Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет121/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   316
Әдеби KZ
 
 
тұрған жалғыз салт аттыны көрді. Түйілген қабағы ашылып, талмаусыраған көзінде 
бір ұшқын пайда болды. Енді ол Көксеңгірін тебініп қап, төбе басында тұрған салт 
аттыға беттеді. Таяу келіп аттан түсті. Одан артық жақындауға батылы бармады. 
Төбе басында тұрған салт атты арт жағында таяп қалған ат дүбірін естіп, бетін сәл 
бұрды. Бұл он бес-он алты жасар қыз еді. Аққұба бетін күн сәулесіне 
шомылдырған, үлкен жаудыраған бота көздері қарақаттай қап-қара, оймақ ауыз, 
бүлдіршін еріндері тек ләззатқа ғана жаралғандай сүйкімді, қор қызынан кем емес 
бір сұлу... 
Қыз жүзінде кенет бір қайғылы саз пайда болды. 
— Не айтасыз, батыр? — деді ол қайтадан теріс бұрылып кетіп. 
— Мен айтарымды айтып болдым ғой, бикеш, — деді Қобыланды! — Ақжол 
биді де сен үшін өлтірдім, батыр Саянды да сен үшін өлтіртпек болдым. Бір сен 
үшін жолымда жалғыз көз дәу кездессе де күресуге бар едім. Ал қазір... 
Арыстанның жүрегіндей жүрегім қоянның жүрегіндей болғанда, алпауыттай
көңілім алақандай болғанда, қорлама енді сен мені, тағдырымды өзің шеш. 
Қыз бетін қайта бұрды. 
— Ақжол биге тоқалдыққа анамның бермек ойы болғаны рас. Бірақ Ақжол 
бидің қандай жазығы бар еді? Батыр Саянды менің сүйгенім рас. Бірақ батыр 
Саянның қандай жазығы бар еді? Жоқ, Қыпшақ жолбарысы Қобыланды, қара 
жерге кірмей мен саған қатын болмаймын. 
Намысқой батыр ызалана қалды. 
— әкең берсе қайтесің? 
— Онда менің қызығымды сен емес, мына алмас кездік көреді, — деді алтын 
белбеуінің қынынан кішкентай қылшылдаған кездікті суырып. 
Сөйтті де жас сұлу «Осы ақырғы кездесуіміз болсын!» деп, атын бұрып алып, 
Орда-Базарға қарай шаба жөнелді. 


129 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет