бағдарлама діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті
міндеттер мен орын алған проблемаларды шешудің нормативтік-ұйымдастырушылық
негізі болып табылады. Бұл ретте, Бағдарламаның ережелері азаматтардың заңнамада
кепілдік берілген ар-ождан бостандығы мен азаматтардың діни нанымдарын құрметтеуді
қамтамасыз ету қажеттігі ескеріліп тұжырымдалған. Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес ұлттық
қауіпсіздіктің негізіне ықтимал қатерді алдын ала анықтау мен жоюды қамтамасыз ету
қойылатын болады.
Халықаралық терроризмге, діни экстремизмге, трансұлттық есірткі бизнесіне және
заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылған.
Жаңа қатерлер мен сын-тегеуріндерді уақтылы айқындауға, сондай-ақ ден қоюдың
барабар шараларын тұжырымдауға мүмкіндік беретін болжамдық-талдамалық жұмыстың
тиімділігін арттыру Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік жүйесін өзгертудің
басты бағыттарының біріне айналуы қажет. Бұдан басқа, конфессияаралық келісім мен
елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын нығайту мақсатында халықты, азаматтық
қоғам институттарын экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласына белсене
тарту қажет.
Мемлекеттің күш-жігері, ең алдымен, қоғамдағы барлық, соның ішінде қандай да бір
радикалдық көріністерге байланысты құқық бұзушылықтарға деген мүлдем төзбеушілік
сезімін қалыптастыруға бағытталуға тиіс.
Сөйтіп, аталған бағыттағы тиімді ұйымдастырушылық, насихаттық, соның ішінде
діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың әлеуметтік-экономикалық және өзге де
тетіктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
арқылы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру қажеттілігі айқын. Одан кейін
Достарыңызбен бөлісу: