Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет176/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   316
Әдеби KZ
 
 
болсын дегені еді. Сөйтіп жүргенінде қауіп енді кенет оңтүстік өкпе тұсынан туды. 
Сырт естуіне қарағанда, Мір Кәрімберді, Мір Хақберді әмірлер Жұныс сұлтанға 
барып қосылған тәрізді. Бұ да Исан-Бұғының қобалжуын күшейте түсті. Өз 
жағында табжылмай жиені — Мір Сейтәлі мен Мір Мұхамед-Шейх әмірлер ғана 
қалды. Қысқасын айтқанда, Исан-Бұғы енді өз үйінде өрт шыққанын анық ұқты. 
Бұл қиындықтан құтылатын қандай жол бар? Мединесін қайтадан Ақсуға көшіру 
керек пе? Одан не табады? Алмалыққа жетер Жұныс пен әбусейіт мырза Ақсуға 
жете алмай ма? әрине жете алады. Бірақ Ақсуда Мір Мұхамед-Шейх пен ар 
жағындағы Қашқардағы жиені Мір Сейтәлі әмірлер бар емес пе, Исан-Бұғының 
басына шын қауіп туса, бұлардың үндемей қалмайтыны кімге болса да аян. Содан 
сескеніп Жұныс атының басын кейін тартар? О да мүмкін. Бірақ бір әкеден туса да, 
бір анадан тумаған, өзі Жұныспен қан майданда бетпе-бет бір кездеспей, күні 
бұрын қашқаны қалай болады? Жұныс осы Моғолстаннан кеткелі жиырма 
жылдың ішінде Исан-Бұғыға қарсы екі рет қол жиып майданға шыққан. Бірақ 
екеуінде де жеңіліп кейін шегінген. Бұл жолы да сөйтер? әй, оған сену қиын. Бұ 
жолы күш Жұныс жағында. Жұныс жағында емей немене, оны жақтап Дәшті 
Қыпшақтың айбынды ханы Әбілқайырдың туған күйеу баласы, Жұнысқа ең жақын 
бел құда болып Ақсақ Темірдің алтын тағындағы әбусейіт отыр. Жоқ, іштей іри 
бастаған Моғолстан оған дәл қазір қарсы тұра алмайды. Сонда не істеу керек? 
әлде торғауыттың қонтайшысы Амансанджидың өзінен жәрдем сұраса ма екен? 
Исан-Бұғы екі қолын артына ұстап гүлі төгілген, түгі екі елі жібек фарсының 
қырмызы қызыл кілемін көк шалғынды басқандай аяғымен жайпай аттап, ерсілі-
қарсылы жүре бастады. Оның қалмақ қонтайшысынан жәрдем сұрасам қайтер еді 
деген үмітінің де сыры бар еді. 
Жағатайдың бесінші буыны, Мұхамедтің шөбересі Уайс сұлтан ер жеткен 
кезде, Моғолстан тағында әкесі Мірәлі оғыланның інісі Мір Мұхамед отыр- 
ған-ды. 


189 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет