Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет306/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Мұхамед-Шайбанидың жиһанкерлік әрекеті мінекей осылай, Қасым сұлтан 
ойлағандай боп шықты. Мұхамед-Шайбани хан елу мың атты әскерімен Созақ пен 
Ұлытауға аттануға дайындалып жатқанын естіп, Қасым сұлтан Қаратаудан 
қайтадан Шу бойына көшіп келді. Бұл кезде Бұрындық хан Сарайшықта болатын, 
абыройын айрандай төгіп алған ханның құр «хан» деген аты ғана қалған, бүкіл 
билік әскер басы Қасымға көшкен. 
Қасым Шу бойына көшіп келісімен, «бәлем, сені ме!» — деп Мұхамед-
Шайбаниға әбден өшігіп алған қазақ халқына дабыл қақты. Мұхамед-
Шайбанидың достық шартын бұзып Ұлытау мен Созақты шапқалы жатқанын 
хабарлады. Егер Созақ пен Ұлытаудан айрылса Дәшті Қыпшақтың басқа жерлерін 
қорғап отыра алмайтындарын түсіндірді. Мұхамед-Шайбани хан Мауреннахр мен 
Түркістан өлкесіне аттанып, Моғол, Жағатай, Ақсақ Темір әмірлерімен қан-жоса 
болып қырылысып жатқанда, ешкіммен жөнді соғыспай әжептәуір тынығып 
қалған Дәшті Қыпшақ жауынгерлері қайтадан атқа қонды. Ұран салып топтанып, 
ру-ру боп өздерінің батырларының жанына жинала бастады. Дәл осы кезде 
Мұхамед-Шайбани елу мың атты әскермен Қорасанға аттанды. Ташкент уәлиетін 
билеп тұрған Сүйіншік сұлтанды жиырма бес мың адаммен Ұлытауға жүргізді. 
Рабиу-Бегімнің екінші баласы, Түркістан уәлиетінің осы кездегі әміршісі Күшкінші 
сұлтанды отыз мың әскермен Созақты алуға жіберді. Мұхамед-Шайбани бұл 
уақытта әбден күшейіп алған. Ол енді бұрынғыдай қалаларды біртіндеп алу 
саясатынан бас тартқан. Өз күшіне өзі сенген әміршінің ғұрпыменен оңтүстігі мен 
солтүстігіндегі екі елді бірден жаулап алуға кіріскен. Бірақ Мұхамед-Шайбани хан 
Қорасанда жеңіске жеткенмен, Созақ пен Ұлытауда сәтсіздікке ұшырады. 
Ұлытау мен Созаққа келген Қасым мен Қамбар сұлтанның қалың әскері 
Сүйіншік пен Күшкінші сұлтанның лашкарларының быт-шытын шығарды. Елу мың 
әскердің тең жартысына таяуын қырып, қалғанын сонау Дәшті Қыпшақтың 
шекарасында жатқан құмайт, тақыр құмды далалармен Түркістан мен Ташкентке 
дейін қуды. Бұл жеңіліс бүкіл Орта Азияны өзіне бағындырып, енді Дәшті Қыпшақ 


328 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет