Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру


- тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет48/49
Дата01.12.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194404
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламалары kaz.

 3-
тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны


7. Пәннің мазмұнын құрылымдау кеңейтілген дидактикалық бірліктерді (модуль, бөлім) бөлу арқылы 
жүзеге асырылады. Пәннің мазмұндық құрылымы мынаны қамтиды: кіріспе; бөлімдер (модулдер); оқу 
тәжірибелік сабақтар тақырыбы 
8. Бағдарламаның мазмұны келесі тұжырымдамалық ұстанымдарға негізделген: 
1) дене шынықтыру үрдісінің жалпы білім беру бағыттылығына
2) дене шынықтыру қызметін ықпалдастырушылыққа; 
3) оқу-тәрбие үрдісінің жүйілілігіне; 
4) дене шынықтырудың кәсіби-қолданбалы бағыттылығына; 
5) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім алушылардың білімділігін нормативтік және 
әдістемелік қамтамасыз етуге; 
6) білімгерлерді дене шынықтыру бойынша біртіндеп және қорытынды аттестаттауға; 
9. Бағдарламаны іске асыру барысында қолданылатын оқыту әдістері мен технологиялары: 
1) мәселелік-модульдік оқыту технологиялары; 
2) оқу-зерттеу қызметі технологиялары; 
3) коммуникативтік технологиялар (пікірталас, баспасөз мәслихаты, оқу талқылаулары және басқа 
белсенді формалар мен әдістер); 
4) кейстер әдісі (жағдайды талдау); 
5) студенттер іскери, рөлдік, имитациялық және басқа да ойындарға қатысатын ойын технологиялары. 
10. Бағдарламаның мазмұны студенттерді төрт оқу бөлімдері бойынша бөлуге сәйкес келеді: негізгі, 
даярлық, арнайы (емдік дене шынықтыру топтарын қосқанда), спорттық. Білім алушыларды оқу бөлімдеріне 
бөлу оқу жылы басында жынысын, денсаулық жағдайын, дене дамуын, дене шынықтыру және спорттық 
даярлығын ескеру арқылы жүргізіледі. Білімгер бір оқу бөлімінен (топтан) екіншісіне оқу жылы немесе семестр 
аяқталғаннан кейін көше алады. Білімгерлерді даярлық немесе арнайы медициналық оқу бөлімдеріне ауыстыру 
ауруына байланысты оқу жылының кез келген уақытында жүзеге асырылуы мүмкін. Білімгерлер негізгі және 
даярлық бөлімдеріне жалпы физикалық даярлық пен спорт түрлері бойынша топтарға бөлінеді. Даярлық 
бөліміне денсаулық жағдайының төмін деңгейі немесе денсаулығында аз ауытқулары бар білімгерлер бөлінеді. 
Медициналық тексеру мәліметтері бойынша арнайы оқу бөліміне жіберілген білімгерлер арнайы медициналық 
топтарға немесе емдік дене шынықтыру топтарына бөлінеді. Спорттық оқу бөлімінде топтардың 
толтырылымдылығы спорт түріне және айналушылардың біліктілігіне қатысты болады. Спорт ойындары түрлері 
бойынша спорттық мамандандыру оқу топтары ойыншылардың қос құрамын толтыру арқылы құрылады. 
11. Практикалық сабақтар білімдерді, қимыл шеберліктері мен дағдыларын игеруді, білім алушыларда 
дене шынықтыру-сауықтыру мен жаттықтыру бағдарламаларын жүзеге асыру тәжірибесін қалыптастыруды 
қарастырады: 
1) Оқыту (дәрісханалық) сабақтары дене тәрбиесінің негізігі түрі болып табылады. Оқыту сабақтары 
әдістемелік-тәжірибелік және оқыту-жаттықтыру бөлімдерінен тұрады. Практикалық сабақтардың әдістемелік 
бөлімі мынаған бағытталған: денелік жаттығуларды және спорт түрлерін таңдауды игеру; жалпыдамыту және 
арнайы жаттығулар кешенін құру; сабақ барысында бақылау мен өзін-өзі бақылауды, сақтандыру мен өзін-өзі 
сақтандыруды жүзеге асыру шеберлігі; жарыстардағы төрешілік дағдыларын меңгеру.
Оқыту-жаттықтыру сабақтары мыналарға бағытталған: денелік даярлылық деңгейін арттыру мен дене 
қасиеттерін дамыту; спорт түрлері техникасын игеру; студенттерді бұқаралық спорт жарыстарына қатысуға 
даярлау; арнайы кәсіби-қолданбалы даярлық дағдыларын мамандық талаптарымен сәйкестікте меңгеру мен 
жетілдіру. 
2) Сабақтардың оқытудан тыс (дәрісханадан тыс) түрлері білімгерлердің жеткілікті қимыл тәртібін 
қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады: 
1. күн тәртібіндегі дене жаттығулары (Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика (ТГГ), атлетикалық 
сабақтар, сауықтыру жүзу, жүру, жүгіру, шаңғымен жүру, конькимен сырғанау, білім беру мекемесінің 
мүмкіндіктері бойынша инновациялық, дәстүрлі емес сауықтыру технологиялары); 
2. спорт секцияларында, сауықтыру, атлетикалық және қызығушылықтар бойынша клубтарда 
айналысу;
3. дәрісханадан тыс сабақтар білім алушылардың жоғары дене жұмыс қабілеттілігі деңгейін сақтауын 
қамтамасыз етеді және бағдарлама талаптарын орындауына ықпал жасайды. Сабақтардың барлық түрлерін 


басқару, бақылау, кеңес беруді дене шынықтыру және спорт кафедраларының профессорлық-оқытушылық 
құрамы жүзеге асырады. 
12. Білімгерлердің құзыреттерін бағалау (түлектің заманауи әлеуметтік-тұлғалық және әлуметтік-
кәсіби құзыреттерін қалыптастыру мақсатында) мына критерийлер бойынша жүзеге асырылады: жаңартылған 
бағдарламаны түсінуді көрсету, терминологияны игеру, алған білімдерді қолдану; өзіндік практикалық 
сабақтарды жүргізуді, талқылау түрлерін практикаға енгізу. 
Студентті аттестациялық нормативтерді орындауға жіберудің міндетті шарттары келесідей:

семестр және оқу курстары бойынша бағдарламаның теориялық бөлімінің талаптарын орындау; 

ағзаның дене және функционалдық жағдайының қажетті деңгейін қамтамасыз ететін оқу пәндеріне 
тұрақты түрде қатысу; 

дене даярлығына арналған тестілеуден өту; 
-
кәсіби-дене дайындығының біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру. 
Ұзақ мерзімге сабақтан босатылған студенттер және емдік дене шынықтыру тобының студенттері 
келесі нормативтік талаптар негізінде дене тәрбиесі және спорт кафедрасында аттестаттаудан өтеді: 

"дене шынықтыру" пәнінің міндетті дәрістері бойынша теориялық білім деңгейін бағалау; 

студенттің денсаулық жағдайын, дене жаттығуларын қолдануға қарсы көрсетілімдер мен айғақтарды 
ескере отырып, дене шынықтыру бойынша қосымша тақырыпты өз бетінше меңгеруін бағалау

сауықтыру және бейімделу дене тәрбиесі мәселелері бойынша кафедраның ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына студенттердің қатысуы. 
13. Пәннің теориялық және практикалық (әдістемелік) бөлімдеріне кіретін тақырыптық жоспарлар осы 
бағдарламаға қосымшада келтірілген. 
Жоғары және (немесе) жоғары 
оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін "Дене 
шынықтыру" жалпы білім беру 
пәнінің үлгілік оқу 
бағдарламасына 
қосымша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет