Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет316/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316
Әдеби KZ
 
 
батырдың отырысына сүйсінген хан көзін одан көпке дейін алмады. Бұл өзінің 
баласы — Хақназар еді. Ұрысқа алғашқы аттануы. 
Қасым үндемеді, тек баласы ұзап кеткенше оның ту сыртынан қарай берді... 
 
 


339 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
Эпилог 
Қазақ хандары Түркістан өлкесі үшін сексен жылдай соғысты. Ақырында, осы 
Хақназар хан болған кезінде ғана тегіс өз жерін өзіне қайтарып алды. Хан 
астанасын Яссыға көшірді. Содан кейін барып оны Түркістан деп атап кетті. Және 
осы Хақназар хан кезінде үш жүз жылдан көп әңгіме болып келген жай — бүкіл 
қазақтың Үш жүзге бөлінуі аяқталды. Қасым хан осы баласын көргенде өзінің 
алғашқы жорыққа аттанғаны есіне түсіп, ішінен баласына «бақытты бол!» деп 
күбірледі. Иә, Сар даласында, сонау ұзақ тарихында қазақ халқы не көрмеді. Суға 
да батты, отқа да жанды, бірақ тірі қалды, құрып кетпеді. Осының бәріне айғақ 
халықтың ерлігі, тағдыры үшін күреседі. 
Бағанадан бері әскерінен көзін алмай тұрған Қасым хан осыншама жауынгер 
ұл берген халқына риза болып кетті. 
— Мына сұрапыл күшке қарап тұрып бір ойға келдім, — деді ол қайтадан 
жақында ғана майсары болған Оңай батырға, — қазақ елі нағыз бір алмас қылыш 
қой, қарашы, алмас қылыштан айни ма? Ол — жарқ-жұрқ етіп, байтақ даланы 
дүбірлеткен қалың әскерді көрсетті. 
— Кәп осы алмас қылыш кімнің қолында болады, сонда ғой, — деді Оңай 
батыр ханға сәл бұрылып, — кім оны қалай ұстайды, қандай арман үшін жауына 
салады. 
Жөн айтасың, — деді Қасым, — бабын таппасаң қыран құс қасқыр ала 
алмайды, — сөйтті де ол қалың қол аттанып бара жатқан күншығыс пен оңтүстікке 
қобалжи қарады. — Ел шетіне жау келді, алмас қылыш тағы қынабынан 
суырылды... Арты немен тынбақ? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет