болады. Əлгі кісі безгегі ұстап калшылдап, еріндері кезеріп, көздері
жасаурап, аяғын əрең басып барады екен. Ғұмырында науқас көрмеген
шаһзада қасындағы серігінен «Мына кісіге не болған?» — деп сұрайды.
Бұл ауру адам екенін, ертең өзі де осылайша науқасқа ұшырауы мүмкін
екенін білген соң шаһзада.
—
Бəріміз де бүгін сау-саламат, ал ертең дімкас, ауру екенбіз ғой! Бүйткен
саулық құрысын! Түбінде бір осындай дертке шалдығарымды біле
тұрып, мен қалайша бүгін көңіл көтеріп, серуен құрмақпын?! — деп ол
тағы да үңгіріне кіріп кетеді.
Шаһзада үңгірінен үшінші рет шықканда тағы бір сұмдықты көреді
бір топ адам жылап-сықтап, шаштарын жұлып, беттерін тырнап,
зарлап барады екен. Ұзын зембілге салып, үстін матамен жауып қойған
бірдемені көтеріп, əлдеқайда əкетіп барады
—
Бүл не? — деп сұрайды таңырқаған шаһзада
—
Өлген адам
—
Өлген адам деген не?
—
Жаны жоқ кісі
Шаһзада табытта жатқан өліктің бетін ашып көреді:
—
Енді мұны не істейді?
Достарыңызбен бөлісу: