Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар



бет1/6
Дата14.12.2021
өлшемі3,5 Mb.
#126462
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
шығ. жұм


Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар

Мен Мұнайлы ауданы № 12 орта мектебінде бірнеше тәжірибеден өткен болатынмын. Тәжірибенің алғашқы күндері балалармен жұмыс істеу қиын болғанымен, жіберген қателіктерімді келесі тәжірибеде түзеп отырдым. Баланы дұрыс тану арқылы оның: деңгейін, тәртібін, қабылдауын, ой өрісін анықтай аламыз. Бұл - баламен жұмысты оңай жасауға көп септігін тигізеді. Тәжірибе барысында маған ІІІ – ІV сыныптар берілді. Ал, бұл сыныптарда әдібиеттік оқу, қазақ тілі пәндерінен мәтіннің алатын орны зор екені бізге мәлім.

Мәтін – баланы жан-жақты болуға, ой өрісінің дамуына, сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып білуге, сөздік қорын молайтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге, әсіресе, әдеби және тарихи деректерді түсінуге көмектеседі.

Мәтіннің түрі көп. Мысалы: кейбір мәтіндер диалог ретінде берілсе, енді бірі өмірбаян ретінде, батырлардың ерлігі жөнінде, аңыз әңгіме ретінде т.б. кездеседі. Мұндай мәтіндерді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыс-тарды мұғалім өз шеберлігіне байланысты түрліше өтуге болады.



Мәтін – бала үшін жабық ой. Сондықтан, мәтінмен жұмыс жасауға мұғалім алдын-ала дайындалғаны абзал. Мен тәжірибе кезінде мәтінді қабылдауға байланысты төмендегідей жұмыстарды атқардым:

  1. Мәтін оқымас бұрын, балаларға дайындық жұмысын жүргіздім;

  2. Мәтінді бір рет толық оқып, екінші рет жақсы оқитын оқушыға оқыттым;

  3. Сөздік жұмысын жүргіздім;

  4. Балаларға мәтін бойынша түсінігін айтқыздым;

  5. Мазмұнға сай жоспар жасаттым;

  6. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық тапсырмалар бердім;

  7. Қорытынды

Мәтін оқылмас бұрын, оқушыларға дайындық жұмысын жүргізу арқылы балаларды оқылатын әңгіменің мазмұнына қызығушылықтарын оятуымыз керек. Ол үшін:

  1. Кей шығармаларды өту барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқыздым. Мұндай әңгіме балалардың ойы мен сезімін қозғауға жәрдем етеді. Балаға өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік жасағанымыз жөн. Әйтесе, оның алдымен сабаққа деген қызығушылығы болмай, екінші жағынан келесіде өз ойын ашып айталмай қалуы да мүмкін. Сондықтан, әр оқушының пікірін тыңдап, оны одан сайын жігерлену мақсатында «Жәрәйсың, сен келесі де бұдан да көп ақпараттар жинап кел!» деген абзалырақ.

  2. Біреу білмегенді біреу біледі. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болады. Сондықтан, кейбір жағдайда оқылатын материалға қажетті мағлұмат ұжымды түрде айтылатын әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреу-лері екіншілерінің айтқанын түзетеді, толықтырып отырады.

  3. Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті деректерді балалар білмейтін болса, балаларға өзі кіріспе әңгіме айтып беремін. Мұнда балалар мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, шығарманы оқуға құмартатындай, оқығанша асығатындай жағдайда болғанда ғана дайындық әңгіменің талапқа толық сай өткені деуге болады.

  4. Шығарманың мазмұнына сай суреттерді, видеороликтерді оқуға дайын-дық кезінде пайдалану арқылы балаларды мәтінге қызықтырып ғана қоймай, оны оқып білуге асығатын.

Осыдан кейін, мәтінді оқуға кірістім. Мәтінді мұғалім оқушылардың көкейіне қонатындай, интонациямен, кідірістерге аса мән беріп, мәнерлеп оқығаны дұрыс. Және мәтінді алғаш оқығанда бөліктерге бөлмей, толық оқу керек. Шығарманы бір рет тұтас оқып шыққан кезде балалар оның мәнін терең ұғына қоймайды, шығарма туралы оларда жалпы ұғым ғана қалыптасады. Ол үшін мәтінді екінші рет жақсы оқитын оқушыға оқытамын. Мәтіннің мазмұнын балалардың дұрыс түсінген-түсінбегенін, әңгіменің қай жері ерекше әсер еткенін біліп, ойларына бағыт беру үшін сұрақтар қойдым.

12 орта мектептің 3 «Б» сынып оқушысы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет