Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет308/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   316
Әдеби KZ
 
 
бұлқан-талқан болған да қалған. «Көрсетейін мен бұларға басынуды!» деп қолына 
темір табанды сойылын алған. Қарамағындағы бес жүз сарбазын ертіп, асқа 
дайындалып жатқан ауылдың, қойға шапқан қасқырдай, бір шетінен тиген. 
Шоқпарымен ұрып сан үйдің шаңырағын ортасына түсірген. Ауылдың заматта 
әлек-шәлегін шығарған. «Хан тақсыр, бос жатқан соң қонып едік», 
«Қарамағыңыздағы қазағыңбыз ғой, дәкпірімізді алмай, таң атқанша шыдаңыз
өзіміз де көшейік» деп жалынған ауыл ақсақалдарын долы мінезді Бұрындық 
ештеңеге қарамай «көш деген соң көш! Қарсыласайын деген екенсің!» деп 
табанда сойылға жыққан. Ойбайлаған қатын, жылаған бала, үрген ит, маңыраған 
қой-ешкі, ауыл үсті азан-қазан болған. Көптен бері алысатын жау шықпай, жынын 
алған бақсыдай, әбден қансырап қалған Бұрындық, жоқ жерден сойыл соғар қос 
тауып, баурын бір жазды. Ат ойнатып, ақырып рақаттанды да қалды. Хан өз елін 
жауынан қатты шапты. Таң атқанша Талас өзенінің осы арадағы бес-алты кедей 
ауылын бала-шағасын шұбыртып, өліктерін арқалатып құмға айдап салды. Бұл 
оқиғаны жорықтан қайтқан ел азаматтары естіп, қандары қызды, қаһарларына 
мінді, хан аулын күлін көкке шығарып тал түсте шаппақ болды. Жұрт дүрлігіп қол 
жиналды. Тек Дулат елінің ағасы, Бөрібай батырдың баласы Қасқалдақ би жұртқа 
ақыл айтып, аз уақытқа халық ашуын саябырлатты. 
— Ел деген атымыз бар, хан ақымақтық істеді деп біз ақымақ болмайық. 
Бұрындық ханның бұл қылығын Қасым сұлтанға жеткізелік, аға да, хан да өзінікі 
ғой, әділетін өзі шешсін, — деді. 
Жұрт осы сөзге тоқтады. 
Бұл хикаяны естісімен қасына бір топ батырларын ертіп Қасым Бұрындық хан 
Ордасына аттанды. Хан бұлардың келетінін күні бұрын естігендей ауыл сыртында 
қарсы алды. Астында аты шулы, сүліктей жараған, жалқұйрығы жерге төгілген 
мұндайда жауға мінер қара айғыры, үстінде оба тастай боп дөңкиіп өзі отыр. Арт 
жағында оба тасының жанындағы балбалалардай төрт баласы. Бәрінің де мінгені 
осы қара айғырдың тұқымы, кілең тоқпақ жал нардай дүлдүлдер. Үстерінде кеуде 


330 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет