Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет304/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Қайда көшеді? 
— Құдасы Мұхамед-Шайбани жеріне. 
Ел абыройына нұқсан келтіріп қайтесіңдер. Хан адасса да халық адаспау керек. 
Қыздарыңды бердің деп Бұрындықты елден қусаңдар, Мұхамед-Шайбанимен 
жасасқан бітім-шартын бұзған боламыз. Айып Мұхамед-Шайбанидың өзінен 
болсын. Шартты өзі бұзғанша шыдауымыз керек. Ал шартты Әбілқайыр
бөлтіріктері алдымен бұзатынына дау жоқ. Оларға бұл шарт Түркістан мен 
Мауреннахрды алғанша ғана керек. Содан кейін қанды аузын бізге салмақ. 
Аталары Әбілқайыр билеген Дәшті Қыпшақты қайтарып алмай көңілдері 
көншімейтіні хақ. 
— Біз де солай ойлаймыз. Мұхамед-Шайбанимен арамыз тым алшақ жатыр. 
Бір мықтап қан төгіспей екі жақтың дауының бітуі мүмкін емес. Хан бұны неге 
түсінбейді? 
— Хан бұл арада шолақ ойлап отыр. Ал біздің борышымыз сонау келешек 
айқасқа осы бастан дайындалу. Қапы қалмауымыз керек. 
— Сонда Бұрындықты қайтеміз? 
— Екі бірдей қызын беріп отырған құдасымен алысуға Бұрындық қазір бара 
алмайды. Ол бұл тартыстан шығуы абзал. Майданға өзіміз дайындаламыз. Ал
Бұрындық өз қатесін өзі түсініп, халқымен бір болғысы келсе, хан абыройын 
сақтап Арқа жеріне, не Сарайшыққа көшеді. 
— Дұрыс айтасың. Ал Бұрындық көшпеймін десе?
— Көп қорқытады. Егер өзіне пайдалы шешімнен бас тартса, өз обалы өзіне! 
Ертеңіне Қасым сұлтан басқарған бір топ ру бастықтары хан аулына келді. 
Бұрындыққа хан абыройын сақтап қалу үшін өздерінің шартын айтты. 
Бұрындық хан шу дегенде бұлқан-талқан боп ашуланды. Бұл бүлікті шығарып 
жүрген сенсің деп Қасым аулын шауып алмақ та болды. Әйтсе де әрі тулап, бері 
тулап, қазақ батырларының темір тегеурініне шыдай алмай, Сарайшыққа көшпек 
боп пәтуаға келді. 


326 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет