық басқарма хатшысы. Заң шығарушы орган – Халықтық 
конгресс. Астанасы – Триполи (2,0 млн. адам). 
643 жылдан бастап елді арабтар жаулап алады, содан соң қазіргі 
Ливия территориясы Оттоман империясының бӛлігіне айналады. 1911 
жылдан – Италия отары. 1943 жылы ел Франция мен 
Ұлыбританияның біріккен басқаруына кӛшеді. 1951 жылы 24 
желтоқсанда Ливияның тәуелсіздігі жарияланады.
Географиялық орналасуы:
Солтүстік Африканың орталық 
бӛлігі. Атлант мұхитының жағалауы. Алжирмен, Тунис, Нигер, Чад, 
Судан және Египетпен шектеседі.
Жер кӛлемі:
1 759,5 мың км
2

Халқы:
5,8 (9,2) млн. адам. Ливиялықтар (арабтар мен 
берберлердің ұрпақтары) - 97%, гректер, итальяндықтар. Тығыздығы: 
3 адам/км
2

Мемлекеттік тілі:
араб, итальян, ағылшын тілдері де 
қолданылады.
Ақша бірлігі:
ливиялық дирхем. 1 евроға 1,6. 
Итальян-герман әскерилерінің Солтүстік Африкадағы жеңілі-
сінің нәтижесінде Ливия территориясы ағылшын және француз 
әскери билеушілерінің бақылауына кӛшеді. Британдықтар әрқай-
сысында оккупациялық әкімшілік орныққан Киренаика мен 
Триполитанияны «дербес» провинцияларға айналдырады. Ағылшын-
дықтар Ливия провинцияларын бір-бірінен оқшаулауға ұмтылады. 
Феццанда француздық әкімшілік орнығады. Әскери қимылдар 
нәтижесінде онсыз да әлсіз Ливия экономикасы құлдырауға 
ұшырайды.
Араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар толқыны Ливияға да 
жетеді. 1945 жылы Триполиде ондаған мың ливиялықтардың 
қатысуымен бірнеше демонстрациялар ӛтеді. Кейіннен партияға 
айналған бірнеше астыртын саяси ұйымдар пайда болады. Мысалы, 
1946 жылы Біріккен ұлттық майдан (БҰМ), Ұлттық партия, Еркін 
ұлттық блок, Египеттік-Триполитандық одақ және т.б. пайда болады. 
1947 жылы «лейбористік партия», бір жылдан кейін «либеральдық 
партия» пайда болады. Алайда олар халықтың қалың тобымен кең 
түрде байланыс жасамайды, оларда билік үшін жетекшілік қарама-
қайшылығы орын алады. 
Сонымен қатар ағылшындықтар Киренаикада ағылшындық 
бағыттағы ұйымдардың құрылуына қолдау кӛрсетеді. 1947 жылы 
билікке Идрис ас-Сенуси келеді. Ол барлық саяси ұйымдарды 


242 
таратып, оның орнына діни-тайпалық топтың мүддесін қорғаған 
Киренаиканың Ұлттық конгресін құрады. Одан әрі ағылшын-
дықтардың негізгі күші сыртқы тәуелсіз мемлекеттік құрылымды 
қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде Киренаиканың ӛзіндік 
басқару құрылымы қалыптасады: басында Идрис ас-Сенуси болған 
үкімет құрылып, конституция қабылданады, парламент құрылады 
және сепараттық азаматтылық туралы заң қабылданады. 
Кейіннен Англия үлгісімен Феццанды бӛлу және жанама 
басқару жүйесіне кӛшуге бағытталған шараларды Франция жүзеге 
асырады. 1950 жылы 13 ақпанда Феццанда «Уақытша режим туралы 
ереже» 
күшіне 
енеді, 
ол 
бойынша 
жетекшісі 
жергілікті 
аристократиялық шейх Ахмед Сейф ан-Насер болған Феццан 
автономиялық үкіметі құрылады.
1947 жылғы бейбіт келісім шарттары бойынша Италия Ливияға 
орнатылған барлық құқықтарынан бас тартып, бұрынғы итальян 
отарының тағдыры БҰҰ қарауына беріледі. 1949 жылы 21 қарашада 
Бас Ассамблияның ІҮ сессиясы Ливияға тәуелсіздігінің берілуі 
туралы шешім шығарып, оның территориясынан шетелдік 
әскерилерді шығаруды жүргізіп, 1952 жылдың 1 қаңтарына дейін 
шетелдік әскери базаларды жою міндетін қояды.
Ливияның мемлекеттік құрылысы туралы мәселе тӛңірегінде 
республика жақтастары және монархия жақтастары арасында, 
федерация жақтастары және унитарлық мемлекет жақтастары 
арасында шиеленіскен күрес ӛрбіді. Оккупациялық биліктің қысымы 
және кӛптеген триполитандық кӛсемдердің келісімпаздық позициясы 
монархия және федерализм жақтастарының жеңісіне алып келді. 
1951 жылы 24 желтоқсанда Ливия басында сенуситтердің діни 
орденінің жетекшісі король Идрис болған федеративті корольдік 
типіндегі тәуелсіз мемлекет деп жарияланады. Федерацияға үш 
провинция кіреді: Триполитания, Киренаика және Феццан, олардың 
әрқайсысының ӛз үкіметі болды. Мемлекет формасы бойынша 
конституциялық монархия. Парламент екі палатадан тұрды: ӛкілдер 
палатасы және сенат. Заң шығарушылық жетекшілік парламентке де, 
корольге де тиесілі болды. Король вето құқығын иеленді және ӛз 
қарауы бойынша парламентті тарата алды. Ол конституция бойынша 
оның билігі теориялық жағынан шектеулі болғанына қарамастан 61 
жасында отырды, іс жүзінде ол 1969 жылға дейін ливиялық саяси 
ӛмірде үстемдік етті. 
1950 ж.ж. екінші жартысында елдің қоғамдық ӛмірі үшін үлкен 
із қалдырған оқиғалар болады. Ливия территориясынан мұнай мен 


243 
газдың бай кен орындары табылады. Жоғары сапалы кен орындарын 
ӛңдеумен шетелдік, ең алдымен американдық компаниялар 
айналысты. Кейінгі жылдары мұнай ӛндіру ӛндірісінің дамуы жылдам 
қарқынмен жүрді. Сегіз жыл ішінде (1961-1969 ж.ж.) мұнай ӛндіру 0,6 
млн.-нан 180 млн. т. артып, нәтижесінде Ливия мұнай ӛндіру 
бойынша дүние жүзінде бесінші орынға шығады. 1961 жылы 
мұнайдан түскен мемлекеттік табыс 3 млн. долларды құраса, ал 1969 
жылы 1175 млн. долларға жетеді.
Мұнай ӛндіру ӛнеркәсібінің есебінен ҰІӚ 1962 жылдан 1968 
жылға дейін 458% ӛседі. Бұған қоса ҰІӚ құрылымы да түбірімен 
ӛзгерді. Егер 1950 жылдардың соңында оның негізгі үлесі ауыл 
шаруашылық ӛнімдеріне және ӛңдеуші ӛнеркәсіпке тиесілі болса, енді 
1969 жылы экономиканың бұл салаларының үлесі сәйкесінше 3 және 
1,7% құрады, ал мұнай ӛндіру – 61,7%. 
Мұнай ӛндірудің және онымен байланысты салалардың тез 
дамуы Ливияның әлеуметтік-экономикалық ӛміріне түпкілікті 
ӛзгерістер енгізеді. Ауыл халқының қалаға және мұнай ӛндірісіне 
миграциялануы тездейді. Әлеуметтік дифференциацияның жедел 
үрдісі қоғамдық оң ӛзгерістердің қалыптасуына алып келді. Ливиялық 
селоларда халықтың мұнай ӛндірісіне және қалаға (1960 жылдан 1964 
жылға дейін – 64 мың адам) жаппай кетуімен байланысты тек сандық 
ӛзгерістер ғана емес, сонымен қатар сапалы да ӛзгерістер жүрді. Бұл 
миграция кӛсемдер позициясын әлсіретті, бұл ӛз кезегінде, 
монархиялық құрылыс негіздерін үзді, қалаларда әлеуметтік-
экономикалық қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді.
Ӛздерінің экономикалық құқықтары үшін жұмысшы тап 
ұйымдасқан және жүйелі күреске кірісті. Бірақ оның әлі де саны аз 
болды (1969 жылы – 46 мың адам) және ауылмен тығыз 
байланыстарын сақтады. Жұмысшы таптың күресі негізінен 
кәсіподақтар арқылы жүргізілді. 1961 жылдан бастап (жұмысшы-
лардың алғашқы ірі ереуілі) тек экономикалық ғана емес, сонымен бірге 
саяси талаптар да қозғай бастаған еңбекшілердің жаппай бас кӛтеру 
толқындары басталды. Мемлекеттік аппарат және эконо-микалық даму 
қажеттілігі интеллигенцияның ӛсуін ынталандырды. Ливиялық 
интеллигенцияның ішінде және әсіресе студенттік жастар арасында 
арабтық ұлтшылдық идеясы кеңінен таралуға мүмкіндік алды.
1969 жылы 1 қыркүйекте 1964 жылдан бастап «Еркін офицерлер 
– юнионистер-социалистер» (СОЮС) ұйымына біріккен ливия 
армиясының офицерлерінің бас кӛтеруі нәтижесінде король І Идрис 
режимі құлатылады. 6 қыркүйекте бұрынғы ливиялық монарх ресми 


244 
түрде тақтан бас тартады. Билік 12 кіші офицерлерден тұратын 
революциялық басшылық Кеңесінің (СРК) қолына ӛтеді. Оны 29 
жастағы капитан Муамар Каддафи басқарды. 
«1 қыркүйек революциясы» монархиялық режимнің елдің 
алдында қалыптасқан күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді 
шеше алмауының жарқын кӛрінісі болды.
1969 жылы 11 желтоқсанда РБК (СРК) уақытша Консти-
туциялық декларация мәтінін жариялайды, оған сәйкес Ливия 
Ливиялық Араб Республикасы деп жарияланды. РБК барлық заң 
шығарушылық 
билікті 
иеленді. 
Министрлер 
кеңесін 
РБК 
тағайындады және оған есеп беретін болды. Конституциялық 
декларация социалистік бастамаларға негізделген қоғам құру 
мақсатын қойды. Тегін білім алуға, «әлеуметтік-экономикалық қайта 
құрулар» ӛткізуге кепілдік берілді.
Бұдан кейін жаңа басшылық тең емес келісімдерді қайта қарауға 
және АҚШ мен Ұлыбританияның әскери базаларын жою үшін күрес 
жүргізді. 1970 жылы наурызда ағылшын, ал маусым айында американ 
әскерлерінің шығарылуы аяқталды.
1971 жылы РБК жаппай саяси ұйым – Араб социалистік одағын 
(АСС) құру туралы декрет шығарады. Ол халықтың қоғамды 
революциялық қайта құру ісіне кең түрде тартылуын, революциялық 
режимнің әлеуметтік базасының кеңейтілуін, елдегі жағдайдың 
тұрақталуын қамтамасыз етуге тиіс болды. АСО-нан (АСС) тыс кез-
келген саяси қызметке тиым салынды. АСО (АСС) тӛрағасы 
М.Каддафи болды.
1970 жылдардың бірінші жартысында Ливияда әлеуметтік-
экономикалық қайта құруларды кеңейту және тереңдетуге 
бағытталған шаралар жалғастырылды; жұмысшылар тобының 
ӛнеркәсіпті басқаруға және қоғамдық мәселелерді шешуге араласуы 
кеңейтілді; американдық мұнай компаниялары ұлттандырылды. 
Сыртқы саясат саласында «қосылмаушылық және позитивті 
бейтараптылық» тұжырымдамасы қалыптасты. Бұл кезеңде сонымен 
қатар Ливияның экономикалық, саяси және әскери салада социалистік 
елдермен ынтымақтастығы кеңейтілді.
Ливиядағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформа-
лардың идеялық-теориялық негізі алғаш рет М.Каддафи 1973 жылы 
мамырда жасап шығарған, ал содан кейін оның «Жасыл кітабынан» 
(1976-1979 ж.ж.) кӛрініс тапқан «үшінші әлем теориясы» болды. 
Автордың айтуы бойынша, бұл теория «нағыз революциялық ислам 
және арабтық ұлтшылдық» принципіне негізделеді. Ішкі жоспарында 
ол «халық тобының қоғамын» құруды, халық ешқандай делдалсыз 


245 
(партия, парламент) барлық мемлекеттік істерді басқаруға тиісті 
«тікелей халық билігі - джамахирия» құруды кӛздейді. Идеологиялық 
тұрғысынан Каддафи теориясы адамды адамның қанауына 
негізделген капитализмнен де, тұлғаны мемлекетке бағындыратын 
коммунизмнен де бас тартады. Тарихтың басты қозғаушы күші 
ұлтшылдық және дін деп негіздей отырып, «үшінші әлем теориясы» 
әлеуметтік әділеттілік принциптері Құранда сақталған және ол 
барлық жұмысшылардың ӛнеркәсіпті тікелей басқару жүйесіне 
қатысу жолымен жандандырылуы тиіс деп кӛрсетеді.
Сыртқы саясатында джамахирия (республика) жүйесін құру 
негізінде арабтардың бірлігіне қол жеткізу міндеті қойылды. Ал 
«үшінші әлем теориясы» дамушы елдердің мәселелерін шешу үшін 
қолайлы жалғыз жол ретінде сипатталды.
«Үшінші әлем теориясының» талаптарына және халықтық 
революция бағдарламаларына сәйкес елде қызмет етуші заңдық 
актілерді қайта қарау процесі жандандырылды. 1974 жылы күзде 
Революциялық Басқару Комитеті (РБК) дәстүрлі мұсылман 
құқықтарының нормаларына - шариғатқа негізделген бірқатар заңдар 
жүйесін шығарды. Қабылданған заңдар елге спирттік ішімдіктерді 
заңсыз әкелуге, қолдануға, және сатуға қатаң жазалар қарастырды. 
Шариғатқа сәйкес отбасы және неке туралы заңға ӛзгерістер енгізілді. 
Алайда М.Каддафи тұжырымдамалары іс жүзінде жүзеге асырылу 
барысында бірқатар қиыншылықтарға тап болады.
1975 жылы маусымда әскери шеру кезінде үкімет трибунасын 
атуға бағытталған сәтсіз әрекет жасалады. Тамыз айында РБК мүшесі 
О.Мохейши бастаған офицерлер тобы тӛңкеріс жасауға ұмтылады. 
Жоспарларының сәтсіздікке ұшырауынан кейін оның жетекшілері 
шетелге қашып кетеді.
Оппозицияның 
белсенділігіне 
қарамастан 
М.Каддафи 
«халықтық революция» шеңберіндегі шараларды жүзеге асыруды 
жалғастыра берді. РБК-нің 1975 жылы 18 қарашадағы Декретіне сай 
джамахирия органдары жүйесін – халықтық комитеттер мен 
кәсіподақтарды қалыптастыру аяқталды. 1976 жылы қаңтар айында 
Араб социалистік одағының орнына келген Жалпыхалықтық 
конгресстің ӛтуі маңызды оқиға болды. Конгресстің бас хатшысы 
болып М.Каддафидің жақын жақтастарының бірі үкімет басшысы 
А.С.Джеллуд тағайындалды.
Ішкі саяси маңызды оқиғалар 1977 жылы күзде ӛтеді. 2 
наурызда Себхада Жалпыхалықтық Конгрестің тӛтенше съезі ӛтіп, 
«тікелей халық билігі» жүйесін орнатқан Декларация қабылданады. 


246 
Құран «қоғам заңы» деп жарияланып, 1969 жылы Конституциялық 
декларация қызметін тоқтатады. РБК таратылып, Жалпыхалықтық 
конгрестің Бас хатшысы болып М.Каддафи сайланады. Ливия үкіметі 
Жоғарғы халық комитеті (ЖХК), ал министрліктер - секретариаттар 
деп аталды. Елдің халықтық үкіметінің басшысы болып А.Обейди 
сайланды. Елдің бұрынғы Ливия Араб Республикасы атауы – 
Социалистік Халықтық Ливиялық Арабтық Джамахирия (СХЛАД) 
деп ӛзгертілді. Бұл жерде «Джамахирия» араб тілінің неологизмі, 
«джамахир» (топ - массы) сӛзінен құрылғандығын, айналымға 
М.Каддафи енгізгендігін атап ӛткен жӛн. Сӛздің дәл аудармасы 
«тікелей халықтық ӛзін-ӛзі басқару» дегенді білдіреді.
1977 жылы күзде Ливияда алғаш рет «революциялық 
комитеттердің» құрылуы туралы жарияланады. Оның құрамына 
«революция бағытына» сенімді және М.Каддафиге берілген тұлғалар 
кірді. Ревком мүшелері мемелекеттік аппарат қызметін бақылау 
саласында шектеусіз ӛкілеттіліктер алды және тікелей елдің жоғарғы 
жетекшісіне бағынды. 
1979 жылы 1-2 наурызда Ливияның мемлекеттік құрылымына 
жаңа ӛзгерістер енгізіледі. Бұл күндері Жалпыхалықтық Конгресстің 
тӛтенше сессиясы ӛткізіледі, онда М.Каддафи бұрын ұсынған «билікті 
революциядан бӛлу» ұраны жүзеге асырылды. Жалпыхалықтық 
Конгресстің Бас хатшылығының бұрынғы бес мүшесі басында 
М.Каддафимен бірге СХЛАД Революциялық жетекшілігін құрып, ол 
іс жүзінде Ливиядағы жоғары саяси билікті қолына шоғырландырады. 
Елді басқару бойынша ӛзінің тәжірибелік қызметінде ол 
революциялық комитеттер жүйесіне, оның ішінде қарулы күштерге 
арқа сүйеді. Ослайша, Ливияда құрылымы бойынша саяси партияға 
жақын саяси ұйым қалыптасты. 
Елдің 
ішкі 
саяси 
жағдайының 
дамуы 
үшін 
ливия 
басшылығының сыртқы, халықаралық жағдайы да үлкен әсер етеді. 
1977 жылы 2-5 желтоқсанда М.Каддафи басшылығымен Триполиде 
Ливия, Алжир, Йемен Халық Демократиялық Республикасы және 
Палестинаны Азат ету ұйымы жетекшілерінің кеңесі ӛтеді. Бұл 
кездесудің нәтижесі беріктік және қарсы әрекеттік Ұлттық майданның 
құрылуы болды, оның қызметі айқын антиизраильдық сипат алды. 
Осымен қатар бірмезгілде Триполиде барлық араб әлемінің 
прогрессивтік партия және қоғамдық ұйым ӛкілдері шақырылған 
Жалпыарабтық ұлттық конгресстің (ЖҰК) бірінші конференциясы 
ӛтеді.
АҚШ әкімшілігі Ливияны Таяу Шығыс пен Африкадағы ӛзінің 
«стратегиялық қарсыласы» ретінде қарастырады. 1986 жылы 15 


247 
сәуірде АҚШ әуе күштері Ливия территориясындағы бірқатар 
объектілерді бомбалайды. Шабуыл нәтижесінде жүздеген адам 
жараланды және ӛлді, оның ішінде М.Каддафидің 18-айлық асыранды 
қызы да қайтыс болады. Ӛз әрекеттерін ақтай отырып, американдық 
әкімшілік шабуылды 1986 жылғы 5 сәуірдегі батыс-берлиндік 
дискотекадағы жарылыспен байланыстырды. Алайда американдық 
айыптаулар дәлеледенбеген күйінде қалды.
1990 жылғы жаңа геосаяси жағдай Ливияға да әсер етпей 
қоймайды. АҚШ және оның одақтастары елге және оның үкіметіне 
қатысты басқыншылық саясатын одан әрі жалғастыра береді. 1991 
жылы қараша айында АҚШ, Ұлыбритания және Франция Ливияны 
1988-1989 
ж.ж. американдық және француздық азаматтық 
авиалайнерлерді жаруға қатысты деп айыптайды. 1992 жылы қаңтар 
айында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Қеңесі Ливияны осы шараны зерттеуде 
ынтымақтастыққа шақырған резолюция қабылдайды. Ал 1992 жылы 
наурызда елге қарсы бірқатар санкцияларды енгізу туралы жаңа 
резолюцияны қолдайды.
Соған қарамастан, елдің экономикалық жағдайы, Каддафиді 
ішкі қолдау да тұрақты күйінде қала берді. Қабылданған санкцияларға 
қарамастан, бірқатар елдер (Италия, Жапония, Оңтүстік Корея) 1998 
жылы 16,7 млрд. долларды құраған Ливия сыртқы саудасының басты 
серіктестері болып табылады. Ливияның экспорттық табыстарының 
қысқартылуына қарамастан, оның валюталық-қаржы жағдайы 
тұрақты. Алтын валюталық резерві 7 млрд. доллар деп бағаланады. 
Қазіргі Ливия мемлекетінің негізін бұрынғысынша мұнай ӛңдеуші 
және мұнай ӛндіруші ӛнеркәсіп құрайды, оның үлесін ҰІӚ-нің 32 
пайызы және экспорттан түскен 95 пайыздан астам ӛнім құрайды. 
Мұнай қоры 4 млрд. т. деп бағаланады, сондай-ақ темір рудасы мен 
газдың да ӛнеркәсіптік қоры бар.
Мұнай ӛндіруші ӛнеркәсіптен кейін екінші орында ӛңдеуші 
ӛнеркәсіп (ҰІӚ 8 пайызына жуық алады). Оның ірі объектісі 
Мисураттағы металлургия кешені болып табылады. Жеңіл және тамақ 
ӛнеркәсібі 
салыстырмалы 
түрде 
әлсіз 
дамыған. 
Ауыл 
шаруашылығында 2%-дан аспайтын жер қолданылады. Негізгі 
дақылдар: астық, темекі, цитрусты және бақшалық. Мал 
шаруашылығының үлесі – ауылшаруашылық ӛнімдері ӛндірісінің 
50%-ға жуық кӛлемінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет