Лекция тақырыбы: Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата01.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#194443
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
YAOWQSKBCIIV24102023141025

Әңгімелесу әдісі 
- бұл баламен сөйлесу арқылы 
оның ішкідүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу. 
Сауалнама 
жазу арқылы бала туралы ақпарат жинау. Сауалнаманың мазмұнында негізгі 
проблема ғана болуы тиіс. Ойы мінезі әлеуметтік демографиялық жағдайы белгілі бір 
бағыт бойынша қызығушылығы 
Сұрақтар мынандай түрде болуы мүмкін: 
сұрақ (дайын 
жауаптардан керегін бала өзі таңдайды) өз бетімен жауап беру тура жауаптар жанама 
жауаптар 
Сұхбаттасу әдісі

алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап алу. Бұл әдісте 
мына жағдайларды есте ұстаған абзал: қарапайым жағдайда сөйлеу баланың үнемі 
болатын ортасында сұхбаттасу жауап беру мүмкіндігін есксру; белгілі бір уақыт ішінде 
жауап беру керектігін айту; үшінші адамның көмегінсіз әңгімелесу. 
Тест әдісі 
— 
стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу. Дамыту, графикалық, ассоциациялық тестер 
болуы мүмкін. Жауаптарды белгілі бір жүйе арқылы сараптау, талдау қажет. 
Құжаттарды тексеру 

бұл әдісті үнемі қолдануға болады. Құжаттар мынандай түрде
кездеседі: жеке, жанұялық және сыныптық т.б. алғашқы (бақылау немесе әңгімелесу 
кезінде алынған жауап), соңғы (сараптаудан өткен нәтиже) негізделген және 
негізделмеген Бұл әдісті қолдану бала туралы ақпараттарды тез арада жинауға 
көмектеседі, бірақ ақпараттың кейбір түрлері белгілі бір уақытқа қана жарамды болады, 
оны жаңартып отыру қажеттігі туындайды. Сонымен қорытындылай келе, тәрбиесі 
«қиын» жасөспірімдерді тәрбелеу проблемасын ата-аналар, психологтар, педагогтар 
болып бірігіп қолға алуымыз қажет. Өйткені, тәрбие саласында жүрген кемшіліктерді 
уақыт өткен соң қайыра қалпына келтіру қиын.
Жас шыбықтың шорт сынбай, қайырылса да қайта орнына келгенінің жақсы 
болатыны секілді, қиюы келіспесе де қиын баланы тәрбиелеу қажырлы, қайратты еңбекті 
талап етеді. Ұрпағымыздың жұмсақ мінезді, мейірімді, байланыс жасауда қиындық 
тудырмауы үшін, өмірдің қатал сынына төзбей «қиын бала» атанған бауыр етіміз 
балалардың тәрбиесіне бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып іске кірісуіміз қажет.
 
Мiнез-құлық ауытқуларының топтастырылуы өзекті мәселе болып келген және оны 
екi бағытта жүргiзiлуi тиiс:
- ауытқуының көрiну формасы бойынша (делинквенттi, үйден қашу, қанғыру, ерте 
кезден iшiмдiк iшу, жыныстық қарым-қатынас ауытқулары, суициалды мiнез-құлық);


- және олардың негiзiнде жатқан себептер, факторлар, мотивтерге өзара байланысы 
(биологиялық және әлеуметтiк психологиялық негiздер). 
Тұлғаның қалыптасуы адамның мінезі үшiн маңызды орын алады, яғни оның мiнез-
құлық пен iс-әрекетiнiң жоғары саналы формаларын қамтамасыз етiп, оның ақиқатқа 
байланысты барлық қарым-қатынастарының бiрлiгiн құрайды. Нәтижесiнде адамның кез-
келген реакциялары (жауап беруі) және iшкi аффективтi өмiрiнiң құрылымы оның 
әлеуметтiк тәжiрибе барысында жинақталған тұлға ерекшелiктерiмен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет